Мағжан публист, аудармашы


Мағжан публист, аудармашы ДИПЛОМ
ЖОСПАР :
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
I тарау
М. Жұмабаевтың шығармашылық өмірбаяны, эдеби және қоғамдық-саяси кызметі.
II тарау
М. Жұмабаевтың публицистикасы.
III тарау
Мағжан - аударма шебері.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі: Бүгінде мынау тәуелсіз ел болған дәуірде қыпыда кеткен классиктеріміздің мүраларын қайта қарастырудың мәні зор. Жай ғана оку емес, үңіліп, әр сөзіне мән беріп, қалтарыс-қатпарларын жазып отырып оку керек. Өйткені, біз көбіне алғашқы бір оқудың әсерімен пікір айтуға үйреніп алған сияқгымыз. Сондықган көп жағдайда барымызды жарқыратп көрсете алмай, жоғымыздың орнын толтыруды ойланбастан жүре беретін әдет тапқандаймыз.
Бір ғана мысал, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды деп Ахмет Байтүрсынов, Мағжан Жүмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Қүдайбердиев, Міржақып Дулатовтар орылғанда қатты куандық. Орынды қуаныш. Алайда, сол алғашқы сүйінші сүрағандай қуаныштан кейін газет-журнаддарымыз бірді-екілі таныстыру сияқгы мақалаларын біреп, шығармаларынан үзінділер жариялағаннан кейін бәріміз үлкен іс тындырғандай мамыражай керенау күйге түскен тәріздіміз. Жиналыстар да өткіздік. Бәрі де сол қуанышты лебіздің ар жақ, бер жағы.
Ал, осы үстаздарымыздың мүраларын үңіле оку, талдап-саралау, халқымызға жан-жақгы таныстыру, түсіндіру жағы әлі де болса жеткіліксіз болуда. Есімдерін ауыз толтыра айтамыз, ал бүлар несімен ардақгы, несімен қасиетті, мүраларының қадыр-күны кдндай? Бүгінгі үрпаққа берер тәлім-тәрбиесі қаншалық? Осыны анықгап, талдап-таразылап беретіндей талдаулар әлі де толық емес. Олардың қасиетті есімдері газет бетінен қайта тіріліп, өшпес сөздерімен қайтып оралғанын көргендегі куанышымызда шек жоқ еді. Зорлықга айрылып қалған, амалсыз жоғалтып отырған рухани мол қазыанмыз қорымызға келіп қайта қосылып кенеземіз кенеліп, арнамыз мықгап бір толған еді. Содан бері бес арыс есімдері жаңа үрпақгың тіліне ана сүтімен жатталып, енді қайтып ешуақьпта ажырамас, айрылмас рухына айналды.
Бұлардың мұрасын Абай, Махамбет, Мұхтар мұраларымен қатар жаттап, осындай перзенттер тудырған халқымыздың үлылығын мақган етіп келеміз. Бүлар біздің ұлттық туымыз, мақганышымыз дейміз және үстазымыз дейміз, Исі қазақ тірі болса, сан-сан үрпағы талай тамсанып, талай сүйінетін алыптары да осылар.
Сонымен, қазақтың қара өлеңіне Абайдан кейін мазмүндық жағынан болсын, сипат жағынан болсын мол жаңалық енгізіп, поэзияның эстетикалық сыршылдығы мен ішкі сезім әлемін барынша кеңейте түскен талантты ақын Мағжан Жүмабаевтың мақалалары мен аудармалары талданып, зерттелініп жүргенімен әлі толық жинақгалып болды дей алмаймыз. Сол жайды ескере келіп біз М. Жүмабаевтың публицистикасы мен аудармаларына, көркемдік ерекшеліктеріне тоқгалмақ болдық.
Жүмыстың мақсаты: М. Жүмабаев публицистикасының, әдебиет саласындағы мақалаларының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау; аудармаларын түпнүсқасымен салыстыру.
Зерттеу материалдары: Так рып бойынша жинақгалған зерттеу материалдары Мағжантанушы ғалымдардың
монографияларынан, қазақ жазушыларының еңбектерінен, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінен алынды.
Жүмыстың қүрылымы: Диплом жүмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (үш тараудан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады. 1 тарау
М. Жұмабаевтың шығармашылық өмірбаяны, әдеби және
қоғамдық-саяси қызметі
М. Жүмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, енді ақынның өз атымен аталатын ауданда, аймактағы мыңнан астам шағын айдынның бірі-Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні туған.
Мағжан-текті атадан. Әкесі Бекен дәулетті, болыс болған кісі. Оның әкесі Жүмабай сауда-саттықпен айналысып, байыған. Меккеге барып қажы атанған, ел сөзін үстаған беделді адам болған. Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп алып: "Менің атымды осы балам шығарады, "-деп отырады екен. Жүмабай 1899 жылы көз жүмады. Бүл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.
Ағаларына еліктеп, окуды тым ерте бастаған. Әуелі ауыл молдасынан бір жаз оқып, қысында Қызылжарда медресе ашқан, Түркияда оқыган Мүқаметжан Бегімов деген имамға беріледі. Бүл имам мүсылмандарды шақыруға, патша өкіметінің миссионерлік әрекеттеріне қарсы әжептеуір ерлік көрсеткен қайраткер. Патша кеңселерінің кдғаздарында Бекимов деп аталады.
Бүдан әрі Мағжан окуы жалғаса береді. 1902 жылдан 1906 жылға дейін төрт жыл шамалас Ақия Ақынов деген мүғалімнен оқиды. Сәбеңнің, Сәбит Мүқановтың, айтуында Ақия мүғалім жас Мағжанға арабша тілді білдіреді. Жадит жолымен жазылған тәпсірмен таныстырады. 1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда Қасен Панамарүлы деген жадит молданың медресесінде мүсылмандык. білімін шыңдай түседі. 1911-1912 жылдары Уфа қаласындағы атақгы медресе "Ғалияда" оқиды.
Жас кезінде қай адам өз жанынан өлең шығаруға қүмартпайды. Желбастыққа салынбаса да, жел сөзбен әуестенушілік жағынан Мағжан күрбы- ұқсайды. Дегенмен, өлең-жыр есігінің босағасын шывдап аттап, тәуекел етуі-1910 жыл. Шығыс Қазақстанның Зайса я ауданында үш жыл шамасында мүғалімдік қызмет атқарып, сол жақган атақгы "Оян, қазақ!" атты өлендер жинағын бастыруға дайындап ала келген Міржақып Дулатовпен танысуы, жас үстазынан орыс тіліне жаттығып, үлы орыс классикасымен ауыздануы, Абай өлеңдері уызынан қанып ішіп, Омбыда "Бірлік" атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның "Балапан" атты қолжазба журналына, редактор боп сайлануы, Уфадағы әдеби орта, медресе "Ғалияда" сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі үшырасуы, жаңадан бас құрап үйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі-осының бәрі темір қанат балапан таланттың қауырсыны тез қатайып, "Шолпан" атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себептесті.
"Шолпан" жинағы Мағжан Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші, бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды. Бүл әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин, Абай, Ахмет Байтүрсынов пен Міржақып Дулатовтың жарқын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің соңғы бекеті де болатын. Бүдан кейін оку-білімге шақырған өлеңдер болса, жаңалығы там-түм, ілгерідегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап, күйіс қайырудан әрі аспайтын.
Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзі "Алтын Хакім" атаған акңмен бір тақырыпта өлең сөз жарыстырып та көрді. Сонымен бірге бүл кездегі қоғамдық ойдың үлттық сипаты, орыс империализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публициятикасында айқын, ашық, басым сипат ала бастағаны мәлім. Осы ағымның ең көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі Мағжан Жүмабаев болды. Алғашқы жинағының өзі үлтшылдық сипат алса, мүның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден үлт ақыны боп қалыптасуына өмірдің өзі мәжбүр етті. 1913 жылы Мағжан мүсылманша алынуға тиісті білімге жетіккенін сезініп, келесі белеске көтерілуді ойлайды. Орыс әдебиеті мен мәдениетінен нәр алып, осының негізінде Батыс, әлем әдебиетінен кеңірек танысуға бел байлайды. Бірсыпыра даярлықган соң 1914 жылы Омбы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1917 жылы аяқгайды. Аяқгау, жалпы семинариядағы оку Мағжанға оңайға түскен жоқ. Сәбеңнің жазуларынан білгеніміз-әкесі Бекен ақсақалдың Мағжанды Омбыға окуға жібермей, молда еткісі келгендігі. Тілімді алмадың деп, адуынды әке баласын соқыр тиынсыз қалдырады. "Жан сөзі" өлеңінде Мағжанның: "Ата-анаңнан без! дедің, сезбедім бе, қаңғырып талай жалғыз кезбедім бе?" /1/-дейтіні сондықган. Семинарияда үздік оқығанға бір меценат бай 500 рубль стипендия тағайындаған екен. Үздік оқитын Мағжан сол стипендияны талшық етеді.
Сол кездегі казақгың оқыған жастарының аузында жалғыз сөз-"миллетім" болды да, Ресейде оның шет аймақгарына дейін жеткен төңкеріс дауылдарының бәрін олар азаттық таңындай қарсы алды. Мағжан "ұлтым", "Алашым" деп ұран көтерген қозғалыстардың бәрінің жуан ортасында жүрді.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Мағжан Ақмола қырғыз облыстық комитетінің құрамында халықкд білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін аткдрады. Осы комитеттің жүмсауымен Торғай облыстық қазақ съезіне қатысады. Міржақып Дулатовтың басшылығымен өткен Омбыдағы қазақ съезінің жүмысына араласады. Сол 1917 жылдың желтоқсан айында өткен Жалпы қазақгың съезінде Мағжан Жұмабаев Алашорда үкіметі жанынан құрылған Аағрту коллегиясының мүшесі болып сайланған болатын. Коллегия құрамында Омаров, Шонанов т. б. бірге ел арасында алашты көгертпек қамында білек сыбанып жүсым істеген. Жалпықазақ съезінен кейін енді уездерде қүрылтай өткізуге тиісті болды. Мағжан Алашорда үкіметінің тапсырмасы бойынша Көкшетау кдзақгарының съезін үйымдастырып, өткізді.
Жалпыкдзақгық съезде Мағжан ақын Петерборда өтпек қүрылтай жиналысына Қазақстаннан баратын депутаттар тізіміне ілікті. Сол тізімдегі депутаттар бас қосқанда Алаш партиясы бағдарламасын қабылдап, бүл партияның құрылғанын жариялауға, басшы органдарын сайлауға тиісті болатын. Амал қанша, бұл шара іске аспай қалды.
1918 жылы Мағжан Омбы мұғалімдер институтына окуға түседі. Алайда "Үш жүз" партиясының көкауыз белсенділерінің әлегінен тұтқындалып, 1918 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін көзі жылтырап Омбы түрмесінде отырады. "Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, істей берсін қолдарынан келгенін!" дейтін "Сағындым" өлеңі сол қамауда жатқанда жазылған /2/.
1918 жылы маусым айында Омбыда Кеңес өкіметі құлап, оның орнына Колчак келгенде Мағжан абактыдан шығып, біраз уақытын аулында өткізеді. Сол жылы күзде Петропавл уезінде ашылған педагогикалық екі жылдық курстың меңгерушісі болады. 1920 жылы Сібір ревкомы (Омбы) Қазақ Республикасындағы өзгерістерді халық арасында насихаттау жұмысымен шұғылданатын комиссия күрып, оның құрамына Мағжан да енеді. Бүл кездерде атағы елге кең жайылған ақын "Бостандық туы" газетінің редакторы қызметіне тағайындалады. Бүл газет Омбыдан Петропавл қаласына көшірілгенде де-редакторы. 1922 жылдың аяқ шенінде екінші әйелі Зылихамен түрмыс қүрады. 1923 жылы Ташкент қаласына қызметке ауысады. Сүлтанбек Қожановтың көмегімен Казинпростың оқытушысы болып істейді. Сонымен бірге ғылыми комиссияның мүшесі болады. Мүнда шығатын "Шолпан" журналына, т. б. баспа орындарына белсене қатысады.
Тергеушіге берген бір жауабында Мағжан: "1917-18 жылдардың оқиғалары санама жетпеді, сахнада не болып, не қойып жатқанын түсінбеген көрермен секілді күй кештім, "-десе де, бүл жылдары бірталай қоғамдық істердің басын қайырып тастағаны байқалады.
1913-1924 жылдар арасы Мағжан творчествосындағы айрықша бір жемісті, өнімді кезең болды. Бүл жылдар бедерінде екі бірдей өлендер жинағы жарық көрді. Біріншісі-ақын Бернияз Күлеевтің "Бастырушыдан" атты алғы сөзімен 1922 жылы Қазан қаласында ("Татарстан" матбағасы") жарияланды. Екіншісі- арасына жыл салып, 1923 жылы Ташкент шаһарында "Мағжан Жұмабайүлының өлендері" деген атпен басылып шықгы. Бүл жинақган тыс "Шолпан" журналында қазақ әдебиетінің асыл қазыналары-"Батыр Баян" атты поэмасы және "Шолпанның күнәсі" деген үзақ әңгімесі дүниеге келді. Орынбор мен Ташкент баспаханаларында "Педагогика" атты (1922, 1923) оқулығы басылып шықгы.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында өрістеген мәдени революция нәтижесінде елде жаппай сауатсыздықгы жою науқаны басталды. Мағжан сол науқанға белсене қатысты. "Сауатты бол!" окулығын жазды. Окулықгың жүрткд үнағаны сонша, қатарынан төрт рет басылды. "Сауатты болдың!" соңғы төртінші түзетіліп басылуы Мәскеу қаласында қазақ елінде бүған дейін қүлақ естіп, көз көрмеген таралыммен-50 мың тиражбен басылып шықгы. Түзетіліп басылды дейтіні-окулықгың соңғы нүсқасына Қазақстанда енгізіде бастаған латын әліппесі берілді.
Пегас атты шабыт түлпарын ерттеп мініп, тізгінін берік үстаған ақын бүл жылдары әсіресе поэтикалық шабысын барынша үдетті.
Басты тақырыбы-үлттық тақырып жан-жақгы өрістетіліп, күлашын жаза түсті ("Жаралы жан", "Қазақ тілі", Міржақып Дулатов патша түтқынына түскенде жазылған өлеңдер шоғыры: "Жауға түскен жанға", "Түтқын", "М. Д. абащыдан шыққанда") . Үлт мүддесін ту етіп үстаған тағы бір тарау өлеңдері "Өткен күн", "Айға", "Тілегім", "Мен жастарға сенемін" деп аталады.
Поэма жанрына қол артты. Үлт-азаттық тақырыбын осы үлкен жанрда көбірек өрістетті ("Қорқыт", "Ертегі", "Окжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", жоғарыда аталған "Батыр Баян" поэмалары) .
Махаббат лирикасының, сүйіспеншілік жырларының асып төгілуі де осы кезең үлесінде. Тырнақалды жинағында қапы сокқан олқылықгы (ғашықгық тақырыпта "Шолпан" жинағынан: "Сүйгенім" өлеңін ғана кезіктіреміз) ақын артығымен толтырады. Түрлаулы істің сапалы атқарылғаны сондай, Мағжанның Мағжан атын шығарған осы өлендері деген де сөз бар. Жүмабаев өлендері оның есімін атау ауыр күнә саналатын уақытта да ел аузында жүрді. Соның ең бір үздіктері-Гүлсім Қамаловаға арналған ғашыктық өлендері. Ол 1921 жылы ақын басынан өткен бір биік мәнді махаббат хикаясы еді.
Осының алдында екі жыл бүрын ақынның қүдай қосқан жары Зейнеп баладан қайтыс болған. Азамат соғысы кезінде туғандықган, есімін Граждан деп атаған түңғыштары шешесінің өлімінен соң көп үзамай, бір жасында ажал қармағына ілікті. "Баланың қабір тасына" өлеңі осы кезде туған. Тағдырға тәбділ жоқ. Өмір заңы солай. Тірі тірлігін істемек. Уақыттың шаңы астында көміліп қалатын дүние көп. Қайғыны да үмыттыратын сол уақыт. Жаңа ой, жаңа тілек билеп сілкенгенде, жан шіркін түлеп сала бере ді ғой. Мағжан мен татар әйелі Гүлсім арасында ғашықгық оты сол бір кездерде түтанады. Әттегене, Гүлсімнің басы бос емес-ті. Ақыры тағдырлары екеуін айырып тынады. Міне, осы махаббат хиякаясы әдебиетіміздің көркіне көрік қосатын ғаламат сүлу жырлар туғызды. ("Гүлсім ханымға", Түлсімге", "Сүй, жан сәулем", "Г . . . ге", "Айрылғанда", "Болса гүлсіз", "Тірілдім") .
Осы қатар олжасына альбом ескерткіші түрінде, жастардың сүйіспеншілігіне арналған өзге де лирикасы қосылмақ ("Сен сүлу", "Көңілде қайғы қалдырмас", "Сүйгенім анық", "Жәмила", "Махаббат не?", "3-ға", "Сүйгеніме", "Жас сүлуға", "Біраз Фетше", "N-ға", "К-ға", "Хор сипатты қарындас" т. б. ) .
Мағжанның қазақ поэзиясында ашқан жаңа беттерінен және де айрықша атайтынымыз-ақынның Батыс, күллі әлем поэзиясындағы ауыз түшитын жаңалықгарға ден қоюы. Осыған байланысты символистік ізденістері ("От", "Пайғамбар", "Күншығыс", "Мені де, өлім, әлдиле", "Бостандық", "Жаралы жан", "Берниязға" т. б. ) . Символизм-романтизмнің бір бүтағы болғанда, осы тарапты өлең үлгілері ақын творчествосын қазақ поэзиясының және бір жемісті ағашы етіп бөлек геп түратынын айту керек. Бүлар-"Жазғы жолда", "Қысқы жолда", "Жиіленді қара орман", "Қараңғылық қоюланып келеді" т. б. өлеңдер. Символистік туындыларынан "Шолпы" өлеңі реализм рендес.
Тақырыптық жағынан Мағжанның әдебиетімізге, кала берді әлем поэзиясына енгізген жаңалығы-экология тақырыбы. Бүны өмір жыры етіп алғаш жырлағандардың бірі осы өзіміздің қазақ ақыны ("Жазды күні қалада", "Айда атынды Сәрсембай", "Шойын жол") -Мағжанның поэзиялық бағынан философиялық лириканың шоқ шынарын да кезіктіреміз. Ақын біткен болмаса да, даналары өз тағдырын алдын ала сезініп, өлең жолдарына түсіретіні әдебиет тарихында айтылып, жазылып жатады. Магжанның аяулы тағдырының қандай трагедиямен аякталатынын күні бүрын болжап білгендей. 1920 жылы жазған "Жан сөзі" өлеңі бүгін де оқыған жанның сай-сүйегін сырқыратады. "Ой" деген өлеңі, атына қарағанда, осы психологиялық қүбылыстың сырын ашатын толғаныс сияқгы. шын шетсіз, шексіз түңғиыққа батады, көзіне жас оралады, жүрегі көмір болады. Сондай тебіреніп күңіренген кенеулі ой толқындары "Ауру", "Жүлдыздарға", "Сағат", "Шылым", "Александр Блок" т. б. бірқатар өлеңдеріне тән.
1923 жылдың аяқ шеніне таман ақынды жүбайы Зылиха екеуін Мәскеу дәмі тартады. Мәскеудің Жоғары әдеби-көркем институтына окуға түседі. "Личный листок студента" деген күжатты Мағжан сол 1923 жылы 12 желтоқсанда толтырады. Қүжат сүрактарына берген кей жауаптары төмендегідей. Түскен оқу орны-Жоғары әдеби-көркем институты. Бүрын оқыған оку орындары-Омбы мүғалімдер семинариясы және мүғалімдер институты. Жоғары оку орнына кім жіберген деген сүракқа: Түркістан Халық ағарту комиссариаты мен Түркістан Атқару Комитеті делінген. Оқуға түскенге дейінгі мамандығы-мектеп қызметкері және газет редакторы. Ата-ана мамандығы-мал шаруашылығы. Семья жағдайы-үйленген. Қарауымда-әйелім деп көрсеткен. 1918 жылдық Халық ағарту қызметкерлері кәсіподағының мүшесі. Мүшелік билеті N63414.
Мәскеуде оқи жүре, Жүмабаев Кіндік баспасының жұмысына белсене қатысып, В. И. Лениннің бірталай мақалаларын, басқа да саяси әдебиетті, Пушкин, Лермонтов, Фет секідці орыс поэзиясы саңлақгарын, Горький бастаған кеңес жазушыларының көркем шығармаларын аударады.
1929 жылғы 14 шілдеде тергеуші жауап алғанда, Мағжан Жұмабаев: "Мәскеуге көшіп келгеннен кейінгі жерде менің дүниетанымым өзгере бастады, "-дейді. Бүл жүрекжарды шыны еді.
Мағжан Жүмабаев осы ретте үлкен рәміздік мәні бар "Қызыл жалау" өлеңін (1924) жариялайды. Рәміздік мәні болатыны, бүл өлең ақын дүниетанымы әжептеуір өзгерістерге түскенін байқатады. Ол енді ағынға қарсы жүзбек емес. Белгілі шарттармен қызыл жалау түбіне жиналған халыққа қосылуға бар. Мәскеулік үлкен олжалары-"Жүсіп хан", "Өтірік өлең", "Толғау", "Тоқсанның тобы" поэмаларында ақынның жаңа үкіметке ниеттестігі айқын көрініс табады. Әдебиеттану ғылымынан солшыл бағытта жазып тындырғаны-"Алқа" бағдарламасы. Бүл мүсылмандық һәм зайырлы (светский) ғылыми еңбектердің қай-қайсысымен де атсалыса алатын теориялық соны ізденіс еді.
Ақын НКВД тергеушісінің дігірлеткен талабы бойынша, өзінің "Алқа" атты бағдарламасын қалай жазғанына кең тоқгалады.
"Будучи в Москве я начал знакомиться с трудами Плеханова, Луначарского . . . После чего написал критическую программную статью о направлении литературы под названием "Алка", с которой ознокомил Сарсембина Жакена, Амангали Сегизбаева. С этими двумя товарищами была рассматрена статья, внесны дополнения и изменения, потом ее переписывали и разослали no почте в Семипалатинск - Ауезову TVL, в Ташкент- группе Аймаутова Ж., Байтасова и другие. От Ауезова я получил письмо, в котором он не одобрил эту платформу как очень левую. Программу «Алка» составлял я лично - Джумабаев /3, 219/.
Мұны толық және аудармай орыс тілінде келтіруіміздің себебі бар. Соңғы кездерде бағдарламаның соңында Мағжанның қолы қойылмаған деген желеумен «Алқа» бағдарламасының авторы Мағжан ғана емес, бұл ұжымдық құжат екен деген жаңсақ сөз шығып жүр. Әрине, «Алқа» әдебиеттік үйірмесі алда-жалда қүрыла қалып, талқылаудан өткен күнде, үжымдық қүжатқа да айналар еді. Амал қанша, ондай жиналыс өткен жоқ. Тек, кейбір зиялылармен жеке-жеке пікір алысу болғанға үқсайды.
Жәкен Сәрсенбин - мәскеулік студент. Аманғали Сегізбаев - Қостанайда мүғалімдер курсын бітірген ақын, журналист. Біз екеуінің де «Алқаны» жазған Мағжанға пайдалы кеңес беруі мүмкін екеніне шүбә келтіргіміз жоқ. Бағдарламамен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мүхтар Әуезовтер де танысқан. Мүхтар Әуезов Мағжанға жазған хатында «Алқаны» тым солшыл бағытта жазылған деп сынайды. Өзге оқыған көрнекті зиялылар да сондай пікір білдірген. Бірақ, бүлардың ешқайсысы, пайдалы кеңес бердім екен деп, талқыға түскен шығармаға авторлықка жармаспаған, пікірлерін «Алқа» авторына білдірумен шектелген. Бүл сондай болуға тиісті еді.
Мағжан бүдан әрі: «Алқа» бағдарламасын өлең түрінде жазып, поэма атын «Толғау» деп қояды.
«Толғау» өлеңі Халық ағарту комиссариатында жүмыс істейтін Жолдыбаев Молдағалиға («Педагогикаға» кіріспе жазған қаламгер) жібердім. Мен өлеңімде өзімнің өмір жолымды, "менде қавдай қателік және қобалжулар болғанын мезгіл-датасын көрсетпей баяндап шықгым. "Алқа" үйірмесі үйымдастырылмай кдлды. Бөкейхановпен кездескенімізде әдетте біз әдебиет жайынан әңгімелесетінбіз, " /4, 26/-дейді Мағжан тергеушіге берген жауаптарында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz