Жеке тұлғаның жеке заңы


Жеке тұлғаның жеке заңы
1. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның екi немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады.
2. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдiң құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.
3. Баспана берген елдiң құқығы босқынның жеке заңы болып саналады.
1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттiлiгi мен
әрекетке қабiлеттiлiгi
1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабiлеттiлiгiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
2. Жеке адамның әрекетке қабiлеттiлiгi оның жеке заңымен анықталады.
3. Жеке адамның мәмiлелер мен зиян келтiру салдарынан пайда болатын мiндеттемелерге қатысты азаматтық әрекетке қабiлеттiлiгi мәмiле жасалған немесе зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелер пайда болған жердегi елдiң құқығы бойынша анықталады.
4. Жеке адамның жеке кәсiпкер болуға және соған байланысты құқықтары мен мiндеттерiнiң болуға қабiлетi жеке адам жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген елдiң құқығы бойынша анықталады. Тiркелген елi болмаған жағдайда жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын негiзгi орнындағы елдiң құқығы қолданылады.
5. Жеке адамды әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi деп тану сот елiнiң құқығына бағынады.
Ескерту. 1095-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007. 01. 12. N 225 Заңымен.
1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану
және оны қайтыс болды деп жариялау
Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау сот елiнiң құқығына бағынады.
1097-бап. Жеке адамның есiмi
Жеке адамның есiм алу, оны пайдалану және қорғау құқығы, егер осы Кодекстiң 15-бабының 5 және 7-тармақтарында, 1103 және 1120-баптарында көзделген ережелерден өзгеше туындамаса, оның жеке заңымен белгiленедi.
1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық
хал актiлерiн Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде тiркеу
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде жүзеге асырылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының заң актiлерi қолданылады.
1099-бап. Шет мемлекет органдары азаматтық хал актiлерiн
куәландыруға берген құжаттарды тану
Шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары тиiстi мемлекеттердiң заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасаған азаматтың хал актiлерiн куәландыруға берген құжаттар жария етiлген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
1100-бап. Заңды тұлғаның заңы
Заңды тұлға құрылған елдiң құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.
1101-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.
2. Шетелдiк заңды тұлға өз органының немесе өкiлiнiң мәмiле жасауға өкiлеттiгiн шетелдiк заңды тұлғаның органы немесе өкiлi мәмiле жасаған елдiң құқығына белгiсiз шектеуге сiлтеме жасай алмайды.
3. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабiлеттiлiгi ұйым құрылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
Мұндай ұйымдардың қызметiне, егер Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болса, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
Фирмалық атауға құқық
1. Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды (осы Кодекстiң 38-бабы) пайдалануға айрықша құқығы бар.
2. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысын бекiткен кезде белгiленедi. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
3. Тiркелiп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткенi мұның өзi тиiстi заңды тұлғалардың ұқсап кетуiне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар немесе көрсететiн қызметтер жөнiнде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкiн.
1021-бап. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тауар
белгiсiнде пайдалану
Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесiлi тауар белгiсiнде пайдаланылуы мүмкiн.
1022-бап. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады.
Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қолданылады.
2. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады.
1023-бап. Фирмалық атауды иелiктен алу құқығы
1. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.
2. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келiсiлген әдiстермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуi (лицензия беруi) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс.
Параграф 2. Тауар белгiсi
1024-бап. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптары
1. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi.
Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) деп танылады.
2. Тауар белгiсi ретiнде тiркеуге жол берiлмейтiн белгiлер, тауар белгiлерiн тiркеу, олардың қолданылуын тоқтату және тiркелуi жарамсыз деп тану тәртiбi, сондай-ақ тiркелмеген тауар белгiлерiн құқықтық қорғауға жол берiлуi мүмкiн болатын жағдайлар тауар белгiлерi туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
3. Тауар белгiсiне құқық куәлiкпен куәландырылады.
1025-бап. Тауар белгiсiн пайдалану құқығы
1. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар.
2. Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгiзу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе осы белгiмен белгiленген тауарды сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнiмдерiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада пайдалану - тауар белгiсiн пайдалану болып саналады.
3. Тауар белгiлерi және тауар белгiлерiмен белгiленген тауарлар жарнамасының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 1025-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007. 06. 19. N 264 Заңымен.
1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар
белгiсiн құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының патенттiк органы (ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының бекiтiлген халықаралық шартына орай халықаралық ұйым тiркеген тауар белгiсiне құқықтық қорғау берiледi.
1027-бап. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Тауар белгiсiнiң басымдығы, егер тауар белгiлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм түскен күн бойынша белгiленедi.
2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезден бастап он жыл бойы күшiнде болады.
Тауар белгiсiне құқық иесiнiң тауар белгiсi қолданылуының соңғы жылы iшiнде патенттiк органға (ұйымға) берген арызы бойынша тауар белгiсiнiң қолданылу мерзiмiн он жылға ұзартудың тiркелуi мүмкiн. Ұзарту шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.
1028-бап. Тауар белгiсiн пайдаланбаудың салдары
Тауар белгiсiн дәлелсiз себептермен бес жыл бойы үздiксiз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оның тiркелу күшiнiң жойылуы мүмкiн.
Тауар белгiсiн пайдалануға лицензиялық шарт жасасу оны пайдалану болып есептеледi.
1029-бап. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы
1. Құқық иесi куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарына не олардың бiр бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Егер тауар белгiсiне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға себепкер болса, ол белгiге құқықты беруге жол берiлмейдi.
3. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы, соның iшiнде оның шарт бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiлуi патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге тиiс.
1030-бап. Тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат беру
1. Құқық иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулердiң барлық сыныптарына не олардың бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiн пайдалану құқығын лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн (осы Кодекстiң 966-бабы) .
2. Лицензиатқа тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат ететiн лицензиялық шартта, лицензиат тауарларының немесе көрсететiн қызметiнiң сапасы лицензиар тауарларының немесе көрсететiн қызметтерiнiң сапасынан төмен болмайтындығы және лицензиардың осы шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар екендiгi туралы талапты қамтуға тиiс.
3. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
4. Тауар белгiсiне құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шарттың тоқтатылуына әкеп соқпайды.
1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарттар мен
лицензиялық шарттардың нысаны және оларды
тiркеу
Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалып, патенттiк органға (ұйымға) тiркелуге тиiс.
Жазбаша нысан мен тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк
Тауар белгiсiн не оған араласу дәрежесiне дейiнгi ұқсас белгiлеудi заңсыз пайдаланушы тұлға тәртiп бұзуды тоқтатуға және тауар белгiсiнiң иесiне келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы) .
Тауар белгiсiн заңсыз пайдаланушы тұлға тауар белгiсiнiң дайындалған бейнелерiн жоюға, тауардан немесе оның қорабынан заңсыз пайдаланылған тауар белгiсiн немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiлеудi алып тастауға мiндеттi.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарды орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда тиiстi тауар жойылуға тиiс.
Параграф 3. Тауар шығарылатын жердiң атауы
1033-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық
қорғау талабы
1. Тауар шығарылатын жердiң атауына, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тiркеудiң негiзiнде құқықтық қорғау берiледi.
Айрықша қасиет ерекшелiгiмен немесе негiзiнен географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң атауы тауардың шыққан жерiнiң атауы (шыққан жерiн көрсету) деп танылады.
Тауар шығарылатын жердiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн.
2. Географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе оның атауын беретiн, бiрақ Қазақстан республикасында тауар әзiрленген жерге байланыссыз белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай қолдануға енiп кеткен белгi осы параграфтың ережелерiне сәйкес тауар шығарылатын жердiң атауы деп танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатқызылмайды. Алайда бұл мұндай атауды адал пайдаланбаудан құқықтары бұзылған тұлғаны оларды заң актiлерiнде көзделген өзге де әдiстермен, соның iшiнде терiс пиғылды бәсеке туралы ережелердiң негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.
3. Тауар шығарылатын жердiң атауын тiркеудi патенттiк орган (ұйым) жүзеге асырады.
Тiркеудiң негiзiнде тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы туралы куәлiк берiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz