Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.Негігі бөлім.
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей ... ... ... ... .4
Қазақ хандығының нығаюы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Алматы энергетика және байланыс университеты
Радиотехника және байланыс факультеты
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Қазақстан тарихы
Реферат
Тақырып: Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Орындаған:
Топ.
Сынақ кітапшасының
Тексерген:
Алматы, 2012
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негігі бөлім.
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей ... ... .4
Қазақ хандығының нығаюы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе
Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар - Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар - Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Оған себеп - деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың тарихын, олардың атқарған рөлін көрсетуге осы себеп қолбайлау болады да тұрады. Мардымсыз деген - тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген мағынада. Олай болса, қолда бар деректерге сүйеніп, ұлттық мемлекетіміздің іргетасын қалаушылардың ел тарихындағы алатын орнын неге ашып көрсетпейміз?!
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестік - ке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары - Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.
Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның - Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында Тарих-и Рашидидің мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: Қазақтар туралы Тарих-и Рашидиде Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдардың айтуы бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды. Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойын - дап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық.
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей
Махмұд ибн Уәлидің жазуы бойын - ша, алғашқы қазақ ханы Керей хан.
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі - Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылады.
Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В.В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде гирей - моңғол сөзі, моңғолша гарай делініп, еңбегі сіңген, лайықты, құқылы деген мағынада қолданылады. Қазіргі кезде Моңғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған және көне моңғол тілін жетік білетін бауырларымыздан бұл сөздің мән-мағынасы жөнінде сұрастырғанымызда, кезінде тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан, ардагер-ұстаз Нығмет Мәмбетұлы ақсақал: гарай - көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар, біріншісі - биік, еңселі, алып дегенді білдірсе, екіншісі - ержүрек, батыл, еркін, берік деген мағынаны білдіретінін хабардар етті. Араб тілінде бұл мағыналардың хайдар, ғайдар деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі - керей сөзі мен араб тіліндегі - хайдар сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеміз.
Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығар - маларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен ержүрек, батыл, алып, берік деген мағынаны білдіреді деген пікірлерді толық қолдаймыз.
Керей ханның шығу тегі, бұған дейін айтылғандай, Жошы ханның үлкен ұлы - Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. Т.И.Сұлтанов аударған Муизз ал-ансабтың мәліметінде Орыс ханның 15 баласы: 8 ұлы және 7 қызы болған делінеді де: Бірінші ұл - Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған: 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди деп айтылады. Ал Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада Тоқтақияның ұлдары Тенгри-Берди, Йагуджак-анеке, Пулад деп беріледі. Анике немесе анеке сөзінің біресе Болаттың алдында, біресе Йагуджактың соңында берілуін қолжазбаны көшірушілерден жіберілген техникалық қате деуге болады. Тауарих-и гузида-йи нусрат-наманың осы мәліметтері 1426 жылы жазылған Муизз ал-ансабқа тәуелді болған. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі - Керей. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы Керей хан болып жалғасады.
Зерттеулердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады. 1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Т.И.Сұлтановтың жазуы бойынша, Керей ханның атасы Тоқтақия жұмсақ мінезді және әділетті адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған. Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол - Тоқтақияның үш ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама бойынша Керей хан - Болаттың (Анике Болаттың) жалғыз ұлы. Тоқтақияның Болаттан басқа Тәңірберді және Бұғышақ атты екі ұлы болып, Бұғышақтың Мұхаммед, Ахмет және Әли атты үш ұлы және Имен би атты қызы болғандығы белгілі.
Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы - Барақ. Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені - Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады. Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады.
ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберелерді санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның үлкен ұлы - Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы - Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған.
Сол себепті Керей Махмұд ибн Уәли айтқандай, Әбілқайыр хандығы бөлініп кеткенде жасы мен жолына қарай хан болып сайланды. Ол оншақты жылдай хан болып, Қазақ хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады. Жазба деректер оның нақты қай жылы қайтыс болғанын айтпаса да, жанама мәліметтер арқылы оны анықтауға болады. Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның орнына отырған Шайх Хайдар ханға қарсы күрескен қарсыластарды шайбанилық деректер нақтылай атайды. Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада Шайх Хайдардың жауларына: Қажы Мұхаммед ханның ұлы Сейтек, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Махмудектің ұлы Ибақ, Барақ ханның ұлдары Жәнібек пен Керей, Арабшахтың ұрпағы Буреке сұлтан, маңғыттан Аббас, Мұса, Жаңбыршы билер жатқызылады. Ал Фатх-наме мен Шайбани-наме деректерінде Керейдің есімі аталмай, тек Барақтың ұлы Жәнібек ханның есімі басқалармен бірге айтылады. Соңғы екі дерек мәліметін негізге ала отыра, біз Керей хан есімінің оларда кездеспеуін, сол тұста, яғни 1469-1471 жылдары Керей хан өмірде болмаған, нақтырақ айтсақ, осы жылдарға дейін Керей хан қайтыс болып кеткен деп ой түйеміз. Ал енді Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі әртүрлі жағдайларға байланысты Керей ханға қарағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған Муизз ал-ансаб еңбегі мен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, Тарих-и Рашиди, Фатх-наме, Шайбани-наме секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В.Вельяминов-Зернов болды. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-ба - баларын анықтау барысында көптеген мұ - сылман деректерінің мәліметтерін ғы - лыми айналымға енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының алғашқы 80 жыл - дық тарихындағы ірі тұлғалар дей келе, Жәнібекті Әбілқайыр хан дәуірінде Орта Азия тарихында өзіндік маңыз атқарған және одан кейін қазақтардың билеушісі бол - ған дейді де, одан басқа біз бұл екі тұлға - ның қазақ халқын құрушылар екендігін білеміз деп нақты көрсетеді. Осыған байланысты зерттеушінің қазақ халқын құрушылардың бірі ретінде Жәнібекті атап көрсетуін оның этникалық үрдіс пен саяси үрдістің аражігін ажыратпай, екі үрдісті бір үрдіс деп қарастыруынан деп түсінеміз. Сол себепті де біз В.В. Вельяминов-Зерновтың қазақ халқын құрушылардың бірі деген ойын қате деп қабылдап, Жәнібекті Қазақ хандығын құрушылардың бірі болған деген пікірмен толықтырамыз.
Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді. Сол себепті де біз бұл жерде Жошыдан Орыс ханға дейінгі Жәнібек ханның ата-бабаларын қайталап жатпай, бірден Орыс ханнан тарайтын аталарына тоқталамыз. Бұл туралы бұған дейін айтылып өткендей, 1426 жылы жазылған Муизз ал-ансаб пен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған, мәліметтері бірінші шығармаға тәуелді Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада айтылады. Т.И.Сұлтановтың дәлелдеуі бойынша, Муизз ал-ансабтың Париждегі ұлттық кітапханада тұрған қолжазбасынан алынып, Сборник материа - лов относящихся к истории Золотой Орды атты жинақтың екінші томына енгізілген Шыңғыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерде біршама қателіктер жіберіліп, Шыңғыс хан әулетіндегі бірнеше ондаған ханзадалар сиқырлы таяқтың әсеріне ұшырағандай, оғландарға айналып кеткен. Соған байланысты ол шығарманың Орыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерін деректану ғылымының талаптарына сай орыс тіліне аударды. Біз Жәнібек ханның ата-бабасы жөнінде қарастырғанымызда Т.И.Сұлтанов аудармасын пайдаланғанымызды ескертіп өтеміз. Ол аудармада Жәнібек ханның ата-бабалары жайлы былайша беріледі: Орыс ханның бірінші ұлы - Тоқтақия. Ол билік құрған... Орыс ханның сегізінші ұлы - Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, Рукйиа деген екі қызы және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. Барақта төрт бала: Саадат-бек деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир Сайд деген үш ұлы болған. Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының кішісі және Жәнібек хан деген қосымша есіммен берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы Барақтың ұлы кіші Жәнібек хан деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша деректердегі Жәнібек хан туралы айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын есімі - Әбу Сайд, ал лақаб есімі - Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ хандығының құрылуы барысын баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі Керей ханның есімімен бірге Жәнібек хан деп кездеседі.
Енді Керейдің Әбілқайыр ханнан бөлінгенге дейінгі, яғни XV ғасырдың 50-жылдарындағы өмірі туралы бір-екі ауыз сөз. Өйткені кез келген адамға Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлінгенге дейін Дешті Қыпшақтың кай жерінде өмір сүрді деген сұрақ тууы мүмкін. Мұндай сұраққа ортағасырлық ешбір дерек жауап бере алмайды. Тек кана жанама мәліметтер мен соңғы жылдары табылып, ғылыми айналымға енгізілген ауыз әдебиетінің деректері ғана бұл сұраққа толық жауап береді.
Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан төрт ұлына жаулап алған жерлерін бөліп береді. Оның бөлісі еуро - палықтардың Африканы бөлуіндей емес, белгілі бір қағидатқа негізделді. Ол жаулап алынған халықтардың шаруашылық, этникалық, тілдік және т.б. белгілеріне қараған. Сол сияқты Жошы ұлысы да өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінгенде, негізінен, шаруашылық жағдай ескеріледі. Моңғол жаулауына дейін-ақ Хорезммен күресте әлсіреген Қыпшақ хандығында XII ғ. II жартысы мен XIII ғасыр басында екі аймақ пайда болған еді. Шығыс аймаққа - Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысы енеді (Караңыз: Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана А., 1995, 211-212-бб.). Ал Аралдың солтүстігі мен одан батысқа қарай жатқан жерлер - Батыс аймаққа қараған. Қыпшақ дәуіріндегі табиғи-шаруашылық жағдайға сай бөлісу Жошы ұлысында да ескеріліп, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен, негізінен, Шығыс аймақты басқарады. XIII ғ. соңы - XIV ғ. басында Орда Ежен ұлысының орталығы Алакөл маңынан Сырдың орта ағысы бойына көшіріледі.
Баян ханнан Барақ ханға дейін Сыр өңірі Ақ Орданың саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталығы болады. Мал бағушы тайпалардың қысқы жайылымдары мен қыстаулары осы өңірде еді. 1428 жылы Барақ хан өліп, хандық билік шайбанилық Әбілқайырға көшкенімен, Ақ Орда хандарының ұрпақтары Сыр өңірінде қала берген. Олардың ішінде Керей де, Жәнібек те және басқалар да бар. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сыр өңірін Мауреннахрдан қайтарып, өз астанасын Сығанаққа көшіреді. Шайбаниліқ сұлтандардың Сыр өңіріне келуі ордаежендік сұлтандарға өте ауыр болады. Ең жақсы жайылымдар мен қыстаулардан айырылу ордаежендік сұлтандар үшін көп қиыншылыққа ұшырау болған. Осы жерде айта кетерлік бір мәселе, Орыс ханға дейін Орда Ежен әулетінің билігі Шығыс Дешті Қыпшақта қалай жалғасса, одан кейін де бұл әулеттің билігі осы аумақта әртүрлі саяси жағдайларға қарамастан 1428 жылға дейін жалғаса берген. Керей ханның атасы Тоқтақияның, Жәнібек ханның атасы Қойыршақ хан мен әкесі Барақ ханның билікте болуы әулет өкілдері ішінде осы отбасыларының мәртебесін ерекшелендіреді. Екінші, ХV ғасырдың ортасында шайбанилық әулетке қарсы күресте Керей мен Жәнібек хандар текті атаның ұрпақтары ретінде беделді әулеттің өкілдері ретінде басшылық жасамай, тыныш қалуы мүмкін емес болатын. XV ғасырдың 50-жылдары соңында Керей мен Жәнібек қиыншылыққа көнбей, осылайша Сыр өңірінен көшкен. Біздің бұл ойымызды тарихи аңыз мәліметі де дәлелдей түседі. 20 жылдан астам уақыт бойы Шу мен Талас, Сыр өңірлерінде археологиялық барлау мен қазба жұмыстарын жүргізген археолог Мадияр Елеуов ел аузындағы тарихи ауыз-әңгімелерді де жинастырады. Оның жиған аңыздарының бірнешеуі жарық көрді. Ондағы 5 аңыздың екеуі Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуіне байланыс - ты айтылады. Бірінші аңызда - Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті деп баяндалады (Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 3-шығуы. Алматы, Қазақ университеті баспасы, 1996, 7-б.). Осы аңыздың соңында біршама жылдар өткеннен соң, екі сұлтанның Сырға қайта оралғандығы жөнінде жазылады. Ал төртінші аңыз болса: қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап келіпті деп басталады да, бір-бірімен іргелес жатқан екі ескі қала жұртын көріп, Жәнібек сұлтан Керейге: Алла Тағала екеумізді ажырамасын деп осы екі ескі жұртты бізге бұйыртқан шығар, қаласаңыз, біріне сіз, ал екіншісіне мен қоныстанып, қала салайық деген екен. Сол кезде шығысқа қарап тұрған Керей хан бетін батысқа бұрып: Уәде, бірақ біз бұл жерде ұзақ тұра алмаспыз, Алла Тағала сәтің салған күні - Түркістанға жол жүруіміз керек депті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz