Текемет басу


Текемет басу
Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі әдіспен басады.
Түр ойыстырып басатын текеметтің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс әрі жуқалау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң әркімнің қалауынша үлгілермен қиып дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғыстырады.
Түрді шүйкелеп салу әдісінде боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйнелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезде әлгі шүйкеленген түрден тездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су себіледі. Одан әрі қарай-киіз басу процесі қайталанады.
Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қиады да, қағып-сілкіп, төсеніш ретінде пайдалана беруге болады.
Ал текеметі жайып кептіргеннен кейін боялған жүннен жіңішкелеп тип есік (әркім шеберлігі мен қалауына қарай), екі түрден қосарлап, оны ширатады. Екі тінді бір бағытта ширатса оң ширату дейді. Ал, есілген жіптің бағытын қарама-қарсы (бірі оңға, бірі солға) ширатса, солаңай ширату деп аталады. Пайдаланған кезде солаңай ширатылған жіптен құстаңдай да аталатын өрнек шығарады. Ол өрнек былай шығарылады.
Шеті тегістеліп, қиылған текемет ширатылған жіппен жиектеледі. Жиектеуге, яғни ширатпаны текеметке бастырып тігуге боялған жіп немесе шуда жіп пайдалануға болады. Әуелі текеметті айландыра жиектеп алады да содан кейін салынған ою-өрнектің шетін бастыра жиектейді жиектелген текемет әемділігімен көз тартады әрі төзімді келеді. Сондай-ақ жиектеу салынған түрдің шетін түтеленің әлде көтеріліп кетуден сақтайды.
Текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуда туырлық, үзік, түндік, аң киіздеп және сырмаққа арналған киіздерде қайталанады. Түр салынбайтын киздер бұл процестерден басқа кірлеу әдісі қолданылады. Мұнда кизді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгелете 4-5 орап, тігінен қойып, үстіне қайнаған ыстық су құяды. Бұл киіздің әбден кірігіп, шымырлауына, бойындағы кір судан тазаруына, сөйтіп одан әрі кіріге түсуіне әсер етеді.
Кірлеу әдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда да қолданылады. Ал, боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл әдістің қажеті жоқ. Себебі, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық сумен бірге ағып кетеді де, тез оңады.
Текемет түр салуға негізінен қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдаланылады. Соңғы кезде көк түстер де араластырылып жүр.
Текеметке түр салғанда оюды тек жиектеп салып, текеметтің негізгі фоны көрініп тұратын болса, ондай текеметтің түрі әбден ұсталғанша көмескі тарта береді. Оңтүстік облыстарда көп жағдайда текеметтің ортаңғы бөлігін айқындап шымшай қызыл түске бояп, соның үстіне түр салады.
Мұндай текеметтің негізгі түсі жарқырап айқын көрініп тұрады.
Ал, Батыс Қазақстан жерінде көбінесе ақ текеметтер дайындайды. Аң текеметтердің бетіне жіңішкелеп жиекпен талдырмадан ою салады. Талдырма салынған текеметтердің негізгі ақ түсі ерекше ашық болады.
Ақ текеметтерден басқа қара, қоңыр түсті текеметтердің негізгі ою-өрнегі ұсақтау немесе ортаңғы бөлігі бірнеше қатар ұсақ ромбыға бөлініп, әр түрлі әшекейлі өрнектермен түрленеді. Бұндай өрнектеу тәсілінде де текеметтің негізгі түсі айшықты болады.
Талдырма салу әдісі Қазақстанның көптеген облыстарында кең тараған. Ол үшін әр алуан түске боялған жүгді жеке-жеке жұқа әрі босаң етіп киіз басу әдісімен басып алады да, одан ою алады. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып, біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады да, жоғарыда айтылған әдіс бойынша текемет басып шығады. Текемет дайын болғанда оның өрнегі анық, ою жиектері айқын көрініп тұрады. Талдырма салу әдісі сондай-ақ жетісуда да кездеседі.
Оюды Батыс Қазақстандағыдан айырмашылығы-талдырмада ойылған оюлар жіңішке емес, жалпақ, сырмақ оюлары секілді болып келеді. Бұл тәсіл текеметтің көркемдігін арттыра түседі. Оюдың осы түрін жергілікті жерде "жалайыр текемет" деп атайды.
Кейбір жерлерде текеметтің ені жақ бетіне ою салып басу әдісі де бар. Ол үшін алдымен шидің үстіне басқа түске боялған жүннен өрнек салынады, оның үстіне бір қабат жүн тартылады. Онан соң жүнді сабаумен шабақтап алады да қайтадан жүн тарып салып, текеметтің негізгі түрі салынады. Текемет әбден басылып болғанда оның екі жақ беті бірден өрнекті болып шығады. Әсіресе, текеметтің негізгі бетінің өрнегі әдемі, көркемдік жағы басым келеді.
... жалғасыКиіз басу тарихы |
Қолөнер |
Киіз басу |
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі |
Шикізат сапасы. Жүн |
Өрмек және ши тоқу өнері |
Тоқу өнері. Ою-өрнек |
Қолөнер тарихы |
Жүндерді іске әзірлеу |
Қазақ қолөнері |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz