Тапсырма шарты туралы
Тапсырма шарты
Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi
тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды
iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл жасаған мәмiле
бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.
Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
Тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау
Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң
нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары
нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс. Егер iстiң мән-жайы
бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм
бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң
сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм
бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм
бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы
сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi. Тараптардың келiсуiмен
коммерциялық өкiл мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi
Сенiм бiлдiрiлген өкiл:
1) өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;
2) сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу
барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
3) сенiм бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн
дереу берiп отыруға;
4) тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенiмхатты
кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты
бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге
де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi
Сенiм бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:
1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi
қаражатпен қамтамасыз етуге;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған
шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының
барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың
орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге Азаматтық Кодекстiң 850-бабының
ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнде сенiм бiлдiрушiнiң өзге де мiндеттерi көзделуi
мүмкiн.
Тапсырма шартындағы сыйақы
Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi
сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты
тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм
бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта немесе заң
актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi
көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшiн әдетте қабылданған баға
ескерiле отырып айқындалады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi
түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын
дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
Сенiм ауысуы
1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса не сенiм
бiлдiрiлген өкiл осыған сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы
мән-жайлармен мәжбүр болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға)
беруге құқылы.
2. Орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған бойда сенiм бiлдiрiлген
өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге дереу хабарлауға тиiс. Сенiм бiлдiрушi,
шартта мұндай орынбасар атап көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, сенiм
бiлдiрiлген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz