Мал сою цехы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Реферат
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена
кафедрасы
Тақырыбы: 8. Союға рұқсат етілмейтін мал аурулары мен басқа да жағдайлары. Ауру малдар мен ауруға қарсы егілген малдарды союға жіберудің ветери-нариялық ережелері

Орындаған: ВС-315
Исахожа Жұлдыз
Тексерген: Жумагелдиев А.

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Сойыс малының жалпы сипаттамасы
2.2. Малдарды қандай аурулар кезінде союға жібермейді
2.3.Ауру және вакцинделген малдарды сойысқа жіберудің ветеринариялық ережесі

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ет және ет өнімдерінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.
Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Еттің сапасы әртүрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т.б. кіреді. Малды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Ет пен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.
Ет өндiрiсiнде, ең бiрiншi етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Етке арнайы өсiрiлген еттi тұқымды малдан алынған еттiң сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетiн малды "сойыс малы" деп атайды. Бiзде сойыс малына iрi қара, жылқы, түйе, шошқа, қой, ешкi, бұғы, қоян және үй құстарының бәрiн жатқызады. Сойғаннан кейiнгi жүретiн биохимиялық өзгерiстердiң ерекшелiктерiне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдердi сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өсiру, бордақылау) ұжымшарда, арнайы фермаларда, бордақылау кешендерiнде, кооператив мекемелерiнде, құс фабрикаларында т.б. орындарда жүргiзiледi.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашалықтардың өркендеуiне байланысты, ет өндiрiсi үшiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғарылауда. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне қарамастан Қазақстанда ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң мүмкiншiлiгi зор. Соңғы жылдары үкіметіміз мал шаруашылығын өркендетуге үлкен көңіл бөлуде. Жыл сайын бұл бағытқа қомақты қаржы бөлінуде.

Негізгі бөлім

2.1. Сойыс малының жалпы сипаттамасы. Ет өндірісінде, ең бірінші етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісіне қолданады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс малы деп атайды. Бізде сойыс малына ірі қара, жылқы, түйе, қой, ешкі, бұғы, қоян және үй құстарының бәрін жатқызады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдерді сойыс малына жатқызбайды. Мал сою арнайы мал сою цехтарында жүргізіледі.

1 - сурет. Мал сою цехы

Ірі қара. Ет өндіруде ірі қараның маңызы зор. Әсіресе ірі қараның етті тұқымдары тез жетілумен, еттің дәмділігімен ерекшеленеді. Қондылығы жоғары ірі қарадан орташа есеппен 65% (55-70%) ет алынады. Ет шығымы деп - мал ұшасының массасының, малдың тірілей массасына, процентпен есептегендегі қатынасын айтады.

Қой мен ешкі. Қазақстандағы ет өндірісіне қой етінің үлес салмағы 50% шамасында. Қой етінің сапасы және шығымы қой тұқымыны көп байланысты. Жүнді қойлардың ішкі ағзалары, терісі және сүйегі жақсы дамыған.
Ешкі. Республикадағы ешкілердің көпшілгі сүт, жүн, түбіт өнімдерін беретін тұқымдарға жатады. Сүтті ешкі тұқымдарына қарағанда жүнді, түбітті ешкілердің еті сапалы. Қазақ ешкілері ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін көптеген ешкі тұқымдарының аралас келген түрлеріне жатады.
Жылқы. Аса дәмді де құнды және арзан ет алуға болаынына қарамастан, жылқыны өсіруге республикамызда айтарлықтай көңіл бөлінбей келеді. Етінің шығымдылығы жөнінен қазақ жылқысының жабы тұқымының орны ерекше. Олар ауа райының қандай жағдайына болса төзімді, жемшөп талғамайды, үнемі далада тебінде, жайылымда өсіп жетіледі. Жақсы жайылымда тері астындағы және ағзалардың айналасындағы майы 40 кг дейін жетеді.
Түйе. Шөл және шөлейт аймақтарда түйенің шаруашылықта маңызы ерекше. Ол тұзды суды, басқа мал жемейтін өсімдіктерді қанағат тұтады. Сондықтан оны басқа мал түліктерімен бірге, оларға тиімсіз өсімдіктерді пайдалана отырып өсіруге болады. Түйенің екі түрі. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе). Қос өркештінің таза қандысын - дромедор, нардың таза қандысын - бактриан деп атайды. Шошқа. Шошқа еті өте тез өсімталдығымен, азықты жақсы өтеуімен ерекшеленеді. Әр шошқа жылына 18-20 және одан көп торай әкеледі, ал бордақыланған торай 6-7 айлығында 90-100кг және одан да жоғары салмаққа жетеді. Өнім түріне қарай шошқа тұқымдары негізгі үш түрге бөлінеді - етті, майлы және беконды.
Құс. Ет өндірісі үшін тауық, үйрек, қаз, түйе тауық пайдаланылады. Құстың тез жетілуі одан аса сапалы етті тез арада өндіруге мүмкіндік береді.
Қоян. Етті тұқымдарға Шиншилла, Жаңа зеландиялық, Калифорниялық тағы басқа жатады. Тірілей салмағы 6-7кг дейін жетеді. Етінің шығымдылығы 51-55%.

2-сурет.
2.2. Малдарды қандай аурулар кезінде союға жібермейді. Мал дәрігерлік байқау нәтижесінде малды сою тәртібі анықталады. Мал ешқандай шек қоюсыз союға (тек қана дені сау мал), шекті союға (санитарлық қасапханада) жіберіледі, ал кейбір жұқпалы аурулары бар жөне жанталасып жатқан малды союға рұқсат етпейді.
Төмендегі аурумен ауырған немесе осы ауруға күдікті малды союға рұқсат етілмейді. Топалаң (жамандат, қараталақ, ақшелек), қарасан, сіреспе, ботулизм, сиыр, түйе обасы, құтыру, жыбырлақ, уытты ісіну, қойдың энтеротоксемиясы, сиыр, қой қызбалы қабынуы, туляремия, маңқа, эпизоотиялық лимфангоит, мелиоидоз, қоянның миксоматозы және геморрагиясы, құстың грипі. Тексеру нәтижесінде мал екі топқа бөлінеді.
Топалаң (Anthrax). Бұл аурумен барлық түлiк: iрi қара мал (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек, қара без), қой (топалаң), шошқа және адам (түйнеме, күйдiргi) ауырады. Аурудың аса жiтi тұрiнде ауырған мал бiрнеше сағат iшiнде өледi.

1 - сурет. Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Аурудың қоздырушысы - Вас. аnthracis-сыртқы орта жағдайына шыдамды болады. Оның сыртқы пiшiнi таяқша тәрiздi, Грам бойынша оң және барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, қозғалмайды, ұзындығы 4-8 микрон, енi 1-1,5 микрон, сыртынан капсуламен қапталған. Ауру малдың денесiнде қоздырушының вегетативтiк түрi болады да, сойылған малда, ауа мен кұн сәулесiнiң әсерiнен 15-42С жылылықта 6 сағаттың iшiнде спора түрiне айналады.
Уытты iсiк-(Oedema malignum-газды гангрена, злокачественный отек)-жарақатты газды инфекция. Бұл ауруға жылқы, iрi қара, қой мен ешкi, шошқа, бұғы т.б. хайуандар шалдығады. Ауру қоздырушысының жараға енген жерi газға толып iсiнедi, қатайып қабынады, өлiеттенедi, осының салдарынан бүкiл дене уланып қағынады. Уытты iсiктiң қоздырушылары болып Cl. septicum, Cl. oedematiens, Cl, perfringeus, Cl, hystolyticum анаэробтық микробтары саналады. Бұл микробтардың барлығы да спора тұзедi, ыстыққа шыдамды келедi.
Жыбырлақ- (Bradsot)-қой мен ешкiнiң ұлтабары мен он екi елi iшегiнiң шырышты қабықтары қанталап қабынып, үлпершектi ағзалары азғындап лезде тарайтын энтерогендi-септикалық жұқпалы ауру. Қоздырушысы-Cl. septicum және Cl. oedematiens, Cl. gigas, Cl. sorgellii, Cl. perfrindens - ұштары жұмырланған, ұзындығы 4-8, енi 1-1,5 микрон. Грамм әдiсiмен оң боялатын таяқша, спора түзедi, сыртқы ортаның әсерiне шыдамды. Мәселен топырақта 3-4 жыл,суда 1жыл,терi және жұн арасында 2 жылдан астам уақыт сақталады. 100С қайнатқанда 30-60 мин. iшiнде өледi.

2-сурет. Жыбырлақ ауруы

Құтырық-(Rabies, бешенство). Ауыл шаруашылығы мен жабайы хайуандарды зақымдайтын жiтi жұқпалы ауру. Бұл аурумен адам да ауырады. Құтырған ит, қасқыр, қарсақ, түлкi адам мен малды тiстесе, сiлекей арқылы ауру жұқтырады.
Аурудың қоздырушысы рабдовирустардың тұқымдастығына жататын, рибонуклеин қышқылы бар вирус. Вирус орталық жүйке жүйесiнiң ұлпаларында ми мен жұлын сұйықтықтарында, сiлекей бездерiнде және олардың сiлекейiнде, ұйқы безiнде өсiп-өнедi. Ауру сиырдың сүтiнен де вирус табылғаны туралы да мәлiметтер бар.

3 - сурет. Құтырықтың жануарлар арасында таралуы

Маңқа- (Malleus, сап)-сыңар тұяқтылардың өте жұқпалы созымалы ауруы. Ауру малдың өкпесi, танауының шырышты қабықшаларында және терiсiнiң әр жерiнде осы iндетке тән түйнектер пайда болып, ол асқынып уытты жараға айналады. Маңқамен адам да ауырады. Қоздырушысы - Pseudomonas Actinobacillus mallei- ұзындығы 2-5 мкм қозғалмайтын, тiк немесе жұмыр ұшы иiлген таяқша. Патологиялық материалдан немесе коректi ортадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын мал сою бекеті Құс өнімін өңдеу кәсіпорындары
Терілерді сақтау цехы
Құс ұшаларының ақаулары
Объектінің орнын және аумағын таңдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ЖАНУАРЛАР ЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Жармаларды пісіруге дайындау
Алимпиев шұжық цехы шығаратын ет өнімдердің сапа көрсеткіштерін анықтап, ветеринарлық санитарлық баға беру
Малды есеңгірету
Пәндер