Тыныс алу жүйесінің қызметін тексерудің ветеринариялықСӨЖ диагностикалық әдістері


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырып: Тыныс алу жүйесінің қызметін тексерудің ветеринариялық-диагностикалық әдістері.
Орындаған: Мерейхан А
Тобы: ВМ-801
Тексерген:Жексенава А. Б.
Семей 2020ж
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Осы аурулардың ішінде ен жиі кездесетіні өкпенің қабынулары. Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін аурулар. Олардың себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды.
Малдәрігерлік клиникалық тәжірибеде қабынуларының 2 түрі: тұтас және дақтанып қабыну түрлері анықталады.
Тұтас (бөлшектеніп, ошақтанып) қабыну - тез өрбіп, көлемге таралып, аурудың алғашқы сағаттарында-ақ өкпенің бөліктерін, немесе жеке өкпені тұтас зақымдаумен сипатталады.
Жан-жақты болу керек. Суық тигізеттіндей себептерді жояды. Сапасыз, комақты азықтарды, су ішкізуді (ылғалды түрінде) азайтады. Антибиотик пен сулъфаниламид препараттарын қолданады. Кеуде тұсын скипидармен сылайды, банкілер, қыша қағаздар кояды. Электр шамымен қыздырады, диатермия жасайды, УЖЖ тогімен емдейді. Йодты препаратгармен электрофорез жасайды. Ауыз қуысы арқылы несеп айдайтын дәрілер, салицил және йод препараттарын береді. . Қан тамырына глюкоза мен камфора қосылған спирттің судағы ертіндісін, немесе гексаметилентетрамин ергіндісін енгізеді.
Іріңді плевритте, плевра қуысын тесіп, ине-шприц арқылы жалқықты сыртқа шығарады да, сол ине арқылы плевра қуысына 0, 2% этакридин, 5% норсульфазодың судағы ертінділерін, не антибиотиктер ертіндісін еңгізеді.
Негізгі бөлімі
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі және де жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді. Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1. Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2. Микроорганизмдердің әсері.
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады. Асфиксияда (тұншығуда) қанға оттегінің түсуі тоқталады, қаннан СО2 шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоракс дамығанда болады.
Аускультация (auscultatio) организмде мүшелер мен ұлпалар қозғалысынан туатын дыбыстарды тыңдау әдісі. Дыбыстардың қасиетіне қарап ағзалар мен ұлпалардың күй-ахуалын біледі.
Тыңдау екіге бөлінеді:
1. тікелей тыңдау
2. аспап құралдар арқылы тыңдау
2. 1. Негізгі тыныс алу шулары
Тыныс алу шулары(Adurmura respiratoria), -аускултация кезіндегі тыныс алу органдарындағы пайда болған дыбыстармен сипатталады. Тыныс алу шуларын :
1. Физиологиялық- негізгі
2. Патологиялық - қосалықы деп бөледі.
Физиологиялық тыныс алу шуларына :
- Бронхиальды
- Везикулярлы тыныс алулар жатады.
Бронхиальды тыныс көмей, трахеяда дыбыс саңылауы арқылы ауа өткенде пайда болады. Бронхиальды тыныстың түзілу орны дыбыс саңылауы. Ауа дем алу кезінде жіңішке дыбыс саңылауы арқылы өтіп, шу тудыратын діріл шақырады. Дем шығару фазасында ауа трахеядан кеңірек көмейге шыққанда діріл туғызып, шу шақырады . Дем шығару кезіндегі дыбыстар күштірек, ұзағырақ, қатаңдау. Ауа қозғалысының көмей арқылы қозғалысында пайда болады шулар бронхиальды бұтақ арқылы таралады, бірақ кеуде клеткасына өтпейді . Бұл тыныс пайда болу орнына байланысты ларинго - трахеальды деп аталады. Бронхиальды тынысты дем шығарған да “Х” әрпін айтқызу арқылы шығаруға болады.
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады. Өкпеде негізінен 3 үрдіс өтеді:
1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасуы(өкпенің
вентилляциясы) ;
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz