Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   


Қытайдың көрнекті орындарының арасында Ұлы Қытай қорғаны алғашқы болып
ауызға түседі. Бізде Ұлы қорғанда болмаған адам, өмірінде ештеңені де
көрмеген, деген сөз бар қытайлықтарда.

Ұлы қорған ирелеңдеген тас соқпақты жолдың қалтарысында күтпеген жерден
алдыңнан шыға келіп, алып тұлғасымен көз алдыңа тұра қалады. Оның 15
метрлік тіс тәрізді дуалдары таудың құзар шыңдарына өрмелеп, біресе
шатқалға құлдилай, оны кесіп өтеді де, қайтадан қайқаң етіп, өрге
көтеріледі. Осылайша ұлы ғажайып ескерткіш Қытайдың шығысынан батысына
қарай алты мың километрден астам созылып жатыр.

Ұлы Қытай қорғаны – адамзаттың ақыл-ойымен жасалып, ғарыштан да айқын
көрінетін аз ғана алып құрылыстардың бірегейі. Әрине, біздің заманымызға
дейінгі ІІІ ғасырда салынған бұл құрылыс көне замандардан сыр шертеді,
бірақ та оның бірқатар бөліктері сақталмаған. Ал Бейжіңге таманғы бөлігі
туристер үшін жаңғыртылып, қайтадан қалпына келтірілді.

Қорған құрылысы Цинь Шихуан императорға дейін ежелгі қытай кінәздіктерін
жауынгер көшпелілерден қорғау үшін салыныпты. Қорғанды салу Цинь әулетінің
билігі құлағаннан кейін де жалғаса берген. Алайда тарих осы құрылыстың салу
идеясын Цинь әулетінің негізін салған император Цинь Шихуанның есімімен
байланыстырады.

Мынадай бір заңдылық бар: мемлекет күшті болса, оған мыз-ғымас дуалдардың
қажеті жоқ, оған батылы барып, көрші елдер шабуыл жасай алмайды. Ал,
мемлекеттің күші әлсіресе, оған ешқандай қорған да, берік қамал да дауа
бола алмайды. Қорғанның іргесі қанша мықты болып, қат-қабат қоймалармен
жасақталып, терең құдықтарымен жау алмастай бекісе де, уақыт өте келе,
әлсіздіктің, сатқындықтың, жел сорып, үңгудің, жарылыстың, шапқыншылықтың
және басқа да себептердің әсерінен бүліншілікке ұшырайды. Батыйдың күшіне
төтеп бере алмаған Рязань құлады, Вавилонның, Иерихонның да күлі көкке
ұшты, Мажино мен Зигфрид желілері де шыдас бермеді... Ұлы Қытай қорғаны –
қытай императорларының есепсіз байлығынан, өркөкіректігі мен қуатынан,
қытай шеберлерінің еңбек сүйгіштігі мен шыдамынан сыр шертетін қайғылы
ескерткіш, бірақ та осыншама құрбандықтың өтеуі болмады, қарымтасы
қайтпады, қорған өзінің атқарар рөлін ақырына дейін орындай алмады.

Ежелгі және орта ғасырларда Солтүстік және Батыс Қытайдың далалары мен
шөлдерін ер мінезді де өршіл көшпелілер мекендеді. Қытай империясы күшейген
кезеңдерде оның әскерлері аздаған уақыт осы жерлердің тұрғындарын өздеріне
бағындырды, бірақ Қытайдың күші әлсіреп, өзара жаулас-қан облыстарға
бөлініп кетті, шаруа көтерілістері оны одан әрі титықтатты. Енді солтүстік
және батыс көшпелілері, әсіресе, чжоу және ғұн тайпалары қайтадан күш алып,
ішкері дендей еніп, адамдарды тұтқынға алды, малды айдап кетті, ал кейде
астананы да басып алып, билік басына өз адамдарын қойды. Моңғол және мәнжүр
әулеттері осылайша қалыптасты. Дейтұрғанмен, Қытай жеңімпаздарды өз бойына
сіңіріп, миллиондаған қытайлықтардың ішіне мидай араластырып, өз мәдениеті
мен дініне үйретіп, бірнеше ондаған жылдардан кейін қайтадан дәуірлеп,
тәуелсіздікке қолы жетті.

Көшпелілер әуелде қалаларға шабуыл жасау тәсілдерін жетік білмеді. Олардың
өз кенттері мен қалалары болған жоқ және ат үстінде ұрыс салуға машықтан-
ған болатын. Олар кейіннен азиялық және еуропалық орыс мемлекеттері мен
кінәздіктерінің бекіністерін жаулау кезінде біраз жаттығып, асу бермес
қамалдардың іргесін сөгудің айла-тәсілдерін үйреніп алды. Олардан сескенген
Қытай мемлекеттерінің билеушілері біздің заманымызға дейінгі ІV және ІІІ
ғасырларда көшпелілер өтетін асулар мен дәстүрлі жолдар бойына бекініс
қабырғаларын тұрғыза бастады. Әуелде топырақтан үйілген дуалдардың ұзындығы
кейде ондаған километрге созылып жатты. Алғашқы кезде көшпелілер жасақтары
бұл дуалдардың алдында ошарылып қалғанымен, кейіннен қорғанның осал тұстары
да белгілі болды: өйткені, қорғаусыз әрі иесіз қалған еді. Өзара тартысқа
бой алдырған Қытай билеушілері батыс шекараларын қорғауды ұмытып кетті.
Дуалдардың тағы бір әлсіздігі: оларды айналып өтуге болатыны еді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 246 жылы Цинь мемлекетінің тағына Чжэн отырды,
ол жас мемлекетті нығайта отырып, Қытайдың соңғы тәуелсіз кінәздіктерін
бағындырғаннан кейін өзін “тұңғыш Цинь императоры” деп жариялады. Ол
тарихқа Цинь Шихуанди деген атақпен енді. Цинь Шихуанди ерекше жігерлі әрі
даңққұмар адам болатын. Оның тұсында аса ірі құрылыстар салынды. Өзіне тірі
кезінде биіктігі 500 шынтақ, айналасы 5 мың шынтақ болатын кесене тұрғызды,
оның төбесіне жұлдыздар бейнеленді.

Қытай империясының осы қатал билеушісінің есімі көптеген аңыз-әпсанаға
негіз болды. Ол тұңғыш рет қырық ру болып, бөлшектелген кінәздіктердің
басын қосып, біртұтас мемлекет құрды, бүкіл ел үшін бірыңғай салмақ өлшемі
енгізіліп, арба жолдары салынды. Оның әмірімен миллиондаған адамды
қасіретті құрбандықтарға ұшыратқан Ұлы Қытай қорғаны тұрғызылды.

Мұндай құрылыс орасан көп жұмыс күшін талап етті. Бұл проблеманы да Цинь
Шихуанди өзіне тән кең құлашпен, қарапайым әдіспен шешті. Бұдан екі мың жыл
бұрын пайда болған осынау құрылыс жөнінде астрономиялық есепсіз деректер
келтіріледі. Айталық, кесене салуға жеті жүз мың адам жұмылдырылған. Сарай
құрылысына, суландыру жүйелеріне және Ұлы қорғанға – миллиондаған адам
құмырсқаша жабылған. Мұндай орасан көп адамды табуға императорға соғыста
қолға түскен тұтқындар (жүздеген мың соғыс тұтқындары) және мемлекетті “у”
және “ши” етіп бөлуі көмектесті. Егер бір адам заң бұзып, қылмыс жасаса,
ондаған отбасы құлдыққа түсті. Сөйтіп, жазықты болған ондаған отбасы Цинь
Шихуандидің ұлы құрылыстарына айдалып кете барды. Онда адамдарды сүліктей
сорды: кесене, сарайлар, арналар, соның ішінде, ең алдымен Ұлы Қытай
қорғаны азап шеккен миллиондаған жұмысшылардың қаңқасы үстінде тұрғызылды.
Күніне мыңдаған, он мыңдаған адам қаза болды, олардың орнын жаңадан
келгендер басты.

Цинь Шихуанди Ұлы Қытай қорғанының негізін қалауға үлгіріп кетті. Бірақ та
осыншама күш пен қисапсыз адамның ажал құшуына себепкер болған қор-ған
діттеген мақсаттан шықпады, оған кеткен құрбандықтарға бірде-бір соғыс
шығыны тең келмейді. Алғашқы кезде Ұлы Қытай қорғаны бұрын салынған бірнеше
дуалдарды біртұтас қосты. Сонымен қатар, оның әр жерінен мұнаралар
тұрғызылды. Міне осы көптеген километрлерге созылған құрылыс Ішкі Қытай
қорғаны деп аталады.

Цинь империясы құлағаннан кейін құрылыс уақытша тоқталып, көшпенділердің
шабуылы тоқталмайтыны және олардың қорғалмаған оңтүстік және солтүстік
жағынан айналып өтетіні белгілі болғанда, келесі императорлардың тұсында
қайтадан қолға алынып отырды. Сөйтіп мың жылда қорған күрделі тармақталған
түрге енді. Қытай қорғаны туралы айтқанда, біз кейінірек салынған Ішкі
Қытай қорғанын мегзейміз, ол ХVІ ғасырдың ортасында Мин әулеті тұсында
аяқталды.

Қытай билігіне бірнеше жүз мыңдаған адамды құрылысқа тарта алатын неғұрлым
күштірек әулет келген бойда қорғанға қайтадан керуендер ағылып, құлдар мен
барлық провинциялардан күштеп әкелінген шаруалар бейнетті де опасыз осы
іске арамтер болып, қайтадан жегілді, құрылыс басы қан сасып, мыңдаған
пақырлар аштық пен аурудан өліп жатты. Ал, арасында жұмыс тоқтаған кездерде
қорған қараусыз қалып, қытай жеріне VІІ ғасырда алтай түркілері, ХІІІ
ғасырда – моңғол жасақтары басып кірді, сондай-ақ 1449 жылы моңғолдың ойрат
тайпасының көсемі Эссен бастаған шапқыншылар ат ойнатып, Бейжің қорғанына
таяу келді.

Соңғы соғыс Мин әулеті императорларын қорған құрылысын аяқтауды тездетуге
мәжбүр етті. Императорлар егер қорған оның қанаттарын айналып өтуге
болмайтындай неғұрлым ұзын болса, Қытайға қауіп төнбейді деген алдамшы ойға
шүбәсіз сенді. Сөйтіп, оның ұзындығы екі мың жеті жүз километрге жетті, ал
қапталдас дуалдары мен тамақтарын қоса есептесек, алты мың километрге
жетеді.

Алайда, оның толық аяқталғанына жарты ғасырға да жетпейтін уақытта
император армиясының азғындауын және шаруалар көсемдерінің күштері
бірікпеуін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білген мәнжүрлер қорғанды бұзып
кіріп, Бейжіңді басып алды. Қытайды түбегейлі бағындырғанға дейін де
мәнжүрлер Ұлы қорғанды бірнеше рет кесіп өтіп, мыңдаған тұрғындарды
тұтқынға алып, малдарын айдап кеткен болатын. Осындай шапқыншылықтардың
бірінде олар төрт миллион адам мен жарты миллион малды олжалады.

Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің...

Мао Цзе Дунь

Аса құрметті айдаһар

Қытайлар - жалпы, аңыздарға құрметпен қарайтын ырымшыл, сенімшіл халық.
Ерте кезден Қытай елі аса қадір тұтатын, қасиетті жануар айдаһар болып
саналады. Айдаһар - көптеген аңыздардың негізгі кейіпкері. Ол әрқашан
халықтың немесе жеке шаңырақтың тыныштығын сақтап, бұларға қауіп төндіретін
жын-жыпырларды алыстан үркітіп тұрады екен. Тағы бір аңыздарда жын
тежейтін қабырға ұғымы кездеседі. Сенім бойынша, қытай жындары тек тіке
бағытта қозғалады және көбінесе солтүстікті мекен етеді. Яғни сол жақтан
шабуыл жасайды. Сондықтан да қытайлар аулаларының кіреберіс бетін
оңтүстікке қаратып салып, солтүстік бетке үлкен қабырғалар орнатып қояды.
Бұл қабырғалар жындардың шабуылын тежейді деп есептеледі. Әлемнің атлас
картасын алып, Қытай территориясына қарасақ, ирелеңдеген айдаһар бейнелі,
ең үлкен жын тежегіш қабырғаны байқауға болады. Ол - әлемнің сегізінші
ғаламаты болып саналатын Ұлы Қытай қорғаны...

Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің....

Бұл сөздің авторы - атақты қытай көсемі Мао Цзе Дунь. Дәл осы сөйлем алып
қорғанның кіреберісінде ілінген тақтайшада жазылған. Дүниежүзіне белгілі
бұл қорғанның мыңдаған жылды қамтитын тарихы бар.

Ұлы қорғанның іргетасының қалануы шамамен б.з.д. III ғасырда басталып, үш
кезеңде (бірінші, екінші және үшінші қабырғалар) салынған делінеді
деректерде. Бұл қорған Соғысушы патшалықтар (шамамен б.з.д 475 -221 жж.)
дәуірінің ескерткішіне жатады. Осы дәуірде Қытай бірнеше патшалықтарға
бөлініп, Аспан асты елі мазасыз күндер өткізіп жүрген кез еді. Сол кездегі
ең қуатты империя Цинь империясы екен. Цинь империясының басшысы, тарихта
аты жиі аталатын Ши Хуаньди атты император баршаға танымал болыпты. Бұл
император Шың елінің тұрғындарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени орталықтар
Қытай мәдениеті мен ғылымы
Әлемнің жеті кереметі жайлы
Мәдени мұралары
Қытай Халық Республикасы - Тайвань
Қытай Халық Республикасы туралы мағлұмат
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Қытайдағы экотуризмнің дамуы
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Пәндер