Ауыл шаруашылығы зиянкестері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестері-қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақым-дайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.

Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.

Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т. б. ), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар техникалық дақылдарға зиян келтіретін зиянкестердің түрлері өте көп. Соның ішінде мақта дақылына (қозаға) көптеген зиянкестер зақым келтіреді. Негізгі зиянкестері көбінесе полифаг бітелер, темекі трипсі, күздік көбелек, карадрина (кішкене жер көбелегі), мақта көбелегі, кәдімгі өрмекші кене, т. б. болып табылады.

Негізгі бөлім

Бақша бітесі немесе мақта бітесі - Aphis gossypii Glov., жоңышқа-A. craccivora Koch., үлкен мақта - Acyrtosiphon gossypii Mordv. Тең қанаттылар Homoptera тобының бітелер Aphididae тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды.

Тек партеногенетикалық жолмен дамиды. Қанатсыз аналық бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгірт-жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады.

Бақша бітесі дернәсіл немесе ересек түрінде арамшөптердің түбіндегі жапырақтарда қыстайды. Жоңышқа бітесі ұрықтанған жұмыртқа түрінде жоңышқа мен жұмыршақ шөптерінде қыстап шығады. Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арамшөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты аналық бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы дернәсілдерін тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 ұрпаққа дейін береді. Бір ұрпақтың дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз шоғыр құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22 0 С аралығы. Бұдан жоғарғы температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның саны азаяды. Бірақ күзге қарай өсіп-өнуі қайтадан өршіп, тез көбейеді (1-сурет) .

Aphis gossypii: identification, images, ecology, control

1-сурет. Бақша бітесі немесе мақта бітесі - Aphis gossypii

Бітелер әдетте өсімдіктің үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына қоныстанып, қозаның шырынын сорып қоректенеді. Осының салдарынан өсімдіктің дамуы тежеледі, түйіншелері мен көсектерін төгеді, жапырақтар бүрісіп, сабағы бұралып қалады, түсі де өзгере бастайды.

Зақымданған қозаның берер өніміне бітелер көп шығын келтіреді. Шығаратын сүйықтық «балтамшы» жапырағына, мақта талшығына жайылады және желімдеп тастайды. Сапрофитті құрым саңырауқұлақтар өсіп шитті мақта сапасын төмендетеді. Талшықтың бұлайша бүлінудін қусырылу (шиіру) дейді (2-сурет) .

2-сурет. Мақта бітесінің зақымдауы

Үлкен мақта бітесі - Acyrthosiphon gossypii Mordv. Бұл зиянкес тең қанаттылар Homoptera тобының бітелер Aphididae тұқымдасына жатады. Партеногенездік аналық бітенің ұзындығы 4мм жетеді, түсі жасыл, мұртшалары денесінен ұзынырақ, ал шырын түтікшелері дене ұзындығынан екі есе қысқа.

Бақша бітесінен айырмашылығы - мақта өсімдігінің жапырағында немесе басқа мұшелерінде ірі шоғыр құрып шоғырланбайды, бытыраңқы тіршілік етеді. Әртүрлі өсімдіктердің сабағына салынған жұмыртқа сатысында қыстайды.

Көктемде бітелер негізінен жабайы өсетін өсімдіктерде де өсіп-өніп, мамыр айының орта кезінде немесе маусым айының басында, қанатты аналықтар шыққан соң, мақта егісіне көшеді. Күзге дейін сонда өсіп-өнеді. Жылына 15 ұрпаққа дейін беріп көбейеді. Өсімдікте зақымдау сипаты және келтіретін зияндылығы жағынан бақша бітесіне ұқсас. Үлкен мақта бітесі бітелердің ең ірісі, жұмыртқалары қыстайды (3-сурет) .

Acyrthosiphon — Википедия

3-сурет. Үлкен мақта бітесі - Acyrthosiphon gossypii

Мақта қоңыр көбелегі - Heliothis armigera Hub. Қабыршақ қанаттылар Lepidoptera тобының түн көбелектері Noctuidae тұқымдасына жатады. Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайджанда көп зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады. Полифаг - оның жұлдызқұрттары әртүрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 120-дан астам түрлерімен қоректенеді. Көбелек қанаттарының өрісі 30-40мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан. Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0, 5-0, 5мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келеген 3 жолақ болады. Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттардың ұзындығы 35-40мм. Қуыршағының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау қоңыр. Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ сатысында топырақ арасында 10см тереңдікте қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 10см тереңдікте 15-16 0 С, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20 0 С жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Мақта егісінде зиянкес вегетациялық бір маусым ішінде 3-4 ұрпақ береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдарымен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды (4-сурет) .

upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/ ...

4-сурет. Мақта қоңыр көбелегі - Heliothis armigera

Карадрин немесе кіші жер үстілік көбелек - Spodoptera exigua Hbn. Қабыршақ қанаттылар Lepidoptera тобының түн көбелектері Noctuidae тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған көпқоректі зиянкес. Оның жұлдызқұрттары өсімдіктердің 46 тұқымдасына жататын 128 түрімен қоректене алады. Әсіресе мақта, қызылша, қызанақ, темекі, жоңышқа, зығыр, картоп дақылдарын қатты зақымдайды. Көбелек қанаттарының өрісі 23-24мм, алдыңғы сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0, 5мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл-сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 13мм(5-сурет) .

Beet armyworm - Wikipedia beet armyworm, Spodoptera exigua (Hübner)

5-сурет. Карадрин немесе кіші жер үстілік көбелек - Spodoptera exigua

Карадрин немесе кіші жер үстілік көбелек Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 ұрпақ беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт сатысында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арам шөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады.

Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы-әрбір аналық көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере алады. Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250-ге дейін) қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады. Бірінші ұрпақ көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге, ал келесі ұрпақлардың көбелектері жоңышқа, мақта және т. б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2, 5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 дернәсілдік жастан өтеді. Жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ ұлпасын ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады. Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады.

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus turcestany Ug. et. Nilk .

Микроскопиялық ұсақ зиянкес, ересек аналықтардың ұындығы - 0, 3-0, 6 мм, аталықтардың ұзындығы - 0, 2-0, 3 мм. Түстері жазда сарғыш-жасыл, күзге сары-кызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр.

Өрмекші кене мақта өсімдіктері жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Ауыз аппараттары шаншып - сорғыш. Жапырақта закымданған жерлері астынан қоңырланады, үстінен қызарып кетеді. Зақымдалған өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түсіп, ал қауашақтары жеңілдеп калады. Қатты закымданғанда бұталар өнім бермейді.

Өрмекші кене тез өсіп-өніп көбейеді. Аналықтары 100-140 жұмыртқа салады. Бір маусымда кене 15-18 ұрпақ беріп дамиды.

Ұрыктанған аналық кенелер топырақтың үстіңгі қабатында, өсімдік қалдықтарының астында, ағаштардың қуыстары мен жарықтарында қыстайды. Ерте көктемде, күн 8-10°С жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, арамшөптерде үйір-үйір болып көбейеді. Содан соң әр түрлі жолмен мақта өсімдіктеріне ауысады(6-сурет) .

Опубликованные статьи - Петр Лапшин Опубликованные статьи - Петр Лапшин

6-сурет. Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus turcestany

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтомофагтар
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Жеміс дақылдарының зиянкестері
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
Қойма зиянкестерімен күрес
Күріш зиянкестері
Өсімдік карантині жайлы
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz