Шешендік өнердің халықтық сипаты



Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры . шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер . ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан.ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII.XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV.XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV.XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі . XV.XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең.жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары . жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал.мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
 Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың
даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан
ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек,
рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде
оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен,
Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына
қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше
бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша
басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-
XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты
калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып
биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ,
қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес
жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан,
ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз
өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша
нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны
ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары
жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.)
зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше
екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның
өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір
өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің
тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен
шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап
жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас
өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы
екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ
әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы
тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз
әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама
береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-
лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер
білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп,
әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет
сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы
беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек
болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді",
"Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ
қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол
тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе
жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор
етпе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік сөздер түрлері
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Ауыз әдебиетінің түрлері
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Шешендік сөздер
Пәндер