Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау


Кіріспе
Ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде рекреациялық ресурстарды зерттеу мен оларға баға беру маңызды рөл атқарады. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың анықтамалары бойынша «рекреация» - деп белгілі бір территорияларда адамдардың бос уақытын, денсаулығын, спорттық және мәдени деңгейін көтеруге қолдану барысында пайда болған құбылыстар мен қарым-қатынастар жиынтығын айтады.
Қазақстан территориясы халықтың толық демалуы үшін және демалысын ұйымдастыру үшін әр түрлі табиғи алғышарттарына ие. Елдің экономикалық даму қарқынының артуы және табиғи ресурстарды пайдалану күші көбейген сайын елімізде туризмді әрі қарай дамыту және оның рекреациялық аймақтарын дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Туризм мен рекреацияның дамуы айқын сипатта дамып жатқан жалпы әлемдік үрдістердің бірі. Белгілі бір территорияны рекреациялық мақсатта пайдалану үшін адам табиғи ресурстарды пайдаланады нәтижесінде аумақтық рекреациялық жүйелер (АРЖ) қалыптасады. Аумақтық рекреациялық жүйелер өздері құрайтын элементтердің күрделі кеңістіктік байланыстар жиынтығымен сипатталады. Туризм және рекреация әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарының бірі, сондай-ақ қазіргі заман өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының туристік саланы 2020 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында Шығыс Қазақстан кластерінде белсенді және табиғи бағыттағы рекреациялық әрекеттердің негізгі түрлері анықталды, сонымен бірге көлдердегі жағажайлық демалысты одан әрі дамыту күтілуде. Жағажайлық демалысты дамытуда туристік қызығушылықты тудыратын негізгі орындардың бірі Алакөл көлі болып табылады. Алакөл көлі алабы екі әкімшілік аудан Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының Үржар және Алакөл аудандарының аумағында орналасқан және рекреациялық әрекеттің түрлі бағыттарын дамытуға қолайлы аудандардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда Алакөл көлі алабының рекреациялық ресурстары негізінен емдік-сауықтыру мақсатында пайдаланылады. Көл суының өзінің табиғи таза болуымен қатар, өте бағалы бальнеологиялық қасиеттерімен де ерекшеленеді.
Рекреацияның дамуына әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі - Алакөлдің, әсіресе, оңтүстік-батыс жағалауының экономикалық тиімді географиялық орны, көліктік байланыстың қолжетімдігі, электр қуатының және телефон байланысының қолжетімділігі, ірі қалаларының жақын орналасуы Алматы, Талдықорған, Семей және жалпы халық саны 6 миллионнан астам адамды құрайтын қытай қалаларының - Боротоло, Куйтун, Үрімші жақын орналасуы. Осының бәрі қызмет көрсету деңгейі жоғары болса, туризм саласында жақсы табысқа алып келеді. Бұл көл судағы натрий хлоридіне байланысты емдік қасиеттерге ие. PH 7. 2-ден 9. 1-ге дейін өзгереді. Көптеген ауруларды (тері, тыныс алу жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі) емдеуге көмектесетін бірнеше химиялық элементтер бар. Жалпы Алакөл аймағында көлден басқа да бірнеше рекреациялық зоналар кең тараған.
Алакөл өңіріндегі туризм индустриясы мемлекеттік деңгейде туристік кластер ретінде экономиканың басым салаларының бірі ретінде танылды. Осы саланы дамытудың қазіргі заманғы үрдістерінің бірі - әлемнің ең танымал курорттарымен жақсы таныс туристер, керісінше туристік сектор жаңадан дамып келе жатқан елдерге ұмтылады. Осы тұрғыдан Қазақстанның әсемдігі, әсіресе Алакөл аймағы өсе береді.
Жұмыстың мақсаты: Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау. Алакөл аймағының табиғи туристік және рекреациялық ресурстарының сипаттамалары мен бағалануы, сондай-ақ рекреациялық потенциалы. Алакөл аймағындағы табиғи ландшафтарды тартымдылығы бойынша аймақтарға бөлу. Алакөл аймағының рекреациялық ресурстармен қамтылу дәрежесіне баға беру.
Ғылыми-практикалық маңыздылығы. Табиғи-экскурсиялық және рекреациялық ресурстарға туристік-рекреациялық бағалау жүргізілу нәтижесінде және статистикалық материалға негізделе отырып туристік және рекреациялық карталар құрылды, бұндай карталар бұл аймақ үшін жаңа болып табылады және туризм мен рекреацияның даму әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Алакөл аймағында туристік кешен құрудағы бірқатар мәселелер анықталды және талданды.
Зерттеу әдістері. Классикалық әдістер пайдаланылды: статистикалық, геоэкологиялық және картографиялық, сондай-ақ аймақтың табиғи туристік-рекреациялық ресурстарының туристік және рекреациялық мүмкіндіктерін бағалау үшін жүйелік талдау әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны: Алакөл аймағының табиғи туристік және рекреациялық ресурстары, Алакөл бассейні аумағы.
1 Алакөл зонасының орналасуы және рекреациялық маңызы
- Алакөл зонасының орналасуы және жалпы сипаттамасы
Алакөл ойысы Қазақстан республикасының оңтүстік шығысында Алматы (Алакөл ауданы) және Шығыс Қазақстан (Үржар ауданы) облыстарының аумағында жатыр. Облысты таға тәрізді тау жоталары қоршап тұр. Олар: солтүстігінде - Тарбағатай, шығысында - Барлық және Майлы жоталарының етегі, оңтүстігінде - Жетісу Алатауы, батысында - Балхаш колі, оңтүстік шығысында - тауаралық өткел - Жетісу (Жоңғар) қақпасы арқылы ҚХР аумағындағы Еби-Нор көлінің ойысымен қосылады. Сонымен қатар Алакөл ойысы кең құлаш Еуразия құрлығының ішкері орталығында орналасқан. Алакөлден солтүстікке Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауына дейін және батысқа қарай Қара теңізге дейін 3000 км, шығысқа қарай Тынық мұхитына дейін 4000 км (1 сурет) . Мұндай орналасу жағдайы ойыстың негізгі климаттық жағдайының шұғыл құрлықтық және құрғақ белдемде қалыптасуына негіз болады. Құрғақ әрі шұғыл құрлықтық белдемнің ерекшелігі - антропогендік әсерге өте сезімтал болып келеді. Яғни осы белдемнің табиғи нысандарының экологиялық жүктемелері салыстырмалы түрде төмен деңгейде болады. Шамалы ауытқудың өзі едәуір әсер етеді [1] .
Ұлы жібек жолының бір саласы кесіп өтетін Алакөл көлдері көне замандарда-ақ қытай, араб және европалық көпестерге белгілі болған. Бірақ Алакөл көлдерінің сипаттамасы мен кестелік картасын 1722 жылы ғана орыс офицері Унковский жасап шығарған болатын.
Көлдердің арнайы гидрографиялық зерттеулерін ең алғаш рет 1943-1944 ж. ж. КазКСР-ң гидрометслужба басқармасының гидрографиялық партиясы жүргізді. Көлдер деңгейін стационарлық бақылауы XX ғасырдың 50-жылдарында басталған еді. Көлдердің ашық алаңдарының гидрометеоролагиялық режимін зерттеу, олардың гидрологиясы су балансын кешенді зерттеу өткен ғасырдың 60-жылдарда жүзеге аса бастады. Тұрақты гидрологиялық бақылаулар Алакөл көлінде 1948 жылы, Қошқаркөлде 1956 жылы, ал қалған көлдерде - тек қана Алматы ГМО-ң экспедициялық зерттеулері кезінде (1960 ж) жүзеге асырылды. 1960 жылға дейін көлдік посттарда судың деңгейін, оның температурасын (жағасында) және ауа райын бақылау жүргізіліп отырды.
1943-1944 жж. КазССР-ң гидрометслужба Басқармасы Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдеріне байқап зерттеу жүргізді. Ол көлдердің көпжылдық төмен тұру кезеңінде орындалды және нәтижелері «Ресурсы поверхностных вод СССР» атты жинағында келтірілген [2] .
1-сурет. Алакөл ойпатының ғарыштық суреті (2016 жыл)
Алматы ГМО-ң 1960-1964 жж. Алакөл экспедициясын жүргізген, онда Алакөл көлдері және Тентек өзенінің атырауының кешендік гидрологиялық зерттеулері жүзеге асырылды. Сол кездері 1960-1963 жж. КазССР-ң АН географиялық секторы Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдерінің батиметрикалық түсірілімдері, олардың морфометрикасын, жағалауының, түпкі қабаттарының динамикасын және химиялық сараптан өткізілген гидрофаунасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың қорытындылары География институтының «Вопросы географии Казахстана» атты еңбегінде жинақталған [3] .
Алакөл көлі бассейнінің су деңгейінің көпжылдық ауысымдарына зерттеу жүргізгендер К. В. Курдюкова (1951), А. В. Шнитникова (1950, 1975) және Р. Д. Кудрина (1969), В. И. Коровина (1963, 1965, 1966) болды. В. И. Коровина және Р. Д. Кудрина (1965) [4] жүргізілген зерттеулер көлдердің гидрологиялық режимінің және су балансының негізгі ерекшеліктерін алғаш рет кешенді түрде анықтауға көмектесті.
- Геологиясы мен жерасты сулары
Геожүйелердің геологиялық құрылымындағы экологиялық мәні халық шаруашылығының кез-келген түрін жоспарлағанда міндетті түрде есепке алынуы керек. Алакөл ойпаты бетінің қазіргі құрылымы және оның таулық көмкерілуі аймақтың геологиялық даму тарихымен тығыз байланысты. Бұл аймақта полеозой дәуірінің соңында мезозойда эрозия және денудация процестерінің қарқындылығы нәтижесінде пенепленге айналған таулы ел пайда болды. Бұған Тарбағатай, Барлық, Жетісу Алатауының осы күнге дейін сақталған тегіс беткі жақтары дәлел бола алады [5] . Үштік кезеңде палеозой жыныстарынан құралған тегіс төбелі жазықтықтар көтеріле бастады, осының нәтижесінде жиналған мору қабатымен және ыстық, құрғақ климатта пайда болған қызыл түсті саздардың шөгінділерінің шайылуына әкелді. Үштік кезеңнің аяғында және төрттік кезеңнің басында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайдың күшті көтерулерімен бірге Алакөл ойпаты түбінің төмендеуі бірге жүрді, ал эрозионды процестер Жоңғар Алатауы және Барлық тау етегінде аллювиальды-пролювиальды шлейфтердің пайда болуына әкелді. Алакөл ойысының табиғи және геологиялық құрылымдық ерекшелігі жерасты суларының қалыптасуы үшін өте қолайлы. Бассейннің негізгі қоректену аумағы Алатау, Тарбағатай, Барлық-Майлы және олардың тауалды аймағында (өзендердің шығар төбелері және суағарлары) орналасқан. Ал сулардың негізгі таралу аймағы Алакөл көлдерінің қазаншұңқыры болып табылады. Алакөл ойпатын құрайтын, ойыстың орталық бөлігіне дейін жететін борпылдақ суөткізгіш төрттік және неоген-төрттік қыртыстар геофизикалық зерттеулер бойынша 1000м-ден асып, жерасты суларының үлкен көлемінің аккумуляторы қызметін атқарады [6] .
Су шығатын конустың төрттік қабаттарының сулы кешені Жетісу Алатауы мен Тарбағатай тауларының етегіндегі Алакөл ойысында таралған. Оны осы жерлердегі қалыңдығы 2 - 80 метрге дейін жететін жұмыр тастардан, құмды жерлерден байқауға болады. Біркелкі ағынмен қозғалатын жерасты суларның орналасу тереңдігі 5 - 6 метрден 30 - 40 метрге дейін жетеді. Жерасты сулары негізгі қорегін өзен суларының сүзілуі есебінен және аз ғана бөлігі жауын шашыннан алады. Судың молдығы жоғары, бұлақтар мен саңылаулардың көлемі 50 - 60 л/с. Ауданы 5, 8 мың км 2 , 30 - 40 м сулы горизонттың орташа қуаттылықта жерасты ағын 34 м 3 /с асады, ал ағын көлемі жылына 1096 млн. м 3 .
Төрттік құмдық эолдық шөгінділердің сулы деңгейі 5 - 10 м қалыңдықтағы адырлы тізбекті құмдардың дамыған көлдік - эолдық қыртыстарымен ұштастырылған. Судың орналасқан тереңдігі 2 - 3 метрден аспайды.
Судың деңгей ауданы 4, 1 мың км 2 жерде арналасқан. Бұл жердегі ағыс 1, 64 м 3 /с, ал көлемі - жылына 51, 6 млн. м 3 .
Құмды - балшықты көлдік аллювиальді төрттік шөгінділерінің сулы деңгейі көл маңындағы жазықта орналасқан. Судың орналасу тереңдігі 1, 5 тен 60 метрге жетеді. Судың саңылауға түсу дебиті 0, 1 - 0, 5 л/с, судың минералдылығы 0, 8 - 0, 9 дан 3, 0 г/л-ге дейін.
Жерасты сулары суағардың төбесіндегі қиыршық тасты қабаттары шекрасында қалыптасып өзен жағалауы жазықтарының қабаттары (ауданы 9, 37 мың км 2 , орташа күші 8м) арқылы Алакөл көліне қарай жылжитын бірыңғай грунтты ағынын қалыптастырады.
Сулы горизонттар көбінесе тауалды шлейфтерінен ағатын жерасты суларымен және су сыятын жерлердің ашылып кеткен аймағында жауын-шашынның жиналуымен қоректенеді. Су жағалауының жазықтарындағы ауданында жерасты ағынының модулі 0, 1-0, 3 л/с, ағын көлемі жылына 89 млн м 3 . Ал Алакөл ойысының толық аумағы бойынша жерасты ағыны 39, 27 м 3 /с, ал ағынның барлық көлемі - жылына 123, 6млн м 3 [7] .
Адырлы-тізбекті құмды аудандарда грунтты сулар құмды массивтерде бет жағы бос және улкен көлдер жағына және жергілікті топыраққа қарай әлсіз көлбеуленген сулы горизонт құрайды. Су сыйғызатын жыныстар сазды, балшықты құмдар болып табылады. Грунтты сулар 2 - 10 м-ге дейін (жер бедерінің 50-60 метрлік кәдімгі формаларында) тереңдікте орналасқан. Саңылаулырмен бекітілген сулы горизонттардың орташа күші 45-70 м-ді құрайды. Сүзілу коэффициенті күніне 0, 7 ден 15, 0 м аралығында ауымып отырады.
Негізінде сулы горизонт атмосфералық жауын-шашынмен және кейде жақын үстінде жатқан аймақтан (тауалды жазықтар, аласа таулар) ағатын, сондай-ақ төмеде жатқан горизонтардағы су тегеуіріні нәтижесінде пайда болатын сулармен қоректенеді. Құмды массивтер грунт суларының улкен қорынан тұрады. Судың босауы өзен алаптарында (Шынжылы, Үржар, Қатынсу, Емел өзендері), сонымен қатар көлдік-аллювиальді жазық арқылы үлкен көлдер қазаншұңқырларында болады. Құмды массивтердің жағалауға шығатын Алакөлдің шығыс жағалауында осы сулар тікелей суға құяды.
Тауалды еңіс жазықтарында өзен ағысы және жерасты суларының қоректенуі жоғалады, ал көлдік-аллювиалді жазықтарда жерасты сулары буланып және өзендерге құяды. Сонымен булану бұл зонада су көздері, батпақ және көлдердің беті сияқты топырақ және өсімдік жамылғысының көл жағалауындағы жазықта жақын орналасқан грунт суларын сіңіру есебіне болады.
Бұл рельеф қалыптастырушы процестер ойпат тарихында бұрынғы кең байтақ суайдынының қалдығы болып табылатын Алакөл көлдерінің көлдік қазаншұңқырының құрылымы мен қазіргі орналасуына себеп болды. Сол кездерде қазіргі көлдік қазаншұңқырлар - қазіргі көлдердің, олардың салаларының және жағалық өсімдіктерінің даму және тіршілік әрекетінің өнімі болды [6] .
- Жер бедері
Алакөл ойпаты тасты және сорды шөлді ландшафттық бастауы бар тегіс жазықтықты жер бедерімен ерекшеленеді, сонымен қатар мұнда құм сілемдері кездеседі, ал ол өз алдына Алакөл көлді-шалғынды физикалық-географиялық аумаққа жатқызуына алып келді.
Аккумулятивті жер бедері тізбекті-ойысты көлді жазықтықтарымен, тегіс көлді жазықтықтарымен, еңісті тау алды жазықтықтарымен, аллювиальді еңісті өзен жазықтықтарымен, аллювиальді және көлді-аллювиальді өзен жайылмалы жазықтықтарымен және төменгі террасаларымен берілген.
Аккумулятивті жер бедері кеңінен таралған, онда төмендегілер ерешеленеді:
Көлді жазықтықтың тізбекті-ойысты жер бедері негізінен Қарақұм, Сарықұм құмды сілемдерінің шекарасында, оңтүстік-батыс бөлігінде сипатталады. Мұнда жеке төбешіктер және кіші-гірім қазаншұңқырлар құрап ойысты жер бедері басым болып келеді. Мұндағы төбешіктердің биіктігі қазаншұңқырлардың түбінің арасы 6-10 метрден 15-20 метрге дейін ауытқиды. Қазаншұңқыр диаметрі 100-200 м аралығында. Бұл аумақта оңтүстік беткейі еңіс және солтүстік беткейі тік болып келетін, биіктігі 6-10 немесе 15-20 м-ге жетіп кездесетін тізбекті жер бедері нашар дамыған. Тізбектер мен төбешіктер аралығын тақырлар алып жатыр.
Тегіс көлді жазықтық бүкіл оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол аккумуляция және болып тұратын тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған. Бұл көлге қарай еңісті болып келетін мүлтіксіз тегіс көлді жазықтық. Жазықтық биктігі 1 км-де 1-1, 5 м аралығында. Баласайқан және Үлкенсайқан тауларының солтүстігіне таман көлді жазықтықтың бетінде мезгілдік тасқындардың арналары дамыған, олар 1-1, 5 м тереңдікке дейін жетеді.
Көлді жазықтық негізінен Қарақұм және Сарықұм құмды сілемдеріне шығанақ құрап кіріп жатыр, ол еңісті құмды төбешіктерімен (4-6 м) тақырланған телімдерімен сипатталады. Жеке ірі тақырлар, жіңішке мойнақпен қосылып біртұтас жүйе құрайды. Жазықтықтың абсолюттік биіктігі 350-500 м.
Еңіс тау алды жазықтығы Текелі, Баласайқан, Үлкенсайқан тауларының солтүстік-шығысын және Архарлы тауының шығысында жатыр, мезгілдік тасқындардың ысырыңды конусы және Тентек, Шынжылы өзендерінің ескі құрлықтық атырауы ретінде берілген. Жазықтық шамалы еңісті, таулардан алыстаған сайын тегістеліп, келесі жазықтыққа айналады. Тау етегінде еңісті жазықтық мезгілдік тасқындар арналарымен кесілген. Тентек және Шынжылы өзендерінің ескі атыраулары тереңдігі 3-4 м болатын қазіргі кең жайылмамен кесілген. Осындай кесінді Архарлы тауының етегінде де белгіленген, онда еңіс жазықтық ежелгі Лепсі өзенінің арнасымен шайылады. Жазықтық бетінде кіші-гірім құмды телімдері кездесіп тұрады. Абсолюттік биіктігі 360-440 м.
Аллювиальді еңісті өзен жазықтығы Тентек, Шілікті және Шынжылы өзенінің көлді террассаларымен берілген. Аллювиальді жазықтық негізінен Архарлы тауының шығыс және оңтүстік жағында және Тентек өзенінің төменгі ағысында дамыған. Ол сол жазықтық шегінде бірнеше рет өз арна бағытын өзгерткен Тентек, Шілікті және Лепсі өзендерінің шөгінділерінен пайда болған. Жазықтық беті мүлтіксіз тегіс, тек кейде биіктігі 3-4 м. болатын құмды төбешіктер кездеседі. Жазықтық солтүстікке қарай шамалы еңісті болып келеді. Сарықұм, Қарақұм құмды сілемдердің шетін өзендердің шайғаны анық көрінеді.
Аллювиальді және көлді-аллювиальді өзен жайылмасы және төменгі террассалар. Өзен жайылмалары өзінің шамалы енімен ерекшеленеді. Тіпті Тентек өзені сияқты ірі өзен жайылмасының ені 1-1, 5 км-ден аспайды. Шынжылы өзенінде және Лепсі өзенінің ежелгі аңғарында 2 терраса бақыланады. Төменгі терраса биіктігі 1-1, 2 м., ал жоғарғы терраса биіктігі 2 м-ден 2, 5-3 м-ге дейін жетеді, беті тегіс болып келеді. Тентек өзенінің төменгі ағысында жеке тармақтарға бөлінген жерінде, аллювиальді жазықтық көлді-аллювиальді жазықтыққа алмасады. Жазықтық беті шамалы көлге қарай еңісті, қатты батпақтанған, онда қамыс басып кеткен, сумен толтырылған кіші-гірім ойыстар көптеп кездеседі. Сонымен қатар мұнда сорлар мен тақырлар да кездеседі. Жазықтық жер бедері тегіс, салыстырмалы биіктігі 1-1, 5 м аспайды. Абсолюттік биіктігі 350-520 м.
Тұз жиналуы негізінен сорлар мен сортаңдар жиналатын, ойысты телімдерде байқалады. Бұл процесс әсiресе интенсивтi түрде тегіс көлді жазықтығында және аллювиальді еңіс жазықтығында өтеді, әсіресе такырлар мен сортаңдар алып жатқан Лепсі өзенінің ескі арнасында дамыған. Сасықкөл көліне тұстасқан жерінде қатты батпақтанған, ені 2-3 км құрайды.
Эррозионды процесстер Тентек, Шынжылы өзенінің аңғарында және басқа да шайылу жүретін ұсақ аңғарларда байқалады. Бұл процестер интенсивті түрде көктемгі су тасқыны және нөсер жауын кездерінде жүреді.
Неотектоникада қазіргі физикалық-геологиялық процестердің дамуында үлкен роль ойнайды, әсіресе эрозионды процестерде және шөгіп кету құбылыстарында. Тау бойымен, басты Жоңғар сынығына, кейде суға толы, шөгіп кеткен ұзын апандар және ұсақ ойпаттар ұштасып жатыр. Кей жерлерде сынық ысырыңды конус төбесімен өткенде, оларды ажыратады және 2-3 метрлі кертпеш құрайды. Сонымен қатар ысырыңды конус төбесінде жыра пайда болғанын да байқауға болады.
Ойпатта қатты және жиі желдердің әсерінен дефляция процестерінің дамуын байқауға болады. Бірақ құм сілемдері бұта және шөптесін өсімдіктермен бекітілгендіктен, бұл процестер тек жеке кіші-гірім телімдерде байқалады.
Көлді аккумуляциялық жазықтықтар көл ойпаттарында кеңінен таралған. Көлді ойпаттар (Алакөл, Сасықкөл көлдері) негізінен тектоникалық ойпаттар болып табылады. Көл шөгінділері көбіне делювиальді-аллювиальді кешендерімен берілген.
Көлді жазықтықтар көл айналасындағы территорияда таралған. Төрттік кезеңде бұл аумақта қазіргі деңгейінен 100 м-ге жоғары көл бассейні болған деп есептеледі. Оған дәлел ретінде көл террасаларының бар болуы.
Қазіргі кезде Алакөл көлдер тобының жан-жағындағы жағалаулары және террасаларының дамуы жайында бір тұжырым жоқ. К. В. Курдюковпен бұл аймақтарда үлкен теңіз болған деген гипотезасын Н. Н. Костенко жоққа шығарған. З. А. Сваричевскаяның айтуы бойынша Алакөл көлінің биік орналасуы (120 м-ге дейін) тектоникалық себептерге байланысты [1] .
Ойпат пішіні бойынша көпбұрышты фигураға ұқсас, оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның ішінде жазық бөлігінің ені оңтүстік - шығыста 10 км-ден солтүстік - батысқа қарай 100 км жерді алып жатыр. Жетісу Алатауынан Тарбағатай жотасына дейінгі аралықтың ара қашықтығы 150 км. Алакөл ойпатының жазықтарының ішінде тау немесе ұсақ шоқылы сипаттағы оқшауланған қыраттар кездеседі. Негізінде Алакөл ойпатының жазық бөлігі көлдік қазаншұңқыр жағында тауалды аймағында 800 м-ден Алакөл көліне қарай 348 м-ге дейін төмендейді.
Рельефке байланысты Алакөл көлі бассейні ластанудың жинақталған территориясына жатады. Рельефтің басқа экологиялық жағдайларына мыналар қатысты:
1) таулардың жауын - шашын жел жағында байқалатын, тосқауылды климаттық эффектті айқындайтын бассейннің оңтүстік - шығысында орналасуы, осының салдарынан тауларда көп өзендердің ағысы пайда болады, экзогенді және қоршаған ортадағы табиғи экологиялық дестибилизация процестерінің белсенді түрде жүреді;
2) денудациялы жазықтардың болуы топырақтың бұзылуына әкелетін су эрозиясы процестері дамиды;
3) таулардың болуы экологиялық кауіп - қатерді жоғарылататын эндогенді және басқа да процестердің пайда болуын анықтайды.
1. 1. 3 Климаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz