Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері


Дайрабаев Р., Алпамысова А.
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Оқу құралы
Түркістан 2011
УДК 387 (075, 8) :631, 4
ББК 40, 3Я7
А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің
№3, 04 қараша 2011 жылы хаттамасында бекітілді
А. Ясауи атындағы ХҚТУ оқу-әдістемелік кеңесінің №4, 26 желтоқсан 2011 жылы хаттамада баспаға ұсынылды
Пікір жазғандар:
Қ. Н. Жайлыбай-биология ғылымдарының докторы, профессор
А. И. Сейтхожаев- биология ғылымдарының докторы, профессор
М. Т. Ерденов-ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Құрастырғандар: Биология кафедрасының доценті,
а. ш. ғ. к. Дайрабаев Р. Ә.
магистр-оқытушы Алпамысова А. Б.
Т 49 «Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері» оқу құралы
ISBN 9963-524-42-0
УДК 378
(075, 8) :631, 4
ББК 40, 3 Я7
Т 37020400
00(05) -010
ISBN 9963-525-42-0
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАРЫ . . . 6Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы . . . 7Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы . . . 12Алматы мемлекеттік табиғи қорығы . . . 17Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы . . . 23Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы . . . 28Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы . . . 33Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы . . . 39Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы . . . 44Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы . . . 48Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы . . . 54
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ БАҚТАРЫ . . . 60
2. 1 Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы . . . 60
2. 2 Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық бағы . . . 64
2. 3 Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы . . . 68
2. 4 Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы . . . 72
2. 5 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы . . . 76
2. 6 Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы . . . 80
2. 7 Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы . . . 84
2. 8 Шарын мемлекеттік ұлттық бағы . . . 88
2. 9 Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық бағы . . . 92
2. 10 Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы . . . 97
2. 11 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық бағы . . . 98
2. 12 Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы . . . 100
3. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАРЫ . . . 102
3. 1 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты . . . 102
3. 2 «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты . . . 103
3. 3 «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты . . . 103
3. 4 «Ырғыз торғай» мемлекеттік табиғи резерваты . . . 104
4. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАРЫ. 105
5. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ . . . 107
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 108
Алғы сөз
Экологиямен табиғаттың тұрақты даму проблеманың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әр аймақтың табиғи климаттық ерекшеліктерін еске ала отырып, флорамен фаунаның көп түрлігін және түрлік құрамының сапасын жақсарту, ерекше қорғалатын территорияларының санын көбейту қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздеріне қажетті өзгерістер енгізу арқылы табиғаттың байлықтарын молайту болып табылады.
Сондықтан ұсынылып отырған оқу құралдың биология саласының тиімділігін арттыруда теориялық және практикалық маңызы зор. Мазмұны қысқа, түсінікті тілмен жазылған. Оқу-бағдарлама бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелері теориялық мәліметтермен қамтылған. Биология агроэкология, геоэкология профильдегі студенттерді технологиялық процестері туралы білімге баулап, ой өрісін кеңейтуге басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге жәрдем бере алады.
Қазақстан табиғатының этолондық бөліктері мен танысудың басты мақсаты студенттерді биология мамандықтары бойынша флорамен фаунаның әр алуандылығы туралы білімге баулап басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге арналған. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралды оқып-үйрену нәтижесінде студенттер қоршаған ортаның негізгі экожүйелерінің сипаттамаларын анықтау мен бірге оларға байланысты қасиеттеріне керекті мағлұматтарды алуға болады.
Қазақстан биоресурстардың әр алуандығына арналған мәліметтер келешек - биология бағыты бойынша мұғалімдер үшін жаратылыстану ғылымдармен танысудың негізгі бір бөлігі. Бұл пән көптеген ғылымдар мен тығыз байланысты. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қазақстан биоресурстарын оқып білу мектеп жанындағы өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады. Тәжірибелік мәні бар ғылыми процестерді жүргізу әдістерін үйретеді.
Мазмұны түсінікті және қысқаша жазылған. Бұл кітапша келешек мамандарға ботаникалық және зоологиялық ресурстарының тиімді жағдайларын тереңінен түсінуге көмек бере алады.
КІРІСПЕ
Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің ерекшелігіне және оның алуан түрлілігіне мән беріп, оларды сақтап, қорғауға ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеулер жасалып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы экологиялық жағдайдың өзгеруі, табиғат пен тіршілік иелерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы да жан-жануарлардың кейбір түрлерінің жоғалып кету қаупін тудырады. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау әлем мамандарының алдында тұрған үлкен мәселе. Бұл жай Қазақстан зоологтары мен биологтарын да мазалаумен келеді. Биологиялық алуантүрлілікті тепе-теңдікте сақтап, пайдалану ерекше қолға алыну қажет. Бұл жоспарларды жүзеге асыру мақсатында 2009 ж. 12-13 мамырда биология факультетінің базасында ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық реализациясы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және Биология факультетінің 75-жылдығына арналған «Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға байланысты мәселелер жан-жақтан талқыланды. Биологиялық ресурстардың табиғаттағы мөлшерін сақтау үшін өсімдіктердің және жануарлардың табиғаттағы алуантүрлілігін сақтай білу керек. Ол үшін әртүрлі қорықтарды ашу бүгінгі күннің талабы. Табиғатты қорғау саласындағы барлық мамандар табиғи жүйелерді - экожүйелер, қауымдар биотоптар және түрлердің сәттілікте амандығын қорғауға тырысып ұмтылады. Соңғы уақытқа дейін экожүйені толық қорғап сақтауға көңіл аударылды. XX ғасырдың басынан бастап осы мақсатқа жету үшін ерекше облыстар, региондар бөліне бастады. Қазіргі кезде халық санының артуына байланысты мұндай резерваттармен (табиғат байлығы, жануарлар мен өсімдіктер үкіметтің айрықша қорғауында болатын қорық, территория) жұмыс жасау қиын және күрделі бола бастады.
Қорықтар -бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. (1-сурет)
Қазақстан Республикасындағы қорықтар
Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлаықтарына нұқсан келтіретін әркеттерге тыйым салынған. Қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктер мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белбеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа айналып қоймай, өлкеміздің көрікті табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Болашақ ұрпаққа табиғат байлаықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуге ерекше қорғалатын аймақтардың алатын орны ерекше.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАРЫ
Қазақстандағы қорықтар жабайы табиғат эталондары мен табиғи аймақтардың қорғаудың жоғарғы түрі болып саналады.
Мемлекеттік табиғи қорық - бұл табиғатты қорғаушы және ғылыми мекеме статусындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақ, оның қызметтік мақсаты болып оның аймағындағы табиғи процестердің шынайы жүрісі мен көріністерін, өсімдік пен жануарлар әлемінің объектілерін, жеке түрлер мен өсімдіктер мен жануарлар қоғамдастығын, типтік және әмбебап экологиялық жүйелер мен оларды қалпына келтіру, сақтау мен зерттеу саналады.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік табиғи қорық пен оның қорғалатын зонасының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру мен қорғау режимін қамтамасыз ету;
- экологиялық жүйелердің мониторингі, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғат шежірелерін қоса отырып зерттеу бойынша ғылыми ізденістер жүргізу мен ұйымдастыру;
- экологиялық-ағарту қызметін жүргізу;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жобаларына қатысу мен шаруашылық және басқа объектілер схемаларын жасау, олар мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етулері мүмкін;
- экологиялық-ағарту, ғылыми және шектелген туристтік мақсаттарда мемлекеттік табиғи қорық аймағын ретелген тәртіп бойынша қолданып, оның зонасын қорғау.
Мемлекеттік табиғи қорықтың барлық территориясында қорғаудың қорықтық режим орнатылады, ол кезде келесілерге қатаң тиым салынады:
- территорияың гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттер;
- ғимараттар (құрылыстар мен мекемелер), жол, труба жолдарын, электр беру линияларын және басқа да мемлекеттік табиғи қорық қызметіне қажеті жоқ коммуникациялар мен объектілер салу;
- геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалы қазбалар іздеу;
- топырақ жабынын бұзу, минералдар көзін бұзу мен тау жыныстарын жалаңаштау;
- орманды қолданудың барлық түрлері, санитарлы отау мен орманнан кетуде отауды қоса, азықтық, дәрілік және техникалық өсімдіктерді, гүлдерді, тұқымдарды даярлау, пішен шабу, мал жаю мен басқа қолдану түрлері;
- аңшылық пен балық аулау, мемлекеттік табиғи қорықтың қорғалған аймағындағы тұрғылықты халықтың қажеттілігіне орай әуесқойлық балық аулауды есепке алмағанда, бірақ ол уәкілетті органмен бекітілген заңға сәйкес қана жүргізіледі.
- Жануарларды құрту мен аңшылық жасу, ортаны бұзу мен олардың мекендейтін жағдайларын нашарлату;
- Жаңа түр жануарлары мен өсімдіктердің интродукциясы, жануарлардың жеке түрлерінің санын көбейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру;
- Коллекциялық материалдар жинау, мемлекеттік табиғи қорық коллекциясын есептемегенде;
- Зиянкестермен, өсімдіктер мен жануарлар ауруларымен биологиялық және химиялық тәсілдермен күрес жүргізу, сонымен бірге жануарлардың санын реттеу;
- Үй жануарларын айдау;
- Жасанды түрдегі қоршаған ортаны қорғау аумағындағы уәкілетті органмен расталған нормалардан асып түсетін шуылдар және басқа да акустикалық әсерлер;
- Қорғалатын ландшафтардың кескінін өзгертетін немесе экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзатын болса, не аса бағалы табиғи ресурстарды өндіру мен сақтауға қатер төндіретін қызметтер.
Мемлекеттік табиғи қорықтарда қорғау режимдері бекітіліп, мемлекеттік табиғи қорықтың қорғалушы зонасы мен биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру қамтамасыз етіледі; экологиялық жүйелердің мониторингі мен зерттеу бойынша, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілері, табиғаттың шежіресін жүргізуді міндетті түрде енгізу арқылы ғылыми зерттеулер ұйымдастырылып, жүргізіледі; экологиялық-ағарту қызметтері жүргізіледі; мемлекеттік табиғи қорық территориясын экологиялық-ағарту, ғылыми және шектелген туристтік мақсаттарда қолдану жұмыстары реттеліп отырады. Қорықтар шаруашылық және басқа да объектілердің жобаларына, олар мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін, мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстарын жасауда қатысады.
Мемлекеттік табиғи қорықтарда аса бағалы экологиялық жүйелері мен объектілері жоқ арнайы бөлінген аймақтарда уәкілетті органдармен бекітілген тәртіп бойынша экскурсиялық жолдар мен бағыттар жасауға, ретті экологиялық туризм түріндегі іс-шаралар жүргізуге рұқсат етіледі.
Қазіргі уақытта (01. 07. 2006 жыл жағдайында) Қазақстан Республикасының территориясында 10 мемлекеттік табиғи қорықтар құрылған.
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ
Ақсу-Жабағылы - Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі қорық. Қорық 1926 жылы құрылған. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А. Л. Бродский болатын, ол 1920 жылы бірінші рет Жабағылы және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары - Д. Н. Кашкаров, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов, М. Г. Попов, Н. А. Димо зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық ретінде бағалы екендігін растады. 1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу-Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама №25) қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді.
Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна (1867-1938) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу-Жабағылы қалыптасуының ең қиын алғашқы онжылдығында басқарды. Осы кезде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізілді, қызметкерлер саны мен қорық территориясы көлемі алғашқы 30 мың га 1937 жылы 69 825 гектарға ұлғайды. Келесі 50 жыл аралығында оның көлемі мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер болды. Тек соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы жағын және Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу-Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қарғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында орналасқан.
Қорықтың негізгі өзендері-Жабағылы, Ақсу, Балдарбек, Бала-Балдарбек, олар батысқа қарай ағады. Оларға су қар, мұз және бұлақтардан келеді. Өзен аңғарларының көпшілігі таудан шығар жерінде арна түрінде болады. Әсіресе Ақсу өзені арнасы ерекше көрінеді, оның тереңдігі 400 метр, 20 км-ден артыққа созылады. Ақсу-Жабағылының бірегей табиғи нысаналары мен көптеген көркем ландшафтары есте қаларлықтай. Бұл - Көкүйірім мен Жасыл керемет сұлу тау көлдері, Ақсу-Жабағылы, Шүнгүлдік және Бұғылытөр жарқыраған құлама мұздары, Балдарбек өзені аңғарындағы жіңішке құзды қақпалар Дарбаза, Майдантал өзенінің сәулетті аңғарлары. Маржан сайындағы сұр жартастардың жұмбақ сілемдері дерлік түгел 250 миллион жыл бұрын
палеозой дәуірінде осы территорияны алып жатқан үлкен теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың (маржандар, губкалар, моллюскалар) тасқа айналған қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде біздің ата-бабаларымыз да өз іздерін қалдырды. Қара шөгінді тау мен жарқыраған ромб тәрізді қар мұздығынан тұратын, үлкен амфитеатрмен қоршалған, әсем де қатаң жерде Қасқабұлақ сайы шұңқырында атақты тас галереясы бар. Қара темірлімарганецті қабықпен қапталған жалпақ тастар бетінде үшкір қару ұшымен салынған ежелгі адамдар суреттері жақсы көрінеді.
Тау көлі
Көбіне жабайы аңдар-ешкі, арқар, марал суреттері кездеседі. Жиі салт адамның атта немесе түйеде отырғаны, садағы мен найзасы бар аңшы, күресу, билеу, әр түрлі салт жораларын жасау және тіпті дарға асу көріністері көрсетіледі. Осы суреттердің жасы жайлы әлі күнге дейін бір пікірге келмей жатыр. Зерттеушілердің көбі оларды сақ кезеңіне, яғни біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырға жатқызады. Басқалары Қасқабұлақтағы «сурет галереясы» тас дәуірінен бастап, біздің дәуіріміздің орта ғасырларына дейінгі көптеген ұрпақтардың қолымен жасалған деп есептейді.
Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын-шашынның (таудың орта белдеуінде 950мм) 30%-ы қыста, 40%-ы күзде және небары 10%-ы жазда түседі. Ауаның жылдық орташа температурасы +5, 6°С, ең суық айда (қаңтарда) - орташа - 5, 4°С, ең ыстық айда (шілдеде) +17, 2°С. Құрғақшылық кезеңнің орташа ұзақтығы -70 күн, аязсыз-142 күн, қар жабыны бар кезең-160 күн.
Топырақ, өсімдік және жануарлар әлемінің бөлінуі, барлық таулардағы сияқты тік белдеулік заңына сәйкес. Қорық территориясы 5 тік белдеу ішінде орналасқан. Ең жоғарғы нивальды белдеуде (теңіз деңгейінен 3600-3800 м биіктікте) топырақ және өсімдік жабыны жоқтың қасы. Дегенмен қар мен мұздың үлкен қоры осы аймақтың өзен ағыстарын реттеуде маңызды орын алады. Биік таулы альпі белдеуі (2800-3000м) таулы альпінің әр түрлі топырақтарында көбіне аласа бойлы сирек шөптесінді өсімдіктер өсуімен ерекшеленеді. Мұнда шағын жерлерді төселіп өсетін аршалар алып жатады. Қосымша ылғалданатын жерлер және сайларда әдемі альпі көгалдары бар. Биік таулы субальпі белдеуі (2200-2800м) өсімдік жабынының тығыз болуымен сипатталады. Төселіп өсетін арша шоғырлары қалың тоғайлар түзеді және баурай бетінің шамамен 30%-ын жабады. Аршалар астындағы топырақ қара түсті, басқа түрлі топырақтарда шалғынды-далалы немесе таулы-далалы субальпі өсімдіктер өседі.
Орта тау белдеуінде (1500-2200м) құрғақ сайларда шалғындар өседі және биік діңді аршаның екі түрі (зеравшан және сауыр) осында орман түзуде маңызды орын алады. Сонымен қатар бұталы, кейде аршалы сиреу ормандары ірі шөптесінді далалар бар. Бұл белдеуде тау қоңыр топырағы басым. Аласа тау белдеуі (1500 м төмен) солтүстік-шығыс бөлігінен басқа, қорық территориясының басым көпшілігін алып жатыр, кей жерлерде бұталар араласқан далалар бар. Бұл белдеу топырағы сұр-қоңыр, беткі жағында қарашірік аз болуымен ерекшеленеді.
Қазақстан қорықтар арасында Ақсу-Жабағылы өсімдіктерінің бай және алуантүрлілігімен көзге түседі. Басқа қорықтарда 5-7 типті өсімдіктер болса, мұнда 12 типті өсімдікке жататын 60 өсімдік фармациясы бар. Тек батыс Тянь-Шань үшін ең ерекше өзіне тән жартылай далалар немесе далалар болып табылады. Қорық пен оның айналасында осы типтің үш түрі кездеседі. Аласа шөптесінді далада көпжылдық қысқа мерзімдік (эфемероидтар) жуашықты қоңырбас, толық қияқөлең басым және біржылдық өсімдіктер (эфемерлер) қорық шекарасындағы тау етегін жауып тұрады. Аласа тау белдеуі үшін ірі шөптесінді далада ош бидайығы мен жаман арпа басым болу тән. Көбіне «умбелляр» деп аталатын үшінші түрде шатыргүлділер тұқымдасының (жіңішке сасыр және малазық прангос) ірі шөптесінді өкілдері басым. Ол аласа таудан орта тауға дейін, тіпті субальпі белдеуінің төменгі жағында жекелеген жерлерде едәуір кең таралған.
Тек Батыс Тянь-Шаньға тән өсімдіктің басқа түрі-аршалы ормандар. Ол осы аймақтың қайталанбас кескінін құрайды, баурайларды бекітіп, оларды эрозиядан қорғайды, ылғалдылықты жинайды, өзен ағыстарын реттейді, қар көшкіндері мен су тасқындарынан қорғайды. Фитонцидтер мен эфир майлары ауаны тазартып сауықтырады. Бір гектар аршалы орман осындай заттардың 30 кг бөліп шығарады, сөйтіп, микробқа қарсы тұрақты аймақ түзеді. Батыс Тянь-Шаньның негізгі ағашы болғандықтан, адамдар оны ертеден пайдаланып келеді. Соңғы жүзжылдықта аршалы орман көлемі едәуір қысқарды, сондықтан ол ерекше қорғалу тәртібіндегі бірінші дәрежелі орман қатарына жатады, ал зеравшан аршасы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Сонымен қатар Ақсу-Жабағылыда басқа да бірегей өсімдік бірлестіктері қорғалады. Бұл Сиверс алма ағашынан және кавказ таудағанынан тұратын тоғай, эхидна эспарцеті басым бірлестіктер, эндемиктер мен қалдық түрлердің-алкор мен піскем жуасы-ну шөптесіндері орта таудың көлемді шөгінділерінде өседі.
Қорық флораға бай. Қорғалатын түрлер саны келесідей: саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, балдырлар 60 -70 түрден, жоғары өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Қорғалатын түрлер саны келесідей: саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, балдырлар 60 - 70 түрден, жоғары өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Флораның бірегейлігі мен өзгешелігі жоғары өсімдіктерден жақсы көрінеді. Бұл топта 200 сирек түр белгілі, сонымен қатар: Батыс Тянь-Шань мен Қаратау эндемигі-177; қалдық түр-30-дай; қызылкітаптық-39 түр. Тек Ақсу-Жабағылы қорығында сирек кездесетін тамаша ассүттіген, ангрен, ұғамиясы, Минквиц примуласы, талас кекіресі, Масальский қандыгүлі, Коопман өгейбұтасы, талас қайыңы және т. б. қорғалады. Көптеген пайдалы өсімдіктер ішінен ең маңыздылары мәден түрлер туыстары болып табылады, олардың түрі қорықта 80-нен асады. Грейг және Кауфман қызғалдақтары ерекше танымал болып отыр. Олар әлемге белгілі бірнеше жүздеген мәдени қызғалдақтардың шығу тектері болып табылады.
Грейг қызғалдағы
Кауфман қызғалдағы
Қорықтың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Омыртқалы жануарлар фаунасында 330 түр, оның ішінде 6 отряд 21 тұқымдасқа жататын 50 сүтқоректілер түрі бар. Саны және түр құрамы жағынан басымы - кеміргіштер, оның ішінде тоқалтіс пен тышқанның алуан түрлері. Әсіресе ұясын ағашқа, бұтаға, үй шатырына, тіпті қызметкерлердің азық-түлік жәшігі мен сөмкелеріне дейін салатын орман қарақасы өте әдемі.
Тұяқтылар ішенен әдеттегі түр тау ешкісі, аз санды арқар (тянь-шань түршесі) қорықтың тек солтүстік бөлігінде ғана және өткен ғасырдың 60-шы жылдарында жерсіндірілген маралдар кездеседі.
Жыртқыштардан көбіне тянь-шань қоңыр аюы кездеседі. Бұл қызылкітаптық түрдің барлық таралу аймағы ішіндегі ең жоғаоғы тығыздығы Ақсу-Жабағылы қорығында орналасқан. Арқар мен аюдан басқа, қорықта тағы 5 қызылкітаптық түрлер-барыс, жайра, түркістан сілеусіні, шұбар күзен және тау сусары мекендейді.
Тянь-шань қоңыр аюы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz