Хэйан поэзиясы – танка үстемділігі Кокинсю өлеңдер жинағы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 - тарау. Хэйан поэзиясы - танка үстемділігі “Кокинсю” өлеңдер жинағы6

2 - тарау. §1 Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари. 18

§2 Хэйан дәуіріндегі күнделік жанры. Митицуна-но хака “Өткінші өмір күнделігі”24

§3 Дзуйхицу жанры. Сэй-Сенагон “Бас жақтағы жазбалар”29

§4 Гэндзи моногатари35

ҚОРЫТЫНДЫ41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі43

КІРІСПЕ

794 жылы астана Нарадан “Тыныштық пен бейбітшілік астанасы” деп аталған Хэйан-кеға ауыстырылғаннан бастап Жапон тарихында төрт ғасырға созылған әлі күнге дейін ұрпақтар ықыласына бөлінген, жапон мәдениетінің “алтын ғасыры” атанған Хэйан дәуірі басталады.

Өркениеттің жарқырап дамуы, аса күрделі қытай әкімшілік жүйесінің орнауы, ағартумен білімділіктің аса жоғары деңгейі, күнделікті өмір мен тұрмыстың байлығы, қоғамдық қатынастардың қарқынды дамуы, өнердің гүлденуі мен әдебиеттің аса ерекше шарықтануы осы ғажайып кезеңнің басты ерекшеліктері болып табылады.

Саяси тұрақтылық қоғамның жоғары топтарының астанаға ағылуына мүмкіндік берді, және де ол өзін алдынғы қатарға қоятын адамға сай жалғыз орын болып саналады. Ал, астана ақсүйектерінің ұмтылысысол кездегі мәдени құндылықтар орталығы, император сарайы болатын.

Хэйан дәуірінің тағы бір ерекшелігі, бұл қоғам мен мәдениеттегі әйелдердің орны. Аттарын тарихта мәңгі қалдырған, сол кездің шоқ жұлдыз ұлы әйелдері Мурасаки Сикибу, Сэй Сенагон, Митицуна но хаха, Оно-но Коматы, Издуми Сикибу аса ерекше, бүкіл әлемде теңдесі жоқ, ғасырлар бойы зерттеулердің нысаны болып отырған әдебиетті, әйелдер әдебиетін қалыптастырды.

Хэйан дәуірін нағыз әдеби кезең деп айтуға болады. Әсіресе, 5асырларда ол аса қатты гүлденеді. ғасырда хэйан поэзиясы жоғары дәрежеге жетіп, 905 жылы танканың озық үлгілерін берген “Кокинсю” антологиясы шығады. Ал ғасыр болса хэйан прозасының шырақтануына тұспа-тұс келеді. 1001 жылы хэйан романының ең жоғарғы жетістігі болып саналатын Мурасаки Сикибудің “Гэндзи моногатари” шығады. Осы екі төбенің айналасында бір қатар өлеңдер жинақтары, повесттер мен романдар орналасады. Және де бірнеше жаңа әдеби жанрлар: күнделіктер, эссе жазбалар, саясаттар пайда болып дамиды.

ғасыр хэйан әдебиетінің де, онымен байланысты болған таптың да құлдырауымен сипатталады. Билеуші тап саяси ыдыраумен байланысты өзінің өмірлік күші мен мәдени шығармашылық қуатынан айрылып, өз өзіне еліктеу кезеңіне өтеді. Өз табы мен өз мәдениетінің өтіп бара жатқанқуаты мен атағына жалтақтау басталады. “Эйга-моногатари” - “Гүлдену туралы повесть” сияқты тарихи роман шығады.

Бірақ қалам мен сезім үстемдік еткен кезең келмеске кетті. Одан кейін Жапон жерінде ішкі таластар, соғыстар орын алып, самурайлық кезең орнады. Дегенмен, кейінгі ғасырлардың бәрінде Хэйан ұлылығының, сол ғажайып әдебиеттің ізі жатты. Менің бұл тақырыпты ашуды мақсат етуімнің себебі де осында жатыр. Хэйан әдебиетінсіз, оны жасаған ғұлама әйелдерсіз бүкіл әлем жапон әдебиетіне бұлай мұқият үнілмес еді деуге болады. Жапондық ой-сана, мәдениет пен тұрмыс-салтты танып білемін деген адамға осы құпия сырға толы әдебиетпен танысу маңызды деп санаймын.

Бұл ғасырларды тарихта жапон әдебиетінің “алтын ғасыры” деп атауы бекер емес. Өйткені осы ерте ортағасырлада әдебиетте поэзия ғана емес, проза да халық ертегісінен бастап, қысқа уақыт арасында ауқымды, реалистік романға дейін пайда болып дамыды. Ортағасырладағы реалистік роман. Шынымен де адам нанғысыз жайт емес пе. Және де әйел қолынан шыққан. Міне, осы жайттар хэйан әдебиетін зерттеушіге болсын, оқырманға болсын қызықты ететіні анық.

Әрине, әйелдер ол кезде шығармаларын қытай тілінде жазбаған. Қытай тілі жоғары білімділіктің белгісі болып, еркектердің ғана құзырлығында болатын. Әйелдер қытай тілін білсе де, білімділігін көрсету әдепсіздік болып саналған. Сондықтан ғасырдың басында жапонның өзіндік жазуы кана ойлап табылды. Сол жазумен олар сансыз әсем танкалар жазды, сол кезде адамдарының барлық сезімдері мен ойлары көрініс табатын күнделіктер жүргізді, және қоршаған шындықты сипаттап, оқиғаларды романдар мен повестерде қалдырды. Осылайша, күні бүгінге дейін өз құндылығын жоймаған ерекше әдебиет үлгісін ұрпақтарына қалдырды. Осы әдебиет арқылы жапон ұлттылығы қалыптасты.

Хэйан әдебиеті Жапонияда аса мұқият қарастырылған тақырып Икэда Кикан, Итико Тэйдзи, Кутоба Уцубо, Есидзава Есинари, Игараси Тикара, Ватанабэ Дзюндзо, Кимура Масанори, Нагадзуми Ясуаки сияқты ғалымдардың еңбегі соған дәлел.

Шетел жапонтанушыларынан бұл мәселеге көп көңіл бөлгендер деп А. Уэйми, П. Адлер, Э. Д. Сайденстикер, К. Флоренцтіайтуға болады.

Орыс тіліндегі зерттеулерге келетін болсақ, бұл жерде де бір қатар жұмыстар атқарылған. Бұл кезеңнің негізгі атақты шығармалары көптеп орыс тіліне аударылып шыққан, талданған. Бұл жерде жапонтанудағы екі ірі орыс ғалымдары Н. И. Конрад пен В. Н. Гореглядтың орны ерекше. Олардың көптеген түбірлі еңбектері мен зерттеулері жапон әдебиетін, соның ішінде хэйан әдебиетін қарастыруда негіз салды. Сонымен қатар осы жұмыста қарастырылған зерттеушілерге И. А. Боронина, Т. И. Бреславец, А. Е. Григорьева, Г. Г. Свиридов, А. Мещеряков, В. Маркова жатады. Олардың берген анықтамалары мен аудармалары жұмысты жазуға көп септігін тигізді.

Ал қазақ тіліндегі осы тақырып жөніндегі зерттеулер жазу, Хэйанның көркем шығармаларын қазақ тіліне аудару жақын болашақтың жұмысы деп ойлаймын. Бұл Қазақстанның жас шығыстану ғылымының басты міндеті.

Хэйан әдебиетінің мәнін ашу үшін тақырыпты екі тарауға, поэзия және проза деп бөліп қарастырдым. Хэйан дәуіріндегі поэзияның дамуына арналған, бірінші, “Хэйан дәуіріндегі поэзия - танка үстемдігі. “Кокинсю” өлеңдер жинағы” деп аталған тарауда жапон арнайы өлең түрі танка поэтикасы талданып, сол поэзияның жарқын үлгісі деп саналатын өлеңдер жинағының құпиясы мен тарихы сипатталады.

Ал екінші тарау бұл кезеңдегі проза жағдайына тоқталып, төрт параграфқа бөлінген. Әрқайсысы хэйан прозасының әр жанрына тоқталып, сол жанрдың озық үлгісі болып табылатын шығармасы негізінде құрылған. Осылайша, бірінші параграф “Исэ моногатари” негізінде лирикалық повесть жанры “Ута-моногатариді” сипаттайды; екіншісі Митицуна-но хаханың “Өткінші өмір күнделігі” негізінде күнделіктер (никки) жанрын, үшіншісі, Сэй Сенагонның “Бас жақтағы жазбалары” негізінде жазбалар (дзуйхицу) жанрын, және төртіншісі Мурасаки Сикибудің “Гэдзи моногатариі” негізінде ойдан шығарылған сюжеттік роман цукури моногатари жанрын сипаттайды.

Жапонияда хэйан әдебиеті көркем стиль жағынан, өңделуі жағынан, құндылығы жағынан “классикалық” болып саналады. Қазіргі Жапония мен жапондықтардың сипатының қалыптасуында да бұл өдебиеттің ықпалы зор болған. Сондықтан ол өз маңыздылығын ешқашан жоймайды.

1 - тарау. Хэйан поэзиясы - танка үстемділігі “Кокинсю” өлеңдер жинағы

Хэйан дәуіріндегі поэзия тек қана бір жол формасын, танканы қолданады. Бұл форма 5-7-5-7-7 ретімен ауысып отыратын және бір жолға жазылатын бес өлеңнен (екеуі бес буынды, үшеуі жеті буынды) тұрады. Барлығы 31 буын. Танка сол кездің поэзия шығармашылығында жалғыз қалып болды. Ол “Ямато өлеңдерінің” синонимдеріне айналып, үш формаға негізделген (танка, сэдока және нагаута) вака поэзиясы (тура аударғанда “жапон өлеңі”) тек қана танка деп қабылданды.

Танканың бұндай беделі бірнеше себептермен түсіндіріледі, соның ішінде поэзияның сол қоғамдағы орны ерекше айтылады. Жапон поэзиясы өзінің қолдану ауқымының аса кеңдігімен ерекшеленеді. Хэйанда ол өміріне терең сіңді, сарай мәдениетінің міндетті бөлшегіне айналды. Бұл жерде сарай өлең сайыстарында суырып салмалыққа, өлең түрінде кез келген оқиғаға бірден сөз табу, тез және тапқыр жауап беру қабілетіне қандай үлкен мәнбергендігін айта кету керек. Сондықтан поэзия әдетте нақты бір жағдаймен байланысты, белгілі бір оқиғаға бағытталған. Бұны сол кездегі өлең жинақтарындағы берілген өлеңнің қандай жағдайда туғанын түсіндіріліп өтетін, прозалық контекст котобагакиден көруге болады. Хэйан дәуірінің әйгілі өлең жинақтарының бірі - “Кокивакасю” (“Екі және жаңа жапон өлеңдерінің жинағы” 922 ж. ), қысқаша “Кокинсю”. Император қалауымен құралған алғаш өлең жинағы болып, осындай жинақтар құрастыру дәстүрінің негізін қалады, және де одан кейінгі өлеңдер топтамаларының құрылымы мен материалдар іріктеу принциптеріне әсер етті. Онда негізінен бір-ақ жанр, танка үстемдік етеді. (1100 өлеңнің 1091-і), бар болғаны төрт өлең сэдока жанрына, бесеуі нагаутаға жатады.

Хэйан дәуірінің ортасында поэзияның басты қызметі эстетикалық болды. ғасыр аяғына таман моно-но аварэ - заттардың жасырын әсемдігі принципі қолданыла бастады. Ақын міндеті - затта немесе құбылыста жасырынып тұрған әсемдікті байқап, өз сезімін өлең арқылы білдіру. Хэйандықтар үшін заттың жасырын әсемдігін ашуда негізгі қару - сөз болды.

“Кокинсюді” құрастырушылар Жапониядағы поэзия шығармашылығының дамуының алғашқы кезеңін, және де жапон поэтикасындағы теориялық ой дамуының алғаш межесін қорытындылады. Бағалауды, классификациялауды, іріктеуді талап еткен көп материал жинақталып қалды. Екі соңғы міндет жинақтың өз ішінде-ақ шешімін тапты.

Ал біріншісі - алғы сөзі мен соңғы сөзінде. Оны негізінен, өз алғы сөзінде Цураюки шешті, өйткені Есимоти соңғы сөзінде қысқартылған түрде сол идеялар айтылады. Цураюкидің “Кокинсюға” алғы сөзі поэзия теориясы бойынша алғаш еңбек болып, әдеби-сын ойын дамытты. Сондықтан жапон поэзиясының ережелер жүйесін қалыптастырған Цураюкидің алғы сөзі біз үшін жапон поэзиясына көңіл бөлгендер үшін аса маңызды.

Цураюки сөзінше, өлеңнің қайнар көзі болып адам жүрегі, яғни сезім табылады. “Ямато өлеңдері, сендер бір ұрықтан - адам жүрегінен өсесіндер және көптеген жапырақтар шоғы - сөздер болып жайыласындар”1.

Танка поэзиясында жалпы поэзияға тән қайталану, қосарлану, салыстыру, метафора, гипербола сияқты тәсілдер қолданылады, дегенмен жапон поэзиясының ерекшелігін құратын макура-котоба, кіріспе-дзе, юкари котоба, утамакура, энго, хонкадори сияқты тәсілдер де бар. Кейде олар жалпы поэзиялықтармен қосылып кетеді, өйткені олар кейбір қызметтері мен формаларында салыстыру, метафора, аллегория сияқты қолданылады. Дегенмен, жалпы алғанда бұлар мүлдем басқа деңгейдегі тәсілдер. Сондықтан оларды бөлек қарастырып өткен жөн.

Фудзивара Кинто ғасырда жапон ақындарына бірінші сөзден-ақ мәнін айтып салу әдепке жатпағандығын айтып кеткен. Сондықтан олар әрдайым кіріспе сөздерді қолдана отырып, негізгі мағынаны шегіндіруге тырысқан.

Осындай кіріспе сөздердің бірі болып макура-котоба саналады. Макура-котоба - тура аударғанда “бас жақ сөзі” - ерекше поэзиялық эпитет. Белгілі бір сөзді жалпы мағынада анықтай отырып, ол текстте оның алдында келеді (жапон тілінің грамматикасына сәйкес) . Мысалы:

Амакумо-ноЕсо-ни мо хито-ноНариюку каСасуга-ни мэ-ни ваМиюру моно кара:

Амакумо-но

Есо-ни мо хито-но

Нариюку ка

Сасуга-ни мэ-ни ва

Миюру моно кара

Аспандағы бұлт болып,Меннен алыстапКеттің емес пе сен.Менің көзімСені көрсе де.:

Аспандағы бұлт болып,

Меннен алыстап

Кеттің емес пе сен.

Менің көзім

Сені көрсе де.

Өлеңнің алғы сөзінде бұл өлең сол кезде атақты ақсүйек Ки-но Арицунэнің қызының қолымен, өз сүйіктісі солардың үйінде жүре тұра онымен кездесуден қашқан ақын Аривара Нарихираға арналып жазылғандығы айтылған.

“Аманкумо-но” - “аспандағы бұлт” “есо” сөзіне, тура аударғанда“басқа орын”, эпитет болып тұр. Бұл жағдайда “қашу”, “алыстау” деген мағына береді.

Басқа өлең:

УрасабуруКокоро саманэсиХисаката-ноАма-но сигурэ-ноНагарау мирэба:

Урасабуру

Кокоро саманэси

Хисаката-но

Ама-но сигурэ-но

Нагарау мирэба

Менің жалғаз жүрегімМұңға толадыМәңгі мықтыАспаннан жауынДамылсыз жауғанын көргенде:

Менің жалғаз жүрегім

Мұңға толады

Мәңгі мықты

Аспаннан жауын

Дамылсыз жауғанын көргенде

“Хисакато-но” - “мәңгі мықты” “ама” (“амэ”) - “аспан” сөзін анықталды.

Макура-котоба сөзге ғана емес сөз тіркесіне де қатысты бола алады. Мысалы, “амакумо-но такоки-мо сирадзу” - “аспандағы бұлт сияқты тіреу білмей”. “Амакумо-но” эпитеті бұл жерде “тадоки” - “тіреу”сөзімен емес, бүкіл сөз тіркесі “тадоки мо сирадзу” - “тіреу білмей“ тіркесімен байланысты2.

Утамакура - бұл аймақ, тау, өзен және т. б. жерлердің атаулары (әдетте өте танымал) . Сөзбе-сөз аударғанда утамакура - “өлең басы”, өйткені ол әдетте шығарманың басында тұрады. Мағынасы маңызды сөзді текстке енгізеді, яғни өлең сонда “тұнып” тұрғандай болады.

Хикэта-ноВакакурусу вараВакаку э-ниИнэтэмаси моноОиникэру камо:

Хикэта-но

Вакакурусу вара

Вакаку э-ни

Инэтэмаси моно

Оиникэру камо

ХикэтадаТалшын толы далаСен жас болғанында,Сені аймалағанымда . . .Бірақ сен қартайдын.:

Хикэтада

Талшын толы дала

Сен жас болғанында,

Сені аймалағанымда . . .

Бірақ сен қартайдын.

“Жас талшын өскен егіс дала” деп айта салу ақынға аз көрінді. Ол текстке Хикэта топонимін енгізіп, осы даланы анықтағысы келді. Бұл жерде “Хикэта-но” - утамамакура.

Арнайы тәсіл ретіндегі утамакураны жапон ақындары көптеп қолданған және шығарманың негізгі мазмұнына кіретін жай географиялық атаулармен шатастырмау керек. Осылайша, анықтауыш қызметінде тұрған топонимдер өлеңнің “басы” бола алмайды3.

Мысалы, Цураюкидағы Курабуяма тауының аты.

Умэ-но ханаНиоу харубэ ваКурабуямаЯми-ни коюрэдоСироку дзо арикэрэ:

Умэ-но хана

Ниоу харубэ ва

Курабуяма

Ями-ни коюрэдо

Сироку дзо арикэрэ

Алхоры иісі аңқығандаКөктем шағындаСұсты Курабу тауынанТүнде өткеннің өзіндеАйналаның жарық екенін көресін.:

Алхоры иісі аңқығанда

Көктем шағында

Сұсты Курабу тауынан

Түнде өткеннің өзінде

Айналаның жарық екенін көресін.

“Курабу” бұл жерде табыс септігінде тұр (жалғаусыз түрде) және “кураки” - “қара”, “сұсты” сөзімен ойша байланысып мазмұнның маңызды бөлшегін құрап тұр.

Дзе болса, (тура аударғанда “кіріспе”, “алғысөз”) өлең текстіне мазмұны үшін маңызды сөзді енгізеді, және де сол арқылы келесі хабарламаға жақындатады.

Асихики-ноЯмадори-но о-ноСидарио-ноНаго-нагаси е-оХитори камо нэму:

Асихики-но

Ямадори-но о-но

Сидарио-но

Наго-нагаси е-о

Хитори камо нэму

Жайылған құйрығыФазан құйрығыСалбырап тұрған құйрық -Ұзақ-ұзақ түндіЖалғыз өткізермін:

Жайылған құйрығы

Фазан құйрығы

Салбырап тұрған құйрық -

Ұзақ-ұзақ түнді

Жалғыз өткізермін

“Асихики-но ямадори-но о-но сидарио-но” сөз тіркесіне (“Жайылған тауларда фазан құйрығы, салбырап тұрған құйрық”) “наго-нанаси” (“ұзақ-ұзақ”) сөзін енгізіп, оны текстте анықтап көрсетеді.

Дзенің көп жерлері макура-котобаға ұқсайды. Макура котоба сияқты ол да риторикалық әжекей, және әдеттегідей анықтайтын сөз немесе сөз тіркесінің тура алдында тұрады, макура-котоба сияқты ол да өлең мазмұнымен тура байланыспайды, оның құрамына кірмейді.

Дегенмен дзе “бас жақ сөзінен” айтарлықтай алыс жатыр. Онда негізгі мазмұнмен басқаша қатынас, оның табиғаты, құрылымы мүлдем өзгеше. Әдетте оның көлемі шектеусіз. Ол тек өлең көлемінен ғана шектеледі. Мысалы, нагаута танкадан қарағанда дзе көп көлем береді. Кейбір кіріспелер кейде отыздан көп шумақ береді. Танкадағы дзенің орташа көлемі - бір жарым - екіден бастап үш шумаққа дейін. Бірақ макура-котобадан қарағандағы үлкен көлем жаңа қасиетті тудырады: баяндалу бөлшектерінің көп болуы. Бұл әсіресе дзе өлең құрылымының ауқымды бөлігін құрағанда қатты білінеді. Танкада:

Масурао-ноСацуя тахацамиТатимукаи ируМатоката ваМиру-ни саякэси:

Масурао-но

Сацуя тахацами

Татимукаи иру

Матоката ва

Миру-ни саякэси

Батыл жауынгерҚолына садақ ұстағанОған бұрылды да атты -Мақсат: Матоката шығанағыАп-анық болып көзге көрінді.:

Батыл жауынгер

Қолына садақ ұстаған

Оған бұрылды да атты -

Мақсат: Матоката шығанағы

Ап-анық болып көзге көрінді.

Дзе үш жолды қамтиды: “Масурао-но сацуя тахасами татимукаи иру мато”.

Егер “бас жақ сөзі” әдетте сөз, кейде ғана сөз тіркесі болып келсе, дзе болса әдетте сөз тіркесі немесе сөйлем болып келеді4.

Келесі көркем тәсіл - бұл юкари-котоба, сөздердің бірігуі (екі мағыналық) тәсілі. Белгілі бір дыбыстардың бірігуі текстте екі (кейде одан да көп) мағынаға ие болады. Бұл бойынша бір сөз екіншісіне енеді, немесе екіге бөлінеді, какэру. Бұдан тағы бір аты - какэ-котоба шығады. Басқаша айтқанда сөздің екі жағы бар, ол оқырманға кезекпен біресе бір жағын, біресе екінші жағын көрсетеді. Осыдан бола юкари-катобаны кейде айналмалы сөз, ағылшынша pivot-word деп атайды5.

Екі мағыналы сөздің мысалы болып Таира-но Накаки өлеңіндегі “хацука” мен “цуки” айтылады.

Ау кото-ноИма ва хацука-ниНаринурэбаЕ фукакарадэ ваЦуки накарикэри:

Ау кото-но

Има ва хацука-ни

Наринурэба

Е фукакарадэ ва

Цуки накарикэри

Біздің кездесулерімізҚазір сиреп кетті, -Жиырмасыншы күндегідейТүн ортасына дейін аспанда ай жоқ,Сені көру мүмкіндігі әлі жоқ.:

Біздің кездесулеріміз

Қазір сиреп кетті, -

Жиырмасыншы күндегідей

Түн ортасына дейін аспанда ай жоқ,

Сені көру мүмкіндігі әлі жоқ.

Бірінші “сирек” және “жиырмасыншы” сөздерінің мағынасын біріктіреді, екіншісі “ай” мен “мүмкіндік” сөздерін біріктіреді.

Юкари-котобаны үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі, бұл омонимиядан құралатындар. Осылайша “хацука” - “сирек”, және “хацука” - “жиырмасы”, “цуки” - “ай” және “цуки” - “мүмкіндік” сөздері омонимдер болып табылады. Екіншісі, сөздердің құралатын юкари-котоба. Әдетте екі мағына тура және жанама болып арақатынасын белгілейді. бҰл екі түрлі жағдайда іске асады:

а) жанама мағына сөздің нақ өзіне тән кезде. Бұл тілдің өзінің, оның семантикасының құбылысы.

АдзусаюмиХикобаманиманиЕрамэдомоНоти-но кокоро-оСирикатэну камо!:

Адзусаюми

Хикоба манимани

Ерамэдомо

Ноти-но кокоро-о

Сирикатэну камо!

Өзінің шетен садағыңдыСен керген кезде - мені арбап,Саған мен берілер едімБірақ кейін сенің жүрегің қалай боларҚалай білемін мен!:

Өзінің шетен садағыңды

Сен керген кезде - мені арбап,

Саған мен берілер едім

Бірақ кейін сенің жүрегің қалай болар

Қалай білемін мен!

Мұнда екі полисеманттық сөз: “хику” (“хикаба” түрінде) және “еру” (“ерамэдомо” түрінде) . Біріншісі “адзусаюмимен” (“… садақ”) қосылғанда тура мағынада - “керу” болып айтылады. Ал субъектіге қатысты қолданғанда жанама мағынасында - “арбау”, “қызықтыру” болып тұрады. Еру да осыған сәйкес екі мағынада - “жақындау” (керген кездегі садақ ұшының жақындауын айтады) және “жақын болу” (яғни берілу) болып қолданылады.

б) Ақын жанама мағынаны берілген жағдайда қолдана алу кезінде. Бұл поэтикалық бейнелеу құбылысы. Мысалы, “вакамурасаки” келесі бір өлеңде:

Касугано-ноВакамурасаки-ноСуригоромоСинобу-но мидарэКагири сирарэдзу:

Касугано-но

Вакамурасаки-но

Суригоромо

Синобу-но мидарэ

Кагири сирарэдзу

Касуга жазығындағыЖас фиалка түсінеБоялған көйлекОю өрнегі - сезім құйыныШексіз.:

Касуга жазығындағы

Жас фиалка түсіне

Боялған көйлек

Ою өрнегі - сезім құйыны

Шексіз.

Бұл сөз бір мезгілде “жас фиалка” білдіре отырып, сонымен қатар, өлең авторы Касугада кездестірген жас қыздардың метафоралық бейнесі болып табылады.

Ал үшінші түрі, бұл өз атауларының негізінде құралатын екі мағыналы сөздер, және де олар қасиетін қолданады.

Мысалы, “Фукагуса” аймағының аты: оның заттық мағынасы - “қалың шөп”. Осының негізінде өлең құралған:

Тоси-о хэтэСумикоси сато-оИдэтэ инабаИтодоФукагусаНо то я наринан:

Тоси-о хэтэ

Сумикоси сато-о

Идэтэ инаба

Итодо Фукагуса

Но то я наринан

Ауылымды,Көп жылдар тұрақтаған,Тастап кетсем,Одан дақалың шөпАйналмайды ма.:

Ауылымды,

Көп жылдар тұрақтаған,

Тастап кетсем,

Одан да қалың шөп

Айналмайды ма.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. Жапония
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті
Жапония мемлекеті туралы
Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері
Жапония - ежелгі мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz