Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Семестрлік жұмыстың мазмұны
Кіріспе:
1-тарау. Түркістан облысы Жетісай ауданының табиғи климат жағдайына сипаттама.
2-тарау. Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу.
3-тарау. Түркістан облысы Жетісай ауданында қорғауға алынған зығыр дақылының басты зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.
4-тарау. Зығып дақылдының зиянкестері, аурулары және арамшөптеріне қарсы химиялық қорғау әдістері, уларды қолдану.
5-тарау. Зығыр дақылын өсіріп-өндіруде жаңа технологияларды кешенді пайдаланып, зиянкестері, ауруларын және арамшөптерін жою (қорғау тәсілдерінің түрлері) тәсілдері.
6-тарау. Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басы және техникалардың қауіп-қатері.
7-тарау. Пестицидтермен жұмыс істегенде улардың қоршаған ортаға қауіптілігі.
Қорытынды және ұсыныстар:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Зығыр (лат. Lіnum) - зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.
Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 - 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры - шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі - қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі.
Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр,т.б.
Салалы зығыр - бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 - 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.
Майлы зығыр (шашақты зығыр) - бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы зығырдың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы - өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 - 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: "Сибиряк", "Авангард", "Қарабалық 3", "ВИР-1650", т.б. Негізгі зиянкестеріне: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер;
Ал зығырда кездесетін ауруларға: антракноз, фузориоз жатады (1-сурет).

1-сурет. Зығыр

Негізгі бөлім

1 - тарау. Түркістан облысы Жетісай ауданының табиғи климат жағдайына сипаттама.
Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2000000 адам (2018ж). Орталығы - Түркістан қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республика-сымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм (2-сурет).

2-сурет. Түркістан облысы
Жетісай ауданы - Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы, қала Облыс орталығы - Шымкент қаласынан онтүстік-батысқа қарай 232 км жерде,Достық каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан.Халқы:30 487 адам (2009);36 494 адам (1999) Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада Сырдария университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Жетісай сазыфольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ташкент - Сырдария - Бұхара темір жол өтеді. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта және зығыр өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Жетісу ауданында "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км.
2-тарау. Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу.
Зығыр (Lіnum) - зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.
Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 - 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры - шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі - қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б.
Салалы зығыр - бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 - 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.[4]
Майлы зығыр (шашақты зығыр) - бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы З-дың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы - өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 - 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: "Сибиряк", "Авангард", "Қарабалық 3", "ВИР-1650", т.б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз.
Зығыр майы (Льняное масло) -- зығыр дәнін сығымдау арқылы алынады. Мөлдір, сары түсті, иіссіз болады. Қаныққан май қышқылдарының мөлшері 60-80%, оның 30-60%-ы линоль қышқылы. Тамақ әзірлеуде зығыр майын қыздырмай-ақ қолдануға болады. Оны ұзақ сақтаса және қыздырса, тез тотығады және тұтқырланады, сондай-ақ ондағы май қышқылдары химиялық реакцияға ұшырайды. Зығыр майы күйік татитын болғандықтан, кулинарияда пайдаланылмайды.
Зығыр - бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі (35-42%) және оны техникалық , тағамдық мақсаттарға пайдаланады. Техникалық маңызы - сыр, олиф, лак, вино, леум өндірісінде қолдануынды. Майлы зығырдың тұқымы мен фармацевкада да қолданыс тапқан. Май өндірісінің қалдықтары - бағалы құнарландырған мал азығы, олардың құрамында 30% - ға таяу белок болады. Бір кг күн жарасы 1,15 а.ө. тең. Зығыр өндірісінің-қалдығы - кострадан жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат қағаз ж.б. дайындау шикізаты болып табылады. Зығыр азиялық және жерорта теңіздік текті бір жылдық өсімдік, ертеден өсіріп келе жатқан дақыл. Дүние жүзілік егісте майлы зығыр 1, 0 млн. га астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдеріне оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістің 10% таяу. Құрғақшылыққа төзімділігімен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды дала және далалық аудандарында өсіріледі. Солтүстік Қазақстанда 1986 -1990 жж . Жалпы егістегі 28-29 мың га , оның ішінде барынша үлкен алқаптары (16-17 мың га) Қостанай облысының үлесінде болды. Тұқым өнімі жоғары емес - 1,3-3,1 ц\га аралығында. Көптеген түрлерінің пішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі - мәдени немесе кәдімгі зығыр.Зығыр - бір жылдық аласа өсетін (40-50см). Сабағы тік өседі бұтақты және түпсіз. Жапырақтары қарапайым, лансетті,ұщтары үшкірленген, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры борпас шатыр тәрізді шоқ гүл. Гүлдері қос жынысты бестік түрде, күлтеше жапырақтары ақ және күлгін түсті, жемісі-бес ұялы домалақ келген қорапша. Тұқымдары-сопақ,жылтыр тегіс бетті қоңыр түсті, 1000 санның массасы 4-6 гр.
Биологиялық ерекшелектері: Зығырдың басты ерекшеліктерінің бірі - оның жартылай қуаншылықты далалық және орманды - дала аудандарының жағдайларына бейімділігі. Ол жылуға жоғаоы талап қояды, әсіресе пісу кезеңінде, тұқымдары ұқымдары 3-4С -та өне бастайды, үтір көктеуіне оңтайлы температура 12-14 С. Зығырдың егін көгі - 3-4 С босқұрауды жеңіл көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1600-1800 С. Майлы зығыр көктеуден гүлдеуге дейінгі кезеңде қуаншылыққа барынша төзімді. Бұл уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен топыраққа тереңдей бойлауы жүреді. Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспиралық коэффициенті 370-430. Ылғалға барынша жоғары талабы гүлдеу - тұқымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңіндегі ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ең жақсысы механикалық құрамы орташа қара және күңгірт қоңыр топырақтар.
Топырақ өңдеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Ол топырақты алғы дақылды жинағаннан кейін негізгі өңдеуді ( сүдігер дайындау), қысқы екі рет қар тоқтату шараларын қарастырады. Көктемде - топырақтың беткі қабатын қопсыту ( ылғал жабу) және себу алдындағы топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне (4-6) см жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ( топырақтың тығыздалып қалуы, арамшөптермен ластануы жоғары болуы) себу алдындағы өңдеу қайталануы мүмкін,әсіресе жеңіл топырақтарда қосымша себу алдындағы тығыздау.Бұл шаралар егіннің жаппай көктеуін қамтамасыз етеді.
Аймақта сүдігер дайындағанда немесе себумен қатар фосфор тыңайтқышын енгізу жақсы нәтиже береді. Себу алдында тұқым құрғақ ауада қыздырылады және дәріленеді. ( ТМТД, 80 %, 2-3 кгт).Зығырды топырақта тұқымның сіңіру қабатында температура 12-14С жеткенде-күнтізбелі 15-20 мамыр - сепкен дұрыс.
Себу тәсілі - жаппай қатардағы немесе таспалы,себу мөлшері - 6-7 млнга өнгіш тұқым (45-50 кгга). Қазақстанның өте құаңшылықты жағдайларында кейде кең қатарлы тәсілмен әр гектарға 20-30кг тұқым себуге болады. Екі бағытта пайдаланатын аралық зығырды ( май және талшық өндіруде) өсіргенде тұқымның себу мөлшерін 10-15 кгга арттыру ұсынылады. Тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6 см. Қажеттігіне байланысты зығыр егістігінде арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдануға болады: қосжарнақты арамшөптерге қарсы дақылдың қосқұлақ кезеңінде 2М-4Х гербицидімен (1,0-1,2 кгга ә.е.з) бүркеді; біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы себуге дейін немесе зығыр көктегенге дейін 1,0-1,2 кгга ә.е.з. мөлшерінде топыраққа триллат гербицидін енгізеді.
Егінде жинау. Егінді бөлектеп жинайды, қорапатардың 75 % қоңырлағанда ( толық пісуге 10-12 тәулік қалғанда ) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13% жеткенде дестелер бастырылады.

3 - тарау. Зығыр дақылдының басты зиянкестері мен арамшөптерінің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу
3.1. Зығыр дақылының зиянкестері.
Зығыр бүргесі (лат. Aphthona) - жапырақжегіш тұқымдасының қатты қанаттылар тобына жататын қоңыз; Солтүстік Қазақстанда өсетін шашақты зығырдың негізгі зиянкесі.
Зығыр бүргесінің үш түрі бар:
көк зығыр бүргесі (Aphthona cuphorbіae Schrank), ұзындығы 1,8 - 2 мм;
қоңыр зығыр бүргесі (Aphthona slavіceps Payk);
қара зығыр бүргесі (Longіlarsusparvulus Payk), ұзындығы 1,2 - 1,5 мм.
Зығыр бүргесі жыртылмаған жерлерде және зығыр егістіктерінде қыстайды. Бүргелер сәуірдің ортасында не аяғында тіріледі. Зығыр егістігіне қоныстанып, өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен қоректенеді. Бұдан зығырдың түсімі төмендейді, өсіп-өну мерзімі 10 - 15 күнге кешігеді. Қоректену кезінде бүргелер жұмыртқаларын топыраққа және зығыр тамырына салады, дернәсілдері өсімдік тамыры бойын жаралап қоректенеді, оларды сарғайтып кептіреді. Зығыр бүргесі дернәсілдерінің түсі ақ, ұзындығы 2 - 4 мм, даму кезеңі 26 - 29 күнге созылады. Жылына бүргелер бір рет көбейеді. Маусым - шілде айларында ересек қоңыздары шығады, зығырды зақымдайды, сабағының қабығын жейді. Көк зығыр бүргесі зығырдың 15 - 20%-ын, қалғандары 80 - 85%-ын зақымдайды. Тамыз - қыркүйек айларының аяғында қыстық ұйқыға кетеді (3-сурет).

3 - сурет. Зығыр бүргесі.

Күресу шаралары: дернәсілдері мен қоңыздарына қарсы 0,2 - 0,3% анабазин-сульфат, никотин-сульфат ерітінділеріне 0,4% сабын ерітіндісін араластырып шашады. 1 га-ға тиофосфаттың 0,025 - 0,05%-дық 400 - 500 л ерітіндісін бүркеді.
Сүттіген бүргесі немесе кипарис бүргесі - Aphthona abdominalis Duft. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырақ жемірлері (Chrysomelidae) тұқымдасына жататын қоңыз. Қоңыздың ұзындығы 1,5-2,0 мм, денесі сәл бүкірейген, жылтыр, түсі қызғылт - сары, ортаңғы, артқы көкірек бунақтары және құрсағы қара-қоңыр, басының маңдай бөлімі мен қалқаншасы қара. Үстіңгі қанаттарындағы нүктелер ұсақ, ал алдыңғы арқа сақинасындағы нүктелер оданда ұсақ болады.
Зиянкес жылына бір ұрпақ беріп көбейеді. Ересек қоңыздар әр түрлі учаскелерде өсімдік қалдықтарының астын паналап қыстап шығады да, ерте көктемде жерге төгілген дәндерден кодрен шыққын зығырдың және қышының көктерімен қоректенеді. Қоңыздардың зыіыр егісіне жаппай көшуі - мамырдың аяққы кезінде бастап, маусымның бірінші жетілігінің аяғына дейін созылады. Олардың еі қарқынды түрде қоректенуі ауа райы ашық және құрғақ кезде байқалады (4-сурет).

4 - сурет. Сүттіген бүргесі немесе кипарис бүргесі.

Зығыр трипсі - Thrips linarius Uz. Шашақ қанаттылар (Thysanoptera) отрядына жататын ұсақ насеком, әсіресе Ресейдің Киров және Свердлов облыстарында қатты зиян келтіреді. Қазақстанның солтүстік аудандарында да кездеседі.
Ересек трипсінің ұзындығы 0,9 мм шамасындай, жалпы түсі қара-қоңыр, алдыңғы қанаттарындағы бойлай орналасқан 2 жүйкесі жақсы көрінеді, мұртшалары 7 бунақтан тұрады, олардың 2 және 3-буындары ақшыл, қалғандарының түсі қара. Ұрғашы трипсінің құрсағының ұшына төмен қарай иілген жұмыртқа қынабы болады, еркегінің құрсағы ұршық тәрізді, 2-6-бунақтарында мөлдір дақ болады. Жұмыртқасын өсімдік ұлпасының ішіне салады, пішіні бұршақ тәрізді. Дернәсілі мен нимфаларының түсі сары болады. Трипсілер зығыр егілген танаптарда 40 см тереңдікте топырақ арасында қыстайды.
Зығыр трипсінің барлық даму кезеңі 40-42 күнге созылады. Таралған жерлерінің барлығында вегетациялық кезең ішінде 1 ұрпақ беріп өсіп-өнеді (5-сурет).

5 - сурет. Зығыр трипсі - Thrips linarius Uz.

3.2. Зығыр дақылының аурулары

Зығырдың антракнозы - өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда болатын ауруы. Ол өсімдіктің жапырағы мен гүл бүршіктерінде, жемісі мен сабағында қоңыр түсті, айналасы қызғылт немесе қара дақтар түрінде пайда болады. Соның негізінде өсімдік қарайып, қурайды. Ауылшаруашылық дәнді-дақылдарды,зығырды, жеміс-жидектерді, бақша дақылдарын т.б. зақымдайды. Ауруды болдырмау шараларына жерді дұрыс жырту, ауруға төзімді сорттарын шығару, ауру өсімдіктерді жинап алып өртеу және инсектицидтермен дәрілеу т.б. жатады (6-сурет).

6 - сурет. Зығырдың антракнозы.

Антракноз ауру қоздырғышы - Colletotrichum lagenarium саңырауқұлағы жапырақтарды сабақтар мен жемістерді залалдайды. Жапырақтарда дөңгелек, сары қоңыр түсті дақтар түзіледі, олар уақыт өте кеуіп, үгітіледі. Сабақтардағы дақтар созылыңқы, қоңыр, қысыңқы және суланғыш болып келеді. Жемістерде алдымен, ұсақ дақтар пайда болады, содан кейін үлкейіп, терең жараларға айналады, олар қызғылт шірінді сұйықпен толады. Зығырдың сабағы дақ түскен жерден сынып, өсімдік қурайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің ассимиляциялық аумағы кішірейіп, ұлғайса қурап, өнімнің түсімі мен сапасы төмендейді. Инфекция көздері - өсімдік қалдықтарымен залалданған тұқымдар. Бұл аурумен зақымдау ошоқтары белгілі бола бастасымен 1% бордосс қоспасымен немесе 0,4 % хлорлы мыс ерітіндісімен өңдеу қажет.
Фузариоздық солу - бұл ауру түрімен жас және ересек өсімдіктер зақымдана береді. Кейбір жағдайларда өсімдіктің солуы бірақ түнде пайда болуы мүмкін. Ауру саңырауқұлағы өсімдіктердің тамыр-талшықтарын зақымдайды. Тамыр - талшықтары арқылы топырақтан қоректік заттарды сіңірілуі барысында улы токсиндер бөлініп, өсімдіктерді улап, олардың жойылуына (өлуіне) әкеліп соғады. Инфекция топырақта сақталады, сондықтан уланған, зақымданған топырақты ауыстырып, ауыспалы егістікті дұрыс пайдалана білу қажет (7-сурет).

7 - сурет. Зығырдың фузариозды солуы.

Зығырдың тат ауруы. Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады.Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына зығыр,жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады (8-сурет).

8 - сурет. Зығырдың таты.
Альтернариоз. Қоздырғышы - Deuteromycetes класының Hyphomyceta-les ьқатарына жататын Alternaria solani саңырауқұлақтары. Бұл ауруға көбіне зығырдың жапырақтары мен сабақтары, кейде түйнектері шалдығады. Дертке шалдыққан өсімдіктің жапырақтарында пішіні бұрышты домалақ қоңыр түсті дақтар қалыптасады. Бұл дақтардың фитофтороздан өзгешілігі жапырақ бойында кез келген жерінде орналасуы және беті тегіс болуы. Альтернариоз кеселімен залалданған жапырақ бөліктері кеуіп, ойылып қалады. Кесел аса бір дамығанда жапырақ сарғаяды. Өсімдік сабағының бетінде конидиялық спора түзу өңезі бар қара дақтар түзіледі. Конидия тасушылары қоңыр, шамалы бұрышты, көпклеткалы. Конидиялары түзу, кері шоқпар басты, мөлшері (150...300)х(15...19) мкм, 1...9 көлденең бөлінген бөлімдері бар (9-сурет).

9 - сурет. Альтернариоз.

3.3 Зығыр дақылының арамшөптері.

Дәрілік түйежонышқа - Melіlotus offіcіnalіs. Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1,5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді.Тұқымның ұзындығы 1,8-мм, ал көлденеңі-1,25-1,50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Көптеген ғылыми-зерттеулердің мәліметі бойынша дәрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін, ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады.Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, зығырды,жүгері, күнбағыс, асбұршақ егістіктерін ластайды (10-сурет).

10-сурет. Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs)

Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 40-80 см. Бір өсімдік 2 мыңға дейін тұқым береді. Ол жердің беткі (2-3 см) қабатынан топырақ 25-30 градусқа қызған мезгілде көктеп шығады. Бірақ, қараажырықтың тұқым арқылы көбею мүмкіндігі жоқтың қасы.Бұл арамшөп негізінен вегетативтік мүшесі-тамырсабағы арқылы көбейеді. Ол топырақтың 15-20см қабатында орналасқан. Тамыр сабағының ұзындығы 2 метр шамасында. Өсуіне қолайлы жағдай туған кезде бір жаздың ішінде 18-40 есе көбейіп, бір гектар жердегі тамырының ұзындығы 800 шақырым, салмағы 4,5 тонна , ал бүршік саны 4,5 млн-ға жетеді.Тамырсабағының басым көпшілігі суармалы жерлерде 15-17 см, ал тәлімі егістіктерде 0-5 см тереңдікте орналасқан.
Қараажырық орман көшеттерінде, бау-бақшаларда, жүзімдіктерде және басқа егістіктерде кездеседі. Ол республиканың суармалы жерлерінде, әсіресе Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында себілетін мақта, зығыр,көкөніс, малазығы дақылдарының егісінде өседі (11-сурет).

11-сурет. Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon).

Егістік шырмауық (Вьюнок полевой,Convolvulus arvensіs) Шырмауық тұқымдасына жататын арамшөп. Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан.Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті.Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық. Әрбір өсімдік 100-1000-ға дейін тұқым береді.Оның ұзындығы 2-4 мм және 2-12 тереңдіктен 25-30 градус жылықта көктеп шығады. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды.Бұл арамшөптің тұқымы ұзақ биологиялық тыныштық кезеңінде болады. Өсуге барлық жағдай (ылғал, жылу және тағы басқа) болып тұрғанның өзінде тұқымның 5-10 пайызы ғана көктеп шығады (12-сурет).

12 - сурет. Егістік шырмауық (Вьюнок полевой,Convolvulus arvensіs).
Егістік шырауықтың тамыр жүйесі топырақта 3-4 м тереңдікке дейін кетеді, ең негізгі тамыры 7 метр тереңдікке дейін бойлайды. Негізгі тамырдан 25-40 см тереңдікте жуандығы 0,7-2,5 мм, ұзындығы 0,7-1,4 м жанама тамырлар тарайды.Республикада егістік шырмауық барлық жерлерде таралған. Ол әсіресе, зығыр және техникалық дақылдар егісінде көп өседі.Ауылшаруашылық дақылдарының сабағын шырмап, оларды жатып қалуға мәжбүр етеді. Мұның өзі егіннің шағымдылығын күрт төмендетуге әкеліп соқтырады. Әсіресе жауын-шашынды жылдары егістік шырмауық көп зиян келтіреді.Бұл арамшөптің тұқымында уландыратын заттар бар. Сондықтан да астықты тазарту керек. Мұның өзі қосыша қаражатты керек етеді. Егістік шырмауық ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестерінің таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, егістік шырмауыққа күздік көблек пен шалғын көбелегі өздерінің жұмыртқаларын салады, ал одан шыққан жұлдыз құрттары егісті қатты зақымдайды.

Зиянкестер туралы негізгі деректер №1 кесте
Зиянкестің аты
Қыстайытн стадиясы, түрі
Зақым келтіретін стадиясы. Зақымның түрі
Зақым келтіретін уақыты және қанша ұрпақ береді
Қай стадиясы ыңғайлы, дәрілеу мерзімі
Зығыр бітесі
Жыртылмаған жерлержәне зығыр егістіктері
Өсімдік жаапырақтарымен,бүршіктерімен қоректенеді.
Маусым-шілде айлары,ұрпақ саны-1
Дернәсілдері мен ересектері
Сүттіген бүргесі немесе кипарис бүргесі
Өсімдік қалдықтары
Ерте көктемде жерге төгілген дәндерден шыққан зығырдың көктерімен қоректенеді.
Ұрпақ саны-1
Мамырдың аяқ кезі-зығырдың егіске көшу

Зығыр трипсі
Топырақ арасы
Өсімдіктің гүлдерін қоректенеді.
Мамыр-маусым,1ұрпақ
Ересек

Аурулар туралы негізгі деректер № 2 кесте
Аурудың атауы
Қыстайтын стадиясы қыстайтын түрі
Инфекциның көзі (жиналатын жері)
Зақымдалатын бөліктері аурудың белгілері
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі
Зығырдың антракнозы
Тұқым өсімдік қалдықтары
Сабағында,жапырағында
Сабағында ,жапырағындақоңыр дақтар пайда болады,ол дақтар жарылады

Фузариоздық солу
Өсімдік қалдықтарыхламидоспора түрінде
тамыры
Негізгі белгілірі тамыр шіриді.

Зығырдың тат ауруы
Өсімдік қалдықтарында телиосплралары қыстайды
Жапырағы,сабағы,жер үсті барлық бөліктері
Негізгі белгілері-бөртпелер

Альтернариоз.Қоздырғышы - Alternaria solani
Өсімдік қалдықтарында жіпше лер және конидиялаЖіпше конидия
Сабағы , жапырағы , залалданады
Жапырақта қара- қоңыр дақ түзіледі
Өсіп - өну кезінде бүрку,препарат - зумер к.с 0,3-0,4

Арамшөптер туралы негізгі деректер №3 кесте
Арамшөптің аты, ботаникалық класы
Биотопты, биологиялық бөлігі
Гербицидке төзімсіз фазасы
Гербицидті қолдану мерзімі
Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs)
Сабағының биіктігі 1,5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді.
-
арамшөптерге қарсы егісінде олардың түптену фазасында әр гектарға әсер етуші заты бойынша 1,0-1,2 кг 2,4-Д амин немесе натрий тұзын, 0,8-0,9 кг эфирді қолдануға болады.
Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon
Сабағының биіктігі 40-80 см. Бір өсімдік 2 мыңға дейін тұқым береді. Ол жердің беткі (2-3 см) қабатынан топырақ 25-30 градусқа қызған мезгілде көктеп шығады. Бірақ, қараажырықтың тұқым арқылы көбею мүмкіндігі жоқтың қасы.Бұл арамшөп негізінен вегетативтік мүшесі-тамырсабағы арқылы көбейеді. Ол топырақтың 15-20см қабатында орналасқан. Тамыр сабағының ұзындығы 2 метр шамасында
-

Егістік шырмауық (Вьюнок полевой,Convolvulus arvensіs)
Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан.Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті.Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық
-

3 - Тарау. Дақылдың зиянкестері мен ауруларына қарсы химиялық қорғау әдістері
Арамшөптермен күресу шаралары оларды есепке алу және танаптың ластану картасын жасаудан басталады.Ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибесі арамшөптермен үздіксіз күрес жүргізіп отырғанда ғана олардың ауылшаруашылғына келтіретін зиянының бәсеңдейтіндігін көрсетті. Сондықтан, әрбір шаруашылықта арамшөптерді жою шаралары уақытылы жүргізіліп отырулуға тиісті. Бұл үшін қандай арамшөптер түрлері басым екендігін және келер жылы қай арамшөптер болатындығын алдын ала біліп отыру қажет, басқаша айтқанда оларды есепке алу керек. Арамшөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, таразылық, таразылық-сандық және сандық әдістері бар. Осылардың ішінде ең ыңғайлысы және шаруашылықта кеңінен қолданылатыны көзбен мөлшерлеу әдісі. Ол академик А.И.Мальцевтің 4 баллдық шкласы бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша әр бір танапты қиғаш бағытта жүріп арамшөптерді көзбен мөлшерлеп есепке алады.Егер егісте бірен-саран арамшөптер кездессе онда ол 1 балл деп есептеледі.Арамшөптер әр жерде ойдым-ойдым болып шоғырланып өсіп тұрса немесе егістегі жалпы өсімдік санының төрттен бір бөлігінен артық болмаса-бұл 2 балл.Егістік жерде арамшөптер көп, дегенмен сан жағынан ауылшаруашылық дақылдарының санынан кем, немесе оларға тең болғанда 3 балл болады.Арамшөптер тым көп, яғни мәдени өсімдіктерден сан жағынан басым болып келгенде оларды 4 балл деп есептейді.Оңтүстік-шығыс ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көзбен мөлшерлеу әдісіне кейбір толықтырулар енгізді. Олардың пікірі бойынша, егер әрбір шаршы метр жерде 10-нан 50-ге дейін арамшөптер сабағы болып, оның құрғақ салмағы 2 ден 15 граммға жетсе бұл академик А.И.Мальцевтің шкаласындағы 1 баллға, ал 50-200 арамшөп сабағы кездесіп, олардың құрғақ салмағы 15-70 грамм болғанда 2 баллға тең келеді. Ал,3 баллға әрбір шаршы метр жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы
Мақтаралдың мақтанышы мен байлығы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Шығыс ғұн ескерткіштері
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер