Заттық сабақ: анықтамасы, ерекшелігі және жоспарлау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№12 СӨЖ

Заттық сабақ, оның ерекшелігі, жоспары.

1. Заттық сабақ туралы түсінік.

2. Заттық сабақтың ерекшелігі.

Мектепте оқу пәндерінің материалдарын меңгерту үшін ұйымдасты- рылатын біртұтас жүйе оқу-тәрбие процесі деп аталынады. Бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу әртүрлі ұйымдастыру формаларында жүргізіледі. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға, сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.

Заттық сабақ - балалардың танып білетін заттың суреті немесе модель түрінде немесе тікелей өзімен жұмыс жүргізетін сабақты айтады.

Заттық сабақтар - бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын кез келген жеке бір зат не болмаса дене туралы сабақ. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары - минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі заттар жатады.

Заттық сабақтар оқушыларға дүниетануының алғашқы сатысы нақты қабылдаумен қатар айналадағы дүниенің формасы мен құбылыстары туралы айқын материалистік ұғымдардың жинақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың заттармен-материалдық дүние бөліктерімен тікелей танысуы нәтижесінде игерген өмір тәжірибесі негізінде оны дүние көрінісі жайындағы ұғымы тереңдеп, кеңейеді және адамның тұрмыстық тәжірибесі қалыптасады.

Заттық сабақтар заттармен алғашқы рет түйсік арқылы танысуға мүмкіндік беру керек. Танып біліп отырған затымыз біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін болса, онда таныс емес затымызды білетін болып шығамыз.

  • Заттық сабақтарда оқылатын заттар өте алуан түрлі: табиғаттың тірі объектілері - жануарлар мен өсімдіктер;
  • көмірдің жеке кесектері, шымтезек, саз балшықтар; қар және мұз; компас, термометр, флюгер және т. б. заттар болуы мүмкін.

Заттық сабақтар өндіріске және табиғатқа экскурсия жасағаннан кейін жиі өткізіледі. Мысалы, кірпіш зауытына экскурсия жасалғаннан кейін оқушылар арнайы заттық сабақта саз балшықтың қасиетімен, өртенген және өртенбеген кірпішпен толық танысады.

  • Заттық сабақтарды өткізуге мұғалімнің дайындығы. Заттық сабақтарда мұғалім балалардың назарын білім алуға бағыттайды, сонымен бірге ол балалардың алған түсініктері мен ұғымдарын толықтыра және тиянақтай түседі.

Мұғалім заттық сабаққа оқу құралдары мен материалдарын дайындаған кезде балалар оқылатын заттың қасиеттерін басқа рецепторлармен қабылдағанда сезе ала ма, жоқ па, оны мұқият қарауы керек. Мысалы, оқушыларды зиянды көбелектер капуста көбелегі, шалқан көбелегі, күз қоңыр көбелегінің сыртқы түрімен таныстыру кезінде, олардың қанаттарының бояуын және әшекейін көрсету керек. Ол үшін шыны қорапта бекітілген көбелектің құрғақ коллекциясын пайдалануға болады.

Заттық сабақ кезінде мұғалім әрбір партаға, тіпті әрбір балада оқылатын зат болатындай етіп ұйымдастырса, онда тіпті жақсы болады. Мұғалім оқушылардың ойлауын, қорытынды жасауын, сабақ үстіндегі жұмыс барысында танысқан заттарының ерекшеліктерін анықтауды қажет ететін бірнеше сұрақтар дайындайды.

Заттық сабақтағы оқылатын объекті мұғалімнің баяндауы кезіндегі көрсетілетін зат қана емес, сонымен қатар ол жаңа білім беретін зат болу керек. Заттық сабақтарды заттың суреттегі бейнесін немесе кітаптағы сөзбен берілген сипаттамасын қарастырумен, мұғалімнің баяндауымен алмастыруға болмайды.

Заттарды көріп білу балаларға тиянақты білім береді, ол ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға себепші болады, олардың сөздік қорын байытады. Сондықтан мұндай сабақты міндетті түрде өткізу керек.

Сабақ кезінде жеке заттарды оқып білу жалпы ұғымдардың қалыптасуының құралы болып табылады, өйткені заттарды оқып білу процесіне баланың барлық сезім мүшелері қатысады және оның салыстыру жолымен белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндігі болады.

Заттар әрбір оқушыда болуы керек, бірақ егер көретін заттары аз болса және барлығына жетпесе, онда оларды мұғалім өзі демонстарциялайды. Демонстарцияланған заттарды оқушылардың қолымен ұстауына, жақын көруіне беру керек. Ол үшін мұғалім заттарды әрбір партаға алып барады немесе балаларды стол қасына шақырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математика пәнінен сабақ беруге дайындық пен сабақ жоспарлау әдістемесі
Рационал сандар: анықтамасы, тарихи дамуы және сабақ жоспарлары
Жүзушілердің спорттық машықтануы: түрлері, әдістері, жоспарлау және сабақ мазмұны
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру: әдістемелік негіздер, сабақ құрылымы және жоспарлау
Сабақты жоспарлау: оқытуды ұйымдастыру формалары, сабақ типтері мен құрылымы
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын: анықтамасы, түрлері және жұмысты жоспарлау
Фирмалық жарнама: анықтамасы, тарихи дамуы, түрлері және жоспарлау
Әдебиет пәнінде шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі: сабақ типтері, кезеңдері және жоспарлау
Қазақстандағы заттық құқықтың ұғымы, белгілері және меншік иесі емес тұлғалардың заттық құқықтары
Меншік пен өзге заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау: заттық-құқықтық және міндеттемелік-құқықтық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz