Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі


ЖОСПАР
Кіріспе
Көңіл құпияларын ашқан жазушы
■ 1- тарау
Заман шындығы және жастар бейнесі
1. Д. Исабеков шығармаларындағы заман шындығы.
2. Жазушы әңгімелеріндегі жастар бейнесі.
2-тарау
Тағдыры ортақ замандастар
3. Үйренер ұлағаты бар егде адамдар
4. Өмірлері ортақ кейіпкерлер
■ 3-тарау
Жазушының "Әпке" (драмалық) шығармасын оқыту
Қорытынды.
Оқырманы көбейіп, уақытпен жаңғырар есім
Ж. Жаназарованың "Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі" атты дипломдық жұмысына сараптамалық
ПІКІР
Диплом жазушы Д. Исабековтың шығармашылық лабороториясына арналған. Диплом 3 тараудан және кішкене тақырыпшалардан түрады. Диплом орындаушының алған тақырыбы да бүгінгі күндегі ең зәру мәселелерге арналған.
Замандас келбеті әдебиеттің жиымында бұрыннан келе жатқанмен, оны әр жазушы әр қырынан көрсетуге тырысып келеді. Сондықтан да әр жазушының шығармашылығына, оның көркемдік жағына, оларды тануға күш салуымыз керек екенін түсінген.
Дипломда бірнеше шығармалар талданады. Олардың ішіндегі замандас бейнесін ашуды мүрат етеді. Ол үшін диплом орындаушы мынадай міндеттерді алдына қояды:
1) Дулат әңгімелеріндегі заман шындығын кейіпкер бейнесімен сабақтастыру;
2) Замандас бейнесін даралап көрсету, сол арқылы суреткердің өзіндік ерекшелігін айқындау.
3) Тағдыры ортақ замандастардың бейнесін ашу мәселелеріне көңіл бөледі.
Дигтлом орындаушының бүл талпынысы өте сәтті шыққан. Өйткені диплом жүмысының жаңалығы да сол жазушы Д. Исабеков әңгімелеріндегі замандас бейнесін берудегі жазушы шеберлігін айқындауы, жүйелеп, маңызын ашуы.
Демек, диплом жүмысы өз мақсатына жеткендіктен 5 (өте жақсы) деп бағалауға болады деп сендіреміз.
Пікір иесі, ф. ә. к., доцент Ж. РахмановаҚазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 5 курс студенті Ж. Жаназарованың "Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі" атты дипломдық жүмысына жетекшілік
ПІКІР
Диплом орындаушы көрнекті жазушы Д. Исабеков шығармаларымен кеңірек таныса отырып, жазушының ең қарымды шыққан туындыларына мазмүндық-құрылымдық сипаттама жасайды.
Диплом 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда жазушының Талахан 186 «Бонапарттың үйленуі,
«Ескерткіш әңгімелерімен қоғамдағы тоқырау мен нарықтық жағдайдың қайшылығы мен ақиқатын көрсетуге тырысқан шеберлігін танытады. Кезең кайшылығын да, қасіретін де ішке бүккен үнсіз тығып жатқан уақыттың көрінісін диплом орындаушы дәл тауып, талдай алған.
Екінші тарауда "Тағдыры ортақ замандастар" деп ала отырып жазушының халыққа кеңінен танылған "Қара шаңырақ", "Тағдырдың кейбір кездері", "Шалдар", "Кемпірлер", "Ақырамаштан Наурызға дейін" сияқты әңгімелеріндегі түрлі салада тіршілік еткен адамдардың қажырлы еңбегін бейнелейді. Әртүрлі жастағы замандастарымыздың айтқан образын жасауға үмтылады. Әсіресе Қара шаңырақ әңгімесін талдай отырып диплом орындаушы мынадай әсерлі пікірді айтады: Жазушының кереметі сол шығармада кейіпкерге тікелей ақыл айтқызуын аулақ, түпкі ойды оқушыға ой сала өрбісе қүндылығы артқаны. Д. Р. Исабеков шығармаларын осы стильде беруге төселгендей (Дипломда 36 бет) . Демек диплом орындаушы алдына қойған мақсатын толық орындаған. Өйткені дипломда жастар бейнесі, замандас келбеті олардың жан дүниесін әр қырынан көрсету міндетке алынған.
Диплом жүмысы жазушының талантты қаламгерге тән жазу мәнері көркем әдебиеттің басты және бірден -бір объектісі екендігін әуел бастан -ақ үғынған жазушының өмір зерттеушігін қабілеті адам жанының терең арларынқапысыз тани білетін зерделілігі; өзі таңдап алған қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия қазыналарды алуга үмтылған суреткерлік нысанасын толық таба білген.
Қорыта келгенде айтарымыз диплом жұмысы өте зерделі, салмақты жазылуымен қатар, ең өзекті тақырыпты қамтуымен қүнды. Дегенмен де кішігірім орфографиялық қателіктер техникалық себептерге байланысты кетуі мүмкін деп толығымен дипломды қорғауға жіберуге болады деп қолдап, сендіретінімізді білдіреміз.
Ғылыми жетекшісі: ф. ә. к, доцент С. Ержанова
K I P I C П Е. Көңіл қүпияларын ашқан жазушы.
Замандас келбеті әдебиеттану ғылымында бурыннан келе жатқан тақырып. Бірақ оны әр жазушы әр қырынан кесіп, әр кейіпкерді әр түрлі кейіпкерлерге тосырқай қарамай, оның жан дүниесін жете тануымыз керек. Нақ сондықтан да әр жазушының шығармашылығына, оның көркем-дік жағына, оларды тануға күш салғанымыз жөн секілді.
Кәзіргі адамдар өмірімен түспа-түс көрініп жатқан шығармаларға кей адам көңіл аудара қоймас. Өйткені бүл кезеңнің бүрынғы тарихи кезеңнен айтарлықтай артықшылы-ғы жоқ. Қоғамдағы тоқырау мен нарықтық жағдайдың қайшы-лығы мен ақиқаты айқындалмай жатқан кез. Сондықтан да көркем әдебиетте бүл кезеңнің көрінісі аз.
Десе дегендей-ақ бүл кезеңнің адамдары атып, асу, айдау азаптары жоқ. Бірақ адамның іші-тысы бірдей бүлі-ніп, адам есебінде азып-тозуы, рухани санасының, кең кө-ңілінің күйреуі аяқ басқан сайын кездесіп жатыр. Кезең қайшылығын да, қасыретін де ішке бүккен, үнсіз тығып жатқан уақыт. Өмір сүрген қоғамында болып жатқан оқиға-лардың баршасы жазушы жүрегі арқылы өтеді десек, көркем сөздегі алғашқы қадамын осы кезеңмен бірге астап, толы-суы да осы уақытқа сәйкес келген қаламгердің қандай қиямет ой кешуінен өткенін түсінген абзал. Нақ казіргі кездегі қазақ әдебиетіндегі ерекше көз-ге түсер бір жазушы Дулат Исабеков. Ол шығармашылығының 20 жылында 14 әңгіме, 12 повесть, «Қарғын» романын бер-ді. (шығармаларының І-ІІтомы. А«Жазушы»1993 жыл) .
Олардың бірін әрі, бірін бері деу бізге лайықсыз. Өйткені оларды түгел оқып талдауға күшіміз де, қабылеті-міз де олқы. Бірақ олардың ішіндегі басымдау жағы әңгі-мелері мен повесттері ме деп ойладық. Соған орай «Д. Исабеков әңгімелеріндегі замандас бейнесі» деген та-қырыпқа тоқталдық. Жазушының талантты қаламгерге тән жа-зу мәнері көркем әдебиеттінің басты және бірден-бір обьектісі адам екенділігін әуел бастан-ақ үғыніған жазу-шының өмір зерттеушілік қабілеті, адам жанының терең сырларын қапысыз тани білетін зерделілігі, сонан соң сол кезден бастап-ақ ол таңдап алган көркемдік бағдар-қара-пайым адамдар көкірегіндегі қүпия қазыналарды ашуға үм-тылған суреткерлік нысана сол әңгімелерде-ақ айқын бай-қалады. Біз солардың ішінен жазушының соңғы жылдардағы тың ізденісіне айғақ болатын, біздің таңдаған тақырыбы-мызбен жоспарымызға сай біртоп әңгімелерді ғана ата-ғымыз келеді. Олар: «Шойынқүлақ», «Ақырамаштан наурызға дейін», «Қара шаңырақ», «Кемпірлер», «Шалдар», «Социализм зәулімі», «Ескерткіш».
Кәзіргі қазақ әдебиетіндегі замандас келбетін беру-де әр жазушы, әр қырынан көрініп келеді. Солардың бірі алғашқы әңгімесінен оқырман қауымды елең еткізген ДулатИсабеков. Сондықтан да біз диплом жүмысының негізгі мақсаты етіп, Дулат әңгімелеріндегі замандас бейнесін ашуды мүрат түттық. Осы мақсатты орындау барысында мынадай міндеттерді алдымызға қойдық.
Дулат әңгімелеріндегі заман шындыгын кейіпкер бейнесімен сабақтастыру.
Замандас бейнесін даралап көрсету, сөйтіп, сурет-кердің өзіндік ерекшелігін айқындау.
Тағдыры ортақ замандастардың бейнесін ашу. Диплом жүмысының жаңалығы: бүл ғылыми жүмысқа кә-зіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Дулат Исабеков әңгімелеріндегі замандас бейнесін берудегі жазушы шеберлігі айқындалды, жүйеленді, маңызы ашылды.
Диплом жүмысы кіріспе мен қорытындыдан басқа үш тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен түрады. 19 63жылы «Лениншіл жас» газетінің бірнеше санында жарық көрген алғашқы әңгімесі «Шойын қүлақ» әдебиет қү-мар қауымды ғана емес, белгілі сөз зергерлері-қаламгер-лер қауымында елең еткізген еді «Әңгіме авторымен таны-су әркімге де мүрат болуға айналды », -дейді О. Бөкей. (О. Бөкей «Жусан исі», «Егемен Қазақстан» 24қазан 1992ж. )
Сыршыл, сыншыл, шыншыл қаламгердің заманы өзіміз айта беретін «тоқырау» заманымен түстас келеді. Үш ға-сырға жуық орыс империясын, оның ішінде жетпіс жылдан аса қызыл империяның басыбайлы боданы болғанымен тілі-нен^ділінен айрылмаған, тарихтың небір тайғақ жолындаиілсе де сынбаған сөйтіп бүгінгі тәуелсіздігіміздің туын көтерген іргелі ел болып отырған қазақ халқының табиғи мінезі Дулат әңгімелеріне шебер беріледі.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков өзі-не таныс ауыл адамдарының тағдырын әңгімелеріне өзекті тақырып етіп алады. Әр шығармаларын оқыған сайын ауылдың кейіпкері арқылы ауыл адамдарының іс әрекетін көріп та-машалаймыз. Ол әсіресе біз сияқты ауыл жастарына үнайды. Сонымен қатар әрбір әңгімесінде көзімізге оттай бала күннен таныс суреттер бірінен соң бірі қол үстасып жүре береді. Жалпы Д. Исабековтың әдеби шығармаларының ең басты обьектісі - адам, оның ішінде заман адамы. Кейіп-керлері жүрек дірілінен, жан тынысымен, ісімен, ойымен күнделікті өмірде өзімізбен қоян-қолтық кездесіп жүре-тін адамдар. Дулат әр кісінің өз мінез қүлқы, басқадан оны өзгешелендіріп түрар ерекшелігін, әр үлттың да өзге жүртқа үқсамас өз образы, өз жан-дүние ерекшелігі болатынын оқырманга тағы бір сендіреді, былайша айтқан-да, жеке-жеке кейіпкерлер галлереясын түзу арқылы өз қазағының образын сомдайды. Әңгімелерінде заман адамы-ның бейнесін шебер берген қаламгердің шығармаларын қазақ әдебиетінің інжу-маржан қорына қосыларына кәміл сенеміз. Өйткені Дулат Исабеков қазақ әдебиетінде бүрын кездеспеген әңгіме үлгілерін жасады, сондықтан да оны зерттеу жүмысының обьектісі етіп алып отырмыз. I - T A P А У. Заман шындығы және жастар бейнесі.
I . Д . Исабеков шыгармаларындығы заман
шындығы.
Көркем әдебиеттің өмір күйін толгап, адамның жан дүние сырын шертетіні баршамызға аян. Суреткер өмір сы-рын терең ойлап, өз қаһармандары арқылы дәуірдің ақиқат қалпын, қат-қабат қалың астарларының сырын неғүрлым шын-шылдықпен сипаттасақ шығарманың дүние танытқыш қасиеті соғүрлым артық болмақ. Көркем әдебиет адам тағдырын бей-нелеу арқылы адам мен қоғам қатынасын көрсетеді. Ал адам санасының, ақыл-ойының қалыптасуы және жан-жақты жетіліп дамуы қоғамдық жәй-күйлер мен қоғамдық қатынастарға ті-келей байланысты.
Көркем шығарма өмір суреттерін бейнелеу гана емес, өмір ағымының багытын, сол бағыттың табиғатын да сурет-тейді. Бүгінгі күнгі әдеби процесте ерекше көкейтесті деген мәселелердің бірсыпырасы адамның өзін-өзі танып, білуге деген талпынысының терең сипат алуымен тыгыз байланысты.
Қилы-қилы қайшылықтарымен қайсы бір заңдылықтары бар үлттық - қоғамдық адамдық өміріміздің әлеуметтік сарапшысы бола алатын көркем шығарма қай кезде, қандай жағдайда болса да суреткердің еркін ойлау қабілеті баркезде ғана дүниеге келеді. Әрбір шынайы суреткердің өз көкірек көзімен тапқан, таныған, қорытқан «кірпішін» бүтін бір халықтың немесе күллі адамзат нәсілінің та-рихи-рухани тәжірибесінен алғанымен «қабырғасын» да өзі түрғызып, «шатырын» да өзі жапқан жеке автономиялық ой-отауы, яғни өзіндік автономиялық әлемі болады. Жазушы түйсігінен жүйрік, жазушының интуициясынан сезгір ешнәр-се жоқ. Ал суреткерлік интуицияның әкесі-ой еркіндігі болса, анасы-рух тәуелсіздігі. Ал жазушының автономиялық әлемі сусымалы саясатқа бағынышсыз, қүбылмалы идеоло-гияға тәуелсіз болуы шарт. Суреткер сонда ғана уақытқа әділ безбенші, заманға әлеуметтік сарапшы бола алады. Жауапкершілікпен еркіндік-бірінсіз бірі өмір сүре ал-майтын кіндіктес үғым. Жауапкершілігі зор жазушы ғана еркін ойлауды игере алады, себебі жазушыны халық қоғам заман, яғни үлт-үрпақ-уақыт, алдындығы жауапкершілік парызы оны үдайы ой қууға, желмая мен жер шолған Асан қайғыдай қоғами кеңістікте ненің баянды, ненің баянсыз, ненің орнықты, ненің ойықты екенін білмек үшін, әрі біл-дірмек үшін із кесуше міндеттенеді. Идеология қанша қү-рық салып, саясат қанша қыспаққа алғанымен айтарын ай-тып, берерін беделдеп кеткен жазушыларымыз жоқ емес. М. Әуезовтың, X. Есенжановтың, I. Есенберлиннің, 0. Бөкейдің, Д. Исабековтың тағы басқа қаламгерлеріміздің көркем шығармаларынан еркін ойлаудың ерекшелігі мен артықшы-лығын аңғарамыз. Сыншыларымыз «тоқырау» жылдарында «әдебиетімізде үқсас тақырып, үқсас кейіпкер, үқсас шешім көбейіп кетті» деген болатын. Мүның обьективті себептері де бар еді. Өйткені социалистік реализм әдісімен түсауланған қа-ламгер біркелкі ойлаудан, еркін ойлай алмаудан шыға алмады.
Өнердің, сөз өнерінің қүдіретті күшін социалист-тік идеологияның қаруға айналдырғаны кейінгі жылда-ры-ашық айтылып жүр. Егер жазушыны-уақыт перзенті, өзі өмір сүрген заманының ең елеулі оқиғаларын шығармасында шынайы суреттеу - оның қаламгерлік міндеті десек, осы борышын өз туындысындағы адам арқылы, сол адам харак-терін мүмкіндігінше терең де жан-жақты бейнелеу арқылы өтейді. 7 0 жылдарда танылған Д. Исабеков, Б. Нужекеев, Т. Әбдіков, К. Муханбетқалиев, 0. Бөкеев, Э. Сараев, М. Қаназов және тағы басқа бір топ жазушылар шығармасында заман, заман адамының табиғаты, адам мен адам қатынасы, тартыс, конфликт қайшылықтардан гармония, үйлесімдерге ауысу барысында ашылады. Бір де үйлесім бірлік пен келісім үстемдік алса, бірде қайшылық, тартыстан жаңа бір конф-ликт туып жатады. Еркін ойлауды игерген, заман шындығын көркем шыгармалар арқылы аша білген өз қатарластарынан ілгері түрған суреткерлер кәзіргі қазақ әдебиетінде қадау-қадау үркердей ғана топ. Соның бірі - Дулат Исабеков. Сөз өнеріндегі алғашқы қадамын әңгіме жазудан бастаған Д. Исабеков социализм заманындағы көп үлттылықдеген аса қиян, аса күрделі әрі аса ділгір мәселеге өзінің көркем әңгімелері арқылы жауап іздеді.
Қүлдық тек қүл иеленушілік қүрылыста ғана болатын қүбылыс емес екен. Бір кезде социализм заманы бақытты заман деп үғатын қоғамның өзінде де әлеуметтік қайшы-лықтар белең алғандығын аңғартатын суреттердің алғашқы «Шойынқүлақ» әңгімесінен оқырманға осындай ой үшқынын үстатады. Сол секілді социализм заманының шындығы ерекше бір көрсететін әңгімесі-«социализм зәуліміі» бүл әңгі-меде Мәскеуден «қала мен ауылдың арасындағы айырмашы-лықты жою керек» деген қаулының шығуы мүң екен, »үкімет пен партияның аузынан шыққанын екі етпей үйренген жер-гілікті басшылар « көзді жүмып, белді буып » әлгі қаулы-ны жедел орындауга кірісіп те кетеді.
Сонымен, Қазақстанның бір түпкіріндегі «Коммунизм» колхозының «Социализм» бөлімшесі қала мен ауыл арасын-дағы ең басты айырмашылық-көп қабатты үйлерге байла-нысты деген байламға келеді де осы бөлімшеге бес қабат-ты екі үй салу үшін және оны салатын жүмысшылардың үлттық қүрамын қатаң сақтау үшін жан-жақты келімсектер-ді шақыра бастайды.
Колхоз басшылары бөлімшенің көзі ашық көп біледі деген активтері арнайы жиналыс өткізіп, қанша бас қатыр-са да қала мен ауылдың бүдан өзге айырмашылығын таба
алмайды.
He керек, бас аяғы бір аптаның ішінде шағын бөлімше
келімсектердің аяғының астында қалады. Әңгімеде сурет-10
терлетін «Социализм бөлімшесін» Д. Исабеков 7 0-80 жыл-дардағы Қазақстанның қымбат кезендерін «интернациона-лизмге» лаборатория болумен рәсуа еткен көнбіс те кө-ңілшек Қазақстанның шағын макеті ретінде сипаттай оты-рып, шебер шендестірулер жасайды.
Бөлімшеге бес қабатты екі үй салуға керекті жүз елу қүрылысшының үлттық қүрамын түгендеуге ынты-шынты-мен күрескен және оны бүлжымас парызым деп түсінетін бөлімше прорабы Сепентай Қазақстанда түратын барлық үлттың өкілін түгендеп боламын дегенше қас қарайып, көз байланды. Әбден шаршап діңкесі қүрыған ол Пашатқа ( бө-лімше менгерушісі) қарап:-әнеу күнгі газетте Қазақстан-да 120 үлттың өкілі турады деп жазып еді, менде 112 бол-ды. Енді сегізін қайдан табамыз?
Қүрд бар ғой?
Бар.
Ноғай бар ғой?
Бар.
Қытай ше?
Ол да.
Шүршіт ше?
Шүршіт? 0л . . . 0л жоқ. Ол қандай үлт?
Біздің дәл осындай жаныққанымыз да, жаны:ғатынымыз да рас. Сепентай дәлізде селдіреп қалған жүртқа қарап:
- Араларында Шүршіт бар ма? - деді.
- Жоқ. 11
- Пушту бар ма?
- Жоқ, олар ауғанстанда түрады.
Қап, бір шүршіт пен бір пүшту керек еді. Ал, сендер кім боласындар?
- Кім болушы ек, қазақтармыз. (Қазақ әдебиеті 12 қазан. 19 9 0 ж. )
Шүршіт пен пүшту, эскимосты іздеген екі бастық қанша айғайлағанымен таппайды.
Өмірін өкситін тірлік, өмірін өкситін қасірет. Егер әңгіменің осы үзігінің астарына үңілсеңіз әрбір детальдың қайрауықтың ащы күйіндей бебеу қағып, боздап түрғанын аңғару қиын емес.
Рас, үзінді де юмор да бар, ащы кекесінде бар. Жөпелдемеде мырс ете қаласың. Бірақ бүл уақытша гана. Оқиғаның жемісін үғып, асықпай санаға сіңіргеннен кейін кеудемді күйік қысып, өн бойыңды өксік буады. Әңгімедегі юмордың жазушының уайымы екенін, ащы кекесінің жазушының күйзелісі екенін аңғарамыз. Сепентай да Пашатта қазақ, қазақ болғанда да ауылда қазақы тірлік кешіп жүрген Қазақ.
Бүлардың тіршілігі қүдай сүйер тірлік емес, қой мүндай мәңгүрттермен қайтып ел боламыз? Қайтып жүрт боламыз?-деген ой тастайды қаламгер.
Сепентай мен Пашаттың әлгіндей тірлікке баруы олардың өзге үлттарды өліп-өшіп жақсы көріп, қазақтарды жек көруінен туып отырған жоқ. Бүл тірлік мемлекеттік12
деңгейдегі мәңгүрттену процесінің тым үзаққа созылып, яғни тамыр жайып кеткені соншалық Сепентайлық сана мен Пашаттық түсініктің өмірлік зандылыққа, өмір сүрудің «ең сенімді, ең бір парасатты» қағидасына айналып кетуінен келіп шыққан «игі іс-әрекет» еді.
Сондықтан жазушы да мүндай қасіретті қүбылысты
аттап өте алмайды. Аттап өтуге, айтпай өтіп кетуге сурет-
■ керлік ары мен жауапкершілігі жібермейді.
Жазушының интуициясы тап басып тауып, тап басып танып отырған осы қүбылыс несімен қорқынышты?
Сепентай мен Пашат үшін үлт-айырбастауға көнбей-тін, сатып-саудалауға келмейтін үлы қүндылық емес, ойыншық.
Енді не істейміз ?, -деді Пашат күрсініп. Сепентай үзақ ойланып отырды да:
Былай етсек кайтеді!, -деді сыбырмен. Тізім бойынша жетпей түрған сегіз үлтты сіз екеу-міз келісіп, мына түрған қазақтардың бірін пүшту, бірін шүршіт етіп толтырсақ жүмыссыз жүрген қаңғыбастар көн-бей қайда барады? . . . (Қазақ әдебиеті 12 қазан. 1990 ж. )
Міне, өтірік ақпар беру, алдау-социалистік заманның белең алған ащы шындығы. Ұлттық характерді ашу дегені-міз-сол үлттың қасіретін, характерін тіршілігін бүрке-мелемей көрініске шығару. Әлгі бес қабатты үй салынып біткеннен кейін Сепентай мен Пашат та ең алғашқы ордерлерді түрлі үлттың өкілдеріне арнап толдырады13
да, қазақтар:ға олардан артылған пәтерлерді ғана бөліп береді. Бірақ қара басқанда, пайдалану:ға берілген осы екі зәулім үйдің астынан канализация жүргізу ешкімнің ойына келмепті. Екі жарым ай дегенде қүбыр тартылып, екі зәулім үйдің асты кеүлене бастайды. Көп үлтқа арналып соғылған үй қисая бастайды. Қүлауға жақын әңгіменің лейтмотивіне ден қойсақ демографиялық қойыртпақ, ягни көп үлттық ешкімнің көкейін көтере қоймайтын сияқты. Д. Исабековтың «Социализм зәулімі» әңгімесінің ендігі бір ерекшелігі, мүнда үнамды кейіпкер жоқ. Түгел үнамсыз. Бірі-бойкүез, бірі-түкті біліп жарытып жатпаса да руға бөлгіш, бірі-мәңгүрт.
Д. Исабековтың мақсаты азаматтық сападан айырылып қалған ортаның жәй-күйін көрсету болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz