Өрнек өнеріндегі көркемдік теңдесі жоқ мектеп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өрнек өнеріндегі көркемдік теңдесі жоқ мектеп

Әрбір халықтың көркемдік дамуында өзіне тән ерекшеліктері болады.
Өрнек өнерінің көп халқының рухани мәдениетінің ерекше бір сипаты.
Халқымыздың ұлттық өрнек өнерін қызықтаушы көрермен қауымға аса
құнды болуының өзіндік себептері бар. Қоғамдық өмірдің де, жеке адамның
тағдырының да алуан түрлі сырлары мен құпия қырларына терең ұңілу,
әлеуметтік қайшылықтары мен құбылыстарын кең қамтиды.
Халқымыздың көркемөнер мұрасынан ләззат алу – мәні, мұның барлығы
халық өнерінің әсерлі қызығы мол сарқылмас ұлттық қазынасы. Сондақтан да
халық өнерінің, оның ішінде ең басты саласы ұлттық өрнек өнері – талапкерді
өнер өріне жетелейтін қадамын ұштап, тәрбие беретін теңдесі жоқ мектеп
болып табылады.
Халық өнерінің жасаған бұймдарының аса құндылығы ескіден қалған
қөнелігінде ғана емес, шебер де нәзік, күрделі өрнектерді қиюын келістіріп,
шебер қиюластырып, өзара шешімін тауып беру арқылы ғана өз өнерінің
әсерлілігін таныта алады. Сондықтан да өрнек атаулының ажарлы көркі
тосыннан табылған шеберлігінде, бояуы, бедерлі бейнелілігінде, ұрымтал
тұсты дер кезінде дәл тауып, батыл тұжырым жасай алатындығында. Ал дарын
иесінен тәлім алу – халқымыздың ұлттық мұрасын көздің қарашығындай қадірлей
білу ұстаз қауымның ұдайы ескеретін ұлы қағмдаларының ең бастысы болып
табылады. Демек, халық мұрасының бойында өткен заманның ұғымдары ғана емес,
болашақтың бойында өткен заманның ұғымдары ғана емес, болашақтың да
қажетіне жарайтын эстетикалық сипаттар да жеткілкті.
Ертеректе есімдері беймәлім саусағынан өнері тамған шеберлер
Қазақстанның әр жерінде-ақ болғанын тарихи мәліметтерден білеміз. Ал, бізге
жетпегені қаншама десеңізші. Бұл өнер үшін орны толмас өкінерлік хал екені
барған сайын айқындала бермек. Жер жүзі алдында мақтаныш тұтарлық ғажайып
өнеріміздің көп ретте кейбір түрлері ғана мұражайларда сақталып,
орындаушылардың осы бұйымдарды жасау, өмірге келтіру әдістері, қалпына
келтіру мәнерлері ерте ұмыт болған.
Біздің байқауымызша, бұл күндері қолөнерді сол бұрынғы ғасырларда
қалыптасқан өз мақымымен (технологиясымен) жасайтын ісмерлер өте сирек.
Халық мұрасындағы ұлттық қолөнер шығармаларының туу процесі, сақталу
заңдылықтарын анықтап зерттеудің, яғни көңіл бөлудің, тағы бір тәрбиелік
мақсаты халық өнерінің көне қалпын бағдарлауға халық мұрасының ұмыт
тәсілдерін қалпына келтіруге жетелейді.
Халық мұрасы ғасырлар бойында қалыптасып жүйеге түскен ұлттық,
көркемдік, эстетикалық принциптерден көрініс табады. Сұлулықтың объективтік
заңдылықтарына сәйкес келетін мұндай принциптер аса бағалы. Халық
өнеріндегі түрлі ұлттық қолданбалы зергерлік шығармаладың өміршеңдігінің
тағы бір себебі оның елеулі көркемдік құндылығында. Бұл туындылар халықтың
рухани талабы мен қажетіне ұзақ қызмет етеді, идеялық және эстетикалық
мақсатын әйгілейді. Осы айтылған жағдайлар халық өнерінің дәстүрі мен
ұлттық қолөнер бұйымдарының белгілі дәрежеде тұрақты болып келушілігінің
сырын ұқтырса керек. Осы ұғымдарды нақтылы біліп, түсіну халық өнерінің
тарихи ерекшеліктерін тануға жол ашады.
Халықтық өнердің алғашқыда өмірдің практикалық қажетінен туып, кейін
келе-келе эстетикалық міндет көтеретіні, қай мақсатынан пайда болатыны да,
мазмұны да материалдық жағдайларымен байланысты көрсетілген.
Халық өнерінің мұрасы оның ішінде дәстүрлі қолданбалы ұлттық
қолөнердің алуан түрлері мен мүмкіндіктері көп ретте қайта жаңара бастауы
қуанарлық жай. Бұл, әрине, тәрбие саласында терендеп тексеретін, өз алдына
жеке зерттеулер қажет ететін тақырып болып саналады.
Осындай ерекшеліктерді халқымыздың түрлі тарихи дәуіріндегі өнері
мен салтынан өнертану, этнография, тарих ғылымдары өз тарапынан зерттеп
отырса, біз ғылыми-педагогика, тәрбие саласында осы өнердің түрлерін қалай
үйреніп меңгеру жағын қарастырамыз.
Ал ізденудің түпкі мақсаты халық мұрасының қамы, соны қалай және
қайткенде жетілдіріп, жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысында болғаны мәлім.
Ата-бабамыздан мирас болып қалған шын мәніндегі халық
ескерткіштерінің ең қомақты бөлігі – қазақтың ұлттық өрнек өнері.
Мұндай ескерткіштерге теқ қана қолбандалы өнер емес, сұлулық пен
тарихтың тоғысып, өнерге құштар барлық халықтарымыздың мәдени мұралары
жатады. Оның тәрбиелік мәнін зерттеу, жинау және қорғау қасиетті борыш.
Талай ғасырларға куә болған халқымыздың асыл мұрасын, эстетикалық талғамы
биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату ө этнопедагогика ғалымдарының
алдына тұрған басты мақсаты.
Біз халық мұрасының, оның ішінде ұлттық өрнек өнерінің тәрбиелік
мақсатына қатысты проблемаларды сөз еттк. Бұдан әрі халық өнерінің
көркемдік дамуы, орындаушылық шеберлігі туралы ой қозғаймыз.
Халық шығармашылығы негізінде адамдардың өмірлік ұмтылыстары мен
әлеуметтік көзқарастарын табиғи ортаға деген қарым-қатынасын бейнелейді.
Халқымыздың өрнек өнері ұлттық және әлеуметтік сананың оянуына маңызды
қызмет атқарады.
Ұлттық өнеріміздің түрлері көптеген ғасырлар елегінен өтіп, мейлінше
жетілген болып келеді. Сондықтан, олар түрлі өрнектердің, ырғақтың,
ұйқастың, форманың жарасымдылығын, мөлшерінің сәйкестігін сезінуге
үйретеді. Халық шығармашылығының көптеген туындыларында эстетикалық әсемдік
пен үйлесімділік, жарасымын тауып, шындық пен қиял суреткерлік бірлестік
болып табылып, бірімен бірі жымдасып жатады.
Халықтағы өнер бұлағының қайнар көзі ешбір толастаған емес, ата-
бабаларымыздың нөсер шабытынан, ұшқыр қиялынан, шебер қолынан пайда болған
өнер туындылары Отанды сүйге үйретеді, жас ұрпақтың туған өлкеге деген
сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көмектеседі.
Осы ғылыми зерттеуімізде айтылған ойларды қорытындылайтын болсақ,
ұлттық көне мұраларымызды қазіргі заман талабына сай дамытуымызды, оқытып
үйрету мен өрнек өнеріндегі көркем шығармашылыққа тәрбиелеудің жанды
бөлшегіне айналдыру, оны нақтылы ғылыми зердемен тани отырып, әсіресе
философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық негіздерін аша түсу
зерттеу проблемамыздың өзекті шарты.
Біздің зерттеуімізде, халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің көркем
шығармашылығын ғылыми-педагогикалық негізде талдай отырып, ұлттық өрнек
өнерінің шығармашылық әрекетіне, оқыту мақсатына қатысты көкейкесті
проблемаларды сөз еттік.
Ұлттық өрнек өнерінің шығармашылық түрлері көптеген ғасырлар
елегінен өтіп, мейлінше жетілген болып келеді. Сондықтан өрнек өнеріндегі
шығармашылық әрекет ырғақтың, үйлесімділіктің, форманың, әсемділіктің,
сәндік жарасымдылығын, көркемдіктің сәйкестігін сезінуге тәрбиелейді.
Халық мұрасындағы өрнек өнері шығармашылығын терең зерттеп, оны
келешек жас ұрпаққа ұсыну, студенттерді өмірде кездесетін күнделікті
бірыңғай, сыңаржақ әдістемелерден арылуға, өнер құдіретін терең түсінуге,
көркем шығармашылықты шыңдай түсуге тәрбиелейді. Халқымыздың мәдени
мұрасындағы өрнек пен түрлі реңктердің шығармашылық танымының небір құпия
әдіс-тәсілдеріне студенттерді оқыту арқылы, түрлі әдістемелерді игере
білген мана қалыптасады.
Халық мұрасы – жалпы өзінің болмасында күрделі ұлттық қолданбалы
өнер, оның шығармаларында көп жағдайда үлгі, ою-өрнектерінің элементтері
(жеке бөлшектері) бірлестік тауып жүйеленіп отырады. Осындай ерекшеліктер
халқымыздың түрлі тарихи дәуіріндегі өнері мен салтынан өнертану,
этнографиялық, тарих ғалымдары өз тарапынан зерттеп отырса, біз ғылыми-
педагогика саласында осы өнердің түрлеріндегі іс-әрекетті қалай үйретіп
оқыту жағын қарастырдық.
Нәтижесінде ұлттық өрнек өнерінінің тарихи дамуындағы шығармашылық
әрекеттер студерттерді өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа оқытуды ғылыми-
педагогикада қарастырудың бірден-бір сұранысы ретінде қарастырдық. Ұлттық
өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық әрекетті осылайша игеру, оны бейнелеу
өнерінің жанрлық түрлерімен ұштастыру студенттердің шығармашылық іс-
әрекетке, жаңа көркемдік сапада оқытуға әсер етеді.
Ата-бабамыздан мирас болып қалған шын мәніндегі халық
ескерткіштерінің ең қомақты бөлігі – қазақтың ұлттық өрнек өнері.
Мұндай ескерткіштер тек қана қолданбалы өнер емес, көркемдік пен
шығармашылық тоғысқан барлық халықтарымыздың мәдени мұралары жатады. Оның
тәрбиелік мәнін зерттеу, жинау және қорғау қасиетті борыш. Талай ғасырларға
куә болған халқымыздың асыл мұрасын, эстетикалық талғамы биік бүгінгі
өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату – этнопедагогика ғалымдарының алдында
тұрған үлкен мақсат.
Бүгінгі күнге дейінгі педагогика ғылымында, өнер зерттеу, өнер тану
саласында жете зерттелмеген проблемалардың бірі ұлттық өрнек өнер індегі
шығармашылық әрекеттердің (действие) толық қалыптасуында. Соның өзі ұлттық
өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетте (деятельность) тың аспектілердің
бар екендігін көрсетеді.
Ендеше, ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекетті
оқыту – педагогикалық, әдістемелік проблема. Студенттерді өрнек өнеріндегі
шығармашылық іс-әрекетқе оқытудың ғылыми-педагогикалық негізі осыған келіп
тіреледі. Біздің зерттеуіміздегі басты мақсатымыз осы проблеманы ажыратып
шығармашылықтың даму процесін көрсету болып табылады. Бұл мақсатты іске
асыру жолында бұрынан қалыптасқан көптеген ұғымдар мен қағидаларды ғылыми
тұрғыдан қайта, жаңаша әдіснамалық шешімін ұсындық.
Сондықтан да біздің зерттеуімізде халық мұрасындағы ұлттық өрнектер
мен түрлі реңктердің көркем шығармашылық танымы әдейі ойдан шығарылған
ғылыми анықтама емес, ең алдымен дидактикалық даму заңдылықтары тудырған
құбылыс десек, шындыққа жақындай түсеміз.
Оның сапалық қасиеттері қатарын орасан мол ұлттық өрнектер мен түрлі
реңтердегі философиялық тереңдікті, методологиялық астарлау мен ғылыми-
педагогикалық ауқымдылықты т.б. жатқыза отырып, алуан қырынан айқындауға
ұмтылсақ та тамыр алатын негізі ортақ, ол халқымыздың мәдени мұрасындағы
ұлттық өрнектер мен түрлі реңтер.
Ал, оның студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке
оқытуға өте қажеттілігі, студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-
әрекетке ұлттық өнерге деген шығармашылық сезімін арттыруында, өз ойын
тереңдету өнердегі шығармашылық шарттарды ескеруінде, пайымдауында болашақ
әдістемелік бағдарын адаспайтындай, айнымайтындай түзу жол табуға мүмкіндік
береді.
Қай елдің болмасын, қай халықтың әлеуметтік мәдени мұрасындағы
ұлттық өнерінің бастапқы кезеңі белгілі қалыптасқан көркемдік, ұлттық
дәстүрмен тығыз бірлікте болатындығы табиғи заңды құбылыстар.
Жалпы айтқанда, қазақтың әлеуметтік мұрасындағы ұлттық өнерінің
қарапайым түрлерінен бастап, күрделі формалары келешек жас ұрпақтың
зердесінде терең бейнеленіп, сонымен тікелей пайымдалса, ал басқалары
бейнеленетін өрнектерге байланысты ойда еліктеу туғызады.
Халқымыздың әлеуметтік мәдени мұрасындағы ұлттық өнеріне оқытудың
мақсаты мәдени этнологиялық, ұлттық психологиялық, этикалық және
эстетикалық мәні бар проблемалардың шешімін табу тұрғысынан қарағанда ғана
әсемдікке тәрбиелеудің қаншалықты өркендей бастағанын, қандай өреге қол
созғандығын анықтай аламыз.
Халық мұрасындағы өрнек өнерінің эстетикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Суреттегі композиция қолдану жолдары
Тері илеу технологиясы
Қожа Ахмет Иасауи ғимараты
Ою-өрнектер
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері
Қазақстанның дәстүрлі өнеріне тарихи және теориялық шолу
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
Пәндер