Абайдың адам және қоғам туралы пікірі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі Семей қаласының

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Эссе

Тақырып: Абайдың адам және қоғам туралы пікірі

Орындаған: Ажекова Жадыра

Тобы: АГ -901

Тексерген:

Семей 2020ж

Абай адам танымын надандықтан білімге дейінгі, толық емес білімнен неғұрлым толық білімділікке дейінгі үздіксіз даму деп түсіңді, білімнің қайнар көзі объективті шындық болып табылады және заттар туралы сол білім толық ақиқат. Ол тәжірибе барысында білімнің толыға түсетінін ерекше атап көрсетті: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, кергені кеп болған адам білімді болады». Абайдың айтуынша адам ақылды немесе ақымақ, қайырымды немесе жауыз болып тумайды, ол жағдайға, тәрбие мен еңбек қызметіне қарай қалыптасады. Бірақ, Абай танымның сезімдік-нақты және түсінікті деңгейлерін тиісті ғылыми атаулармен толық атап көрсете алмады. Соған қарамастан оның негізгі ойлары дұрыс бағытта өрістейді, сенсуализм мен рационализмнің шектерінен асып, танымның сезімдік және рационалдық жақтарын бөлінбейтін қатынаста деп қарауға ұмтылысты танытады. Абай таным барысында игерген білім мазмұны туралы айтқанда олардың шынайы болуына баса көңіл бөледі. «Шыңдық пен өтірікті анықтау» жолы - таным жолы болып табылады. Ол адам таным арқылы шындыққа жетеді дегенге сенді. Ақын «хақиқат . . . Һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтықтан» туыңдайды деген тамаша тұжырым жасайды. Бұл тұжырым Абайдың гносеол. пікірінің сырын ашып, оның топшылауынша шындық бейне мен объектіні түсінуге көмектеседі, өз түпнұсқасына сай, яғни, шыңдықтың біздің санамызда бейнелеуіне сәйкес қалыптасады, тек рационалды таным мен сезімнің тұтастығы ғана таным нәтижесі мен сәйкестігінің басты шарты бола алады.

Абай «адам деген ұғымды кең де, терең түсінді. Оның түсінігінше адам - ақылдылық пен имандылықтың, еңбек сүйгіштік пен адалдықтың, әділдік пен білімділіктің жиынтығы. Абайдың айтуынша, «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек. Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшіншісі - зұлымдық деп білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік - хайуандық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Зұлымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді». Адам бойындағы жаман қасиеттерді саралаған Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде ұсынады.

Абай қазақтың ұлы ақыны ғана болып қойған жоқ, сол кездегі қазақ даласында болып жатқан саяси өмірге де, билік ісіне де араласты. Олай болмауы да мүмкін еместін. Оқыған-тоқығаны көп, орыс ғана емес, Еуропа әдебиетінен де нәр алған Абайды қазақ халқы би деп те таныды. Абай жай ғана би болған жоқ, әділ би болды.
Абайдың билік өнері қазақтың әдет-ғұрып құқығымен де патша өкіметі енгізген сот билігімен ұштасып жатты. Қазақ даласының дәстүрі мен заңын жетік білген Абай орыс енгізген заң нормаларын да шебер пайдалана білді. Билер шешімі Абай үшін тек қана басқару мен сот жүйесі емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан нәр алған билік айтуы болды. Абайдың шығармалары мен билік айту кезіндегі шешімдерінің және «Қарамола ережесіндегі» құқықтық нормаларының қазіргі күні де маңызы үлкен. Өйткені, тарихты білмей, оның жетістіктері мен кемшіліктерінің және өткен заманның ұлы тұлғалары мен ойшылдарының саяси-құқықтық ілімдері мен көзқарастарын, ой-пікірлерін бүгінгі күнмен және болашақпен байланыстырмай өркенді, дамыған ел болып қалыптасу мүмкін емес. Сондықтан да Абай сияқты ұлы тұлғаларымыз бен ойшылдарымыздың ұлағатты идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жүргізу, ел басқару, ел саясаты және құқықтық реформа жүргізуде тиімді пайдалану - өткен тарихтан сабақ алудың және үйренудің айқын үлгісі болып табылады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың бас ақыны жәнеде қоғам қайреткері. Ол кісі адам бойындағы жақсы қасиеттерді моншақтай тізбектеп, қара сөздері арқылы бізге өсиет ретінде қалдырған. Ал қоғам жағына келсек, қоғамда әділеттік болғаннын қалаған. Шешім қабылдағанның өзінде терең оймен, шыншылдықпен шешкен. Жамандықпен әділетсіздікті, надандықты жаны сүймейтін ақынымыздың бірі. Қазақ елі үшін орыны ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар
Абай философиясындағы адам мәселесі
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары туралы ақпарат
Қара сөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz