КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БҰТАЛЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ БҰТАЛЫ АҒАШТАРДЫ ОТЫРҒЫЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет

Пользователь
Семей 2020 ж

СӨЖ
Тақырып: КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БҰТАЛЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ БҰТАЛЫ АҒАШТАРДЫ ОТЫРҒЫЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған:
Тексерген:
Топ: ЛД -701

Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады. Осы себептен біз мына келесі өсімдіктерге тоқталайық.

Біржылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы
Жұлдызшешек, левкой (Mattiola) [5]. Шыққан жері - Жерорта Теңізі. Сорттары гүлдеу мерзімімен, гүлдерінің түстерімен, олардың көлемімен т.б. ажыратылады. Жаздықтар тұқымын топыраққа отырғызғаннан кейін 3 айдан соң гүлдейді (мамыр); күздіктер - 4-6 айдан кейін (тамыз-қыркүйек); қыстықтар - 9-12 айдан кейін (жылыжайда өсірген жағдайда ерте көктемде гүлдейді).
Арыстанауыз, львиный зев (Antirrhinum). - жарық сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік. Құрғақ ауа райында молынан суғару қажет. 400-ден астам сорттары белгілі, олар түсімен, гүлінің көлемімен және бұталарының биіктігімен еркшеленеді. Гүлінің түсіне әдетте сабағының төменгі жағында орналасқан жапырағының түсі сәйкес келеді.
Шырайгүл, петуния (Petunia). - Оңтүстік Америкадан әкелінген. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер, сондықтан оларды ашық топыраққа отырғызуға асығудың қажеті жоқ. 15 маусым айынан кейін отырғызған жөн. Қыржай аймақтарда маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді. Сорттарын топтарға гүлінің мөлшеріне және өсімдіктің биіктігіне қарай бөледі.
Қырмызыгүл, календула (Calendyla) - біржылдық өсімдіктер. Гүлшоғыры - себетгүл сары-қызғылт түсті. Шілде айынан суық түскенге дейін гүлдейді. Гүлдеуін жалғастыру үшін және әсемділігін сақтап қалу үшін гүлдеп болған себетін алып тастау қажет.
Үрмебұршақ, (Phaseolus) және хош иісті бұршақ, душистый горошек (Pisum) шырмалғыш бұрақты өсімдік. Үрмебұршақ гүлдері қызыл - сары-қызғылт, сирек ақшыл, асбұршақтың әртүрлі сорттарында - ақ түстен қара қошқыл түске дейін, көкшіл түстілері, көк және қызғылт, сары түстілері де кездеседі. Қаша бойына, террасаға салынады, шпагат жібіне жақсы шырмалып өседі. Үрмебұршақ жылу сүйгіш, бұршаққа қарағанда, сондықтан оны күнгей жаққа борпылдақ құнарлы топыраққа отырғызу қажет.
Жаздықтардың көбеюі. Тұқымдарын наурыз айында қорапқа (жәшікке) құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Аязға тұрақты левкойлар және антиринумдер парниктерде өсіріп, одан кейін сәуір айының аяғында мамыр айының басында ашық топыраққа отырғызады. Гүлдеуі ерте болуы үшін хош иісті асбұршақты ақпан айында 3-4 бұршақтан құмыраға отырғызады. 10-12 күннен кейін өскінді көшіреді. Әсемдік үрмебұршақты және петунияны топыраққа 15 шілде айында отырғызады. Календула өсімдігінің тұқымын топыраққа күзде немесе суір - мамыр айларында отырғызады.
Раушангүлдер (Rosacea). 300-ден астам түрі белгілі. Бау-бақшалы формалары және сорттары көпжылдық күрделі шағылыстырудан алынған. Кеңінен таралған бау-бақшалы топтары: Шайлы, Ремонтанты, Шайлы-гибридті, Жартылайантты, Гибридті-жартылайантты, Тоқылғанды, Флорибунда, Грандифлера, Миниатюрлі .
Қайталанбас әсемділігі және хош иісі раушангүлді классикалық қималы өсімдік жасады.
Раушангүлдер вегетативті жолмен көбейеді: телу, қалемшелеу, тамырлардың бөлімдерімен, бұталарын бөлу арқылы. Раушангүлдердің әр тобының өзіне тән көбею тәсілі болады.
Жалпы гүлдеуді жүзеге асыру үшін тәні сау отырғызу материалы болу қажет, отырғызатын жері ерте дайындалып, күнгей жерде болуы және суық желдерден қорғануы қажет. Топырағы 50 см көлемінде қопсытылады, тыңайтқыштармен (органикалық және минералды) өңделеді. Раушангүлдер дұрыс шырпуды және қысқа дұрыс жабылуды, вегетация кезінде үздіксіз баптауды, қопсытуды, түптеуді және әртүрлі зиянкестерден және ауру туғызатын вирустар мен бактериялардан дәрілеуді талап етеді.
Раушангүлдердің әр тобынан және сорттарынан әдейленген бақша - розарийді ұйымдастыруға болады, олар жеке және топтасып отырғызуға қолайлы. Миниатюрлі формалары тастақты бақшаларда және альпинарияларда өте қажеттісі, тоқылғандығы - тігінен көгалдандыруға кеңінен пайдаланылады. Кейбір раушангүлдер шайлы, миниатюрлі - бөлмені безендіруге қосатын үлесі орасан зор.
Көкнәр, мак (Papaver) - біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктермен берілген. Суыққа төзімді, жарық сүйгіш, олар қарашірікке бай, ізбесті топырақты талап етеді. 2-3 күн гүлдейді. Біржылдық көкнар, сәл жарылған гүлшанағын суға салып қойған жағдайда, топырақтағысына қарағанда ұзақ гүлдейді. Көкнәрларды басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көгалдандыру ерекшеліктері мен көгалдандыру нысанының жобасы
Айва жемісінің ерекшелігі
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Ағашты Acer rubrum өсімдігінің культиверлеу жағдайларын оңтайландыру
Ағаш өсімдіктері
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Ағаштардың биіктігі және желектерінің декоративтік қасиеттері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Пәндер