Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
  1. Кіріспе
  1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы.
  1. Негізгі бөлім
  1. Елуліктер
  2. Інжілдік христиан баптистер
  3. Пресвитериан шіркеулері
  4. Жетінші күн адвентистері
  5. Інжілдік лютеран шіркеуі
  6. Методистер
  7. Жаңа апостол шіркеуі
  8. Меннониттер
  9. Мормондар
  1. Қорытынды

Қазақстандағы жаңахристиандық дәстүрлі емес діни қозғалыстар

Соңғы жылдарда елімізде дінге қарқынды бетбұрыс байқалып отырғаны белгілі. Тәуелсіздік алғалы миссионерліктің қарқынды түрін Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жалғастыруда. Діни қозғалыстар өз қызметтерін заманауи ақпарттық-техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жүргізуде. Көпшілік жиналатын акт залдарында, стадиондарда сенімді түрде сұхбаттар өткізіп, жеке интернет сайттары, телеарналар, радиожелілері арқылы хабарлар таратып, өздерінің жекелеген газеттері мен журналдарына мақалалар, жарнамалар жариялап отырады.

Республикада 667 протестанттық діни субъект қызмет атқарады. 13 конфессияның 531 миссионері тіркелген. Православиені 84 миссионер насихаттайды, оның басым көпшілігі Ресей азаматтары.

Қазақстанда 15 діни білім беру ұйымы, мешіттер мен жексенбілік мектептер жанындағы 400 бастауыш курс, ғибадат үйінен тыс діни іс-шараларды өткізуге арналған 383 үй-жай, оның ішінде намазхана, ғибадат бөлмесі және шіркеулер бар.

Аталмыш діни қозғалыстардың таралуы еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан территориясында бұрын соңды кездеспеген ағымдар мен секталар, атап айтар болсақ, пресвитариандық және методистік, протестанттық конфессиялар: «Елуліктер», «Інжілдік христиан-баптисте», «7-ші күн адвентистері», «Пресвитериан шіркеулері», «Інжілдік лютеран шіркеуі», «Методистер», «Жаңа апостол шіркеуі», «Меннониттер», «Мормондар» және т. б. өз алдарына діни бірлестік болып құрылып орналаса бастады.

Осы көрсетілген жаңахристиандық дәстүрлі емес діни қозғалыстарға қысқаша шолу жасасақ.

Елуліктер

Елуліктер - бұл протестанттық ағым, оның пайда болуы құдайдың бірінші толқыны деген атпен байланыстырылады. Бұл ағым ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды. Елуліктердің баптистер мен басқа да бұрынғы протестантизмнің ағымдарынан ерекшелігі дінге сенушілер сумен шоқынғаннан кейін де басқа тілдерде сөйлеу сыйын ала отырып, тағы да құдайға шоқынулары қажет. Мұның негізін олар Жаңа өсиетпен байланыстырады, яғни, Апостол әрекеттеріне сәйкес, Иисус Христостың жексенбіден кейінгі елуінші күні апостолға құдай келген және олар басқа тілдерде сейлескен деген ұғымдарды білдіреді. Қазіргі уақытта кейбір елуліктер басқа тілдерде сөйлесуді мойындамайды. Елуліктер арасында сумен шоқындыру және Құдайға арналған кештер (причастие немесе хлебопреломление) секілді құлшылық түрлері маңызды орын алады. Олар неке қию, балаларға бата беру, ауру адамға шипа тілеу, аяқтарын жуу (причастие уақытында), құлшылық қылу ғұрыптарын жасайды.

Бұл конфессияның негізіне «Апостолдар әрекеттері» деп аталатын өсиеттік жаңа кітапта Пасхадан кейінгі елуінші күні (атауының өзі содан шығып жатыр) Елулікте (Үштік) апостол-дарға Киелі Рух келіп қонғаны туралы баяндаған әңгіме алынған. «елулікшілдік» шіркеу болып 1886 жылы Техас (АҚШ) штатында Құдайды іздеушілердің «Киелілік қозғалысы» әдіскер-баптистері негізін қалаған «Құдай Шіркеуі» саналады. 1903 жылы «Киелілік қозғалысының» американдық шіркеулерінің көпшілігі бүгінгі таңда да бүкіл дүние жүзіне ықпалы күшті болып отырған алғашқы елулікшілік альянс - «Құдай Шіржеуіне» бірікті. Шіркеу тарихы 1906 жылғы сәуірдің 9-ы қазіргі заманғы елулікшілдік қозғалысының бастамасы деп санайды. Ал оның алдында, 1906 жылғы сәуірдің 8-інде бір негр баласының түсініксіз тілдерде сөйлеп кетуіне байланысты оқиға орын алған-ды. Ал келесі күні, елуліктердің сенімі бойынша, ғибадат ету кезінде Киелі Рух болашақ елуліктердің барлық жиындарына түскен. Бұл бұрынғы құлдардан шыққан негр Вильям Сеймур (1870-1922) уағыз жүргізетін Лос-Анжелесте (АҚШ) болған еді.

«Протестанттықтың үшінші толқыны» ретінде елуліктердіің оны басқа барлық бағыттардан ерекшелендіріп тұратын іргелі өзгешелігі - оның рухани тәжірибесі бар қозғалыс екендігінде. Олар, мысалы, Елукүндікте апостол тәжірибесі барлықтары үшін басты маңызға ие және мүмкіндігінше оны әрбір сенуші адам өз басынан өткерген (яғни «Киелі Рух арқылы шоқынуға») тиіс екендігіне сенімді. Міне бул адамның сенімімен жүретін (жоғарыдан түскен күштің құдіретімен) өзгеше көңіл күйі сезімі Киелі Рухтың сый-тартуы (емдеп-жазу қасиеті жане глоссолация деп аталатын өзге тілдерде сөйлей алу қабілеті) арқылы христиандық өмірде ерекше күшпен мықты орнығу болып табылады. Бұл жерде глоссолалия Құдаймен қарапайым адам тілі мүмкіндігінен асып түсетін тілде сөйлесе алу («Рух ғибадаты» деп аталатын) құралы деп ұғынылады. Глоссолалияның тарихи құбылысы күрделі және елулікіділіктщ алдында көп замандар бұрын пайда болған, бірақ елуліктер тілдер құдіретіне қағидалық маңыз берген. Олардың жоғарыдан жаратылған және Киелі Рух арқылы шоқындырылған жекелеген тұлғалардан тұратын шіркеуді мистикалықдаралық мағынада түсінуінде де өзгешелік байқалады. Елулікштер- шіркеу туралы ілімдерін эсхатологиялық дамуға жатқызады Олардың ойынша, өздері қозғалыстарында іске асырған шіркеуді және оның рухани қасиеттерін толық қалпына келтіру әрекеті дүниенің ақыры, яғни ақырзаманның бастауы болып табылады ал ол кезде шіркеу масаттанады да, Мәсіхтің Патшалығы орнайды. Елуліктер де, протестанттықтардың көпшілігі сияқты, тек екі шіркеулік салт-жораны: шоқынуды (шомылу рәсімінен өтуді), шіркеуде нан үзіп және шараптан ауық тиюді (причащение) мойындайды. Нан үзіп ауыз тию, әдетте, Мәсіх тартқан азаптар мен оның өлімін еске түсіру деп қабылданады. Шоқынуға баптистер сияқты, тек ересек адамдардың саналы сенімі бойынша рұқсат етіледі. Алайда баптистерден айырмашылығы, елуліктер суға шомылып шоқынуды сенімге саналы бойлаудың бастамасы, ал содан кейін барып, кеудеге қол қою арқылы және гловсолалия пайдаланып, арнайы дұға айтумен Киелі Рухтың шоқындыруы келетін әрекет деп қарастырады. Былайша айтқанда, елуліктердің Құдайға құлшылық қызметтері сиыну және тағзым етудің айтарлықтай әртүрлілігімен және көбінесе сырттай әсерсіз, өздігінен пайда болған сезімге бағыттай отырып және қазіргі заманғы музыка аспаптарын пайдалана отырып жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Ғибадат етілетін жиналыстың алдында қатаң ораза ұстау қажет, ал жиналыс дінге берілгеніне қуанып, соншама шаттық сезімге беріліп, экзальтация күйіне түсуі маңызды саналып, дұға айту тылсым жұмбақ (мистикалық) жағдайда өткізіледі. Елуліктер ерекше «құбылыстарға», «елес-көріністерге» сенеді, пайғамбар еркектерге және пайғамбар әйелдерге табынып сиынуға айрықша көңіл бөледі. Елуліктер ұйымы Қазақстанның әр аймағында, оның ішінде Алматы және Қарағанды қалаларында орналасқан. Жалпы аталмыш шіркеу өз қызметтерін ТМД аумағында белсенді түрде жүргізіп келеді. Мәселен, Украина Белоруссия, Ресей аумақтарында шіркеу құрылымы барынша дамыған болып келеді. Институттандырылған шіркеу ұғымының шығу тегі ең басында христиан ілімінде құлшылық жасайтын жер ретінде белгілі болғандығы анық.

Қазақстанда елуліктердің әртүрлі ағымдары бар: Апостолдар Рухындағы Інжіл христиандары (даралар) ; Інжіл Сенімі христиандары (воронаевшылар) ; Құдай Шіркеуі, «Жаңа өмір» шіркеуі және т. б. 90 жылдары Алматыда корей елуліктерінің Сун Бок Ым деген шіркеуі пайда болды. Қазіргі заманғы елуліктер қауымдарына тән ерекшеліктерді Алматыда 1990 жылғы наурызда құрылған, Қазақстанның елуліктер қауымдарының көшбасшыларының бірі болып табылатын «Жаңа Омір» шіркеуі арқылы көрсетуге болады, өйткені бұл шіркеу белсенді қайырымдылық шараларын іске асырып, барлық әлеуметтік топтардың мұқтаждыңтарына жәрдемдесіп, үлкен қызмет атқарып отыр.

Ерекше танымалы Апостол Інжілдік христиандықтары («бірлесушілер»), ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында, дінге сенушілер топтарының шағын қауымдары республиканың көптеген облыстарында бар. 4 қауымы тіркелген. Інжілдік Сенім Христиандықтарының (воронаевтіктер) қауымдары барлық облыстарда бар. Ерекше ірі бірлестіктері (300-500) адамнан Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Қазақстандағы елуліктер воронаевтіктердің қозғалысын бұрынғы кезеңде Киевтік епископатқа есеп беретін епископтар басқарған (Конрад, Веников, Доманск, Мозолин, Панкратов Альберт, Рох, Стрелюк және т. б. ) . Көптеген дінге сенушілері 1990 жылдардың ортасында АҚШ-қа және Канадаға қоныс аударған. Қазіргі уақытта 10 қауымы тіркелген.

Құдай шіркеуінің қауымдары мен топтары Қарағанды, Ақмола, Қостанай және республикадағы басқа да облыстарда бар. Бірақ дінге сенушілердің саны неміс эмигранттарының есебінен азайып келеді. 1990 жылдары Алматы және Шымкент қалаларында Сун Бок Ым корей елуліктер шіркеуі пайда болды. Қазірдің өзінде 12 қауымы әрекет етеді. Сондай-ақ, 90 жылдары республикада «Құдай Ассамблеясы» елуліктер бірлестігі пайда болды. Құдай Ассамблеясы 1914 жылы Хот-Спринтте пайда болды. Жаңа діни бірлестікті құрудың мақсаты:

  • елуліктер арасындағы жақсы түсінік пен бірліктің жетістігі;
  • миссионерлік күштердің бірлестігі;
  • баспа қызметтерін үйлестіру болып табылады.

Құдай Ассамблеясының қызмет аумағы аса ауқымды. Олар қайырымдылықпен айналысады, радиохабарлар жүргізеді, оқу орындарын, оның ішінде жексенбілік мектептер құрады, ерлер, әйелдер және жастар бастауыш ұйымдарын құрады. АҚШ-та және 118 елдерде миссионерлік қызметтерін жүргізеді. Әлемде Құдай Ассамблеясы дін жолын оқушыларының саны 22 мың адам.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы қауымдардың саны 11. Оларды Д. Пескилиди басқарады. Олардың қызметтеріп ұйымдастыруға АҚШ және Австралияның Құдай Ассамблеясы қатысады.

1947 жылдан бері қарай жылына бір рет жиналатын Бүкіл дүниежүзілік елуліктер конференциясы жүмыс істейді.

Қазақстандағы Елуіншілердің 217 жергілікті діни бірлестіктері бар. Ерекше көп таралғандары «Жаңа өмір» Інжілдік-Христиан шіркеуі сенімі (41), «Өмір бұлағы» Інжілдік-Христиандардың Елуіншілер шіркеуі» (27), «Агапе» Елуіншілердің Інжілдік-Христиан шіркеуі (28), «Сун Бок Ым» шіркеуі (7) болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Крюков Иван Михаилович - Батыс аймақтағы елуіншілер шіркеулері одақтастығының координаторы болып есептеледі. Ал Шымкент қаласындағы «Елуліктер» толық інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі координаторы Кұлмаханов Үсен Омарханұлы.

Елуліктер діни бірлестігіне кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында жақын адамдармен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап, дәлелдеуге тырысады. Өзімшілдікке бой алдырып, тіпті кейбір діни бірлестік мүшелері жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады. Бұл дәстүрлі қоғамдық өмірді өзгертуге алып келеді.

Інжілдік христиан баптизмі

Інжілдік христиан баптизмі - христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі. Тарихи деректерде баптизм ілімі XVII ғасырда Голландияда пайда балғаны жазылған. Олар ересектерді суға батырып, шоқындыруды діни рәсімге енгізген. Англияға осы ілімнің «ұрығын апарған»ағылшын Джон Смит алғашқы баптистік қауымды ұйымдастырған. Баптистердің алғашқы қауымы Джон Смит бастаған ағылшын пуритан тобы 1609 жылы Амстердамда құрылған. Баптизм қазіргі кезде протестанттар арасындағы ең үлкен конфессияға айналды. Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекетген бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл белінеді. Шоқынуды баптистер сенімді саналы қабылдау, рухани қайта түлеу деп түсінеді. Қауым мүшелігіне үміткерлер оған сынақ мерзімінен кейін және дүғалық жиында тәубеге келгеннен соң жіберіледі. Тек суда шоқынуды қабылдағандар ғана қауымның толыққанды мүшесі болып саналады. Шоқыну мен нан үзу Христоспен рухани тұтасуды білдіретін рәсімдер болып саналады. Баптизм өз ізбасарларынан белсенді миссионерлік әрекетті талап етеді. Баптистік қауымдарды сайланбалы пресвитерлер басқарады, ал оларға дьякондар мен уағызшылдар көмектеседі.

XVII ғасырдың бірінші жартысында баптизм Солтүстік Америкада тарала бастады. Үстемдік етуші діни-шіркеулік дәстүрі болмаған жаңа құрлықта баптизмнің дамуы жаңа конфессиялардың нығаюындағы маңызды фактор болды. Олар Еуропа мен басқа елдерге бағытталган өз миссияларын осы қүрлықтан бастады. Бүл процесте ревивалистік қозғалыстар (діни қайта жаңғыру), әсіресе 1720 жылы басталған «Ұлы ояну» қозғалысы маңызды рөл атқарды. Сол кездегі көптеген конгрегационалистер баптизмді қабылдады. Баптизм протестантизмдегі ең ірі конфессиялардың біріне айналды. Баптист қауымдарының мүшелерінің саны 35 млн жуық, ал балаларды, жастарды «достарды («жақындарды») косқанда баптизм ізбасарлары 75 млн асады. 1905 жылы баптистер саны әлемде бес есеге артты. 122 елде баптистік шіркеулер бар. Баптизмнің ең ірі үйымдары АҚШ-та қүрылды. Конфессия мүшелері 120-дан астам елге таралған. Ең үлкен қауымы АҚШ-та. 1905 жылы

Ал 1905 жылы Лондонда дүниежүзілік баптистер одағы құрылды. Осы кезде Апостолдық сенім жүйесі баптизмнің 7 принципі бекітілді.

  • Библия - Дін және практикалық өмір істеріндегі жалғыз жойылмайтын авторитет
  • Церковь тек рухани жанданған адамдардан тұруы керек. Баптистер біртұтас бүкіл әлемдік (көрінбейтін) шіркеу туралы жалпы протестанттық пікірде.
  • Шоқыну және Құдайдың кеші тек қайта жанданған адамдарға ғана оқытылады.
  • Рухани және практикалық мәселелердегі жергілікті қауымдастықтардың тәуелсіздігі (конгрегационализм) .
  • Барлық мүшелердің тең құқылы болуы, жалпыға бірдей дін.
  • Барлық діндарлар мен діндар еместер үшін ар-ождан бостандығы.
  • Шіркеу мен мемлекеттен бөлінуі.

Баптистер суретке, пұтқа табынудан, айқыш тағудан, шырақ жағудан бас тартады. Олар төбелесуге, қару ұстауға, тіпті қатер төнгенде қорғануға тыйым салады. Баптистер суға шомылу рәсімін орындайды. Рәсім бойынша ересектерді суға бір батырып шығады. Яғни, ескі әдеттен арылдың, жаңа өмір бастадың деп сендіреді. Олардың уағызын ұйып тыңдайтындарға Иса туралы кітапшалар таратады. «Ақиқат таңы» деген журналын да береді екен. Қасиетті болып есептелетін жексенбі күндері жиналып, діни рәсімдерін жасайды, ән шырқайды. Олардың діни әдебиеттері мен газет-журналдары да қазақ тілінде сауатты жазылған.

ХІХ ғасырдың ортасында Ресейге, ХХ ғасыр басында Қазақстанға келе бастаған. 1903 жылы Украинадан Қостанай уезіне қоныс аударған баптис-протестанттар қазақтардың қарсылығына ұшырап, олар Ресейге көш басын бұрған. Дегенмен олар кейін солтүстік өңірлерге кеңінен таралып, орныққан. Батыс Қазақстандағы өкілдері Ресейдегі Поволжья қауымдастығымен тығыз байланыста болған. Репрессия жылдары кеңестік қудалауға ұшырағанымен, 1944 жылы КСРО-да Бүкілодақтық Евангелдік христиан баптистері кеңесі құрылды. Бірақ 1960 жылдары Кеңес үкіметінің діни сенімді шектейтін нұсқауларды бенеткені белгілі болып, оған наразы болған топтың ұйымдастыруымен БЕХБК ден Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің кеңесі бөлініп шықты. Аталған кеңес мүшелері билік қысымына ұшырағанымен, ресми тіркеуден өтуге бас тартты. Кеңес империясы құлағаннан кейін өздерін дербес санайтын баптистер ТМД, Прибалтика елдері мен АҚШ және Канадаға қоныс аударған діндестерінің басын біріктіріп, ұйымды «Евангелдік христиан баптистер шіркеулерінің халықаралық кеңесі» деп атады. Өз діни ілімі бойынша баптизм жалпыхристиандық жəне жалпыпротестанттық Үшбірлік пен Иса Мəсіхтің құдайға тəн табиғаты, сондай-ақ жалпыпротестанттық құтқарылу туралы қағидаларды ұстанады. 2011 жылдың басында елде 364 діни бірлестік, саны аз діни топ. XIX ғ. 80-жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен әртүрлі діни сенімдерге қоса баптизмді ұстанатын адамдардың қоныс аударуына байланысты Қазақстандағы бірінші баптизм өкілдері пайда болды. Кеңес уақытында баптистердің діни бірлестіктерін лажсыздан тіркегеніне қарамастан, олардың саны үнемі өсіп отырды. КСРО ыдыраған кезде Қазақстанда 109 інжілдік христиандық-баптистердің қауымы тіркелді. Бүгінгі таңда баптистердің ішінде орыстар, украиндар, белорустар, қазақтар, кәрістер көптеп саналады. Елімізде 181 шіркеу, оның ішінде Алматы қаласында 17 және басқару орталығы орналасқан. Дүниежүзі баптистер одағының қазіргі президенті - Пол Мсиза (Paul Msiza)

Пресвитериандық

Пресвитериандық - протестант конфессиясының бір бағыты және шіркеулік ұйымның ерекше формасы. Пресвитериандық Жан Кальвиннің іліміне сүйенеді, сондай-ақ кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қарастырылады. Пресвитериандық 1559-1560 жж. Шотландияда болған протестант төңкерісі уақытында пайда болды. Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және Құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне, оның ішінде құтқарылу сұрақтарына, тағдырға, Қасиетті жазудың дұрыстығына, негізделеді. Пресвитериандық құтқарылу мәселелерінде діни адамдардың қатысуы қажеттілігін мойындамайды, сондықтан пресвитериан шіркеулерінде епископтық құрылғылар жоқ. Шіркеу ұйымы келушілердің өздерінен сайланып, пасторлар және пресвитериандармен басқарылатын қауымның жиынтығын білдіреді. Пресвитериандықтар христиандық шіркеудің ең алғашқы құрлысына қарай оралуды талап етті және пресвитер атағын ғана қатардағы дінге сенушілерден сайланатын қауым басшылары мойындады. Епископтықты теріске шығарды. Ағылшын шіркеуіне қарсы шықты және шіркеудің мемлекеттен бөлінуін талап етті. Пресвитериандық шіркеулерді басқару пресвитерияны шіркеудің аты да осыдан шыққан құрайтын пасторлар мен пресвитерлердің қолында болды. Бірте-бірте діни қауым старейшиналары мен пасторларының жиналысы бұдан кейін провинциялық және ұлттық синаттар пайда болды. Пресвитериандық шіркеулерде құдайға құлшылық ету өте қарапайым. Храмдарда ешқандай да керіліп шегеленген бейне де, мехраптарда, икон да, пілте шам да болмайды. Құдайға құлшылық ету эстрада тәріздес кафедрада ұлт тілінде өткізіледі және ол дінді уағыздауға, бірлесіп дұға оқуға және псалмдар әнін айтуға саяды. Қазіргі кезде Пресвитериандық шіркеулер Шотландияда, Англияда, Ирландияда, Канадада, АҚШ-та, Австрилияда және басқа да елдер де бар.

Пресвитериандық шіркеулері Қазақстанда ХХ ғасырдың 90 жж. пайда болды. Көп шіркеулер шетелдік миссонерлерден құрылды және құрылу барысында маңызды жәрдемді шетелдерден алды. Бұл бірлестіктер өз қызметінде әртүрлі ұлт өкілдері арасында белсенді насихат жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 106 пресвитериан діни бірлестіктері өз қызметтерін жүргізуде. Алматы қаласында 26 шіркеуі қызметін атқаруда.

Адвентистер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діннің белгілері
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Қазақстандағы миссионерлік әрекет
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz