Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Неонатология - жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым, нақты айтқанда балалар өмірінің алғашқы 4 аптасындағы олардың ауруларын анықтау мен емдеудің қолайлы әдістерін іздестіруге, осы неонатальдық кезеңде адамның алдағы өмірінде денсаулығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды тудыруға бағытталған педиатрияның басты бір саласы.

Жаңа туылғандық немесе неонатальды кезең - туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы 28 күнгі аралықты айтады.

Бала өлім көрсеткіші - 1000 тірі туылғандардың ішіндегі 5 жасқа дейінгі өлген балалардың саны.

Нәрестелік өлім көрсеткіші - 1000 тірі туылғандардың ішінде 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны, басқаша айтқанда нақты есеп беру жылындағы 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны.

Неонатальды өлім көрсеткіші -толық 28 күн толып туылғандар ішінде өлгендер санын 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны.

Перинатальды өлім көрсеткіші -өлі туылғандар саны ( жүктіліктің 22 аптасынан кейін өлі туғандар ) +өмірінің алғашқы аптасында өлгендер санын ( 6 күн 23 сағат 59 мину ) 1000 тірі және өлі туығандарға шаққанда.

Ұрықтың ерте өлуі - жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім.

Ұрықтың аралық өлімі - жүктіліктің 20 аптасынан кейін бірақ 28 аптасына дейінгі өлімді айтады.

Ұрықтың кеш феталды өлімі -жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді айтады.

Күні жетіп туылған нәресте - жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасыда туылған нәресте.

Шала туылған нәресте - жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.

Күні асып туылған нәресте - жүктіліктің 42 аптасында және одан асып туылған нәресте.

Аз салмақпен туылғандар - кез келген гестациялық мерзімде салмағы 2, 5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Өте аз салмақпен туылғандар - кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1, 5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Экстремалды аз салмақпен туылғандар - кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1, 0 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Гестациялық жасынан кіші - құрсақішілік даму мен өсудің тежелуі, салмағының туылу кезінде гестациялық жасына қарағанда төмен болу, яғни жүктіліктің мерзіміне сәйкес салмағы 10% центилден төмен болып туылғандар.

Гестациялық жасынан үлкен нәресте - гестациялық жасынан салмағы 90 % центилден жоғары болып туылады.

Ұрықтың жетілгендігі - оның ішкі ағзалары мен жүйелері құрсақтан тыс өмірге дайындығын сипаттайтын жағдай.

Жаңа туылған бала кезеңдерінің жалпы сипаттамасы.

Құрсақішілік және неонатальды дамудың кезеңдері.

Ұрықтың даму кезеңдері:

Біріншілік құрсақішілік кезең - бластогенез кезеңі - зигота қалыптасқаннан бастап алғашқы 15 тәулік.

Екіншілік құрсақішілік кезең - эмбриогенез кезеңі- 15-ші күннен 75-ші күнге дейінгі кез. Бұның ішінде 15-45-ші күндері ең маңызды.

Үшінші құрсақішілік кезең - фетогенез кезеңі-жүктіліктің 76 күннен 280 күніне дейінгі уақытша диапазоны. Бұл кезеңде бала жолдасының дамуы жүреді, бала жолдасы тіннің қалыптасып бірігуі. Бұл кезең екіге бөлінеді:

- ерте фетальды кезең ( 76 күннен 180 күнге дейін) ;

- кеш фетальды кезең (181 күннен 280 күнге дейін) . Ұрықтың дамуы мен бала жолдасының қатайуы бірге жүреді.

Төртінші пренатальды даму кезеңі - ұрықтың дене салмағы ұлғаятын соңғы триместрі.

Гестационды жас - соңғы етеккірдің бірінші күннен туылатын күн аралығындағы толық апта саны. Жүктіліктік немен ( өлі және тірі ) аяқталғанына байланыссыз.

Жаңа туылу - бұл құрсақішілік өмірге бейімделетін кезең. ДДҰ бойынша туылғаннан кейінгі алғашқы төрт апта неонатальды кезең болып есептеледі. Неонатальды кезең 2 кезеңге бөлінеді:

Ерте неонатальды - 7 тәулік.

Кеш неонатальды - 8-28 күн.

Ерте неонатальды кезеңде мына фазалар анықталады:

  1. Өмірінің алғашқы 30 минуты ( жедел респираторлы гемодинамикалық адаптация)
  2. Алғашқы 6 сағат ( аутостабилизация кезеңі)
  3. 4-5 тәулік ( метаболикалық адаптация) .

ДДҰ ұсынысы бойынша тірі туылуға жатады- анасының ағзасынан толық шыққан және онда төрт белгі көріну керек: тыныс алады немесе жүрек соғады, кіндік тамырының пульсациясы немесе бұлшықеттің спонтанды қозғалысы.

Өлі туылу - жүктіліктің жалғастыруға қатысынсыз ана ағасынан толық шыққанға дейінгі өлімі.

Апгар шкаласы бойынша бағалау - жаңа туылған нәрестенің жалпы жағдайын және реанимациялық шаралардың нәтижелігін көрсетеді. Оны бала туылғаннан кейін бірінші және бесінші минуттан кейін жасайды. Егер бес минуттан кейін жалпы баға 7 балға жетпесе оны әр бес минут сайын қалыпқа келгенше 20 мин жасайды.

Апгар шкаласы

Симптомдары: Симптомдары
0 балл: 0 балл
1 балл: 1 балл
2 балл: 2 балл
Симптомдары: Жүрек соғысы
0 балл: Жоқ
1 балл: Мин. 100 кем.
2 балл: Мин. 100 жоғары
Симптомдары: Тыныс алу
0 балл: Жоқ
1 балл: Әлсіз айқай
2 балл: Қатты айқай
Симптомдары: Бұлшықет тонусы
0 балл: Атония
1 балл: Гипотония
2 балл: Активті қозғалыс
Симптомдары: Рефлекторлы реакция (мұрындық катетер)
0 балл: Жоқ
1 балл: Әлсіз байқалады
2 балл: Жақсы байқалады (айқай)
Симптомдары: Терінің түсі
0 балл: Бозғылт
1 балл: Денесі қызғылт, шеткі аймақтар бозғылт
2 балл: Қызғылт

Жаңа туылған нәрестенің қоршаған ортаға бейімделуі.

Шектеулі жағдайлар.

Негізгі шектелген жағдайлар:

  • Алғашқы тыныс және транзиторлы гипервентиляция
  • Физиологиялық эритема
  • Токсикалық эритема
  • Физиологиялық сарғаю
  • Транзиторлы гипертермия
  • Дене салмағының физиологиялық кемуі
  • Бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшелігі
  • Транзиторлы полицитемия
  • Жыныстық криз
  • Физиологиялық диспепсия

Алғашқы тыныс және транзиторлы гипервентиляция. Туғаннан кейін тыныс алу жолдары арқылы метаболикалық өзгерістерге ұшырайды (гипоксемия, гиперкапния, ацидоз) тыныс жолдарының активациясы жүреді және нәресте бірінші тынысты алады.

Физиологиялық эритема. Жаңа туылған нәрестенің бүкіл терісінің айқын гиперемиясы, кейде қол мен өкшенің маңында көгеру белгілерінің болуы. Эритема бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылады, нәрестенің жалпы жағдайы өзгермейді.

Токсикалық эритема. Кейбір нәрестелерде алғашқы аптада терісінде, көбінесе қолының жоғарғы бөлігінде қызғылт таңдақтар, ақшыл сары түсті дақтар пайда болады. Токсикалық эритема нәрестенің организіміне анасынан аллергеннің түсуі туғызады.

Физиологиялық сарғаю. Туғанына 2-3 күн болғаннан соң пайда болады. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болса да, терісінде, ауыз қуысында, көздің шырышты қабатында сарғаю байқалады.

Транзиторлы гипертермия. Нәресте туғаннан кейін 3-4 күнде байқалады, дене температурасы күнде байқалады 39-40 градусқа дейін көтеріледі, 3-4 сағатқа дейін көтеріңкі болады. Нәресте мазасызданып, ембей қояды.

Дене салмағының физиологиялық кемуі. Жаңа нәрестенің барлығында болады, бұл нәрестенің алғашқы күндері сүттің жеткілікті шықпай, емшек сүтінің нашар емізілуі, судың несеппен, нәжіспен, өкпе және тері арқылы шығуы, кейде құсу салдарынан тоймауына байланысты.

Бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшелігі. Анурия, олигоурия, альбуминурия несеп қышқылы инфаркті жатады. Зәр арқылы несеп қышқылы тұздары көп мөлшерде бөлінумен көрініс береді. Бұл жасуша элементтерінің ыдырауы, негізгі зат алмасудың артуына, қанның қоюлануына, тұзды мейілінше көп, несептің аз бөлінуіне байланысты.

Транзиторлы полицитемия. Қанда гемоглобиннің 220г/л жоғары және гемотокриттің 0, 65 жоғары болуы.

Жыныстық криз . 70% жаңа туылған балаларда кездеседі. Бұның көріністері көбінесе қыздарда көрініс береді:

- десквамативті вульвовагинит;

- физиологиялық мастопатия;

- метроррагия;

- милия.

Физиологиялық диспепсия ( ішектің транзиторлы катары), меконий - туғаннан кейінгі алғашқы нәжіс , иіссіз, қоңыр түсті қою масса. 3-4 күннен соң меконий бөлініп шығады, содаң соң өзгермелі нәжіс пайда болады.

Анамнез жинау

Ата-анадан сұралады:

1. Қай жүктіліктен, нешінші бала, егер жүктілік бірінші емес болса алдыңғы жүктілік қалай аяқталды?

2. Анада жүктілік қалай өтті (токсикоз болдыма, бірінші немесе екінші жартысында - жүрек айну, құсу, ісінулер, гипертония, нефропатия, эклампсия)

3. Режим және тамақтану ерекшеліктері

4. Босану қалай өтті (созылуы, жеңілдіктері, асқынуы)

5. Бала жедел айқайладыма, айқайы қандай болды (қатты, әлсіз)

6. Туылғандағы дене салмағы, бойы

7. Омырауға қашан салды, емуі қалай?

8. Кіндік қалдығы қашан түсті және кіндік жарасы қашан жазылды

9. Жаңа туылған сәбидің физиологиялық дене салмағын жоғалтуы болдыма және ол қашан қалпына келді?

10. Бала қай күні және қандай дене салмағымен перзентханадан шығарылды?

11. Баланың физикалық дамуы: өмірінің алғашқы жылында дене салмағы мен бойының өсуі (ай бойынша)

12. Статика және моториканың дамуы: басын алғаш көтеруі, жанына айналуы, арқасынан ішіне айналуы, қашан отыра бастады, қашан жүре бастады

13. Психикалық дамуы: қашан алғаш күлді, гуілдеді, анасын таныды, бөлек буындарды, фразаларды айта бастады, жылдық сөз жинағы

14. Баланың үйдегі және ұжымдағы тәртібі

15. Ұйқы, созылуы, ерекшеліктері

16. Бала қандай тамақтандыру түрінде: шынайы, жасанды, аралас

17. Ауырған аурулары, аурудың өту ерекшеліктері

18. Профилактикалық егулер (БЦЖ, полиомиелит, көкжөтел, сіреспе, күл, қызылша) егуге әсері, туберкулездік сынамалардың нәтижесі

19. Инфекциялық науқастармен қатынасы

Ауру анамнезі

Жас дәрігерге дағдысын қалыптастыру үшін міндетті түрде осы сұрастыру және қарау схемасын ұстану керек. Емшек жасындағы, кіші және мектепке дейінгі жастағы балаларды қарау барысында олардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бар екенін ескеру керек. Бала үнемі өседі және оның негізгі параметрлері жастық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Балалардың бүкіл мүшелері мен жүйелерін бағалау барысында денсаулықтың міндетті критериі физикалық, жүйкелік-психикалық дамуы мен тәртіптік статусының қалыпты болуы, онтогенез барысында ауытқулардың болмауы болып табылады.

Туылғанда физикалық даму көрсеткіштері бойынша балаларды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Жаңа туылған бала ірі дене салмағымен (сәйкесінше бой ұзындығымен)

2. Жаңа туылған бала гестациялық жасына сәйкес қалыпты физикалық дамуымен

Тест тапсырмалары

  1. Ұрық дамуының эмбрионалдық кезеңі гестацияның нешінші аптасына дейін созылады:
  1. гестацияның алғашқы аптасының соңына дейін
  2. гестацияның 4 аптасына дейін
  3. гестацияның 12 аптасына дейін
  4. гестацияның 28 аптасына дейін
  5. гестацияның 40 аптасына дейін
  1. Ұрық дамуының феталдық кезеңі гестацияның нешінші аптасынан басталады:
  1. 1-інші
  2. 4-інші
  3. 12-інші
  4. 28-інші
  5. 8-інші
  1. Нәрестелердегі зәрқышқылды инфаркттың себебі болып табылады?
  1. бүйректің каналшалық қызметінің төмендеуі
  2. алмасудың катаболикалық бағыты
  3. бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуі
  4. АДГ концентрациясының төмендеуі
  5. ренин концентрациясының жоғарылауы
  1. Нәрестенің ОЖЖ-ң жағдайы мына белгілерден БАСҚАСЫМЕН бағаланады:
  1. бұлшық ет тонусы
  2. туа біткен автоматизм рефлекстерін бағалау
  3. патологиялық рефлекстердің болуы
  4. қозғалыс белсенділігі
  5. тыныс алу және жүрек соғу жиілігі
  1. Дені сау нәресте Апгар бағанасы бойынша қанша баллға бағаланады:
  1. 2-4
  2. 4-6
  3. 6-7
  4. 8-10
  5. 10-12

6. Мына төменде көрсетілген лабораторлық мәліметтердің қайсысы нәрестелердің физиологиялық сарғыштығына тән:

  1. тура емес фракция есебінен гипербилирубинемия
  2. тура фракция есебінен гипербилирубинемия
  3. тимол сынамасының жоғарылауы
  4. нәжіс пен зәрінің түсінің өзгеруі
  5. бауыр сынамаларының жоғарылауы

7. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы ана сүтімен байланысты сарғыштыққа тән:

  1. баланың жағдайы нашарламайды
  2. бауырдың өлшемі ұлғаяды
  3. баланың жағдайы ауыр
  4. дене қызуы жоғарылайды
  5. теріде геморрагиялық бөртпе

8. Нәрестеде жүрек соғуының жиілігі минутына 100-ден төмен, брадипноэ. Бұлшықет тонусы төмен, рефлекторлық қозғыштығы сақталған. Тері түсі қызғылт, бірақ аяқ қолдарының көгеруі байқалады.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

  1. 2
  2. 4
  3. 6
  4. 8
  5. 10

9. Нәрестенің терісінің түсі қызғылт. Брадипноэ, жүрек соғуы минутына 90. Жөтеледі, түшкіреді, қозғалыс белсенділігі жоғары.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

  1. 5
  2. 6
  3. 7
  4. 8
  5. 10

10. Мыналардың қайсысы нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына ТӘН ЕМЕС?

  1. өмірінің 3-5 тәулігінде пайда болады
  2. туылғаннан кейін бірден дамиды
  3. дене температурасы 38-390С дейін жоғарылайды
  4. қызынған кезде дамиды
  5. суды аз беру себебі болуы мүмкін

Жаңа туылған бала және оның физикалық дамуы. Жаңа туылған баланың ағзаларымен жүйелерінің анатома-физиологиялық ерекшеліктер

Жаңа туылған нәрестелік кезең туылғаннан бастап 28 күнге дейінгі уақыт. Бұл кезең адам онтогенезіндегі өте күрделі этаптардың бірі болып есептеледі. Себебі, бұл уақытта функционалды жүйенің күрделі түрде құрылуы және қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне бейімделу жүреді.

Мерізімі жетіп туылған бала деп - жүктіліктің 37-42 аптасында туылған баланы айтады. Бұл кезеңде ол жетіліп немесе жетілмей туылуы мүмкін. Мерзімі жетіп туылған баланың жетілуі оның гестациондық жасымен клиникалық және функционалдық көрсеткіштердің қатынасына байланысты анықталады. Терісі: мақпалдай жұмсақ , жылы және қызғылт, егер теріні қатпар етіп жинасақ, демде өз қалпына келеді. Баланың басы долихоцефалитикалық, брахиоцефалитикалық немесе дұрыс емес формада болады. Басының дөңгелектігінің өлшемі 34-37см, ол кеуде торының көлемінен 1-3см үлкен болуы керек. Қарама - қарсы сүйектердің шеттерінің арасындағы үлкен еңбек 1-3см болады, кіші еңбегі жабық. Сагитальды тігіс әдетте ашық, ені 3ммден аспайды. Бастың қалған тігістері сүйектің бітіскен жерлерінен пальпацияланады.

Беті салыстырмалы түрде симметриялы. Еріндерінің және ауыз қуысының шырышты қабаты жұмсақ, тез жарақаттанатын және бай васкулиризацияланған болады. Түсі ашық-қызғылт. Кіндігі семсер тәрізді өсіндімен қасаға сүйегінің арасында орналасқан. Ұл балаларда аталық бездері ұмаға түседі, ал қыз балаларда үлкен жыныс ернеуі кіші жыныс ернеуін жабады.

Мерізімінен асып туылған бала деп - жүктіліктің 42 аптасынан асып туылған баланы айтады. Мұндай балаларда трофикалық бұзылыстар - теріасты клетчаткасының жұқаруы және былжырауы, терінің құрғауы және десквамациясы болады(әсіресе алақан мен табанда), біріншілік туыттың жағындысы болмайды сарғаю кейде жасыл түспен жүреді. Сүйектер тығыз, бас жіктері жабық, үлкен еңбектің өлшемі кішкентай болады.

Физикалық дамудың көрсеткіштеріне қарай жаңа туылған балаларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

1. Жаңа туылған бала үлкен дене салмағымен(сәйкесінше бойының ұзындығы) .

2. Жаңа туылған бала физикалық дамудағы өзінің гестациондық жасындағы қалыпты дене салмағымен.

3. Жаңа туылған бала гестационды жасының қатысына қарай төмен дене салмағымен, сондай-ақ, бұл топқа құрсақ ішілік дамудағы кідіріс болған балаларды қосуға болады.

Ерте жастағы баланың физикалық дамуы.

Оны антропометриялық көрсеткішпен анықтайды: бойы, салмағы, басының, кеуде торының өлшемі. Алғашқы 3-4 күндері баланың салмағы 150-300г-ға төмендейді. Бұл салмақтың физиологиялық төмендеуі болып табылады. Бұл жетіспеушілік өмірінің 7-10 күндері тез қалпына келеді.

Мерізіміне жетіп туылған балалардың параметрі:

Бойы 50-53см

Салмағы 3, 3-3, 5кг

Басы 34-36см

Кеде торы 32-34см

Алдыңғы 3 айда-25-30г-ға салмағы төмендейді. 4-6 айда- 20-25грамм болады.

Салмақ қосу І-ші жарты жылда ай сайын 800, 0, ІІ-ші жарты жылдықта-400, 0 құрайды. Өзінің 1-лік салмағын бала 5-6 айда қосады. Өмірінің бірінші жарты жылдығында салмағын шамалау үшін мына формуланы қолдануға болады:

Туылғандағы дене салмағы + 800г * n. n ол - І-ші жарты жылдағы әр айдың алғашқы күні. Баланың дене салмағы 6 айда 8200граммға тең, Әрі қарай 4-5 жасында 20-22 кг-ға жетеді(ай сайын 2кг) . Мерізімі жетіп туылған баланың бойының ұзындығы 46-56см арасында нәрестелерде бойының өсуі өте тез жүреді. Алғашқы 3 айда балалар ай сайын орташа есеппен 3 см-ден қосып отырады, 4-6 айда - 2, 5см, І-ші жарты жылдықта 16, 5 см-ге дейін өседі. 1 жылда 75см(1жылда 25см-ден) .

Басының шеңбері орташа 34-36см-ге тең, кейіннен ол жеткілікті түрде тез өседі және баланың биологиялық дамуының жалпы заңдылығын көрсетеді. Бас шеңберін мына формуламен есептейді: 6 айлық баланың басының көлемі 43 см-ге сәйкес, 43см-ге әр жетпеген айға 1, 5см қосып санау керек. 1 жылда 44-46см. Бас көлемінің өсуінің соңына дейін тағы 10-11 см-ге өседі.

Кеуде шеңберінің өлшемі кеуде торының өсу сатысын анықтайды. Сонымен қатар, тыныс алу жүйесінің функционалды көрсеткішімен кеуде торының бұлшық ет аппаратының дамуын және тері асты май қабатының дамуын көрсетеді. Туылған кездегі кеуде торының орташа көлемі 32-34см. Ол баланың басынан қарағанда біраз кіші болады. Баланың 4 айлығында басы мен кеудесінің мөлшері теңеледі, кейіннен кеудесі басынан үлкен болады. І-ші жарты жылдықтағы балалардың кеудесінің мөлшерін шамамен бағалау үшін мына формуланы қолдануға болады: 6 айлық баланың кеуде торының көлемі 45см, 45см-ге жетпейтін әр ай үшін 2см қосып есептейміз. Дұыс физикалық дамудың көрсеткішін эйтрофиямен бағалауға болады.

Жаңа туылған балалардың анатомо-физиологилық ерекшеліктері.

Патронаждың кезеңдері: антенатальды (туғанға дейін) ұрықты сақтау(антенатальды патронаж) ; жаңа туылған баланың өмірінің бірінші айындағы патронаж ; баланың бірінші жылындағы патронажы.

Жаңа туылған баланың патронажы перзентханадан шыққаннан кейін 3 күннен кешіктірмей жасалады. Оған мына көрсеткіштер кіреді. Паспорттық бөлім, анасынан жүктілікпен туу үрдісі туралы сұрау, жаңа туылған баланың паспорттық бөлімімен танысу және антропометрия жүргізу, шекаралық жағдайлардың динамикасын бағалау, кіндік қалдығының түсу уақыты, перзентханада баланың тамақтануы, туберкулезге, полиомиелитке және вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинация жасау, бөлменің санитарлық жағдайы, жаңа туылған балаларды қарауды және ана мен балаға кеңес беру, баланың денсаулығының тобын анықтау.

Баланы 1жылға дейін 14 реттен кем қарайды, оның ішінде 12 рет емханада және айына 1 рет мейірбике баланың үйіне барып қадағалайды. Бірінші айда 2 рет, кейіннен қалған айда айына 1 реттен қарайды.

Балалар емханасында бірінші кезекте ұйымдастырылатын шаралардың бастысы құрамында профилактикалық жұмыс кабинеті бар дені сау баланың бөлімін құру болып табылады. Бұл бөлімнің ішіндегі кабинеттің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, ата-анаға баланы тәрбиелеуді үйрету(күн тәртібі, тамақтану, физикалық тәрбиелеу, бала күтімі), баланың гигиеналық тәрбиесі туралы сұрақтарды қарастыру, баланың дамуындағы өзгерістермен ауырып қалған жағдайдағы профилактикалық шаралардың сұрақтарын қарастыру. Медициналық қызметкерлер жас ата - аналарға арналған мектепте әр түрлі әдістемелік құралдарды және материалдар арқылы сабақтар жүргізеді. Ата-аналарды баланың тамағын және қосымша тамақтарын дұрыс дайындауды үйрету және әдебиеттермен қамтамасыз ету.

ДДҰ бойынша омыраумен емізудің негізгі принциптері.

  • Омыраумен емізудің осы ережелерін қатаң сақтау
  • Медицина қызметкерлеріне омыраумен тамақтандырудың ережелерін және дағдыларын үйрету.
  • Жүкті әйелдерді омыраумен тамақтандырудың техникасы туралы ақпараттандыру.
  • Омыраумен тамақтандыруды туғаннан кейін жарты сағат ағымында бастау. Егер аналар балаларынан уақытша бөлек болсада, оларға лактацияны сақтауды үйрету.
  • Жаңа туылған балаға медициналық көрсеткіш болмаса омырау сүтінен басқа тағам немесе сұйықтық бермеу.
  • Баламен ананың үнемі бір палатада болуын қамтамасыз ету.
  • Ана сүтін белгілі тәртіппен емес, нәресте қалаған кезінде беру.
  • Ана сүтімен тамақтанатын балаларға ешқандай тыныштандыратын дәрілерді бермеу немесе емізік бермеу.
  • Омыраумен тамақтандыруды қолдайтын топты ұйымдастыруды кеңейту.

Жаңа туылған балаларды ерте омырауға салу:

  • ана лактациясын қою
  • жаңа туылған баланың құрсақтан тыс орта шарттарына дұрыс бейімделуі,
  • ішектік дисбактериоздың профилактикасы,
  • ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасты орнату,
  • туғаннан кейінгі жатырдан қан ағудың алдын алу(окситоцин өндірілуінің есебінен) .

Жаңа туылған баланың негізгі тағамы ана сүті болып есептеледі!

ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ.

Шынайы тамақтандыру - ең болмағанда 1 жыл ана сүтімен тамақтандыру. Сүт безінің дайындалу үрдісі гипофиздің алдыңғы бөлігінен және плацентарлы лактоген гормондарының әсерінен сүт безі алвеоласының өсуі мен дамуынан. жүктілік кезінен басталады. Туылғаннан кейін сүттің бөліну үрдісін сүт бөлінуін қамтамасыз ететін пролактин және миоэпителиальды жасушаларды жиырылтатын, сүттің сүт жолымен емізікке дейін келуін қамтамасыздандыратын окситоцин гормондары бақылап отырады. Бұдан басқа окситоцин жатыр миометриінің жиырылуы үрдісін және туғаннан кейінгі кезеңдегі инволюцияны қамтамасыз етеді. Ана сүтінің басқа сүттің түрлеріне қарағанда артықшылығы көп. Ана сүті баланың асқорыту жолдарында тағамның жақсы қорытылуына әсер ететін ақуыз, көмірсулар, тұздар және дәрумендердің ара қатынасы керекті мөлшерде дұрыс сақталған. Ана сүтіндегі белок сиыр сүтіндегі белоктан қарағанда аз болғанымен, барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары толық және негізінен альбумин көп. Ол ақуыздар ұсақ дисперсті болғандықтан жеңіл қорытылады және көп асқорыту сөлдерін қажет етпейді. Сонымен бірге, сиыр сүтінің ақуызы - казеин ірі дисперсті болып табылады және асқазанда жалпақ қабыршақ түзіп асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді. Сондай-ақ, казеин жоғары антигенді болып табылады, ал ана сүтінің антигендік құрамы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шала туылған нәрестелердің өмір сапасы
Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия ауруы
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Тұқым қуалайтын аурулар туралы
Жаңа туылған нәрестелер патологиясы
Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы
Патронаж қызметкері - осы қызметтің ортасында
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Нәрестелер қанындағы тиреотропты гормонның мөлшерін иммунофлуориометриялық әдіс арқылы зерттеу
Неонатальді сарғыштану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz