Қазақтың музыкалық аспаптары


Қазақтың музыкалық аспаптары
Қазақтың музыкалық аспаптары халық арасына ертеден кең тараған. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып кеде жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуендігі мен саздылығы) орындаушылық дәстүрі бар. Мысалы, қазақтың күй мұрасы: «текпе күйлер», «шертпе күйлер» деп екіге бөлінеді.
Батыс Қазақстан өнірінің күйлері орындаушылық стиліне қарай «төкпе күйлер» деп аталса, ал Орталық Шығыс Қазақстан өңіріндегі күйлер «шертпе күйлер» деп аталады. Төкпе күйлер дәстүрінде қарқынды, жігерлі, дауылды сарындар басым болып келсе, ал шертпе күйлер лирикалы толғау үлгісіңде орындалады. Бұл күйлерден кебінесе адамның ішкі ой толғаныстарына, туған жер мен табиғат, сұлулығына, адам өміріндегі сыр-сипатқа құрылған пәлсапалык ой түйіңдері аңғарылады.
Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына, табиғат сұлулығына тебірене, көңілінен жарып шыққан төл туындыларын музыкалы аспаптары арқылы бейнелеп берген. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-тілегі, туған жерге деген махаббаты т. б. толғанады. Музыкалық сауаты (нота жазу) болмағандықтан қазақтың көптеген ән-күйлері жоғалып кеткен. Тек авторлары ұмыт болып, халық жадында сақталып біздің дәуірімізге там-тұмдап жеткен халық күйлері: «Бозінген», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Бозайғыр», «Бел асар», «Аңшының зары» т. б. шығармалардан қазақ халқының аңшылық, мал өсірушілік кәсібінен, ой-арманынан мол мағлұмат алуға болады.
Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар беруге, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. Мысалы жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды (дабыл, дауылпаз, ұран, керней), бақсылар сарнағанда-даңғара, асатаяқ, шаңқобызды; әнші-күйшілер өлең-жыр, терме-ән айтқанда, немесе күй шерткенде - домбыра, сыбызғы сырнай, қыл қобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған.
Музыка аспаптарына арнаулы қап жасап, қоржынға салып, аттың қанжығасына байлап, немесе асынып алып жүруге ыңғайлаған.
Қазақтың музыкалы аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтық бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазақтың музыкалы аспаптарының басты түрлері:
1. Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.
2. Қылқобыз - ысқышпен ойнайтын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, қылқобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты. Қорқыт туралы аңызда, оның қобыз аспабының дүниеге келуі жөнінде мынадай әңгіме бар: Қорқыт жасынан өнерпаз болып өседі. Қолына тиген аспаптың бәрін де сөйлете білетін асқан күйші және түрлі музыкалы аспап жасаушы, қолы месекерлі ұста болады. Ол домбыра, сырнай жасаумен қанағаттанбай жаңа бір аспап жасап шығарып, табиғаттың тылсым тіршілігін музыка аспабының үніне мүлгіткісі келеді. Құшақ жетпес қарағайды кесіп, содан жасамақ болады. Оны үңгіп шауып, күнге кептіріп бірнеше күн әуре болады. Бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде періште аян береді. «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен шанақ, өр текенің мүйізінен ойып тиек, бесті айғырдын құйрығынан қыл ішек керек. Осылардың басын қоссаң, - аспабың сарнағалы тұр» - дел ақыл қосады. Қорқыт көрген түсі бойынша қылқобыз жасап, қолына алып, әлемді күңірентіп күй толғаған дейді. Қорқыт атымен байланысты біздің дәуірімізге жеткен жиырмаға жуық күй бар. Олар ел мен жер, өлім мен өмір, мәңгі бақыт, өшпес ерлік туралы сыр шертеді.
Қылқобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының ішкі тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қобыздарда көбінесе бақсылар ойнап, күй сарьшының әсерін күшейту үшін әдейі темір теңгешелер тағатын болған. Қобыз үш, төрт ішекті де болып келеді. Оларды көбінесе маман музыканттар мен көркемөнерпаздар үйірмесіне қатынасушы талантты жастар қолданады.
3. Домбыра - қазақ халқының арасына өте кең тараған қос ішекті, шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуіне арналған, күй тартуға арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу мойыны ұзын болып келеді. Оны кейде Батыс Қазақстан домбырасы деп те атайды. Ал Орталық Шығыс Қазақстан домбыраларының шанағы кішірек сопақша мойны қысқарақ болады.
4. Сыбызғы - үрлеп ойнайтын ескі музыкалы аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы сол тесіктерден дыбыс кезек-кезек шығарылып, жиырмадан астам үн түрлері пайда болады. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі келеді. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады. Ол бақташылар арасында кең тараған.
5. Даңғара - ұрып ойнайтын музыкалы аспап. Даңғараның ағаш шеңберінің бір беті ғана темірмен қапталады. Оны көбінесе бақсылар пайдаланған.
6. Асатаяқ - ұрып ойнайтын музыкалы аспаптың жетілдірілген түрі. Кейде асатаяққа алты қоңырау да тағады. Асатаяқтың шанағының ішіне темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер іледі. Ертеде асатаяқты бақсылар өз ойындарын сүйемелдеуші құрал ретінде пайдаланған.
7. Қамыс сырнай - қамыстан жасалған үрлеп ойнайтын аспап. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығарады.
8. Ұран - үрлеп ойнайтын музыкалы аспап. Ұзындығы әр түрлі, екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесік болады. Оны бұрын жауынгерлер жаудың келе жатқанын хабарлау үшін пайдаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz