Сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары

Сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары

Ғылыми мақалада сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары қарастырылған. Жұмыста орындаушылар, фонограмма шығарушылар және хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау заңнамасы және оның даму жолдары зерттелген. Жүзеге асырылған зерттеулер белгіленген құқықтардың халықаралық тарихын талдауына және оның Қазақстан Республикасының заңдарына әсер ету мәселелеріне бағытталған. Қорытынды ережелер ретінде Қазақстандағы сабақтас құқықтарды реттеу заңнамасының даму бағыттары шығарылған.

Түйін сөздер: сабақтас құқықтар, орындаушылардың құқықтары, фонограмма шығарушылар, хабар тарататын ұйымдар.

Сабақтас құқықтар, зияткерлік меншіктік құқықтың ажырамас бөлігі ретінде, оның пайда болу тарихымен тығыз байланыста. Зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғаудың пайда болу алғышарттарының бірі, ол оларды әртүрлі қол сұғушылықтан қорғау қажеттілігі болды.

Адамзат дамуында зияткерлік қызметке маңызды роль бөлінген. Ойлау қабілеті арқасында адам, зияткерлік қызметке қабілеттері жоқ басқалардан

жоғары тұрады. Адамның жеке ерекшеліктері ретінде ақыл-парасаттың дамуын, ақыл-есті адамның (homo sapiens) уақытына жатқызуға болады. Шығармашылық қызмет зияткерлікпен бір тұтас, сондықтан оларды бір уақытта пайда болды деп айтуға болады. Зияткерлік қызмет процесінің құқықтық қорғауына, адамның ойлау, шығармашылық қызметттерінің әділ

нәтижелері ғана жатады. Алайда олардың пайда болу процесі жеке сипатта ғана болып, нормативті-құқықтық шектеріне жатқызуға болмайды. Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, зияткерлік меншік құқықығының пайда болу тарихы ойлаудың пайда болу процесімен тығыз байланыста, бірақ оған ұқсас емес.

Нормалардың жиынтығы ретіндегі құқықтың ролі, ол шығармашылық еңбектің нәтижелерін тану, олардың үстемдігін бекіту, олардың жасаушылары және иеленушілерін қорғау болып табылады.

Біздің ойымызша, «зияткерлік меншік» санаты өзінің қалыптасуын, материалдық емес игіліктерді иелену жағдайына қатысты алғашқы құқықтық ережелерді бекітетін нормативтік құжаттардың пайда болуы кезінен бастаған.

«Сабақтас құқықтар» құқықтық санатының қалыптасуы, біздің пікірімізше, зияткерлік меншік құқығының айтарлықтай бекітілген институтының жаңа даму үрдістерінің пайда болуы нәтижесінде болған. Әртістердің өнер көрсетуін жазу мүмкін болмаған кезде, олар өз дауыстарын, дене қимылдарын және мимикаларын сатуды өздері бақылаған.

ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басы аралығында Томас Альва Эдисонның фонографы, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлердің кинематографы, Генрих Рудольф Герц және Гульельмо Марконидің радиосының пайда болуы, сабақтас құқықтарды мойындауға әкелген, техникалық прогрестің бастапқы қадамы болды. Осының нәтижесінде осымен екінші ғасыр қатарынан, орындаушы-әртістердің құқықтарын қорғау, авторлардың құқықтарын қорғау деңгейіне жақындай түсті. Эдисон көшірмелердің кез-келген көлемін шығаратын әдіс ашты. Ол матрицадан қайта құю техникасын қолданды. Осының нәтижесінде, цилиндр және диск көп уақытқа дейін бірге қолданылды, кейіннен диск біртіндеп цилиндрді шығарып тастады. Бруш өзінің еңбегінде, фонографиялық өнеркәсіпке едәуір

шығын әкелген 1929 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басталары алдында, шамамен 30 млн. дискі дайындалғаны туралы жазады. Кейіннен ұзақ ойнайтын күйтабақтар, жоғары сапалы күйтабақтар, шағын-кассеталар, шағын-дискілер, сандық жазбалар пайда болды. Фонографиялық жазба жүйесінің эвлюциясы мұнымен аяқталған жоқ. Бұл қайта жазып шығару сапасына, жеткізушілердің ықшамдалуына, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнының қысқаруына қатысты болды. [1, 306 б. ] .

Бұл жерде Д. Липциктің тарихи талдауын келтірген жөн болар, ол былай деп жазады, цилиндр және фонографиялық дискілер орындалған музыкалық туындыларды қайта шығару мүмкіндігіне ие болардың алдында, музыкалық жазба (кертігі бар цилиндрлар, музыкалық сағаттар, музыкалық машиналар,

музыкалық қобдилар, пианол, фонол және т. б. көмегімен), осы жеткізгіштерде жазылып қайта шығарылған туындылардың авторларының

құқығына тікелей қатысты болған.

Музыкалық қобдилар және механикалық музыкалық аспаптар қазіргі заманға сай болғанға дейін, авторлар өздерінің туындыларын осы механикалық аспаптарда орындалуына келісімдерін беретін, өйткені осының

нәтижесінде олардың туындылары көпшілікке танымал бола бастайтын. Алайда музыкалық туындылардың авторлармен механикалық музыкалық аспаптарды жасаушылар арасындағы қарым-қатынастар үнемі жақсы болған жоқ.

Музыкалық кобдилар жаңадан шыққан аспап болғандықтан ғана, көпшілік оған назар аударатын. Музыкалық туындылардың авторлары, механикалық музыкалық аспаптарды жасайтын өнеркәсіп иелерінен, өз туындыларын пайдаланғаны үшін сыйақы талап ете бастады.

Авторлық құқық Францияның заңнамасында 1791 және 1793 жылдары нақты белгіленіп бекітілуіне қарамастан, авторлар өз талаптарын қанағаттандыра алмады. 1864 жылы Франция және Швейцария коммерциялық келісімге қол

қойды, ондағы бір тармақ қана келіспеушілік туғызды, атап айтқанда Францияға музыкалық кобдилардың экспорты. Ақырында бұл сұрақ авторлардың пайдасына шешілмеді, өйткені Франция швейцариялық музыкалық қобдилардың импортын, авторлық құқықтардың бұзылуы деп қарастырмайтыны туралы келісімге қол жеткізді. [2, 306 б. ] .

Авторлар халықаралық аренада да қолдау таппады. Е. Шульцтың айтуы бойынша, 1886 жылдың 9 қыркүйегінде қол қойылған Берн конвенциясының бастапқы мәтінінде, механикалық музыкалық аспаптарды жасайтын швейцариялық өнеркәсіпшілерге ымыра беретін ереже болған. [3, 307 б. ] . Онда былай деп жазылған: «Жеке меншік болып саналатын, музыкалық туындыларды механикалық түрде қайта шығаруға арналған аспаптарды дайындау және сату, музыкалық контрафакция ретінде қарастырылмайды». [4] . Бұл ереже авторлар құқығын мойындауды қиындата түсті. Музыкалық туындыларды механикалық қайта шығару техникасы өз дамуын тоқтатқан жоқ. Берн конвенциясына қол қойылған кез- де, дискілер және перфотаспалар табиғатта болмағандықтан, оларды бұрын болған ме-ханизмдермен салыстыруға болмайды деген өтінішпен авторлар өз құқықтарын қорғау үшін сот төрелігіне жүгінді. Өйткені жаңа аспаптардың ауыстырылатын бөлшектері болғандықтан, бұл аспаптарды пайдаланудан түсетін пайданың бір бөлігі авторларға берілу керек болатын.

Механикалық аспаптардағы музыкалық туындыларды қайта шығаруға қатысты авторлардың жағдайы 1908 жылы ғана қалпына келе бастады. Бұл жылы 1886 жылғы Актінің қорытынды хаттамасындағы 3 тармағындағы ереженің күшін жоятын, Берн конвенциясына Берлин актісі қабылданды. Берлин актісінің 13 бабының бірінші абзацында былай деп айтылған: «Музыкалық туындылардың авторлары:

1) механикалық әдіспен орындау үшін бұл туындыларды икемдеуге;

2) көрсетілген аспаптардың көмегімен бұл туындыларды көпшілік алдында орындауға рұқсат етуге айрықша құқыққа ие». [5] .

Алайда осы баптың екінші абзацында, Одаққа кіретін елдер 13 баптың қолдануына қатысты ескертпелер және шарттар тұжырымдауға және де олар, осы ескертпелер және шарттарды қабылдаған елдерде ғана күшіне ие болады деп айтылған.

Аталмыш 13 бап Рим актілерінде (1928 ж. ) [6] .,

Брюссель актілерінде (1948 ж. ) [7] .,

Стокгольм актісінде (1967 ж. ) [8] ., одан кейін 1971 ж. Париж актісінде кездеседі. Онда қорғалатын мүліктік құқықтардың тізімінде қайта шығару (9 бап, 1 тар. ) құқығы кең көрсетілген, және де туындыларды қайта шығарудың барлық түрлері қамтылған: «Осы Конвенциямен қорғалатын, әдеби және көркем туындылардың авторлары, кез-келген әдіспен және кез-келген түрде

осы туындыларды қайта шығаруға рұқсат етуге айрықша құқыққа ие». Алайда, қандай да бір жаңсақтықты болдырмау үшін 9 бап, 1 тар. нақты жазылған: «Кез-келген бейне немесе дыбыс жазу осы Конвенцияның мағынасында қайта шығару деп қарастырылады». [9] .

Фонографиялық цилиндрлер және дискілерді дайындау техникасы жетілдіріліп оларды жаппай өндіру мүмкіндігі пайда болған кезден бастап, музыкалық туындыларды механикалық түрде қайта шығару орындаушы-әртістерге нұқсан келтіре бастады. Механикалық тәсілмен көшірілген және дайындалған дискілердің сатылымы өсіп, оларды радио немесе дауыс зорайтқыштар арқылы беру, сонымен қатар дауысты кинематографтың шығуы, орындаушылардың шетте қалуына әкелді. Бұл саладағы әртістер үшін техникалық үдерістің салдары өте қиынға әкеп соқты. [2, 308 б. ] .

Халықаралық еңбек ұйымы 1939 жылы жариялаған баяндамасында, бұл дағдарыс жалпыға бірдей және қалыптасқан жағдайдың қиын екендігін дәлелдейтін бірқатар статистикалық мәліметтер берілген. 1932 жылы Францияда шамамен он мыңдай театр әртістері болса да, олардың бір жарым мыңы ғана тұрақты жұмыс істейтін. 1935 жылы Америка Құрама Штаттарының әкімшілігімен құрастырылған, жедел көмек көрсетуге мұқтаж адамдардың тізімінде, жұмысы жоқ 15 мың музыканттың аты-жөні тіркелген. Жапонияда өткізілген ой еңбегі жұмысшылары арасындағы жұмыссыздық проблемаларын зерттеу көрсеткендей, 1936 жылы музыканттар арасындағы жұмыссыздардың саны 41% құраған, салыстыратын болсақ өндірістік кәсіпорындардағы техникалық қызметкерлер арасында бұл 16% болған. 1937 жылы Венада музыканттарға қатысты жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша, осы мамандыққа ие адамдардың 90% жұмыссыз болған [2, 305 б. ] .

Техникалық үдеріс баршаға музыкамен шаттануға мүмкіндік берді: музыканы жазу және үйден шықпай тыңдау мүмкіндігі пайда болды. Кафе, жанұялық тойларда, театр залдарында, кештерде, кинотеатрларда және т. б. жерлерде орындаушыларды фонограммалар, радиобағдарламалар және кинофильдердің дыбыс жолдарымен ауыстыра бастады. Музыканттармен туындыларды орындау мүмкіндігі өсуімен, олардың жұмысы азая бастады.

Музыканттардың кәсіби ұйымдары бұл жағдайға жедел жауап қайтарды. Д. Липциктің зерттеуі бойынша, ұлттық, сонымен қатар халықаралық деңгейлерде өткен әртүрлі конференциялар және кеңестер барысында, аталмыш ұйымдар, әдеби, музыкалық және көркем туындылары авторларына қатысты танылған тиісті тақырыптардағы үш құқықты, музыканттарға қатысты тануды талап еткен, атап айтсақ:

- көпшілік жерде орындалған, радио немесе телеарнадан берілген, не болмаса көшіріліп жазылған механикалық, радиоэлектронды және басқа да құралдарды пайдалану арқылы олардың орындауларын жазуға, хабарлауға және қайта шығаруға, рұқсат ету құқығы;

- әртістің жеке басын құрметтеуге қатысты, атап айтқанда туындыны өзгертуге немесе бұрмалауға қарсылық білдіру құқығы және автордың есімі аталу құқығына қатысты, жеке мүліктік емес құқықтар;

- дискілерді сатудан түсетін пайдадан пайыз алу құқығы, сонымен қатар туындының көшірмесі көпшілік жиналатын жерлерде әрқашан орындалған сайын, егер де орындау арнайы осы үшін жасалып және осының негізінде орындаушылар сыйақы алмаған жағдайда, радио бойынша әрдайым берілген сайын туындының орындалуын өтейтін және де әділ болатын ар- найы сыйақы алудағы мүліктік құқық [2, 309 б. ] .

Соңғысы туралы айтатын болсақ, Д. Липциктің пікірі бойынша, экономикалық өтемақы:

- тыңдаушылар қатарының кеңеюіне байланысты. Жаңа техникалық құралдарды пайдалану нәтижесінде тыңдаушылар қатарының кеңеюінен пайда алу үшін, концерттік залда өнер көрсететін әртіс, егер де оның спектаклі өзі өнер көрсетіп жатқан жерден басқа жерде (радио, дауыс зорайтқыш арқылы) жүргізілсе, арнайы сыйақы алуға құқығы болу керек. Жазбаларға қатысты айтатын болсақ, егер де жазбалар көпшілік жиналатын жерлерде қолданылса, тыңдаушылар санының кеңеюіне байланысты орындаушылар арнайы сыйақы алуға тырысты.

Сонымен қатар олар, әрбір сатылған діскінің құнынан пайыз төлеп отыруды талап етті, өйткені олардың пікірінше, әрбір дананың сатылуы тікелей орындауға тең келеді;

- радиохабар таратудың жазбамен өзара байланысын есепке алуға байланысты.

Концерттік залдан тікелей хабар жүргізу, радио-хабар жүргізу, тікелей эфирде орындаудың жазбасы және осы жазбаны қайта көрсету сияқты әртүрлі пайдалану тәсілдері, әртүрлі түрдегі сыйақы алуға құқық беретіні туралы белгілі болды [2, 310 б. ] .

Сондай-ақ, көрсету сапасы және көркемдік деңгейіне байланысты орындаушылықты пайдалануды бақылау және табысты дұрыс бөлу әдістеріне қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Осыған байланысты, орындаушылардың сыйақысы, музыкалық туынды авторлары алатын сияқты тиімді болу үшін, оны құқықтарды ұжымдық басқару органы жүзеге асыру керек деген пікірлер айтылды. Сонымен қатар, музыкалық ансамбльдер немесе оркестрлер туралы да сұрақтар туындады, орындаушылардың барлығы осы құқыққа ие бола ма, жоқ әлде ол дирижерлер немесе оркестр жетекшілері немесе жеке солистке қатысты болу керек пе? Осы құқыққа ансамбль ие болса да, ол ансамбльдің атынан шығатын бір адам, мысалы жетекшісі болу қажет деп аталып өтілді.

Ғылыми-техникалық үдеріспен байланысты орындаушылық өнердің дамуындағы осы барлық жағдайлар, ұлттық және халықаралық деңгейде орындаушылық құқықты құқықтық реттеу қажеттілігіне әкелді. Халықаралық

деңгейде орындаушы-әртістер құқығының танылуы, авторлық құқық конвенциясынан тыс, фонограммалар құқығы және эфирлік хабарларды тарату ұйымдары құқығының танылуымен бір уақытта келді. 1961 жылы Римде үш халықаралық ұйымның бастамасымен осы құқықтарға қатысты конвенцияға қол қойылды:

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Берн одағының Халықаралық бюросы (оның орынына ВОИС келді) және ЮНЕСКО [10]

Бұл акт орындау санатын зияткерлік меншік құқығының жеке объектісіне бөліп қана қоймай, құқықта фонограмма, эфирлік және кабельді хабарлар тарату объектілерін бекітті.

Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені дыбыс жазудың пайда болуымен, фонограмма деп аталатын өндіріспен байланысты бір тұтас сала пайда болды. Оларды құру, жарнамалау және таратуға өте үлкен қаражаттар жұмсалды. Сонымен қатар, шамамен ХХ ғасырдың ортасында телерадиохабарлар тарату ұйымдары, бөтен бағдарламаларды өздері ғана тегін таратумен қоса, олардың да бағдарламаларын бәсекелестері тегін алып қолданатынын байқаған. Осының барлығы орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельді хабар тарату ұйымдары құқықтарын бір санатқа біріктіруді талап етті.

Осыған байланысты, «сабақтас құқықтар» терминінің пайда болуы, бұрын пайда болған орындау, қойылым, фонограмма және хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары сынды зияткерлік қызмет объектілерін құқықтық қорғауының бөлініп шығуының соңғы кезеңі болып табылады.

1991 жыл - Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бастап қазіргі уақытқа дейін, Қазақстан үшін ұлттық деңгейде сабақтас құқықтардың дамуының елеулі тарихи кезеңі болып саналады. 1991-інші жылға дейін, әлемде сабақтас құқықтардың бөлініп бекітілуі қарқынды жүргізіліп жатқан кезде, Қазақстан Кеңес социалистік елдер одағының құрамында болды, ал оның заңнамасында «сабақтас құқық» деген ұғым болған жоқ. Республика аумағындағы сабақтас құқықтардың қазіргі замаңғы даму бағыттары, тәуелсіз Қазақстан заңнамасының даму тарихын белгілейді. Дүниежүзілік деңгейде ҚР сабақтас құқықтар туралы заңнамалық ережелердің қалыптасуын және жетілдірілуін кезең-кезеңмен қарастыратын болсақ, біздің мемлекет зияткерлік меншік объектілерін реттеу саласында, дүниежүзілік іс-жүргізу саясатын ұстанады. Тиісті ережелердің даму кезеңдері Т. Е. Каудыровпен көрсетілген:

1. монополиялық артықшылықтар кезеңі (15-18 ғғ. ) ; 2. зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесінің өркендеу кезеңі (1790-1883 жж. ) ; 3. дүниежүзілік конвенциялар кезеңі (1883 жылдан бастап қазіргі кезге дейін) [11, 19 б. ] . Осының барлығы Қазақстан Республикасында барынша қысқартылған мерзімде өтеді. Сабақтас құқықтардың даму тарихын, зияткерлік меншіктік құқық институтының бөлімшесі ретінде зерттеген кезде байқауға болады. Оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың объектілері
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау
Авторлық құқық субъектілері
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
ҚР авторлық құқықтың ерекшеліктері
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz