С. Бақбергеновтің өзіндік қолтаңбасына, стиль ерекшеліктеріне талдау жасау, баға беру


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
С. Бақбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
НЕПЗГІ БӨЛІМ
С. Бакбергенов шығармашылығындағы ауыз әдебиеті үлгілері
Ітарау. Жазушы шығармашылығындағы аңыз-әңгімелер мен ертегілердің көрінісі
а) аңыз әңгімелер
ә) ертегілер
II тарау
С. Бақбергенов шығармашылығында тұрмыс-салт жырларының алатын орны
III тарау
С. Бақбергенов шығармашылығындағы мақал-мәтелдер мен шешендік
сөз үлгілері
а) мақал-мәтелдер
ә) шешендік сөздер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Kipicne
Қазіргі әдебиетімізде тарихи тақырыпты шығармалардың шеңбері кеңейіп келе жатқаны, мұның өзі халқымыздың өткендегі өмір шырғалаңдарын, тар жол, тайғақ кешулерін, тәуелсіздік, тыныштық, еркін өмір жолындағы күрестерін, ерліктері мен өкініштерін бүгінгі буынға ғибрат етіп үсынудың аса қажетті амалы екені көміл. Тарихта анық орын тепкен, халық санасында өшпестей із қалдырған, кейде ертегі, кейде аңыз секілденіп қазіргі қауымға бүлдырап елестейтін қүбылыстардың табиғатын танып, көркемдік шындығын ашу, сол арқылы ел шежіресін жаңа қырынан, нақтырақ таныстыру қаламгерлеріміздің қасиетті борышы.
Бүл туралы ғалым Рахманқүл Бердібай өзінің «Тарихи роман» атты еңбегінде: «Қазіргі дөуірдегі әдеби шығармаларда, соның ішінде, әсіресе, тарихи романдарда фольклор материалына: аңыздарға, мифтерге, мысал-тәмсілдерге, ертегілерге көбірек сүйену, оларды көркем туындының өрнегіне қосу бағыты анық көзге шалынады. Үлкен идеяларды, өлемдік моні бар моселелерді көтеру үшін қаламгерлер кейде ауыз одебиетіндегі аңыздар мен рәміздерге баратыны жиі кездеседі. Бүл тек қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы әдебиет дамуындағы үрдістердің бірі екендігі айтылып та, жазылып та жүр. фольклор сарындары жазба одебиетті үздіксіз байытып отыратын нөрлі көздің бірі екені молім. Фольклордан ауысқан сарындарды жазба шығармада өңдеп пайдаланудың түрлі деңгейі байкалады. Кейде тарихи романға ауыз әдебиетінің жекелеген сарындары емес, енді бір жағдайда шығарманың қүрылысы да, көркемдік тәсілі де, суретгеу қүралдары да фольклорлық дәстүрге ерекше жақындайды», - деген пікір айтады /1, 314/.
Көркем шығармада ауыз өдебиеті үлгілерін пайдалану үрдісі сонау XIX ғасырдың екінші жартысындағы Абай шығармашылығынан бастап («Әзім әңгімесі», «Ескендір» поэмалары), XX ғасырдағы қазақ өдебиетінің классиктері: С. Сейфуллин («Көкшетау», «Аққудың айрылуы» поэмалары), М. Жүмабаев («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Батыр Баян» поэмалары), М. Әуезов («Абай жолы» дәуірнамасы, «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Еңлік-Кебек» пьесасы) т. б. ақын-жазушылар шығармащылығында көрініс беріп келе жатқандығы белгілі. Кеңес доуірі әдебиетінің соңғы кезеңіндегі қазақ одебиеті өкілдерінің шығармашылығында да ауыз әдебиеті материалдарын пайдалану жиі кездесетін қүбылыс (мысалы, Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Үркер» 4
романдары, С. Сматаевтың «Елім-ай» романы, Т. Әлімқұловтың «Қаралы қобыз», «Сейтек сарыны» шығармалары, Д. Досжановтың «Жібек жолы» романы, М. Шахановтын поэмалары т. б. ) - Шығармашылығында ауыз әдебиеті материалдарын көптен-көп пайдаланған жазушылардың бірі - С. Бақбергенов. Тақырыпты таңдау себебі:
Көркем өдебиетте ауыз өдебиеті үлгілерін пайдалану үрдісі қазақ жазушыларында көптеп кездеседі. Сондай жазушылардың бірі - С. Бақбергенов.
Жазушының шығармаларында ауыз өдебиеті үлгілері көптеп кездеседі. Бірақ та жерлес жазушының шығармашылығы өз дәрежесінде толық зерттелмей келе жатқандығын ескере отырып, осы бағытта өз үлесімді қосу мақсатым осы тақырыпты таңдап алуыма бірден-бір себеп болды.
Жүмыстың зерттеу объектісі: С. Бақбергенов шығармашылығын-дағы ауыз әдейиеті үліілершің керінісі, жазушының фольклор үлгілерін пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктері.
Жұмыстың макраты: Жазушының суреткерлік талантына баға бере отырып, өз шығармашылығында ауыз әдебиеті материалдарын пайдалану төсілін ашып көрсету. Сондай-ақ, басқа жазушылардың шығармашылығымен салыстыра отырып, С. Бақбергеновтің өзіндік қолтаңбасына, стиль ерекшеліктеріне талдау жасау, баға беру.
Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: зерттеу, сипаттама, салыстырмалы талдау өдістері.
Жұмыстың жариялануы мен макүлдануы: Диплом жұмысы кафедра мәжілісінде қаралып, талдаудан өтті.
Диплом жұмысының құрылысы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I . Бақфергеновтің өмірі мен шығармашылығы
Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы 15 сәуірде Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы), Созақ ауданында дүниеге келген. 1936 жылы Түркістан қаласындағы темір жол училищесін, ал 1939 жылы Түркістан педучилищесін бітіреді. Үлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Көп жылдар бойы республикалық газет-журналдарда қызмет атқарды. Алғашқы повесі «Талғат» 1950 жылы басылып шыққан. Жастарды адамгершілікке, адалдыққа баулитын «Менің досым» (1953), «Өзіміздің жігіттер» (1958), «Қоянкөзге қүлаған жүлдыз» (1965), «Он үшінші ойыншы» (1979) т. б. повестер мен әңгімелер жинағы, замандастары жайында сыр шертетін «Бозторғай» (1960), «Қайран шешем» (1963), «Адам жөне көлеңке» (1969), «Мен сізді сүйемін» (1975) атты кітаптары, Отан соғысы тақырыбындағы «Қарға тамған қан» (1967), «Алтын күрек» (1968), «Белгісіз солдат» (1977) роман-повестері, бүгінгі кейіпкер келбеті туралы ой толғайтын «Кентау» (1973) повесі мен шекарашылар өмірінен алынып жазылған «Қан тозаң» (1984), «Ақбоз атты ару» (1986), «Бөрте-Шыңғыс ханның жүбайы» (1990) романдары жарық көрді. М. Горькийдің, А. Г. Короленконың әңгімелері мен ертегілерін аударды. Жазушының көптеген шығармалары КСРО халықтары тілдеріне аударылған. 1-дөрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен наградталған. 1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағын иеленген С. Бақбергенов 1997 жылы Алматы қаласында өмірден өтті.
Жазушының шығармашылығы туралы алғаш ғылыми-зерттеу мақала жазған сыншылардың бірі Төлеген Тоқбергенов былай дейді: «Сөуірбек Бақбергенов әдебиетке «Талғатымен» келді. Үлы Отан соғысынан кейін іле-шала жарық көрген бұл повесть оқушы жүртшылыққа бірден үнады десе де болады. Кеше ғана біткен сұмдық соғыс туралы шындық көркем әдебиеттің арқауына айналып кете қоймаған кезде, оның үстіне қазақ үшқышы туралы көркем туынды сол түсқа дейін жазыла коймаған шақта дүниеге келген бүл шап-шағын шығарманы жастың да, кәрінің де іздеп оқуы заңды еді» /2, 172/ .
Автордың айтуынша, бүл шығарманың жазылуына Кеңес Одағының Батыры атағын екі морте алған Талғат Бигелдиновпен кездесуі себеп болса керек. Ол алдымен, Талғат жайында очерк жазады. Сосын барып, көлемді дүниеге қалам тартады. С. Бақбергеновтің шығармаларында очерктік элементтердің басым боп келуінде оның журналистік тірлігінің табы жатыр. 6
Повесть жазылған түста С. Бақбергенов журналистік сапарға көп шыққандығы туралы естеліктер бар. Соғыстан жаңа қайтқан жігіт қалпына келтіру кезеңіндегі естен шықпас еңбек майданының куәсі болды. Соның алдында ғана орасан «опат-набытты, небір нәһан өлімді, жаппай қырғынды» көріп-біліп келгсн жас жігіт енді ел-елді аралай жүріп, қазаның орнын, қайғының ізін жуып-шайып жатқандарды көріп, толғанумен өседі. Кезінде үлкен білім ала алмаған жігіт көріп-білгенімен, зейін-зерденің мықтылығымен есейді. Газет жұмысымен күнделікті тапсырманы орындай жүріп қаламын үштай берді. Сол шақта ол Өскемен су электр станциясы қүрылысынан топ-топ очерк жазумен болды. «Аблакеткадан хат» аталған сол очерктер автордың кейін жұмысшы тақырыбына үлкен шығарма жазуына әдеби азық болды. Жазушы Шымкент мақташыларында, Ахцысай кеншілерінде, Қарағанды шахтерларында, Жетісу диқандарында, Жамбыл малшылары мен қызылшашыларында, Ақтау мүнайшыларында боп, көріп-білгенін көкейіне қондыра берді, үнаған, әсерленген жәйттерді қалам үшына ілдіре берді. Күндердің күнінде сол очерктерден «Өзіміздің жігіттер», «Алтынемелден асқанда», «Дина», «Кентау», «Адам және көлеңке», «Бүл біздің колхоз» сияқты дүниелер туған еді. жазушы ол кезде ерінбей, жалықпай іздене берді.
Сэуірбек Бақбергеновтің тақырып-танымы да кең. Үлы Отан соғысы турасында да, бейбітшілік кезең жайында да көп жазды. Ол өнер адамдары, ғылым жүлдыздары, спорт шеберлері туралы да қалам тартумен болды. Осының борі журналист-жазушының көп көріп, көп білгенін, тынымсыз тірлік-ізденістің иесі екенін дәлелдейді.
Жазушының алғашқы дүниелерінің бірі - «Дина» повесі. Повесть алғаш жариялана бастағанда журналист Бақбергеновтің жазушы суреткерлікке бет бүрғаны анық білінген болатын. Ол шақта өнер адамы туралы көркем шығарма тым сирек болатын. Өле-өлгенше күрең домбыраны күмбірлетіп өткен Дина Нүрпейісова туралы өзгеше сыршыл сарында туған осынау шағын дүние кейін «Қайран шешем» боп өзгермей түрып-ақ көптін көкейінен табылған көркем туындыға айналды. «Алғаш өнер адамдары туралы жаза бастаған түста, - дейді Тәкен Әлімқүлов, - маған «Динаны» үлгі ете сөйлеген кісілер болды. Аманғали Сүлтанов деген жігіт Сәуірбек Бақбергеновтің «Дина» повесінен тағлым алар түстардың барағырақ екенін айтқаны да есімде» /2, 174/ . Шынында да, көкірегі даңғыл домбырашы жайындағы повестің таным ғана емес, тәлім де берген туынды болғанын ойласақ бүл шығарманың бағасы арта түсері хақ.
Дина заманымыздың айтулы күйшілерінің бірі еді. Оның тартыс, қағыстарында сиқыр сарын, саумал дыбыс Тәкенше айтсақ, лала лебіздер сапырылып жатыр еді. Алғаш көргенімізде ертегіде айтылған аңыз ретінде елестегені рас. Жүмбақ адам қолынан жұмбақ дыбыстар өздігінен туып жатқандай болып еді. Қартайған шағында сондайлық күйлер туғыза білгеи көкірегі даңғыл кейуананың бейнесі осы кезге дейін санамыздан кетпейді.
Міне, сол айтулы күйші жайында Сөуірбек Бақбергенов жазған повестің біздің әдебиетімізде өзіндік бір ізі, жолы бар деуіміз керек. Соғыс салған ауыр жарахаттың табы кетпей, қайғы-қасіретінің көз жасы әл-әзір кеппей түрғанда ұмытыла бастаған домбыраға күй төккізу, жалпы өнерді қастерлеп, қасиет түту үлкен өнегені басындай көрінер еді. Бүл туынды туралы Т. Тоқбергенов: «Біздің әдебиетімізде енді өнер тақырыбы сүбелі үлес алып отырған болса, оған 1942 жылы жарық көрген «Абай» романының, сосын осы «Дина» повесінің белгілі дөрежеде әсері тигенін жасырудың керегі жоқ», - деген пікір айтады.
«Дина» повесінде өнер сүйген жанның қажыр-қайраты, асау мінез, дүлей дарыны көрінген. Дина күйлерінің туу тарихына бойлаған көркем шығармаға лайық талдау ерекшелігі де тым тәуір еді. Өнер адамының, жалпы, сыршыл, ойшыл адамның жан - дүниесі бедерлі суреттелген болатын. Толғаныс, тебіреністің сыры нанымды штрих, детальдармен нәзік қайырылып жеткізілген-ді. Сол «Дина» повесі кейін «Қайран шешем» болып толығып, өңделіп қайта шықты.
«Қайран шешем» романының осылай аталуы да орынды деп білеміз. Себебі, біріншіден - осы күрделі еңбектің күллі желісі, алтын арқауы болып алынған халқымыздың аяулы өнерпаз қыздарының бірі - Дина Нүрпейісова - «Қайран шешем» деп емірене еске алуға, тебіреніп қалам тербеуге түрарлық түлға! Екіншіден - Дина бойындағы табиғи таланттың асылдары ашылып, өн бойындағы өнерінің өрге самғауына себеп болған осы «Қайран шешем» күйі. Өзінің өмірдегі, өнердегі үлағатты үстазы Қүрманғазыдан осы керемет күйдің шығу тарихын естіп, соны үйренгеннен кейін-ақ Динаның өнерге деген махаббаты от болып лаулайды. Ал, өнерге деген бүл түлғалы, түрақты махаббаты «Ақсақ киік» күйі дүниеге келіп, оны Қүрманғазы сынды күй маңғазы түңғыш рет Динаның өкесі кенже үйінде тартқанда оянған еді. Динаның Қүрманғазыны алғаш көруі де осы жолы.
Романның экспозициясы Дина сынды өнер иесінің дүниеге келуі мен басталады да, оқиға жоғарыда айтылған енерге деген махаббаттың ояну сотіненбастап дамиды. Бұдан кейін Динаның тұрмысқа шығуы, Қүрманғазыдай қадірлі үстазбен, Дәулеткерейдің баласы Сәулеткерей, Жайықтың сайыпқыраны Түркеш, Мың төбенің жүйрігі Мүсірәлі, теңіз бойының көк дауылы Төремүрат, Сайқынның шан досы Сейтек, ерке оннің еркесі Балғын, Кербездермен кездесу сәттері, өнер қанатының қатаю кезеңі кең де келісті суреттеледі.
Шын реалист жазушы адам тағдырын тарихи оқиғамен, ортамен келісімі келген үйлесімін танып, тауып, соны терең зерттеп, біліп жазса керек. С. Бақбергеновтің Дина тақырыбына келу позициясы осыны аңғартады. Солай болғандықтан да жазушының Дина тағдырын жалаң баяндамай, сол өнерпаз өскен ортамен, өмірімен тығыз бірлікте суреттеп, оқиғалардың түлғасына, мінезіне, уақытына шақтап, бөліп көрген тәсілін қүптау керек.
Адамның көңіл күйін творчество адамының ішкі толғаныс толқынын жазушы ақындык шабытпен суреттейді. Әр бір жаңа туған күйдің түңғыш тартылу сәттері де ажарлы сөздермен айшықты жазылған. Мәселен, «Ақсак киік» күйінің алғаш орындалуын автор былай суреттейді: «Қонақ домбыраны бауырына тарта үстап, шүқшия отырды да, қос шекті қатты қағып-қағып жіберді. Домбыра үні де дүмбірлеп сарнай жөнелді. Осы бір алғашқы дыбыстың өзі жан күйінің алғашқы сазы, сүлу үні сияқты шымырлай шығып еді. Күй сазынан олде атылған мылтықтың даусы, әлде бір қашқан аңның дүбірі, шапқан аттың дүрсілі естілгендей болады да, осы бір дыбыстар енді бір сотте кең далада ызындап ескен желдің сыбырына қосылып, тамаша бір мәнді үнмен сорғалап қүйыла бастайды. Осы төгіліп шыққан күй сазының ішінен арынды жүйріктің екпіні мен ақсақ аңның шоқағын анық ажыратуға боларлықтай еді . . . » (20-21 беттер) . Біз бүл үзіндіден өнер адамының шабытты шағы көркем тілмен келісті кестеленгенін байқаймыз.
Сыншы, жазушы Собит Досанов: «Сөуірбек Бақбергеновтің «Қайран шешем» атты романы бүрын қазақ прозасы көп көтере қоймаған, көтерсе де ірі, көркем полотно жасала қоймаған өнер тақырыбын езек етіпті. Халық өмірінің, өнерінің және өнерпаздарының көркем шежіресін жасау қазақ беллетристикасының ардықты да абыройлы борышы. Осыны терең үғынған автор суреткерлік парызды, жазулық жауапкершілікті басты бағыт етіп, қызық та күрделі тақырыптың қиындығынан қаймықпай, әдебиетіміздегі олқьшы толтыруға талаптанған», /3, 75/ - деген пікір айтады.
Сонымен, Соуірбек Бақбергенов «Талғат» повесін жазып, Үлы Отан соғысы тақырыбына қалам тартып, өзі барып қатысып келген қаһарлы күндерді көзге елестетсе, «Дина» повесімен өнер адамының рухы биіктігін де көрсетті. Жазушыны кейінгі өнер мүратына күдіксіз бастаған бағыт солайша тартылған еді. Тіршіліктің қай саласына барса да біліп-танып, сезіп барып жазатын қалам машығы да сол кезден-ақ қалыптасқаны жоне бар. Әлгі тақырыпты игеру ұғымның ұштығын осыдан көреміз. Жоғарыда айтқан «Дина» повесін бірден жазбай, әуелі «Ақсақ киік туралы аңыз» әңгімесін жарыққа шығарып, барлау жасауының өзінде С. Бақбергеновке тән ізденіс, зердеге түю дағдысын аңғарып білер едік. «Ақсақ киік туралы аңыздан» кейін «Күйлер», «Дина», ең соңында барып «Қайран шешем» романы жазылды. Осыған енді Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбаев, Дөнеш Рақышев, Роза Бағланова өміріне арналған «Боз торғай», «Сүқсыр», «Біздің Роза» повесть, әңгімелері қосылғанда жазушының өнерге көзқарасы, өнер адамдарына ілтипаты айқақтана түсер еді. Бір ғана осы өнерге деген қүштарлық, өнер адамына деген сүйіспеншіліктің өзі-ақ суреткердің жан-дүниесін, сыршыл, сыншыл күйін жайып салғандай.
Өз шығармашылығы туралы С. Бақбергенов былай дейді:
- Шоқан Уалиханов жайындағы үш повесімді де осы топқа жататын, бірақ өзгелеу нүсқадағы еңбек санаймын. Ал, мүның ешқайсысында да Шоқан өмірін түтас көрсеткім келген жоқ-ты. Мөселен, «Мен сені сүйем» повесімде Шоқанның Достаевскиймен достығын айтсам; «Көгершіндерде» Шоқанның Әулие-ата сапарын, оны маңайлаған адамдардың мінезін бермек болдым. «Қоянкөзге қүлаған жүлдызда» Шоқанның Матайдағы соңғы күндерін, соңғы махаббатын, Айсары екеуіне ғана ортақ сырды ашқым келді. Алайда, өлгі үшеуінің ең болмаса біреуін оқыған, басалқы, білетін біреу: «мынау сенің оң жамбасыңа келіп түрған тақырып екен» деп айтатын шығар деген ем. Бірақ, оны ести алмадым, тек, «Көгершіндерді» оқыған бір жазушы: «қай жерде қалай ұшатыныңды енді байқадым» деп оспақтағаны бар. Бүл, әрине, кеңес те, сын да емес.
Менің осілі, өнерден соң сүйіп жазатын тақырыбымның бірі - спорт. Бүл кім болса сол жаза беретін тақырып емес. Өзінің ерекшелігі, қиындығы бар. Бүл тақырыпта, оның ішінде боксшылар жайында жазған өңгіме-очерктерімді былай қойғанда «Он үшінші ойыншы», «Самолет қанша іүрады?», «Абсент қандай жігіт өзі!» деген повестер де әзірше талдау-талқы көрмей жатыр.
Спорт демекші, спорт жайывда біздің қазақ жазушылары көп жазған емес. Мен бүл тақырыпты ойға алғанда, алдымен Батырлар жырын, ерлік дастандарды, сосын «Топжарғанды», «Қүлагерді», С. Мүхановтың «Балуан»
Шолағын, К. Әбдіқадыровтың «Қажымұхан», Ә. Әбішевтің «Найзағай», С. Бердіқұловтың «Аспаннан шұға жауған күн», тек содан кейін барып Ә. Нұрмахановтың, Ә. Бүркітбаевтың кітаптарын атар ем. Көркемдік қуаты жағьшан кейінгі екеудің шығармалары, әрине, едоуір олқы жатыр. Аталмыш дүниелерді түгел шолғанда, орине, нағыз спортты үғып жазған, қазіргі деңгейден жазған деуге лайығы Сейдахметгің повестері /2, 176/ .
Міне, осы тақырыпқа Соуірбек Бақбергенов те қалам тартты. 1979 жылы оның «Он үшінші ойыншы» кітабы жарыққа шықты. Кітапта «Он үшінші ойыншы» повесі, «Самолет қанша түрады?» оңгімесі, «Абсент қандай жігіт өзі?» эссесі топтастырылған, бәрі де спорт туралы, спортшылар жайында. «Он үшінші ойыншыдағы» жас футболшы «таныс бейтаныс» Айдар әдеби кейіпкер санатында, қазақ одебиетінде Сейдахмет Бердіқүловтың Түйғыны іспеттес жаңа, тосын кейіпкерлердің бірі десек, «Самолет қанша түрады?» шағын повесінде атағы жер жарған Қажымүхан өмірінің бір ғана түсы көркемдік шешімін табады. Ал, «Абсент қандай жігіт өзі?» - жылқьт түлігі туралы сотті жазылған дүниелердің бірі. С. Бақбергеновтің нені жазса да біліп жазатын дағдысы осы шағын үш түрлі шығармадан тағы да көрініс береді. Абсент турасындағы эсселік дүниесі жылқы түлігі жайлы көкейтесті ойларға шомдырады, қасиетті түлікті өсіруге байланысты талай проблемалық мөселелер өз-өзінен туындап жатқандай.
1980 жылы «Жазушы» баспасы Сөуірбек Бақбергеновтің қос томдығын басып шығарды. Бүл оның алпыс деген асуға шыққан кезінде қүп жарасқан, көз қуаныш, әдемі тарту болса, жазушының отыз бес жылға созылған творчестволык, еңбегі үшін одеби есеп іспеттес.
Бүл екі томға жазушының бар жазғаны енген жоқ әрине. Тіпті, белгілі шығармаларының біразы жоқ. Сөйте түра қүрастыру, топтау әдісі жақсы шыққан. Бірінші томына тек Үлы Отан соғысы такырыбына жазылған шығармалар болса, екінші томдағылар бейбіт тіршілікті бейнелейтін дүниелер.
«Қарға тамған қан» романының жалғасы - «Алтын күрек» алғашқы шығарманың екінші бөлімі боп дүрыс берілген. Себебі, біз «Қарға тамған қанда» өскери қорғаныс шебін көрсек, «Алтын күректе» сол әскердің шабуыл кезін көреміз. Екі шығармада да кейіпкерлер бір. Сонымен қатар бүл томдағы «Жанғожин», «Барлаушылар», «Белгісіз солдат» әңгімелері атақты сегізінші гвардиялық дивизия өміріне бағышталған. Мүндағы Рашит Жанғожин, Әшірбай Қоянкөзов, Женя Иванова, тағы басқалары сол даңқы әлемге кеткен гвардия жауынгерлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz