Бала құқықтары. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы Ар-ождан және дін бостандығы құқығы. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бала құқықтары
Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы
Ар-ождан және дін бостандығы құқығы
Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Атап өтетін жәйт, Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 40-тан астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оның Хаттамасының қатысушысы болып табылады.
Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасы шеңберіндегі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ-тардың адам құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі әлеуметтанушылық зерттеулерді ахуалдық талдау адам құқықтарының нақты түрлері тұрғысында келтірілген.
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II "Адам және азамат" бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы). Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
Қоғам мен мемлекетттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конституцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
заң мен сот алдындағы теңдік принципі;
адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық принципі;
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу принципі;
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілу принципі;
саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бос-тандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі.1
Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады. Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан шығуға тиіс дегенді білдіреді. Конституцияның аталған бабы бірінші рет Қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекет принциптерін, сондай-ақ тұлғаның мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы енгізеді. Бұл жерде Конституция адам және азаматтың қүқықтық мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетінін айта кету қажет.2
Қорытындыда жұмыстың жалпы нәтижелері қорытылып, Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы перспективалар тұжырымдалады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30тамыз 1995ж-Алматы,2002
2. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А.Әлайдар- Алматы,2008
Бала құқықтары
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады. Бала құқықтары саласындағы бұрындары қабылданған халықаралық құжаттармен салыстырғанда - бұл Бала құқықтары халықаралық құқық күшін алатын барынша толыққанды құжат. Қазақстан Кеңес Одағы тарағаннан кейін алғашқылардың бірі болып 1994 жылы осы Конвенцияға қосылып, ратификациялады, сол сияқты оның екі Факультативтік хаттамаларын да ратификациялады.
2003-2006 жылдардың ішінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының принциптері мен қағидаларына толық сәйкес болу және баланың әлеуметтік әл-ауқаты сәтсіздігінің алдын алу үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында 2003 жылғы 4 маусымдағы Денсаулық сақтау жүйесі туралы, 2004 жылғы 16 маусымдағы Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы, 2004 жылғы 9 шілдедегі Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы, 2003 жылғы 14 қыркүйектегі Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы, 2005 жылғы 8 шілдедегі Әскери міндет және әскери қызмет туралы ҚР Заңдары қабылданды.
Белгілі бір мөлшерде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты ұлттық саясатты жүзеге асыруға білім беру, денсаулық сақтау, кедейлікті төмендету, көші-қон саясаты, демографиялық даму, мүгедектерді оңалту және басқа салалардағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік салалық бағдарламалар бағытталған.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді үйлестіру қызметін, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және басқа да азаматтық қоғам секторларымен ынтымақтастықты қоса алғанда мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын жүзеге асыруды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы №36 қаулысымен арнайы уәкілетті орган - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құрылды. Сонымен бірге барлық санаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралардың атаулылығын, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР Заңының және басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың ережелерінің орындалуының кепілділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 1
Байқалған экономикалық өсудің беретін жаңа мүмкіндіктері бүгінде оқыту,
1. Адам және азаматтың бостандықтары мен құқықтары - нормативтік құқықтық актілер жиынтығы Алматы, 2005
тәрбиелеу, денсаулығын қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты балалардың мүддесі үшін басымдық түрде қаржыландыру үшін пайдаланылуда. 2003 жылдан бастап бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттің шығыстарының үлесі тұрақты өсіп келеді. Егер де 2003 жылы әлеуметтік салаға бөлінген шығыстар ІЖӨ-нің 11,18% құраса, 2006 жылы - ІЖӨ-нің 11,84% құраған (2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша).
Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстардың үлесі 2006 жылы - 41,34% құраған.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының маңызды нормаларының бірі білім алу құқығы болып табылады. Қазақстан Республикасында балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру мақсатында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Тұтас алғанда оны жүзеге асыруға 2005 жылы 43,2 млрд. теңге, ал 2006 жылы - 64,9 млрд.теңге көзделген.
Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасының шеңберінде алынған әлеуметтанушылық зерттеулердің мәліметтері сұрақ берілген респонденттердің 70,6% баланың білім алу құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің қолданып жатқан шараларына оң баға бергенін көрсетіп отыр, бұл мемлекеттің мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беретінінің дәлелі.
Арнаулы білім саласына мүмкіндіктері шектеулі балалардың дені сау құрбы-құрдастарының білім алу ортасына кірігуі жөніндегі инновациялық процестер кеңінен енгізіле бастады. Бала дамуындағы бұзылулардың алдын алу және сәтті түзету, тәрбиелеу және оқыту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамға бейімделуі мен кірігуі үшін оңтайлы жағдай жасаудағы инновациялық бағыттарды зерделеу жөніндегі жұмыс жетілдірілуде.
Түзеу педагогикасы ғылыми-зерттеу институтының эксперименталдық педагогикалық зерттеулерінің мәліметтері алғашқы бұзылуы бойынша керең немесе 4-ші дәрежедегі нашар еститіндер ретінде есту қабілеті терең бұзылған балалардың 25 пайызы ерте кешенді түзеуден өтіп, бұқаралық мектептерге оқуға түсіп, онда сәтті білім алатынын, еститін балалар ортасында өмір сүріп, тәрбиеленетінін дәлелдейді. Бұл балалардың жалпы және сөйлеу дамуының деңгейі жас нормасына сәйкес немесе жақын болып келеді.
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілді. Бұл бағдарламада басымдық назар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімдігі мен ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесі кеңейту жағына қарай әр 2 жыл сайын қайта қаралуға тиіс. Осыған орай, жоғарыда аталған Тізбе өткен жылдармен салыстырғанда ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларды жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруді және кейіннен қарқынды бақылай және сауықтыра отырып жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қосу есебінен кеңейтілді. 2008 жылдан бастап республика халқының қалған санаттарын профилактикалық медициналық тексерулермен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап амбулаториялық деңгейдегі бір жасқа дейінгі балалар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі, 2005 жылдан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды олардың амбулаториялық деңгейде осы жас санатында барынша көп тараған аурудан емделу кезінде дәрілермен тегін қамтамасыз ету көзделген. 2006 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесіне диспансерлік есепте (кең тараған ауру түрлері бойынша) тұратын, емделудің амбулаториялық деңгейіндегі балаларды дәрілермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар енгізілді. Аурулар мен дәрі-дәрмектер тізбесі Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ұсынған балалық жастағы ауруларды интеграцияланған емдеу стратегиясы шеңберінде жасалған.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы балаларды қоғамның ерекше бөлігі деп таниды. Олар қосымша қорғау шараларына мұқтаж және қатысушы мемлекеттер балаларды қозғайтын мәселелер бойынша балалардың өз ойын еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгінгі таңда балалардың бұл құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Білім беру туралы, Отбасы және неке туралы ҚР Заңдарында және бірқатар басқа заңдарда көрсетілген. Адамның негізгі тумысынан берілген құқықтары мен бостандықтары шеңберінде әр адамның ой мен сөз бостандығына кепілдік беріледі.
Отбасы және неке туралы ҚР Заңына сәйкес бала отбасында оның мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өз пікірін білдіруге, сондай-ақ сотта іс қарау кезінде тыңдалуға құқылы. 10 жасқа толған баланың пікірін оның мүддесіне қайшы болатын жағдайдан басқа кездерде есепке алу міндетті.
Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың (Жас көшбасшылар қауымдастығы, ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) қолдауымен республикада мектеп оқушыларын оқу және оқудан тыс процестерге жұмылдыру мақсатында Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың 2002-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.
Республикада балалардың мәдени, шығармашылық, қоғамдық өмірге қатысу және жасөспірім азаматтар үшін өмірлік маңызды шешімдер қабылдау құқықтары мойындалады. Мысалға, баланың пікірі, оның сұраныстары мен мүдделері қосымша оқу пәнін анықтауда, мектептен тыс жұмысты, балалардың қоғамдық қозғалысы ұйымын ұйымдастырғанда ескеріледі.1
1. Жанұялылық құқық - нормативтік құқықтық актілер жиынтығы Алматы, 2008
Балалар мен жастар телехабарларында, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері арқылы балалардың өз пікірлерін білдіру мүмкіндіктері бар.
Балаларға олардың проблемаларын шешуге дер кезінде көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселесіндегі істің жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалды тарату мақсаттары қарқынды орындалуы абзал.
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негізгі қағидалары туралы хабардарлығын кеңейту мәселесіне, оларды насихаттау мен түсіндіруге маңызды көңіл бөлінеді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Конвенцияны ратификациялағанына 10-жылдығы шеңберінде республиканың білім беру органдары балалардың Конвенцияның ережелері, бала құқықтары жөніндегі ағартушылық және білім беру қызметі туралы хабардарлығы деңгейіне мониторинг жүргізіген. Алынған материалдарды талдау республиканың білім беру ұйымдарында оқушылар арасында да, ата-аналар жұртшылығы мен педагогтар арасында Конвенцияның ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмыстың жанданғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жастарды тәрбиелеу, әлеуметтендіру және дамытудың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қамтамасыз ету үшін 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасында жастардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіптік талап етілуі тетіктерін одан әрі дамыту көзделген. Тұтас алғанда әлеуметтік қызмет құруға, жастардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыруға 2005 жылы республикалық бюджеттен 123,6 млн. теңге бөлінген. Нәтижесінде республиканың әртүрлі өңірлерінде қосымша 9 әлеуметтік жастар қызметі құрылған.
Өмір сүру сапасын қамтамасыз ету саласында халықаралық стандарттарға қол жеткізу, балаға мейіріммен қарайтын орта жасау үшін БҰҰ Бала Қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп көптеген бағдарламалар жүзеге асырылды, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отырыстар, конференциялар, кеңестер өткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Бала Қоры 3 компоненттен тұратын 2005 жылғы қаңтардан 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жаңа бағдарламаға қол қойды:
1. Отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту;
2. Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;
3. Әлеуметтік саясат әзірлеу және басқару.
Бұл бағдарлама туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың дамуын, білім алуын, қорғауды және қатысуын қамтиды.
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде республикада бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламасын қайта қарау жөніндегі жұмыс басталса да, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмыспен қамтуда белгілі бір қиындықтар бар. Еңбек бейінін таңдаудың шектеулілігі, нашар кәсіптік дайындық түзеу ұйымдарының түлектеріне еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар еңбекке қабілеті шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға барлық уақытты бірдей қызығушылық таныта бермейді.
Шетел азаматтарының сапалы білім алуы мәселесінде проблемалар бар: қазақ және орыс тілдерін білмеу, жеке ата-аналардың қыздарының жоғары сыныптарда оқуына рұқсат бермеуі, қыздар мен балалардың бірге оқуы. Бұл мәселелерді шешу үшін Қазақстанның алдында шетелден келген балаларға бейімделген арнайы оқу әдебиеттерін әзірлеуді жеделдету, арнайы тіл курстарын ашуды көздеу міндеті тұр.
Бала еңбегінің шаруа және фермер қожалықтарында пайдаланылуы мәселесін қосымша зерделеу қажеттігіне, халықтың, ата-аналардың және жұмыс істейтін балалардың өздерінің еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөнінде аз хабардар екендігіне назар аудару қажет. Көп отбасылар (ата-аналар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген балалардың еңбек құқықтарын білмейді. Төмен жастағы балаларды ата-аналарының, туыстарының немесе таныстарының орнына сатушы ретінде жұмысқа жіберу, сондай-ақ балаларды рынок аумағында жүктерді тасымалдауға, артуға және түсіруге жіберу (пайдалану) орын алады. Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасының шеңберінде 1500 респонденттің ішінде жүргізілген сауалдама көрсеткеніндей, сұрақ берілгендердің 23,0% баланың экономикалық қанаудан қорғауда болу құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктеріне теріс баға берген, 51,7% - оң баға берген, ал сұрақ берілгендердің 25,3% жауап беруге қиналған. Алынған мәліметтер балалар еңбегін пайдалану саласында проблемалардың бар екендігін және еңбек қатынастары саласындағы бала құқықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдірудің қажеттігі туралы куәландырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экономиканың негізгі секторлары мен елдің географиялық өңірлеріндегі балалар еңбегі ахуалына егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу жөніндегі ұлттық және өңірлік деңгейлерде балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою мәселелері туралы ақпаратты тарату жөніндегі іс-шараларды анықтауды басымдық шара деп есептейміз.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері. 1
Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты.2
Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді.3
Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар
санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары әлеуметтік жетімдік дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары тірі жетімдер. Қазіргі кезде жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған 204 мекемеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 18198 бала, олардың ішіндегі 2105 бала - денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйлерінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 балалар үйінде - 1294 бала, білім беру жүйесінің 159 ұйымында - 14799 бала тұрып, тәрбиленіп жатыр.
Ата-аналары тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда қалыптасқан имандылық принципінен басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық база құру болып табылады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қазіргі заманғы ұлттық заңнамалық базаны мына нормативтік актілер құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Неке және отбасы туралы, Бала құқықтары туралы, Білім беру туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңдары; Қорғаншы және қамқоршы органдар туралы ереже, Патронат туралы ереже; Соттардың балалар тәрбиесімен байланысты дауларды шешуде заңнаманы қолдануы туралы, Соттардың бала асырап алу туралы істі қарау кезде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және басқалар.1
Бұл ретте заңнамадағы елеулі ақтаңдақтарды, қолданыстағы актілерді жүзеге асыру тетіктерінің жоқтығын және жеткілікті дәрежеде өкілетті мемлекеттік органның жоқтығын атап өткен жөн.
ҚР Білім және ғылым министрлігінде арнайы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құру біздің көзқарасымызша балалардың, соның ішінде ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін үйлестірудің елеулі проблемаларын принципті түрде шеше алған жоқ.
Мүмкін біздің жағдайымызда бұл проблеманы шешу үшін жалпыға танылған халықаралық стандарттардың талаптарын сақтай отырып Бала құқықтары жөніндегі Ұлттық Омбудсмен институтын құру керек болуы мүмкін.
1.Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы 1997.
Қорғаншы және қамқоршы органдардың мәртебесі мен функциялары түбегейлі өзгерісті талап етеді. Қазіргі кезде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған негізгі мемлекеттік құрылым болып табылатын бұл органдар көбінесе облыстық білім беру департаментінің құрамында жұмыс істейтін және барлық уақытта элементар құқықтық білімі бола бермейтін бір ғана инспектордан тұрады.
Мамандандырылған балалар мекемелерінің ведомство ішінде бастарының бірікпеуі де проблема күйінде қалуда. Біздің жекелеген нормативтік құқықтық актілерге іріктеп жүргізілген талдауымыз кейбір нормаларды жүзеге асыру тетіктерінде жекелеген ақтаңдақтардың бар екенін куәландырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 1 тармағымен кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал ету шарасы ретінде бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу қолданылуы мүмкін деп белгіленген. Аталмыш Кодекс мұндай шараларды қандай органдар тағайындауы мүмкін екендігін қарастырмағандықтан, бүгінде іс жүзінде бұл шараларды соттан басқа әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарайтын кез келген орган тағайындай алады. Бұл ҚР Конституциясының 16 және 21 баптарына сай келмейді.
Дәл осындай сәйкессіздік Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығының 11-бабының нормаларында және Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ҚР Заңының 30-бабында бар, осы заңнамалық актілерге сәйкес балалар олардың келісімінсіз және сот шешімінсіз оңалту және бейімделу орталықтарына орналастырылуы мүмкін.
Осыған байланысты балалардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс тобы ҚР Үкіметіне қолданыстағы барша заңнамаға талдау жасауды және кәмелетке толмағандардың бостандығын қандай да бір шектеу, оның еркін-жүріп тұру құқықтарын шектеу тек қана сот шешімімен болуы тиіс екендігі туралы нормалармен толықтыруды ұсынады.
Қолданыстағы заңнамада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізу орындарына (компьютерлік клубтарға және т.с.с.) баруына ешқандай да шектеулер көзделмеген. Көңіл көтеру орындарын ұстайтын кәсіпкерлердің түнгі уақытта балаларға қызмет көрсеткені үшін жауапкершіліктері де көзделмеген.
Осылайша, қоғамдық қатынастардың бұл саласы іс жүзінде құқықтық өрістен тыс қалуда, ал ондағы көптеген балалардың проблемалары болуы осы қоғамдық қатынастар саласындағы барлық мәселелерді тезірек заңнамалық реттеудің қажеттігін көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектептерді, ішінара алғанда жаппай оқыту Қорынан оқушыларға материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша тексеру барысында аз қамтылған балалардың тегін тамақ пен өзге де материалдық көмек алудан
бас тартқан фактілері белгілі болған.
Бұл бас тартуға олар аз қамтылған отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек алуы кезінде балалардың Қордан алған қаражаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органдар атаулы әлеуметтік көмек тағайындар кезде кіріс ретінде есепке алады деген уәж айтады. Бұл ретте отбасының жиынтық кірісі мөлшерінің сәл асып кетуі ата-аналарды атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігінен айырады, өйткені Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы ҚР Заңына сәйкес отбасының жиынтық кірісіне тұрғын үйлік және атаулы әлеуметтік көмектен басқа белгіленген уақыт мерзімі ішіндегі кірістердің ақшалай немесе заттай алған барлық түрлері кіреді. 1
Мемлекеттік органдардың құқық қолдану практикасы да ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесін реттейтін қолданыстағы некелік-отбасылық заңнамада бірқатар ақтаңдақтардың бар екенін көрсетіп отыр.
Неке және отбасы туралы ҚР Заңында алғаш рет ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар термині қолданылады, бұл халықаралық нормаларға сәйкес келеді және уақыт талабына сай (100-бап). Бұл норма ата-аналар қамқорлығын жоғалту негіздерін айқындайды: ата-аналар өлімі, ата-аналар құқығынан айыру немесе оған шектеу қою, әрекетке жарамсыз деп тану; ата-аналық міндеттерінен жалтару; ұзақ уақыт бойы болмау және т.б.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу Неке және отбасы туралы ҚР Заңының және ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №1346 қаулысымен бекітілген Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережелерінің негізінде жүргізіледі. Осы құжатқа сәйкес орталықтандырылған есепке алу күні болып орта білім саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органында бала анкетасының көшірмесін тіркеу күні саналады (9 тармақ). Ал біздің көзқарасымызша мұндай күн ретінде бала анкетасын оның іс жүзінде өмір сүретін және орналасқан жеріндегі қорғаншы және қамқоршы органда толтыру күнін санау қажет.3
Заң ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларды отбасында тәрбиелеу нысанына басымдық береді. Мұндай жағдайда баланың отбасында тәрбиелену құқығын қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді 102-бап). Отбасына жайғастыру түрлері бала асырап алу, сосын асырау (қамқорлыққа алу) және патронатқа беру, ал ондай мүмкіндік жоқ кезде барлық үлгідегі балалар мекемелеріне беру.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың қолданылып жүрген патронаттық түрі жеке мәліметтер бойынша барлық уақытта бірдей баланың мүддесін ойлай бермейді, керісінше жекелеген азаматтардың материалдық жағдайын шешеді.
Балаларды туыстарының асырауына және қамқорлығына бергенде, олардың балаға тиесілі әлеуметтік төлемге ғана қызуғушылығы болғанын растайтын

2. Адам және азаматтың бостандықтары мен құқықтары - нормативтік құқықтық актілер жиынтығы Алматы, 2005
3. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы 1997.
деректерде де бар.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау біздің көзқарасымызша оның тәрбиесін отбасылыққа барынша жақын қамтамасыз ету және оның отбасында тәрбиелену құқығы тұрғысынан жүзеге асырылуға тиіс. Жетімдер проблемасы Әр отбасына - бала принципімен емес, Әр балаға - отбасы принципімен шешілуге тиіс. Бұл тұрғыда ата-аналар қамқорлығынсыз балаларды жайғастырудың басымдық түрі бала асырап алу болып табылады.
Неке және отбасы туралы ҚР Заңы қабылданған сәттен бастап (1998 жылғы желтоқсан) ұл (қыз) асырап алуға 26 мың бала берілген, олардың ішіндегі 20 мың бала Қазақстан Республикасының азаматтарына және 6 мың бала жақын және алыс шетел азаматтарына, соның ішінде ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың туысқандарына берілген.
Ұл (қыз) асырап алу деп нәтижесінде баланы асырап алушы мен оның туысқандары және асыранды адам арасында тууы бойынша туыс боп табылатын ата-аналар мен балалалар арасындағыдай құқықтар мен міндеттер пайда болатын заңдық актіні айтады.
Неке және отбасы туралы ҚР Заңы ұл (қыз) асырап алудың тәртібі мен құқықтық салдарларын, сондай-ақ оны доғарудың негіздемесі мен тәртібін реттейді. Бұл баланың және оны асырап алғысы келетіндердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тек кәмелетке толмаған балаларды, тек солардың мүдделеріне қатысты бала асырап алуға жол беріледі, бұл жерде бірге туған ағалы-қарындасты бауырларды қажет болған жағдайлардан (арнайы емдеу-тәрбиелеу мекемелеріне беруден) басқа кезде әр түрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді. Көп жағдайда аналары (әкелері) бір балалар бірге тәрбиеленбеген болып келеді, тектері әртүрлі, олардың туыс екендігін тек аналары (әкелері) ғана біледі.
Дені сау ғана емес, ауру балаларды да асырап алуға болады, сондықтан асырап алушылардың тек асырау ғана емес, емдеу мүмкіндіктерін де айқындау қажет. Бұл жағдайда асырап алушылар баланың денсаулығы туралы алдын ала хабардар болса, онда баланың денсаулық күйіне байланысты асырап алуды тоқтатуға негіз болмайды. Медициналық комиссия берген баланың денсаулығы туралы медициналық қорытынды қорғаншы және қамқоршы органдардың қорытындысына қоса тіркеледі. Ұл (қыз) асырап алушының тілегі бойынша баланы тәуелсіз медициналық тексеруден өткізуге де болады.
Асырап алушының денсаулығына да тиісті талаптар қойылады. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы №842 қаулысымен бекітілген Адамның ұл (қыз) асырап алуына, қорғаншыға (қамқоршылыққа), патронатқа қабылдауға болмайтын ауруларының тізбесіне сәйкес асырап алушы бола алмайтындар анықталған.
Соттың бала асырап алғысы келетінін мәлімдеушінің денсаулық күйі олардың ата-аналық құқықтары мен міндеттерін дұрыс атқаруға кедергі жасайтын-жасамайтындығы туралы мәселені шешер кезде нақ осы тізбектелген ауруларды ескеруі қажет. Осы мақсатта азаматтар өзінің денсаулығының күйі туралы медициналық қорытынды ұсынады.
Біздің көзқарасымызша асыранды балалардың мүддесіне асырап ала алмайтын адамдарға заңнамада көзделгендерінен басқа: 1) асырап алатын кезде асырап алатын баланы өмір сүру минимумын қамтамасыз ете алатын кірісі жоқ адамдарды; 2) тұрғылықты мекені, сондай-ақ өмір сүруге болатын тұрғын үйі жоқ адамдарды; 3) бала асырап алар кезде азаматтардың өміріне немесе денсаулығына қарсы әдейі жасаған қылмысы үшін сотталған адамдарды жатқызған жөн.
Бала асырап алар кезде Қазақстан Республикасының азаматтары мен балалардың туыстарына олардың азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан артықшылық беріледі.
Неке және отбасы туралы ҚР Заңы бала асырап алушылардың субъектілік құрамын анықтаған кезде азаматтығы жоқ адамдарды белгілемеген, бұл олардың конституциялық құқықтарын шектеу болып табылады (Заңның 76-бабының 2 бөлігі).
Шетелдіктердің балаларды асырап алуы туралы істердің сотта қаралу тәртібін облыстық және соған теңестірілген соттардың азаматтық алқаларына осы санаттағы істерді қарау құқығын бере отырып өзгерту қажет. Сонымен қатар, бұл істерді болашақта ювенальдық соттардың қарауы балалардың мүдделеріне де, мамандандырылған соттар құрудың жалпы тұжырымдамаларына да сәйкес келер еді.
Шетелдіктердің бала асырап алуы баланы туған елінде жайғастырудың қандай да бір қолайлы тәсілін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдағы баланы жайғастырудың балама тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Балаларды туыстарының азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан асырап алу мүмкіндігі Неке және отбасы туралы ҚР Заңында көзделген. Алайда практикада асырап алатын балалардың мұндай туыстарының жоқтығынан асырап алу мәселелерін шешкен кезде соттар бұл норманы өте сирек қолданады.
Сот практикасын талдау мен нақты ахуал көрсеткеніндей, халықаралық деңгейде бала асырап алу жағдайларының барлығында шетелдік асырап алушыларға ұл (қыз) асырап алу жөніндегі халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдар (агенттіктер) делдалдық қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге, қолданыстағы Заңның 10-бабы қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа кез келген ұйымның мұндай бала асырап алу жөніндегі қызметіне жол бермейді.
Бала асырап алуға қатысатын агенттіктерге шетелдік мемлекеттер лицензия беретінін және солардың мемлекеттік бақылауында болатынын, сондай-ақ 1993 жылғы Балаларды қорғау және халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясына сәйкес жүргізілетін бала асырап алу жөніндегі халықаралық практиканы ескере отырып, бұл агенттіктерді асырап алу процесіне қатысуға тиісті аккредитациясы мен мемлекет тарапынан бақылау жасай отырып жіберу қажет болар еді.
Халықаралық деңгейде бала асырап алу проблемаларын шешу мақсатында қазіргі кездегі Парламенттегі заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық бала асырап алу жөніндегі 1993 жылғы Гаага Конвенциясына қосылуы мүмкіндігі қарастырылуда.
Парламенттің қарауында сондай-ақ халықаралық бала асырап алуды реттеуге және шетелдіктер бала асырап алған кезде мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған Неке және отбасы туралы Заңға халықаралық асырап алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Бұл ретте аталған заң жобалары Парламент пен мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы шатақ тудырушы ілік болды, парламентшілер мемлекеттік органдардың заңнамадағы ақтаңдақтардың орнын толтыру әрекеттерін демографиялық күйрету ретінде қабылдады. Сонымен қатар туудың артуы кезіндегі толыққанды емес отбасыларында туған балалардың санының өсуі балалардан бас тартуға немесе балаларды перзентханалар мен басқа жерлерде қалдыруға (әрбір бесінші бала) әлеуетті жағдай жасайды.1
Сонымен бірге баланы болашақ әке немесе ана ретінде тәрбиелегеннен гөрі кейбір отбасындағы ата-аналардың күнделікті нан табумен қолы тимейтіндіктен балаға дұрыс отбасылық тәрбие бере алмайтындығы да өмәірде болып жатқан құбылыс екеніне назар аударған жөн.
Әлеуметтік жағынан қорғауға жататын балаларды, жалғыз басты аналарды, отбасылық үлгідегі балалар үйі мен жасөспірімдер үйі түлектерін жұмыспен қамту мәселесі де проблемалы күйінде қалуда. Бұл ретте балалар ауылдарындағы отбасылық үлгідегі балалар үйіндегі тәрбиеші-ананы ғана көздеген (Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы Заңның 14-бабы) заң шығарушылар ұстанымымен келіспеген жөн деп ойлаймыз.
Біздің көзқарасымызша үйде әке-тәрбиешінің болмауы баланың қоршаған әлемді және болашақ дербес өмірін дұрыс түсінбеуіне әкеп соғуы мүмкін.
Балалардың қараусыз және панасыз қалуы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы, балалардың тұрғын үй проблемаларын шешу ерекше тақырып болып табылады. Бала құқықтары туралы ҚР Заңының 14-бабы баланың тұрғын үй құқығын бекітеді және жетім бала, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа мекемелердегі бала тұрғын үй-жайға немесе тұрғын үй-жайды пайдалануға құқықтарын сақтайды, ал ол жоқ болса Қазақстанның тиісті заңнамасы бойынша тұрғын үй-жай алуға құқылы. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, соның ішінде жетім балалар тұратын үй-жайынан басқа үй-жай берілмей шығарылмайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz