Қалыңдыққа арналған той көйлегін тігу технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Кіріспе

Қазіргі кезде кез-келген адам өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.

Костюм (франц. Costume - киім-кешек) - белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әртүрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдің бейнесін көрсетеді.

Стиль (лат. Stylus) - мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.

Сән (франц. Moda, лат. Modus - өлшем, әрекет тәсілі) - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.

Киімде бірнеше классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стилдер болады.

Классикалық стиль - келісті, іскерлі, элегантты (өзгермейтін стиль ) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтінкиім түрлері кіреді.

Оның негізгі белгілері: форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне - костюм-шалбар, немесе тек шалбардың өзі, жакет-костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне - жеңді көйлек жакетімен, блузка немесе жакет шалбар мен жакет-жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшінде, әйелдер үшінде трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына: ерлер пиджагы, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Киім - денесі бел деңгейінен бөлінген лиф және юбкадан құралуы мүмкін. Киімінің шекара бағытын көрсететін сызықтарды силуэт сызықтары дейді. Бұл бұйымның: бел, кеуде, иық, етек, бүйір сызықтары. Силуэттік сызықтар киімнің силуэтін құрастырады.

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады. Қазіргі заман өзінің тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады, бұл құбылыс эклектика деп аталады. Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін - иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім - шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі - ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз ) . Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік киім түрлері бар. Киім адамға тігілетінділіктен, адамның қыр сырын ашып, ұштасып түруы қажет.

Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол күздің-қыстық маусымда аса сән ретроспекті анық алыстады. Кейде оның сән ортаның тұтынымын аңғартады және сонымен қатар дәстүрлі алпысыншы жылдардың қызығушылық шыңында космостық стиль қалқып жүрді. Ол таңдау идеясы мен еркінідігінің көптігімен яғни, әртүрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай-ақ әртүрлі көлемдерімен және алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді.

Костюмді композициялауда түс үлкен роль атқарады. Түсті дұрыс таңдау киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді.


АРНАЙЫ БӨЛІМ


1. 1 Бұйым сипаттамасы және қолданылуы

Дипломдық жобаның тақырыбы: «Қалыңдыққа арналған той көйлегі». Бұл той көйлегі қынамалы силуэтті классикалық үлгіде жасалған. Көйлек жеңсіз, сан сызығынан бастап, етек жағына қарай жартылай күн болып кеңейтілген.

Бұйымда екі мата қолданылған, астар ретінде атлас матасы және үстіңгі бөлігінде шілтер матасымен әшекейленген.

Алдыңғы бойда иініші тек шілтер матасымен өңделген, мойын ойындысы домалақ етіп орындалған, кеуде тұсынан бастап етегіне дейін атлас және шілтер маталарынан құралған. Алдыңғы бойдың кеуде тұсындағы бедерлі тігісі етекке дейін жалғасқан.

Артқы бойдың жотасы бел сызығына дейін сопақша келіп, тек шілтер матасымен өңделген.

Артқы бойдың ортаңғы бөлігінде ортаңғы тігісі және бүкпелері бар.

Етегінің алдыңғы бойы астар және шілтермен өңделіп, бүрмеленген. Артқы бойды шлейфі орташа ұзындықта өңделген және астар, шілтер маталарымен әшекейленген.

Бұйымның сол жағы сыдырмамен өңделген.

Ұсынылған өлшемдер: 42-44

1. 2 Модельдік таңдау негізі

Костюмдер тарихи дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.

Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және бойлық жіптер (долевой нити), бойымен орналасуында осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуғада болады.

ХҮІ ғасырда Испанияда бай әйелдер көлемді, қабат-қабат бірнеше белдемшеден тұратын киімдерді кие бастады. Бұл белдемшенің бір кемшілігі салмағы ауыр болды, сондықтан белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған құрсауды (обруч) ойлап тапты. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады. Испанша «құрсау» - «вердуго» деп аталған, содан бұл белдемше түрі «Вердугадо» деп аталып кеткен.

ХҮІІ ғасырда бүрмелеу, түрлі-түсті әшекей, өрнектеу сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.

ХҮІІІ ғасырда жібек маталарын пайдаланды. Осы ғасырдың 80-ші жылдары белдемше біршама өзгерді, белдіктен төмен мақта жастықшалар байланды. Бұл белдемшенің ені соншалықты, есіктен шығу қиынырақ болған. Осы сән үлгісі ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін сәнде болған.

1815-1830 жылдары қайта құру кезеңінде алғаш рет белдемше күнделікті және салтанатты болып бөлінді.

Ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды. Әйел адамның жеке белдікті бұйымы болып саналды. Тек шотландық ерлер белдемшесінен басқа (килт) .

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары британ Мэри Куант «мини» белдемшені сәнге кіргізді. Британ империясы Мэри Куанттың қысқа белдемшесін қабылдап орден берді және экспортқа шығаруға рұқсат берді. Бұдан кейін «макси» белдемше пайда болды, бұл үлгі сәнде көп тұрақтамады. Бірақта классикалық стильдің пайда болуына түрткі болды.

Ақ түсті қалыңдық көйлегінің тарихы Көне Грек елінен басталады. Ақ түс тазалықтың, пәктіктің, нәзіктік пен әдеміліктің белгісі саналған. Сондықтан Көне Грек елінің қыздары жеңіл әрі ұзын ақ көйлекпен тұрмысқа шыққан. Рим империясының құлаған тұсында неке көйлегінің формасы біраз өзгеріске ұшырайды. Бұл кезеңде жеңіл әрі жұқа матаның орнына, қалыңдық көйлегі ауыр әрі қалың маталардан тігілетін болған. Себебі, ежелгі римдіктер қалыңдыққа өзінің сымбатын айқын көрсетіп тұратын көйлек киюге рұқсат бермеген. XII - XIII ғасырларда бұл үдеріс әлсірей бастайды да, XIV - XV ғасырларда қайтадан бұрынғы қалпына түседі. ХІХ ғасырда қалыңдық көйлектері бастапқы үлгі бойынша қалыңдықтың сымбатына сәйкес тігілетін болған. Бұл кезеңде қалыңдық көйлегін тігуге көбінесе атлас, барқыт сияқты маталар пайдаланылған. Уақыт өте келе қалыңдық тойға тек ақ түсті көйлек емес, өзі қалаған түстегі көйлек киетін болған.

Кез келген қалыңдық үшін той көйлегін таңдау аса маңызды болып келеді.

1. 3 Базалық негізді таңдау

Адам денесін өлшеуге әр түрлі приборлар, аспаптар мен жабдықтар қолданылады. Орам, бой, көлденең және име өлшем белгілері полотналы лентамен өлшенеді. Өлшеу кезінде лента денеге жұғыса жатып, биязы тканьдардың формасын өзгертпеуі тиіс.

Тізеден жоғары нүктелер биіктігі Мартиннің партативі антропотрімен өлшенеді. Диаметрлер үлкен жуантық циркульмен өлшенеді. Дененің массасы портартивті медициналық таразыларда анықталады.

Дененің өлшемдері өлшеушінің жағдайына байланысты елеулі түрде өзгеруі мүмкін. Сондықтан барлық өлшемдер белгілі бір қатаң қалыпта жүргізілуі тиіс:өлшеу жүргізілетін адам дағдылы келбетін сақтап, емін-еркін, тік тұруы тиіс.

Өлшеу кезінде дене жағдайына қарай мықымына дәлме-дәл, тұрақты жүйесін алу үшін бөкседен жоғарылау кіндік тұстан баумен немесе жұқа резинамен буып қояды. Бау қатаң түрде көлбеу тұруы керек.

Өлшер алдында ассиметриясын анықтау мақсатымен денені қарап шығады. Ол алынған соң өңір оң жағынан да өлшенеді. Қалған жағдайда тек оң жағынан өлшенеді.

Типтік денелер стандарттарындағы өлшем белгілері дененің статикалық (қозғалмайтын) жағдайы үшін келтіреді. Қозғалғанда дене өлшемдері мен формасы өзгереді, сондықтан киімді конструкциялау кезінде басқадай өлшемдерді де білудің зор маңызы бар. Олар тек адам денесіне киімнің жақсы қонуын ғана емес, сонымен бірге серпінділікте, былайша айтқанда қозғалыстардың орындалуы негізінде оның ыңғайлығын да қамтамасыз етеді.

Қосымша - киім детальдарының чертежін алу үшін (адам денесінің сыртқы бетінің чертеж-жазуына емес) дене өлшемдеріне үстемелеп қосылатын шама қосымша бірнеше бөліктен құралады:олардың негізгілері пакеттің толықтығына, дене динамикасына, форма жасауға және әсемдікке сәл-пәл мүмкіндігі бар болып табылады.

Жалғыз және қос қабаты киім үшін (көйлек-көншектер) қосымша есепке алынбайды, өйткені киімнің осы түрлері тігілетін материалдар мейлінше жұқа болады да, киімнің сыртқы өлшемдері іс жүзінде бірыңғай келеді. Ол тек үш және төрт қабатты (жәкеттер, көйлек-пальто, т. т. ) киімдерге ғана арналған. Қозғалыс еркіндігінің қосымшасы статистикадағы өлшемдер мен салыстырмалы түрдегі динамикалы дене өлшемдері өзгерістерінен, киім конструкциясы мен оның материалдарынан туындайтындығынан көрінеді. Киімнің көлденең өлшемдеріне арналған қосылыстар еркіндігінің қосымшасы бәрінен бұрын динамикада өзгеріп отыратын дене өлшеміне көздейді.

Адамның ондай өлшеміне кеуде орамы алынады. Тұрмысқа киетін киім үшін бұл қосымша кеудені кере кең тыныс алған кездегі кеуде орамы өзгерістерінен туындата отырып анықталады. Қосымшаны анықтау кезінде дене өлшемдерінің өзгерісі туралы деректер адам денесі тарапынан (материал неғұрлым көбірек болса, қосымша соғырлым аз болады) болатын күштер әсерінен киім материалының созылу қабілетімен байланыстырылуы тиіс. Сонымен бірге киімнің, дененің бірер учаскісінен бірен-саран ауысып отыратыны осындай сәтте өлшемдердің арта түсетінін есте тұруы керек. Жоғарыда аталған факторлар динамика қосымшасын біршама азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеулер нәтежиесінде көйлек қозғалысының еркіндігінің тиімді қосымшалары белгіленеді. Олар 3 сантиметрден 6 сантиметрге дейін ауытқиды.

Қосымшалар 2 топқа бөлінеді: жәнетехникалық қосымшалар.

Конструкциялық қосымшалар адам денесін үш негізгі конструктивті жүйеге беріледі.

а) кеуде орамы Пг

в) бел жүйесіне Пт

с) бөксе жүйесі Пб

Техникалық қосымшалар-қалған кез-келген конструктивті бөлігіне, өлшеміне сәйкес беріледі.

Қосымшаларды учаскелерге үлестіру ойық тереңдігін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Ол неғұрлым үлкен болса соғұрлым аз және артқы бойлықтан кеңдігінің қосымшасы соғұрлым үлкен болуы тиіс. Белге дейін жеткізе ойған кезде ойық кеңдігінің қосымшасы нөлге тең болуы тиіс.

Қосымшаларды іріктеу үлестіру - күрделі де жауапты проблема. Жобаланатын бұйымды қажетті қасиеттерге бөлу үшін конструкциялаудан бурын қосымшаларды үлестірудің мүмкін вариантарына талдау жасап, аталмыш мақсатқа жетуге шын мәнінде мүмкіндік беретін неғұрлым икемдісін таңдап алуы керек. Сәндік қосымшалар (декарлық қосымша) құрастырушылар, бүрмелер, жебіреуіктер және тағы басқа салатын детальдардың кеңдігіне де, ұзындығына да беріледі. Қосымша модаға материалға, сәндік элементтердің санына (бүрмелер, сәндік тігістер тағы басқаларға) байланысты. Чертеждерді құрастырған кезде бұл қосымшалар есептеулерге қатыстырылмайды. Олар конструкциялық модельдеу кезінде пайдалынылады.

Негізгі өлшемдер

1-кесте

Өлшемдердің белгіленуі: Өлшемдердің белгіленуі
Өлшем белгілерінің атауы: Өлшем белгілерінің атауы
Өлшемдер мөлшері, см: Өлшемдер мөлшері, см
Өлшемдердің белгіленуі: Сш
Өлшем белгілерінің атауы: Жартылай мойын айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 17, 6
Өлшемдердің белгіленуі: СгI
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуденің бірінші жартылай айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 42, 7
Өлшемдердің белгіленуі: CгII
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуденің екінші жартылай айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 46, 4
Өлшемдердің белгіленуі: CгIII
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуденің үшінші жартылай айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 44, 0
Өлшемдердің белгіленуі: Ст
Өлшем белгілерінің атауы: жартылай бел айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 34, 4
Өлшемдердің белгіленуі: Сб
Өлшем белгілерінің атауы: Жартылай мықын айналымы
Өлшемдер мөлшері, см: 48, 0
Өлшемдердің белгіленуі: Дтп
Өлшем белгілерінің атауы: Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы
Өлшемдер мөлшері, см: 42, 5
Өлшемдердің белгіленуі: Д ТС
Өлшем белгілерінің атауы: Артқы бойдың бел сызығына дейінгі арақашықтығы
Өлшемдер мөлшері, см: 39, 0
Өлшемдердің белгіленуі: Оп
Өлшем белгілерінің атауы: Иық орамы
Өлшемдер мөлшері, см: 27, 7
Өлшемдердің белгіленуі: Вг II
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуде биіктігі
Өлшемдер мөлшері, см: 26, 3
Өлшемдердің белгіленуі: Цг
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуде нүктелерінің арақашықтығы
Өлшемдер мөлшері, см: 9, 6
Өлшемдердің белгіленуі: Впк
Өлшем белгілерінің атауы: Жауырынның шығыңқы нүктелерінің арақашықтығы
Өлшемдер мөлшері, см: 41, 9
Өлшемдердің белгіленуі: Впрз
Өлшем белгілерінің атауы: Жауырын биіктігі
Өлшемдер мөлшері, см: 17, 1
Өлшемдердің белгіленуі: Ш Г
Өлшем белгілерінің атауы: Кеуде ені
Өлшемдер мөлшері, см: 16, 3
Өлшемдердің белгіленуі: Шс
Өлшем белгілерінің атауы: Артқы бойдың ені
Өлшемдер мөлшері, см: 17, 3
Өлшемдердің белгіленуі: Ш П
Өлшем белгілерінің атауы: Иық ені
Өлшемдер мөлшері, см: 12, 9

Қосымшалар

Кесте 2

Қосымшалардың белгіленуі: Қосымшалардың белгіленуі
Қосымшалардың атауы: Қосымшалардың атауы
Қосымшалар мөлшері, см: Қосымшалар мөлшері, см
Қосымшалардың белгіленуі: Пг
Қосымшалардың атауы: Кеуде еніне қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 6, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пт
Қосымшалардың атауы: Бел сызығына берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 4, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пб
Қосымшалардың атауы: Мықын сызығына берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 6, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пшс
Қосымшалардың атауы: Артқы бойдың еніне берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 2, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пшп
Қосымшалардың атауы: Иық еніне берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 1, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пспр
Қосымшалардың атауы: Қолтық ойығының еркіндігіне берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 1, 5
Қосымшалардың белгіленуі: Пшгс
Қосымшалардың атауы: Артқы бойдың мойын ойындысының кеңдігіне берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 0, 5
Қосымшалардың белгіленуі: Пвгс
Қосымшалардың атауы: Артқы бойдың мойын ойындысының биіктігіне берілетін қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 0, 0
Қосымшалардың белгіленуі: Пдтс
Қосымшалардың атауы: Артқы бойдың белге дейінгі қиғаш ұзындығына қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 0, 5
Қосымшалардың белгіленуі: Ппос
Қосымшалардың атауы: Отырылымға қосымша
Қосымшалар мөлшері, см: 0, 5

Иықты бұйымның констукциялық сызбасын құрастыру үшін есеп

Кесте 3

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістер тобы әдістер
Қазақ халқының салт дәстүрлері. Қазақтың төрт тойы
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Әйел киімдері
Қазақ танымында суреттелетін жануарлар
Әйел киімдерінің классификация
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
Төбетей - теріден тігілген матадан тігілген кішкентай бас киім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz