ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ


Ғ. А. Жайлин
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Ерекше бөлім
Оқулық
Алматы
2006
ББК 67. 99(2) 3я73
Ж 12
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Бектұрғанов А. Е. - заң ғылымдарының докторы, профессор;
Базарбаев Б. Б. - заң ғылымдарының кандидаты, профессор.
Жайлин Ғ. А.
Ж 12 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы .
Оқулық. Ерекше бөлім. - Алматы: Заң əдебиеті, 2006. - 378 бет.
ISBN 9965-620-19-9
Оқулықтың 1, 2 томдарында автор шарттық жəне шарттық емес
міндеттемелік құқықтық қатынастардың оның көзқарасы бойынша
ең маңызды болып келетін тұстарына тоқталады, сонымен бірге
азаматтық құқық курсының мазмұнын алуға қойылатын барлық
қажетті талаптарда орындалған. Оқулықта барлық шарттар
күшіндегі азаматтық заңнама қарастыратын түр-түрлерінде
көрсетілген. Осы тұрғыда ерекше назар шарттардың əрбір түр
түрлерінің айырмашылықтарын сипаттауға аударылады.
Материалды жүйелі қарастырумен қатар белгілі бір дəрежеде
теориялық талдау жасауға, азаматтық құқықтың бөлек
институттарының ең түінді мəселелерін анықтауға ықпал салынған.
Жалпылама екі томда ерекше бөлімнің көптеген сұрақтары
қарастырылады. Интеллектуалдық (ой) меншік құқығы, мұрагерлік
құқық қаралмаған. Халықаралық жеке құқық аспектілері де жүйелі
қарастырылған.
Оқулықтың екінші басылымында бұл оқулықтың 2001 жылы
бірінші басылымында болған бірқатар кемістері жойылған.
Азаматтық заңнаманың өзгерістері барынша ескерілген.
Оқулық заң білімін оқу орындарының студенттеріне,
магистранттарына ұсынылуы мүмкін. Оны аспиранттар,
тəжірибелік салаларда жұмыс шстейтін заңгерлер де пайдалана
алады.
ББК 67. 99(2) 3я73
Ж
00(05) 03
1203020400
−
© Жайлин Ғ. А., 2006.
ISBN 9965-620-19-9 © Заң əдебиеті, 2006.
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
7тарау. Тұрғын үй құқығы
§1 Тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы жəне оны жүзеге асыру
механизмдерi
Iтарау. Сатып алу, сату. Айырбас
§ 1. Сатып алусату шартының ұғымы жəне элементтерi
§ 2. Сатушының жəне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерi
§ 3. Бөлшектеп сатып алусату шарты
§ 4. Тауар жеткiзiлiмi шарты
§ 5. Келiсiмшарт жасасу шарты
§ 6. Энергиямен жабдықтау шарты
§ 7. Кəсiпорынды сату шарты
§ 8. Мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзу ерекшелiктерi
§ 9. Сатып алусату шарттары бойынша жауапкершiлiк
§ 10. Айырбас шарты
2тарау. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау
§ 1. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi
§ 2. Тұрақты рента шарты
§ 3. Ғұмырлық рента шарты
§ 4. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
3тарау. Сыйға тарту
§ 1. Сыйға тарту шартының ұғымы жəне элементтерi
§ 2. Сыйға тарту шартының мазмұны
4тарау. Мүлiк жалдау (аренда)
§ 1. Мүлiк жалдау (аренда) шартының ұғымы жəне ерекшелiктерi
§ 2. Мүлiк жалдау шартының жеке түрлерi
5тарау. Сақтандыру
§ 1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
§ 2. Сақтандыру шарты
6тарау. Мердiгерлiк
§ 1. Мердiгерлiк шартының жалпы ережелерi
§ 2. Мердiгерлiк шартының жеке түрлерi
§2 Тұрғын үй құқықтық қатынастары. Тұрғын үй заңнамасы
§3 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үй беру мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн пайдалану.
§4 Қызметтiк тұрғын үйлердi жəне мемлекеттiк тұрғын үй қорының
жатақханаларындағы тұрғын үй жайларды пайдалану.
§5 Тұрғын үй жəне тұрғын үй құрылыс кооперативтерi мүшелерiнiң жəне олардың
отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй құқықтары.
8тарау. Мүлiктi тегiн пайдалану
9тарау. Өтелмелi қызмет көрсету
10тарау. Тасымалдау көлiк экспедициясы
§1. Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi жəне оларды құқықтық реттеу.
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
§2. Жолаушыларды жəне теңдеме жүктi тасымалдау шарты жəне тасымалдау
шартының басқа да түрлерi
§3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк.
§4. Көлiк экспедициясы шарты.
11тарау. Несиелiк жəне есепайырысу қатынастары.
§1. Есепайырысу жəне несиелiк қатынастардың түсiнiгi.
§2. Заем шарты.
§3. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру.
§4. Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына септесетiн шартар) .
§5. Банктiк шот шарты.
§6. Ақша аудару туралы шарт.
§7. Банк салымы туралы шарт.
§8. Есепайырысу қатынастары
12тарау. Сақтау .
§1. Сақтау шартының түсiнiгi түрлерi жəне элементтерi.
§2. Сақтаудың жекелеген түрлерi.
§3. Ауар қоймасында сақтау.
13тарау. Тапсырма.
§1. Тапсырма шартының түсiнiгi мен элементтерi
§2. Тапсырма шартының мазмұны
14тарау. Комиссия
§1. Комиссия шартының түсiнiгi мен элементтерi
§2. Комиссия шартының мазмұны.
15тарау. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару.
§1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы жалпы ережелер.
§2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты.
16тарау. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының түсiнiгi мен элементтерi.
§1. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының түсiнiгi мен əлеметтерi.
§2. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының мазмұны.
17тарау. Басқаның мүддесiне тапсырмасыз iс-əрекет жасау.
18тарау. Конкурстық мiндеттемелер.
19тарау. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер.
§1. Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң түсiнiгi мен маңызы.
§2. Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң пайда болу шарттары.
§3. Зиян келтiрудiң жекелеген жағдайлары үшiн жауапкершiлiк.
§4. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жəне моралдық залал
келтiру.
20тарау. Негiзсiз баю салдарынан туындайтын мiндеттемелер.
КiРiСПЕ
1999 жылдың 1 шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң Ерекше бөлiмi
қабылданып, күшiне ендi. Бұл өз мəнiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың iрi бiрiктiруi (немесе
жүйеленуi) болып табылады, сонымен бiрге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодекстi қоғамдық қатынастардың аса тиiмдi реттеушiсi ретiнде бағалау
қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан
өткен көптеген заңдардың жəне заңға тəуелдi нормативтiк актiлердiң ережелерi енген. Бұны
оңды құбылыс ретiнде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодекстi тым толықтықта
айыптайтын көзқарастар да кездеседi. Себебi, онда сатып алусату, мүлiк жалдау жəне тағы
басқа да шарттар көптеген түртүрлерiмен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп
сатып алусату шарты жеке көрсетiлген, онда тұтынушылар құқығын бекiтуге артықшылықтар
берiлген. Кəсiпкерлiк шарттың ерекше сипаттары тауар жеткiзiлiмi шартына арналған
нормаларда көрiнiс тапқан. Кезкелген қазiргi заманғы мемлекет жағдайы үшiн сатып алусату
шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрi маңызды мəндi иемденедi, бұл да азаматтық
кодексте жəне соған сəйкес қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерде ескерiлген.
Жекешелендiрiлген, мемлекеттiк, сонымен бiрге жаңадан пайда болған жеке кəсiпорындар
нарығының пайда болуына кəсiпорындарды сатуды құқықтық реттеу сəйкес келдi.
Бұрын əрқашан реалды болып келетiн сыйға тарту шартына қазiр өзгеше сипаттар берiлген,
ендi бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкiн. Сыйға тартуға тиым салу анық бекiтiлген.
Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмiр бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған
сатып алусату шартымен ғана негiзделетiн, қазiр рента институтына оның (белгiлi бiр
мəселелерi болғанымен), өзiндiк мəн берiлген. Азаматтық кодекс шеңберiндегi жаңалықтарға
ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) жəне есеп айырысунесиелiк
қатынастарды реттейтiн (банктiк есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы
нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды
енгiзу туралы айтуға болады. Сенiм меншiгi жөнiндегi ұзаққа Ђї___созылған пiкiрталастар
Азаматтық кодекс нормаларында мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару қатынастарын бекiтуге
əкелдi. Сонымен бiрге кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарты қарастырылған,
бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында оның негiзгi ережелерi құқықтың əртүрлi
салаларымен реттелетiн жағдайларда зиян келтiрiлгенде жүзеге асатын толық құнды
деликтiлiк құқық қалыптаса бастады. Шарттық жəне деликтiлiк жауапкершiлiктi қарастыратын
ережелердiң (нормалардың) бiрге əрекет етуi анық көрiнедi, сонымен бiрге келтiрiлген
моральдық зиян үшiн өтемақы тағайындауды, құқыққа сəйкес келетiн əрекеттермен
келтiрiлген зиянды өтеудi қарастыратын нормалар да жетiлдiрiлуде (əрине соңғыларын бiз
деликтiлiк құқыққа шартты түрде қосамыз) . Өзiнiң азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандырған тұлғаларға зиянды өтеу туралы жалпы мазмұндағы нормалар пайда болды,
тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң кемiстiктерiнiң əсерiнен келтiрiлген зиянды өтеуге
жататын нормалар одан əрi дамытылуда. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды
адамдардың заңсыз əрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiгi
кеңейтiлген.
Интеллектуалдық меншiк құқығы барынша ретке келтiрiлген, аталған тəуелдi саланың
құрамына интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiн, соларға құқықтар пайда болу
негiздерiн жəне оларды қалыптастыру жəне пайдалануға байланысты шарттық қатынастарды,
сонымен бiрге оларды құқықтық қорғауды қарастыратын (реттейтiн) нормалар енгiзiлген.
Мұрагерлiк құқық та айтарлықтай елеулi өзгерiстерге ұшыраған, ол қазiр меншiк құқығы жəне
басқа да заттық құқықтардың тəуелдi саласымен қамтамасыз етiлетiн меншiкке билiк ету
мүмкiншiлiктерiне негiзделедi. Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлiкке, мұра құрамын
анықтаудың, ортақ бiрлескен мүлiк болып келетiн мүлiктi мұраға қабылдау, мұрагерлер жəне
лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен алыстату туралы жəне тағы басқа жалпы ережелерге
көңiл көп аударылған.
Жоғарыда айтылғандарға (меншiкке билiк ету мүмкiндiктерiнiң толықтығы туралы) өсиет
бостандығын кеңейту негiзделген, шарт қойылып жасалатын өсиет түсiнiгi пайда болған,
мұрагерлердiң мұрадағы мiндеттi үлесi төмендеген, өсиет құпиясына талап күшейтiлiп, құпия
өсиет мүмкiндiгi қарастырылған. Мұрагерлiк құқықта толығымен жекелеген бастаулар үстем
бола бастаған, сонымен қатар əдеттегi құқықтық нормаларды да есепке алу бар.
Жаңа Азаматтық кодекс құрамына халықаралық жеке құқық туралы толық құнды бөлiмнiң
енгiзiлуi оның тағы бiр ерекшелiгi болып табылады. Бұл - шетелдiк элементтермен азаматтық
құқықтық қатынастар саласының кеңейтiлуiнiң жəне олардың субъектiлiк қатары бойынша
“дəстүрiн” азаматтық құқықпен реттелетiн қатынастардың құрамына енуiн сипаттайды.
Азаматтық кодекстiң ерекше бөлiмiн сипаттауда тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау
жəне қызмет көрсетудi, сонымен бiрге тепетең айырбас негiзiнде құрылатын кейбiр
қатынастарды реттеу шарт еркiндiгiн қамтамасыз ететiндей болып құрылғанын жалпылай
атап өтуге болады. Сонымен қатар, оларға қатысушылардың құқығы бүтiндей салада жəне
соған сəйкес шарттық қатынастардың жекелеген түрлерiне жауапкершiлiк тетiгiн толықтап
реттеу жəне бекiту арқылы жоғары кепiлдi қорғалады.
Қазiргi құқықта мүлiкке билiк етудiң құқықтық нысандары көбейген, бұны бiз бұрын жанама
көрсеткенбiз. Азаматтық заңнаманың күшiндегi нормалары тұрақты тауар айналымын
қолдауға бейiм, олар оның саласына мүлiк ретiнде қарастырылатын (əңгiме шығармашылық
интеллектуалдық қызметтiң объектiленген нəтижесi жəне тауар айналымына қатысушыларды
формаландырудың құралдары жөнiнде) объектiлердiң кең қатары тартылған (олар шарттарда
нысанасы болады) . Көрсетiлген нормалар негiзiнде бағалы қағаздар нарығындағы қатынастар
одан əрi дамып, өркениеттiк есеп несиелiк қатынастар (соның iшiнде халықтың қатысумен)
қалыптаса түседi.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы бүтiндей толықтық сипатына
иемденгенiн атауға болады. Оның құқықтық тетiгiнiң əдiстерi, принциптерi жəне басқа да
жалпы бөлiмдерiнiң əрекетi бүтiндей жəне толығымен Ерекше бөлiмнiң нормаларына
таралған. Əрине, Ерекше бөлiмнiң нормаларын қолданғанда оларда қандай дəрежеде жалпы
мəндегi нормалар көрiнiс табады деген сұрақты бiз əлi де бiрнеше рет қоятын боламыз.
Дегенмен, құқық саласы қазiрдiң өзiнде бiртұтас құқықтық механизм ретiнде қалыптасуға
мiндеттi.
Бұл, оқулықтың екiншi басылымы болып табылады. Алғашқы басылым толықтырылып, оған
кейбiр өзгерiстер енгiзiлген. Онда Қазақстан Республикасының қайтадан қабылданған, яғни
2002 жылдың 16 мамырындағы “Мемлекеттiк сатып алу туралы”, 2001 жылдың 8
желтоқсанындағы “Темiр жол көлiгi туралы”, 2002 жылдың 24 маусымындағы “Кешендi
кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы”, 2001 жылдың 15 желтоқсанындағы “Азаматтық
авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы” жəне тағы да басқа бiрқатар Заңдары ескерiлген.
1ТАРАУ. САТЫП АЛУСАТУ. АЙЫРБАС
§ 1. Сатып алусату шартының ұғымы жəне элементтерi
Сатып алусату шарты бұл - мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi.
Əрекет етушi азаматтыққұқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың
əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты. Қазiргi
кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер, жеке жəне
мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi. Əрбiр шарт арнайы
субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар
жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алусату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды
сатып алусату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер
байқалады. Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтыққұқықтық шарттардың
ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму
жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.
Сатып алусату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас
дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға
меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың
Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт
мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды
басқаруына беретiн болып қарастырылады.
Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.
Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алусату шартын онда
мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде
бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар
пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк
меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн
көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай
мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi
сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды
одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарымқатынастарының
тəжiрибел_Ciк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406бабына сəйкес: “Сатып алу шарты
бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының)
меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал
сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын
(бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға
мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект
ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.
Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған
уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен
қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып
келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады. Бұл
мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады
деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау
үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы,
егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару
құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтiлгендей, сатып алусату шарты мүлiктi беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды.
Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр
сатып алусату шартының түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып
алусату шарты, кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң заңнамада Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексiнiң екiншi бөлiмiнде бекiтiлген қозғалмайтын мүлiктi
сатып алусату туралы жалпы нормалар жоқ. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар
айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар
қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алусату шартына ерекше бөлiмде
25тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алусату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт
ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының
немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi
талап етедi.
Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алусатуда, егер заңнама оларды
сатып алусату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады.
Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алусатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға
арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек,
өйткенi осылардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.
Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алусату консенсуалды шарт болып табылады. Ол,
екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып
алусату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр
уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi
өзгертпейдi.
Сатып алусату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi.
Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепетеңi болып келмейдi,
бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны
қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепетең
айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi
неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.
Кейде сатып алусату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн
(сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар) . Аталған мəмiлелер өзiнiң
заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны
мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi
шартпен жасалса) .
Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып
алусату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн
құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi
мөлшерi екi жақтықтан ауытқу болуы да мүмкiн.
Сатып алусату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. 1
Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк
жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде
ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алусату
шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды
реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер
оның сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып
алусату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн.
Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алусату шартының элементтерi болып бiздiң
көзқарасымыз бойынша да субъект, объект жəне мазмұн болып табылады. Шарттар
элементiнде “оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулi шарттар да, мерзiмi, нысаны мен
мазмұны, яғни екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi жатады”2 деген И. В. Елисеев жəне басқа
да авторлардың пiкiрiне өзiмiздiң келiспеушiлiгiмiздi бiлдiремiз. Мұндай көзқарас азаматтық
құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесiне терiс ықпал етедi, түсiнiктiң шынайы мəнiн
жоғалтуға əкеледi.
Сатып алусату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.
Бiрiншiден, бұл - сатып алусатудың экономикалық қатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz