Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толыру және соның есебінен өндірілетін барлық элеметтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жанрларын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымща щығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы. Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда теориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сипаттамасы. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады: шығындардың бастапқы элементтерімен, пайда болу және міндет жүктеу сипатымен, экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді: материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегерілуі);еңбекақыға жұмсалған шығындар; әлеуметтік сақтандыруға аударым; зейнетақы қорына аударым; амортизация, т.б
Өндіріс шығындары төмендеудің негізгі бағыттары. Шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын- энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету - шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың негізінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде анқты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Ө-ндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады. Өнімнің өзіндік құнын арзандату - еңбек өнімділігін арттырудыңшартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуын сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді. Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірістің техникалық деңгейін көтеру
- өндірістің материал, отын, энегрия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
-басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорлады пайдалануды жақсарту, т.б.
- өндіріс шығыны - бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кетекен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.
- кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Бұл оның пайдаланылған өндіріс құралдарының шығынын және еңбекке ақы төлеуді қоса есептегендегі оның ақшаға айналдырылған құнының бір бөлігі.
- өнімнің өзіндік құны белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс және өнімді өткізу шығындары
Шығындардың экономикалық элементері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда,рентабельділікті арттыру әдістері
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Шығындардың эканомикалық элементері
Тауарлы өндіріс пен өткізілетін өнім шығындарын жоспарлау
Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері туралы мәлімет
Қазандықтағы жылу энергиясының өзіндік құнын есептеу
Пәндер