Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы
қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар
228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
Ескерту. 228-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003. 09. 25 N
484
, 2009. 12. 07
N 222-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз), 2011. 01. 18
№ 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының
және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн
аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010. 04. 02 N 262-IV (2010. 10. 21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 229-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006. 05. 05 N
139
, 2010. 04. 02
N 262-IV
(2010. 10. 21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011. 01. 18
№ 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң
өкiлеттiктерiн асыра пайдалану
1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 230-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011. 01. 18
№ 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
231-бап. Коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның сегіз айдан бір жылға дейінгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
б) бiрнеше рет;
в) қорқытып алумен байланысты жасалған болса -
екі мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір жылға дейінгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz