М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі


Жоспар
Кіріспе2
І - бөлім. М. Әуезов шығармашылығына шолу жасау, талдау беру. 3
а) М. Әуезовтің1918-1928 жылдары жазылған шығармалары. 3
ә) М. Әуезовтың 1930-1950 жылдары жарық көрген шығармалары16
б) М. Әуезов шығармаларының мектеп бағдарламасында берілуі. 20
ІІ бөлім. М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі. 21
а) М. Әуезовтың өмірі мен творчестволық жолын оқыту (дәстүрлі және дәстүрлі емес “баспасөз-мәслихат” сабақтарының үлгілері. 21
ә) “Қорғансыздың күні” әңгімесін факультатив сабақта оқыту. 36
в) “Абай жолы” романыман үзінді оқыту. 57
Қорытынды64
Пайдаланылған әдебиеттер:66
Кіріспе
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді.
Атасы Әуез және әкесі Омархан арабша хат таныған адамдар. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді. Әуез Мұхтарға алғаш арабша хатты өзі танытып, Абайдың өлеңдерін оқытады. Сонымен бірге бала Мұхтар Самарбай молда, Камалиддин қазыреттен сабақ алды, қазақ эпосының, араб, парсы әдебиетінің үлгілерін оқиды.
- жасқа келгенде әкесінен айрылады. Оны ағасы Қасымбек өз
қолына алып, Семейдегі 5 сыныптық қалалық училищеге орналастырады.
Мұхтардың анасы Нұржамал 1912 жылы қайтыс болады. Омарханның шаңырағына ие болып, үй шаруасына басшылық еткен Самарханның баласы Разақ. Мұхтардың өмірден таршылық көрмей өсуіне Разақ себеп болған.
Мұхтар Әуезов Семейдегі 5 сыныптық училищені бітірген соң сондағы 4 жылдық мұғалімдер даярлайтын семинарияға оқуға түседі. Онда ол орыстың классикалық әдебиетінің, Батыс әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен терең танысады, Семейдегі Гоголь кітапханасы Мұхтардың сүйікті мекеніне айналады. Оның алғашқы шығармалары осы кезеңдерде дүниеге келеді. 1919 жылы мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіреді. 1923-1928 жж. Мұхтар Әуезов бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, 4 жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді.
1928-1930 жж. Орта Азия университеті шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұзақ жылдар бойына жазушылық пен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, педагогикалық қызметті қатар атқарып келді. Ғылымда да, өнерде де, әдебиетте де, өмірде де үнемі ұстаздық құрып өткен. М. Әуезов Қазақстанның ұлт мәдениетін өркендетуден ұлы тұлға бола білді. Ол ұзақ жылдар бойы қазіргі Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінде қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқып, келешек педагог, әдебиет зерттеушісі, журналист қауымды тәрбиелеуге орасан зор үлес қосты.
М. Әуезовтің Қазақ ССР Ғылым Академиясын, оның әдебиет және өнер институтын құрып, ғылым ордасының тарихын жасаудағы үлесі де ерекше. Ол Қазақ ССР Ғылым Академиясының тұңғыш академиктерінің бірі және президиум мүшесі болды.
М. Әуезовтің басшылығымен жүзге тарта ғылым кандидаты, ондаған ғылым докторлары шықты.
І - бөлім. М. Әуезов шығармашылығына шолу жасау, талдау беру.
а) М. Әуезовтің1918-1928 жылдары жазылған шығармалары.
Мұхтар Әуезов әдеби-творчестволық еңбекпен ерте айналысқан. Оған, әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибе және өзі оқып-тоқып, үлгі тұтқан үш сала өнеге мектебі ( қазақтың төл әдебиеті, орыс және еуразия классикасы) шешуші фактор болды.
Ол Семейдегі гимназияда, семинарияда оқыған кездерінде қаладан далаға- өзінің туған ауылына каникулға келіп жүреді. Жай келіп жүрмейді, ауыл өмірін әр қырынан байқап, байыптап, зерттеп жүреді. Шынында да Қазан революциясынан бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен тағдыры- Әуезовтың жан-жақты зер салып, терең таныған дүниесі.
Феодалдық-патриархалдық қоғамдағы қазақ елінің мінезі, құлқы, сыры мен сипаты, ру аралық алыс-жұлыс, күштінің әлсізге көрсетер зәбір-жапасы, байлардың кедей қауымға үстемдігі мен өктемдігі, қалыңмал, барымта, қыз алып қашу, көп әйел алу, күндестік, құн-жер дауы, жесір дауы… Осылардың бәрі Әуезовтей ойлы, білімді, мәдениетті қаламгердің қиялын сан қияға салып ойландырады, толғандырады. Кейбір оқиғалар жекелеген көркем тұындыларға қолма-қол мазмұн, сюжеттік желі, идеялық арқау боп тартылады.
Осы арада көңіл ұйытар бір нәрсе - Әуезовтің азаматтық келбеті. Болашақ алып суреткердің әлеуметтік ой-пікірлері ертерек пісіп, эстетикалық көзқарасы ертерек қалыптасқан. Қалам қызметіндегі алғашқы адамдарының өзінен ақ ойшылдық, азаматтық ауқым аңғарылады, парасат әлемінің ойы мен қырын көп кезіп, басын тауға ұрып, тасқа соғып дегендей, тынымсыз ізденгені, халық, ел, қоғам хақында толассыз толғанғаны сайрап білініп тұр.
Тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы
“Адамдық негізі - әйел” (1917) деген публицистикасында әйел азаматтығы тұралы келелі мәселені кең қозғайды. Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озған білімі мен мәдениеті байқалады. М. Әуезовтің пайымдауынша әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйел негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр-тіршілігі үшін қажет.
Әуезов алған тақырыбының ішкі астарына, түпкі тамыр-тереңіне сүңгіп барып, тарихи салысты-рулар жасайды. /Отан от басынан басталады/ дегендей, әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады. Ерлер жағы өздерімен өздері, салт ат, сабау қамшымен бет-бетінде жүргенде төңірегін уыздай ұйытып “балаларын баулап, асырап, үйлік ұйымының басын құрған-әйел”. Осы әйелге теңдік бермей күйкі халде күң ғып ұстау тек бір адамға ғана емес, барлық қоғамға жасалған қиянат екенін түйіп айтады. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік - ана тәрбиесінің нәтежесі. Ал “өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың” адамды адамдыққа тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ?. Демек, адам бойындағы жаман қылық, жат мінездің бәрі бас бостандығы жоқ, сондықтан екі үйдің арасындағы пыш-пыш өсек-ғайбаттан әрі асып ешқайда бара алмай қалған, көрбала, бұйығы, рухани мүгедек әйелдің сорлылығына байланысты екенін дәлелдей келе” әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылдықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе!. Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!. ”- деп, өзінен бұрынғы ілгершілік ағартушы- демократтар тұрғысынан озат идея, ойшыл тұжырым ұсынады.
Әдебиет - сөз өнері. Ал өнер өмірден туады. Әуезовке біткен өнердің қайнар көзі де оның өзі таныған өмір десек, Әуезов творчествосындағы ең бір іргелі тақырыптың басы, ірі идеяның бастауы - оның өнер жолының басындағы осынау очерк-эссе.
Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі- әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Өткен ғасырдағы орыс әдебиетінде әлемге әйгілі “Тургенев әйелдері” бар десек, қазіргі қазақ әдебиетінде “Әуезов әйелдері” деп аңыздауға болатын жан тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясы жасалды. Дәл осының беташары да “Әуезовтың толғанысы” - “Адамдық негізі - әйел”. Бәрі содан басталған.
Трагедиясы алғашқы жазушылық қаламынан туған туынды «Еңлік - Кебек…трагедиясы. Ол бұл трагедияны 18 жасында Семейдегі семинарияда оқып жүргенде “Еңлік-Кебек” аңызы бойынша бірнеше вариантта қысқаша әңгіме жаза отырып, ақырында, драмаға айналдырды.
1917 жылдың маусым айында Мұхтар Әуезов “Еңлік - Кебек” пьесасын Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің отауында қояды. Ол пьесада ойнайтын әртістерді таңдап, әрі режиссер, әрі суфлер қызметін өзі атқарады. Пьесадан түскен ақша Қытайдағы (аштан қырылып жатқан) қазақтарға жіберді.
Қазақ мәдениетінде театр деген өнер, қазақ әдебиетінде драматургия деген жанр М Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасымен басталады.
“Еңлік-Кебек” пьесасының мазмұны көне-сол Әуезов туып-өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде 18 ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға; бір-біріне жауыққан екі рудың ер жігіті Кебек пен ерке қызы Еңлік бірін-бірі сүйіп қосылғанын екі жақтың да ел билеуші шонжар-феодалдары кешірмей, өзара қызыл қырғын ерегіске, айтысқа, айқасқа түсіп, бір-бірінен құн даулап, ақыр-аяғында жан түршігер масқара мәмілеге келеді де, тағы ортаның тағылық заңын аттап өткен екі жасты тірілей ат құйрығына байлап, сүйретіп өлтіреді. Екеуінен туған сәби нәресте иесіз таудың еңіс шатқалында жападан-жалғыз зарлап қала береді….
Бұл оқиға ел аузында аңызға айналған. Аңыз жүз, жүз он, жүз жиырма жылдан кейін жарық көрген бір екі ғақылия - қара сөзге, бірер толғау-дастанға мазмұн болған.
Осынау көне мазмұнды Мұхтар Әуезов қазақтардың сөз өнерінде бұрын-соңды болмаған су жаңа соңғы пішінге көшіріп, “Еңлік-Кебек” трагедиясын жазып шыққан. Демек, драматургия - қазақ әдебиетінде тек Әуезов қана тудырған жанр деп Сәбит Мұқанов әділ айтқан. 1926 жылы қазақ театрының тұңғыш шымылдығы “Еңлік-Кебек”- пен ашылуы тегін емес. Бұл - бір.
Екіншіден, суреткердің өнер жолы оның өмір жолымен тығыз байланысты екенін ескерсек, Әуезовтің жарық дүниеге көзін ашқалы көргені, сезгені, білгені, түйгені төңкеріске дейінгі көне ауылдың көне тіршілігі, тағдыры, ақиқаты болса, мұның өзі жазушы творчествосындағы өзекті тақырып боп, 1917 жылы басталған “Еңлік-Кебек” трагедиясынан 1957 жылы аяқталған “Абай жолы” эпопеясына дейін қырық жыл бойы желісін үзбей созылып келуі - Әуезовтың әсемдік әлеміндегі заңдылық, өнер өрісіндегі бірлік пен тұтастық. Осындай заңдылық пен тұтастық болмаса, Әуезовтің өнрі өмірге - өзінің өсіп-өнген топырағына мұншалық терең тамыр тарта алмас еді.
Үшіншіден, махаббат пен жауыздық - мәңгілік тақырып. Мұхтар Әуезов - “Еңлік-Кебек” трагедиясын мәңгілік тақырыпқа жазған. Өз шығармашылық өнерінің “алтын арнасын” ә дегеннен осылай дәл тапқан Әуезов мұны енді өзіне хас шеберлікпен, біліммен, мәдениетпен ұштастырғанда “өзегі толық ақ жалынға” - маздаған отқа, қоздаған шоққа толы ақынға айналған. Ал “ ақынның оты өз дәуірінің жалынымен жалғасқан жерден Шекспир, Гете, Пушкин туады” ( И. Сельвинский )
“Еңлік-Кебек”-тің мазмұны ел аузындағы еөне аңыз болғанмен, суреткердің сол аңызды аңыздау пішіні жаңа, сондықтан да жанр тың-драма. Дүниежүзілік әдеби классиканың үлгісімен осы жанрды қазақ әдебиетінде бірінші боп бастап, Ғабит Мүсірепов дәл тауып айтқан “Алыптар тобымен” бірге қалыптастырған драматург Әуезов - “Еңлік-Кебек” трагедиясынан кейін Батыс Европа мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны ( В. Шекспирдің “Отеллосы” мен “Асауға-тұсауын”, Н. Гогольдің “Ревизорын”, Б. Пруттың “Жойқын князь Мстиславын”, А. Афиногеновтың “Қорқынышын”, К. Треневтің “Любовь Яроваясын”, Н. Погодиннің “Ақсүйектерін”, А. Кронның “Флот офицерін”) өз алдына қойғанда, осы жанрда отыз екі шығарма (драма, комедия, трагедия, киноценарий, опера либреттосын) жазған.
Драматургия - Әуезов мұрасының орасан бай саласы, туған әдебиетіміздің аса құнды асыл қазынасы. Оның ішінде, әсіресе “Еңлік-Кебек”, “Қарагқз”, “Айман-Шолпан”, “Түнгісарын”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды” секілді пьесалары бүгінде тіпті осы жанрдың бүкіл дүниежүзілік дәрежедегі классикалық үлгілеріне айналып, сонау жарыққа шыққан мезгілінен сахнадан түспей, үнемі қайталанып қойылды олардың көркем-идеялық мазмұнының тереңдігінде.
Мұхтар Әуезов драматургиялық шығармашылығының өміршеңдігі-көркемдік шындық арқылы өз халқының тарихи-бітім болмысын, рухани әлемін, даналығы мен әлеуметтік қайшылығын, тәуелсіз де, еркін өмір үшін күресін, ұлттық психологиясын сахна тілімен барынша терең суреттеп беруінде.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің аяғына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Мұхтар Әуезов 1921 жылы ”Қорғансыздың күні” деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді.
Байырғы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық туралы, адамдар арасындағыөым-қиғаш қайшылық, обырлық туралы, адамдар арасындағы әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң, қайғы хақында жазушы сол жиырмасыншы жылдардың жемістері “Қорғансыздың күнінен” “Қараш-қараш” оқиғасына дейінгі екі аралықта тағы да бір алуан әңгімелер топтамасын жазды. ” Оқыған азамат” (1922), “Үйлену” (1923) ”Сөніп-жану”(1923), ”Кім кінәлі”(1923), ”Ескілік көлеңкесінде” (1925) “Кінәмшіл бойжеткен”(1925), “Қаралы сұлу” (1925), “Жетім “(1925), “Барымта”(1925), “Жуандық”(1926) .
Осы әңгімелердің қай-қасысына назар салсақ та, жас жазушының ауыл өмірін, елдің тұрмыс жайын жетік білетіні айқын танылады. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің осы кездің өзінде-ақ суреткерлік шеберлігі барған сайын арта түсіп, сан түрлі адамдардың мінез ерекшелігін, психологиясын, өмірден азап шеккен жандардың трагедиялық жағдайын даланың табиғат көріністеріне жалғастыра бейнелеу, шеберлігі таң қалдырады.
“Оқыған азамат” деп аталатын әңгімеде қала тұрғындарының өмірі суреттеліп, олардың арасындағы қарым қатынас сөз болады. Бұл әңгімеде ашық зұлымдық, көрінеу зорлық жоқ, кейіпкерлердің қайсысын болсын,, мынау жағымсыз, анау жауыз,, , деп белгілі бір айдар да таға алмайсыз. Әйтседе, жазушы қазақ тұрмысының ауыр жақтарын, ұсқынсыз көріністерін молырақ бейнелеуге ұмтылған. Оқыған азаматтар қатарында саналғандардың өздері де біркелкі емес, сан түрлі: біреуі Мейірхан секілді күнделікті тіршілікке белсенді араласпай, жақсылықты жайбарақат күтетін “идеалист” болса, мұғалім Мақсұт-арманына жете алмай, қыршынынан қиылды. Өлер алдындағы оның бар ойы жалғыз қалып бара жатқан мүсәпір анасы мен өзі оқытқан жас жеткіншектердің қамы…. Көксегеніне жетіп, Хадишаға үйлену арқылы Мақсұттың дүние-мүлкіне ие болған Жұмағұлды автор “жаратылысында қу, сөзінде шынынан өтірігі көп” деп сипаттайды. Ол шын мәнінде оқыған азамат емес, қара басының пайдасын көздеген жылпос, айлалы адам.
Жұмағұлдың ауылдағы әке-шешесі де баласына сай. Автордың бағалауынша, оның шешесі Қамария ”Жас күнінен шаруақорлықты сараңдыққа жеткізген, күтімділікті пайдакүнемділікке жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пысық бәйбіше…. ” болса, әкесі Әміре “…. ішінен тақыс есебі айырылмайтын…. . ” қыжыр, бір доға кісі. Ақыры жазушы шеше мен әке, келін мен бала арасындағы ынтымақтық себебін былайша түсіндіреді: ”малды сүйген қомағайлыққа, сараңдыққа, қанағатсыздыққа келгенде, жас келін кәрі енесінен асып түсті, жас жігіт оқыған десең де, кәрі әкесінен асып түсті, заты мінез бірлігі, ”жас-кәрі”, ”оқыған-оқымаған” деген айырмашылықтарға қарамай-ақ бұл адамдардың басын қосып, бірін-біріне үйлестіреді……
Жеке, даралау тұрған бейне - Мақсұттың анасы. Жалғыз ұлы мезгілсіз дүние салғаннан кейін оны қорғайтын, қамқорлық жасайтын ешкім жоқ, сопайып қара басы қалған, күні кеше тату-тәтті отырған келіні Хадиша өз қамын ойлап, жол-жөнін тапқан. Жұмағұлға қосылып енді кемпірдің мүлкіне кқз тігеді, соған қайтсе де ие болудың амалын іздейді. Әңгіменің соңында зәбір-жапа шеккен сорлы ана, қорлыққа шыдамай, қаза табады. Сөйтіп, Жұмағұл, Хадишаның мұраты орнына келеді. ”
Жазушының “Үйлену” мен “Қаралы сұлу” деген әңгімелері шын мәніндегі көркем туындыдан гөрі бір ғана эпизодты, немесе бір ғана кезеңді суреттейтін әдеби этюд десе болғандай. Бұларда күрделі мазмұн, бай оқиға жоқ, қаһармандардың өз ара қатынасы терең бейнеленбей жағдайдың ыңғайына бейімделіп тым оңай шешіледі, мысалы: Оспанның Жамилаға үйленуі, сондай-ақ қаралы сұлу Қаракөздің “азап шегуі”.
Ал қаламгердің “Ескілік көлеңкесінде”, “Кім кінәлі? ”, “Сөніп-жану ” сияқты шығармалары кең тынысты және шебер жазылған. Бұларда қазақ ауылының ескі тіршілігі, оған ене бастаған өзгерістер, әйел басының еркі әлі де ескілік шырмауында екені өте қонымды берілген.
“Ескілік көлеңкесінденің” басқа әңгімелерден ерекшелігі сол, онда ескіліктің бүкіл көрінісі жан-жақты және өте қонымды суреттелуінде. Байдың ерке қызы Жәмеш өзін айнала қоршаған болмыстан бейхабар, бір бет, тәкаппар өседі. Оның үлгі тұтатын әрі ақылшысы, әрі тәрбиешісі ескілікті аңсайтын, қатал мінез кәрі әжесі Мәкен. Бұл сияқты азулы кемпірлердің азғана ауыл тұрсын бүкіл руды бір шыбықпен айдаған кездері болған. Жәмештің өз әке-шешесі Мәкен кемпірдің алдында құрдай жорғалап, оның бетіне қарсы келіп көрген емес. Жас Жәмештің туған апасы Хадишаны әрі бай, әрі болыс Кенжеханға тоқалдыққа бергізген де осы қияс кемпір еді. Алғашқы кезде Хадиша біраз толқысада, ақыры іштен тынып, қатын үстіне кете барған. Сырткөзге оның өмірі сәнді, үлде мен бүлдеге бөленіп отырғандай. Үй ішіндегі бар билік те оған көшіп, жас тоқал өзін емін-еркін ұстағандай тәрізденеді. Ол күйеуіне ерекше құрмет көрсетіп, үнемі ықылас білдіріп отырады, қысқасы, шалқыған бақытты өмірге ие болғандай. Бірақ мұның бәрі алдамшы көрініс. Хадиша мұңы батқан жүрек сырын, жегідей жеген қапа-қасіретін ешкімге ақтарып ашпайды. Сөйтіп жүргенде көп ұзамай (күйеуімен алты жыл отасып) Хадиша дүние салады. Неге екені белгісіз, ақырғы өсиет-аманат сөзінде ол өз орнын жас сіңлісі Жәмеш басып, артта қалған екі баласын жетімсіретпеуін өтінеді.
Хадишаның көзі тірісінде Мәкен кемпір мен Жәмеш сан рет қонаққа барып, ұзақ жататын-ды. Кенжехан мен Хадишаның “тәтті” тұрмысы оларға сондай сүйкімді әрі қызықты көрінетін-ді. Тегі соның әсерімен болса керек, Жәмеш ағасы Қасымның (оқыған жігіт) қарсылығына қарамастан, Кенжеханға тиюге бірден ризалығын білдіреді.
Жазушы жағдайды мейлінше тәптіштеп, соншалық нанымды суреттеген.
Әңгімедегі тағы бір басты қаһарман - Қабыш. Ол жас жігіт, орта мектепті бітірген, Жәмешке көптен бері ғашық, талай рет хат жазса да қыз тарапынан үміт туғызарлық нышан көре алмай келген. Қабыш образы жалаң емес, күрделі жасалған. Оның бойындағы ұтымды қасиеттерімен қатар, осал жақтары да көрсетілген. Қабыш көбінесе қиялға беріліп, өмірдегі тартысқа онша бейімделмеген жан ретінде бейнеленген. Жақсы оқыған дегені болмаса, автор оны үнемі жасықтау, икемсіздеу етіп сипаттаған, Жәмештен жылы жауап ала алмауы да осыдан.
Қанша ерке өскенімен Жәмеш сұлу Кенжеханмен алғашқы кездесуінен бастап бірден түңіліп, мүлдем өзгереді. Әйткенімен жазушы бар сырды ашпай, жұмбақ күйінде қалдырады. Жәмештің Қабышпен кездеспек болуы да, осы ойын тез орындау үшін белін бекем бууы да оншалық дәлелденбейді. Екі жастың дидарласуы немен тынғаны да ашылмай, тұйық күйінде берілген. Олар мұраттарына жетті ме, әлде өмірден опық жеді ме, ол арасы да белгісіз. Алайда, әңгіменің аяғында жеңгесі Бүбішке Жәмештің айтқан: ”Тез жүр, тез!” деген әмір-өтініші, оның қалай да тұжырымды бір шешімге келгендігіне оқушыны үміттендіргендей болады.
Әңгіме - өте көркем, тілі бай, оқиғасы тартымды. Жазушы шеберлігінің айқын айғағы.
“Кім кінәлі ?” атты келесі шығармасы да жоғарыдағы әңгімелермен үндес, бірақ бұл туындыларда ескіліктің қанды жұдырығы тұрпайы, жиіркенішті қалпында сипатталған. Ысмайыл байдың бойжеткен қызы Ғазиза әкесі атастырған жеріне бармайтынын ашып айтады. Осыдан барып тұтқиылдан қымғуыт шиеленіс туады. Бір жағы, зіркілдеп зәрін шашып қатал әке қаһарына мінсе, екіншіден, шұғыл шақырылған, Жақып күйеу қалындығын көндіре алмаған соң, оны сілейте сабайды. Ғазиза бұл қорлыққа шыдамай, ертеңіне қатты ауырып қаза табады.
Мұнда да бақытсызсыз қызды сүйетін оқыған жігіт бар. Ол-ісләм, сол Ысмайылдың құдасы Әзімбайдың баласы, Ғазиза мен Ісләм көптен таныс, екеуі бірін-бірі сүйеді, әйтседе олар ескілікке қарсы тұрып, төтеп беруге жарамайды. Ғазиза қыршыннан қиылып, қайғылы өлімге ұшыраса, Ісләм өз елінен, туған-туыстарынан пана таба алмай қалаға аттанады. Оның бар қолынан келгені Ғазизаның қабіріне соғып, қоштасуы, сүйген жарын есіне түсіріп егіле жылауы ғана. Замана шындығы осылай еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz