МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТА АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ МӘСЕЛЕЛЕР


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТА АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдістемелік нұсқау
Түркістан 2015
ӘОЖ -373. 24
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы базасында әзірленді. Хаттама №1
Дайындағандар:
Г. Т. Абдуллина , Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің PhD, доцент міндетін атқарушы.
А. У. Анарбаева , Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің магистранты.
Пікір жазғандар:
А. Жолдасбеков, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
А. А. Жумадуллаева, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытушы заттық орта арқылы ұлттық тәрбиеге баулу мәселелері: Әдістемелік нұсқау. Түркістан: 2015- 45 бет.
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны - балабақшаларда балаларға ұлттық тәрбие бер мақсатында заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру әдістері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды әдістемелік материалмен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нұсқаудың мақсаты түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін, дамытушы ойындарды дайындау және өткізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына практикалық көмек көрсету болып табылады.
Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде, қазіргі қоғамда экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан өзін таныта отырып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу жағдайында. Білім, ғылым жүйесін, мәдениетін дүниежүзілік өркениет үлгісінде қалыптастыруда. Себебі, кез-келген егеменді елдің рухани даму барысында өзіндік ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктер сол елдің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, сол елде мекен еткен халықтың тұрмыс-тіршілігімен сипатталады. Сол халықтың тәжірибесі жоғалмайды, халықтық сана мен идеяда, қоғамдық жүйелерде, мәдени даму барысында жүйелілікпен дамып жетіледі.
Білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын дамыту, білім беру үдерісін реформалау мәселелері тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайды. Сондықтан, үздіксіз білім беру, тәрбиелеу жүйелерін дамыту жұмысы адамзаттық құндылықтарға негізделуде, жаңа бағыт алуда.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында: «Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болу, бұл арада қазақ мәдениетіне, мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды», - делінген. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде: « . . . қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек», - деп ерекше тоқталған, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылу қажеттігі балабақшалардың қалыптасу, даму зандылықтарын, қазіргі қоғам дамуының талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді. Себебі, білім беру - әлеуметтік үрдіс, сондықтан, ол әлеуметпен бірге дамып, бірге өзгеріске түсіп отырады.
Қазақстан Республикасына адал, батыл, елін сүйетін азамат тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздердің мазмұнын түсініп, қастерлейтін, өз халқының дәстүрлерін құрметтейтін, өзге халықтармен жақсы қарым-қатынас орната алатын, отбасында өз міндеттерін түсініп атқаратын пейілді тұлға тәрбиелеу керек».
Бала тәрбиелеудегі осы мақсаттар мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Тіл туралы Заңда, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарында, мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында атап көрсетілген.
Толық құнды тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру стандарт пен талаптар нормаларына жауап беретін ғимараттарда жүргізілуі керек. Бұл әдістемелік нұсқаудың мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарында дамытушы заттық орта қалыптастыру бойынша нақты талаптарға сәйкес бағытталған.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ
ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОРТАНЫҢ РӨЛІ
Мектепке дейінгі балалардың тұлғасын дамытудың негізгі құралдарының бірі - орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі аса маңызды. Себебі балазаттық ртада ойнау арқылы білім алады. С. Л. Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. «Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі жолдары айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тәрбиеші әр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да әр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.
Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақта, аюда, сайқымазақта, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл ойыншықтардың барлығы үлкендер үшін - балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ. . Екінші жылдың басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.
Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасындағы әсерлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер өткізу және нақты тілдік білігін қалыптастыруды жүзеге асыру қажет болады.
Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте балалармен заттық орта туралы әңгімелесу, екі-үш жаңа сөз меңгерту көзделеді.
Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай:
- Балалар бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) білуге тиісті, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады. Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілеу.
- Үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне сәйкес топтау.
- Заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, көрпеше, кілемше, ою, білезік, сақина, алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті.
Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін - Монтессори әдісін қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс- әрекетке итермелейді.
Заттық дамытушы ортаны құруда басшылыққа алынатын қағидалар талаптар болады. Осы мәселелерге мына томендегі кестелерде тоқталамыз:
Кесте - 1
Кесте - 2
Бұл психологиялық - педагогикалық өлшемдерді ескеріп заттық ортаны әр тәрбиеші өз еркімен ұйымдастыра алады. Себебі бала жалықпауы үшін заттық ортаның орналасу тәртібін ауыстырып отыру қажет. Демек, осы жағдайда тәрбеші өз еркімен дайындаған ортаны көшіру оңай болады. Міндетті түрде дамытушы орта білім беру салаларын толықтай қамтылуы керек.
Кесте - 3
Сезім мүшесін дамытатын материалдар - әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады. Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады. Бірақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекет кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі. Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өтілуі керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2. Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар:
Ойынның түрі «Қызғылт ғимарат»
Керекті құралдар: «Қызғылт ғимарат» 10 шаршыдан құралады (ауыр ағаш, қызғылт түс) шаршының мөлшері 1см ден 10 см ге дейін барады.
Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады. Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады. Мұғалім баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды, ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.
1. Затты дұрыс атауға үйрету.
2. Заттың атын атау бала сол затты алып келеді.
3. Затты атап жаттығады.
Математикалық материалдар - математикалық материалдар ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттармен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді. Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді. Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді. Математикалық монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады. Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды. Мысалы: ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен пішін туралы түсініктері пайда болады.
Ойынның аты: «Сылдыр қағаздағы сандар»
Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру. Қол икемділіктерін дамыту.
Жас мөлшері: үш жастағы балалар
Материалмен жасау жолдары: тәрбиеші 1-3 сандарды үстел үстіне қойып бастырады. Балаға кез- келген санды тандауға рұқсат етіледі. Сабақ екі санды тандаудан басталады. Бала алдына тәрбиеші санды жазу кестесін қойып, санның жазылу ережесіне сүйеніп таңбасын түсіреді. Бала алдымен санды атап, сосын таңбасын жазуға кіріседі. Осылай бірнеше рет қайталанады.
1. Математикалық ұғымдарды тез игереді.
2. Сан және санау жүйесін игереді.
3. Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.
Сөздік қорын дамыту материалдары - қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады. Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар, әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді. Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді игереді. Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы: затты атау, ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр және т. б.
Ойынның аты: «Қозғалмалы алфавит»
Керекті құралдар: екі жәшікте толық алфавит бойынша штамтық әріптердің бірнеше түрлері салынады. Сылдыр қағаздың көлеміндей әріптер болуы керек. Дауысты дыбыстар қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстар көгілдір түспен белгіленеді. Екі жәшікте бір жолда жазылған әріптер салынады.
Мақсаты: әріппен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материалмен жұмыс жасау жолдары: Тәрбиеші себетке бірнеше заттарды салады. Мұнда атаулары мен жазулары сәйкес болады. Бала затты алып атын атайды, ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әріпін таңдап береді. Бала сосын қалған әріптерді құрып, сөзді тізіп береді.
1. Дыбыс пен шуды ажыратады
2. Сөздік қоры байиды
3. Сұраққа толық жауап береді.
4. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Күтілетін нәтиже.
1. Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.
2. Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді.
3. Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.
Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын.
Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі - заттық орта. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық, дене, адамгершілік т. б. тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады.
Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.
Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады. Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес. Психологиялық дамуда заттық үрдістің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет.
Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.
Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау, дәм, иіс сезімдерін тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық ортамен таныстырады.
Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай;
- Жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық және икемді болуы;
- Тартымды ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;
- Құралдар оқу іс-әрекетінің мазмұнына сәйкес және жан-жақты;
- Ересектер мен балалардың бірігіп әрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.
Баланың өз бетінше қолдануына ыңғайлы түрлі жабдықтар мен құралдар, оқу ортасын дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру даму деңгейі әр түрлі балалардың әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Дамытушы заттық ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Басты психологиялық талаптың бірі әрекет түрлерінің даму ерекшеліктерін белгілеп отыру. Баланың басты әрекеті негізгіге айналмастан бұрын пайда болатындығын ұмытпау қажет. Заттар мен нұсқаулықтарды таңдап алу әрекеттің жаңа түрлерін жүйелеуге септігін тигізуі тиіс. Дамытушы орта таусылмайтын, ақпараттық болып, баланың жаңаны тануға, білімін жетілдіруге, тәжірибе жасауға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс. Орта баланың шығармашылығын жетілдіруші құрал. Заттық дамытушы орта өзінің мүмкіндіктерін сол ортада баланың ересектермен қарым-қатынас жасауының арқасында ашады. Баланың ортамен байланыс жасауы, оның белсенді танымы ересектердің дайындығына, құзіреттілігіне, сүйіспеншілігіне, баланың әрекетіне деген қызығушылығына тәуелді. Бала мен ересек бірге әрекет жасайды және оларға заттық ортада ыңғайлы болуы керек, заттық ортаның жүйелі ыңғайлылығы олардың психикалық, физиологиялық жайлылығын қамтамасыз етеді.
Заттық дамытушы ортаны құруда басшылыққа алынуға тиісті өзіндік қағидалары мен талаптары болады. Заттық дамытушы ортаны құруда мынадай қағидалар басшылыққа алынады:
- Икемді аймақтандырушылық;
- Тұрақтылық;
- Ашықтық;
- Көпатқарымдық ұсталады.
Дамытушы заттық орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:
- Баланың психикалық қасиеттерінің даму деңгейіне сәйкестігі;
- Балалардың жас ерекшеліктері мен дене дамуына сәйкестігі;
- Көп функциялылығы;
- Жүйелілігі;
- Трансформациялану ерекшелігі.
Трансформациялану ерекшелігі оқыту үрдісіндегі түрлі жағдайларға байланысты, балалардың қызығушылықтарының өзгеріп отыруына байланысты дамытушы ортадағы құрал-жабдықтардың өзгеріп отыруы.
Көпфункциялық ерекшелігі дамытушы заттық ортаның құраушы бөліктерін балалардың түрлі іс-әрекеттерін орындауында пайдаланумен сипатталады.
Қолжетімділік қасиеті: балалардың іс-әрекеттерді орындау барысында олардың белсенділіктерін арттыратын құралдармен жұмыс жасауға арналған материалдардың қолжетімді болуы.
О. А. Артамонова, О. Толстикова. Т. М. Бабунова, М. Н. Полякованың еңбектерінде заттық-дамытушы ортаның педагогикалық мазмұны көрсетілген:
- кеңістіктің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
- дамытушы ортаның балабақша жұмыс жүргізіп жатқан оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сәйкестігі;
- бала дамуының барлық бағыттарын есепке алу;
- сенсорлық танымның байытылуына жағдай жасау;
- жеке өз бетінше жұмыс жасауын қамсыздандыру;
- баланың жас ерекшелігіне орай заттар мен құралдардың қолжетімді етіп орналастырылуы;
- қоршаған ортаның сыртқы көрінісін өзгертуге жағдай жасау.
Сенсорлық дамыту орталығы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытушы заттық орта арқылы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің әдістемесі
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен суындату арқылы балалардың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастырамыз. Сөзбен емес іспен елін сүйетін ұрпақты біріктіретін күш - ұлтжандық тәрбие.
Ұлтжандық сезім өз елін, әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлерін, тарихын құрметтеуден басталады. Балаларымыздың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастыруда қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын кең түрде қолданудың мәні зор. Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тірлігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрыпы. Салт уақыт өткен сайын оған жаңалық еніп өзгеріп отырады. Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан нормалар мен қоғамдық нормалардың және халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдиниетпен тығыз байланысты. Мәдиниеті дамыған ел дәстүрге де бай болып келеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде даму үшін ұлттық сананы оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиеленуі керек. Тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеліп алынған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ т. б. арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы сыйлап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаш пен санамақтарды күнделікті білім мен тәрбие жұмыстарында пайдаланып келемін, осылардың барлығы бала қызығушылығын арттырады, әрі балалар жылдам қабылдап, жаттап алатындығы байқалған соң, төмендегідей жоспар құрып ретімен пайдалануға болады:
- Ертегілер, аңыз-әңгімелер оқу
- Ұлттық ойындар ойнату
- Мерекелік шаралар ұйымдастыру
- Үйірме жұмысы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz