Христиан дінінің шығу тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  • Христиан дінінің шығу тарихы
  • Православие, Католицизм, Протестанттық
  • Қазақстандағы христиан тарихы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') - Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін [1] . Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2. 2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн) ;

апостолдардың арнаулы хаттары;

Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т. б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 - 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 - 390), Григорий Нисский (335 - 394), Василий Кессарийский (330 - 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 - 11 ғасырларда

Христиан дінінің шығу тарихы

Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б. д. д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б. д. д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес - Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни-ұлттық топтары - хасидейлер (ізгі яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, “яхуди патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады.

Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдында тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады. Олар жергілікті би өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады. Дегенмен, көп ұзамай христиан дінін уағыздаушылар көбейіп оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы IV-VI ғасырларда қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330-360), Григорий Нисский (335-394), Василий Кессарийский (330-397) маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмайды. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келеді. Vғасырдың ортасында ортодокстық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктеледі.

Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынады. Сойтип, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналады. Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырады. Осының бірң жаңа дінді байыты, нығайтса оның ұлттық - этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени - интелектуалдық күшке, бұқаралық козғалысқа айналдырады. Христианшылдықтың бұрынғы діни - мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Бастапқыда негізінен қоғамның төменгі - таптар, құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және т. б тұрған дін II-III ғ/дың соңына қарай қолөнершілерді, саудамен айналысушыларды, жер иелері мен шонжарларды, сенаторлар және әскери атағы бар адамдарды да өзіне тарта білді. Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мендіни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты. Ол заманда Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналған. Христиандар бұл рәсімді ұстаудан бас тартқандықтан, императорлар Трян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж шамасы), Диоклетиан (245-316) және т. б кезінде христиандар қатты қуғынға ұшырады. Ал азап шеккендердің культі христиандықтың таралуына және христиандардың одан сайын бірігуіне ықпал етті. Қуғыннан жапа шеккен көптеген христиандар шөл далаларға қашып, христиан монахтығының пайда болуына негіз қалады. Қанша қуғындалса да христиан дінін ұстанушылардың бірте- бірте әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Осылайша шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі болатын.

«Христос» сөзі грек тілінен аударғанда мессия, құтқарушы дегенді білдіреді. Көне өсиеттен жеткен мәлімет бойынша Иисус Христос сүндеттеліп, Тауратты оқып, Шаббат шарттарын сақтап синагогаға барып, иудизмнің діни мерекелерін қабылдаған.

Православие, Католицизм, Протестанттық

Православие - құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті қасиетті құпия дәстүрді құрайды: шоқындыру, тазару (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), миромен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету литургия болса, басты мереке - Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Православие тарихи-өңірлік тұрғыда Балқан түбегіндегі грек, болгар, серб, черногорлықтар, македондықтар, румындар мен албандардың бір бөлігінде, ал Шығыс Еуропада шығысславяндық халықтардан өзге грузиндер, гагауздар, абхаздар мен осетиндер, молдовандар арасында, Ресей Федерациясында орыстармен қатар чуваштар, удмурттар, комилықтар мен карельдер, сахалар, ноғайбақтар ішінде тараған. Өткен ғасырдың аяғында православиенің таралуы қара құрлықта Сахара шөлінің оңтүстігінде және Оңтүстік-Шығыс Азияда жайыла бастаған. 1453 жылы Византияның құлауымен осы бағытты ұстанатын елдерде бір-бірінен дербес автокефалды шіркеулер құрылды. Православиеде католик дініндегідей бір дінбасыға бағынған орталық жоқ. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.

Католицизм (гректің Кatholikos - жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) - бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді. Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» - жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерекшелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасындағы тазартқыштың (чистилище) болуы.

Қазақстандағы христиан тарихы

Христиан діннінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды. XVIII ғ/дың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер лезде орындала қоймады. 1820 ж/р аралығында орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Қырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қырғыздар деп атады) құру жайында сұрақтар қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегідегі тұрғылықты халықтарға православие дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді. XIX ғ. Екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты ауылдар арасында Қазақ тілінде ізгі хабардларды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргізуден, ғибатханалар тұрғызудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа өсиеттің киелілердең өмірі жайында және әр түрлі құдайлардың қызметіне арналған әндердең аудармалары болды. Қазақстанда православие сенушілері саны бойынша Ислам кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол орыс Православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ дәстүр қауымдастықтарымен көрініс табады. Еліміздегі православинің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстарымен байланысты. 1871 Түркістан Ипархиясы құрылып, одан Қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент ипархиялары таралды. 1917 жылы революцияға дейін, православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды. Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы «Діни сенім бостандығымен, Діни Бірлестіктер туралы» заң, 2011 жылы «Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданды. Алғашқы асығыс қабылданған заң, қазақ жеріне миссионерлерді ағылтқаны аян.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Қазақстандағы христиан тарихы
Римнің рухани құлдырауы
Христиан діні
Пресвитерандық шіркеуі
Христиан дініндегі өнер
Христиан шіркеулерінің кұрылуы
Діннің тұжырымдамасы
Христиан дінинің қалыптасуы
Кристофер Генри Доусонның тарихқа христиандық көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz