Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы жайлы


Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады.
Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.
Бүгiнгі таңда Қазақстанның негізгі басымдықтары республиканың үдемелі экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуына қажетті қолайлы сыртқы саяси жағдайды қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығының орталығында орналасуы арқасында Қазақстан iс жүзiнде Шығыс пен Батыстың аралығындағы өзiндiк бір көпiрге айналды.
Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері мен мұсылман әлемі секілді ірі әлемдік және аймақтық державалар арасындағы күрделi геосаяси жағдайда сындарлы мүдделер теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық басшылықтың маңызды шешiмдерiнiң бiрi ретінде тек Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік деңгейдегі қауiпсiздiктiң тиімді жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған өзінің айқын сыртқы саяси ұстанымын нақтылауы болды.
Осы тұрғыда назар аударатын бір жайт - Қазақстан өз тәуелсiздiгін жариялағаннан кейін Кеңес одағының ядролық қару-жарақ қоймасы мен жаппай қырып-жою қаруларының (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекеттің алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі төртiншi ядролық держава болу немесе кеудемсоқтықтан бас тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды.
Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт - ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды.
Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді.
Бұл беделдi еуропалық ұйымның модераторы рөлiн орындай отырып, ҚР Президентi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларының саммитін өткiзу туралы бастама көтерді Қазақстандық сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясаты 2-3 желтоқсанда халықаралық қауiпсiздiктiң көкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн саясатшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мемлекеті мен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды.
ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі - Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкентқалысындағы саммитінде ҚР Президенті Н. Назарбаев айтып өткендей, « Қырғызстанға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады ».
2011 жылдың жазында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық еті мандатын қабылдап алады.
Бұл жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылмдарының бірі - ЕҚЫҰ-на өрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қазақстандық дипломатияның ИКҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болады. Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе - қазақстандық басшылықтың соңғы жылдарда жүргізіп келе жатқан өркениеттер мен діндер арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі.
Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» үш съезін өткізген болатын.
Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеу мемлекеттiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын.
Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықаралық бедел мен еліміздің әлемдік танымалдығы мысал болады.
Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады, және де Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше көңіл аударады. ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
- Мәдени Экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
- Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүние жүзілік соғысты болдырмау.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым қатынас орнату.
Тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстанға шет елдер назар аудара бастады. Оның АҚШ, Франция, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Сингапур, Италия және басқа мемлекеттермен үкіметаралық байланыстары мен іскерлік жақындасулары барған сайын үлғая түсті. Әсіресе Түркиямен, Қытайдың, Синьцзян - Ұйғыр автономиясы районымен, Корей Республикасымен тығыз қатынастар орнықты.
1991 жылы Қазақстанда 35 бірлескен кәсіпорын, 16 сыртқы экономикалық ассоциация тіркелді. Халыкдралық бірлескен коммерциялық банк ашылды. Шетелдік әріптестердің қатысуымен қажетті ғылыми ауқымда өнімдердің біркдтар түрлерін, соның ішінде кдзіргі заманның теледидарларын жасап шығаратын, тері-мех және баскд ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін, құрылыс материалдарын жасайтын т. б., өндіретін кәсіпорындар үй ымд астырылды.
![]()
![]()
![]()
![]()
Қазақстанның ішкі саяси түрақтылығы және дүниежүзіндегі беделінің үнемі артып отыруы шетелдік инвесторлардың өз капиталдарын алаңсыз оның экономикасына жүмсауына мүмкіндік беруде: конкурс негізінде танымал американдық "Шеврон" фирмасы "Теңіз", ал ағылшын-итальян фирмалары мүнай конденсаттарын игеру жөнінде контракт жасасты.
1992 жылы 25 мамыр Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық
Және өзара көмек туралы шарт жасалды.
1995 жылы 20 қантарда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы деклорация жарияланды.
1996 жылы 27 сәуірде Алматыда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен деклорациясына қол қойылды.
Маңызы
- Екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
- Аумақтық тұтастық пен бір - бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылы 6 шілде Мәскеуде XXI ғасырға бағдарланған Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Деклорация жарияланды.
Нәтижелері
- Кәспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
- Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті
- Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
1990 жылы Қазақстан мен Қытай келісімі нәтижесінде темір жол арқылы өзара байланыс іске асты. Нәти жесі
- Қазақстан Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды.
1992 жылғы тамыз - Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары. Нәтижесінде
- Барлық байланыс жолдары ашылды, сауда байланысы, алты шекеаралық бекет ашылып шекара маңындағы сауда өрістеді.
Темір жолдың жүк тасу деңгейі артты. 1994 жылығы сәуір Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу жөніндегі келісімге қол қойылды.
1996 жылғы сәуір - Шанхай келісімі. Қаралған мәселелері
- Шекараларды бұзбау.
- Бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу.
1997 жылығы 25 -қыркүйек - Алматы келіссөзі маңызы
- Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды.
- Қытай үкіметі бүл жұмысқа 9, 5 млрд Доллар жұмсауға келісті.
1998 - 1999 жылдары Қазақстан - Қытай арасында келісімдер нәтижесінде шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ пен қарым қатынастың маңызы өте зор.
1991 жылғы 25 желтоқсан - АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсідігін таныды. Қазіргі екзде АҚШ - Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы.
1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында қарашығанақ кеніші жөнінде және кәспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылы желтоқсан - Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім қаралған мәселелер
- Екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту.
- АҚШтың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету. Аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктердлі пайдаланды.
Халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы
Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым қатынас орнатты.
Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвеститцияларын тартуға негізделген мемлекет дбелсенді рөл атқара отырып экономикаға араласуы шектеулі болады.
Бұл проблеманы шешудің стратегиясы
- Үкіметтің сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жою
- Жекешелендіру процесін аяқтау Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты орындастыру.
- Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
- Заңңның шексіз үстемдігін белгіліеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
Қазіргі кезеңде макроэкономиканы тұрақтандыру саясаты нәтижелі жүргізілуде.
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту.
- Қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізу.
Қазақстан үшін индустриялды технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүние жүзілік тәжірибеден туындап отыр.
Қолайлы жағдай туғанда Еліміздің тірек саласы болып табылытын мұнай газ өндіру және бүкіл өндіруші өнер кәсіп көлемі артады. Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет
- “Қазақстан ядролық қарусыз болашаққа. ”
- Ұлы Отан соғысынан соң “Қырғи қабақ соғыс “аталған
Империалистік және социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану әскері -стратегиялық бәсекесі дүниені шарпыды.
- Бәсекеде АҚШ пен КСРО ядролық қарудың ошағына айналды.
- КСРО мемлекеті арнайы қаулымен 1947 ж21 тамызда атомдық зерттеу полигонын ашу туралы шешім қабылдады.
- КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигонын салу таңдауы қазақ даласының Семей қаласы маңына түсті.
- Полигон Семей, Қарағанды, Павлодар облыстары түйіскен жерде орналасты. 8372км. кв. жерді қамтыды.
1953 ж ға дейін жарылыс жергілікті халықтан жасырын жүргізілді.
- 1956ж дан бастап жарылыс жергілікті халыққа 1 сағат бұрын хабарланды.
Жер асты жарылыстары 1 жылда 14-18 рет жүргізіліп келді.
Әр бір ядролық сынақтың құны 30млн сом болды.
Полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады.
- 1963 ж . КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания ядролық қаруды әуеде, ғарышта, су астында сынауды шектеу жөнінде ортақ келісімге қол қойды.
- Азғыр атом полигоны. (1966-1979 ж)
- Атырау облысы.
- Құрманғазы ауданы.
- “Балқұдық”совхозы.
- 3000 тұрғыны бар елді мекен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz