Домбыра - ұлттық психология көзі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Домбыра - ұлттық психология көзі

п. ғ. к. доцент Жасарал Еңсепов

күйші Асылбек Еңсепов

Дыбысты өңдесе құлпырады. Түрленген дыбыс әуенге айналады. Адам бойын билеп қызықтырады. Сол дыбысқа сөз жамасақ оның қаны айналып тыңдаушысын елеңдетеді, оның қызығуы артады. Қызығу қабілеті артқан адам тәрбиелеуге иілгіш келеді. Атам қазақ тәрбиенің басты құралына домбыраны айналдыруы соның бір белгісі. Сан түрлі ирімдерге бай әуен адам санасын билейді, бойына сіңеді. «Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй» (1) деп Абай мінезді әуен реттейтінінен хабардар береді. Музыканың құдіретімен ертеді адамның шыққан тегін анықтаған. «Патша баласының ақыл-есін тексеру үшін ғұламалар оған музыка әуенін тыңдатып сынақтан өткізеді: «бала бесігінің жанына тағы да бірнеше бесік қойылады. Бәрінде де бала бар еді. Содан соң өнерпаздарға түрліше күйлер тартқызады. Аспаптар да сан түрлі. Оның ішінде тамбур, дутар, кеманші, барбитон, ребаб және қытай аспаптары да болды. Даңғыраның күндей шалқыған үнінен соң, кеманшаның түндей қайғылы үні естіледі. Сол үнге патша баласы ең бірінші болып еліктеп, оның текті тұқымынан екенін айқындайды» (2) Сөйтіп тектілік тәрбиеден туса, тәрбие нәтижесін айқындауда музыка тағы да мәнділік танытады. «Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген-менің басыма қонбайтын нәрсе» - деп (3) В. В. Сухомлинский ән мен күйдің әсерінсіз тәрбиені елестетпейтін айтады. Біздің ататегіміз домбыра өнеріне баса назар аударуы содан болса керек.

Домбыра өнері хан мен сұтанның қаһарын тоқтатқан. Батыр мен ақынға қуат берген. Бұқара халықтың еңсесін көтерген. Біліксізге білік, көріксізге көрік, рухсыздың рухын оятқан аспап. Тілді көркемдеп, рухын асқақтатқан домбыра. Домбыра өнерінің ой тәуелсіздігіне де ықпалы зор. « . . . Ақыл ойы басқа ұлтқа тәуелді болған халық, сайып келгенде, ынжық, дәрменсіз, өресіз болып, біреудің ақылымен жүретін адам сияқты келеді» деп (4) ой түйіндеген Айталы өресі биік асқақ ұлт құлдық психологиядан арылу керек екеніне баса назар аударады. Демек ол ойдың толыққанды болуына ықпал ететін бірден - бір құрал ол домбыра өнері. Ұлт өзінің ататегіне оралу арқылы өзін - өзі сақтап қала алады. Домбыраны ататек ұстап, ұрпаққа аманат етіп берген асыл мұра. Оның үніне құлақ түріп бойына сіңіріп өсу ұрпақ міндеті болмақ. Домбыра өнері алып ананың емшегін емгендей етіп, өсіріп, тербеп, әлдилейді. Домбыра өнері ұлтымыздың психологиялық жанын емдеп, бойынан естілген күй (әуен) қан айналымын жақсартады. «Қазақ тілі майда әрі әуенді, өздері зерделі және сөз қағыстырғанда тапқыр, түйреп түседі. Кейде ерекше оралымды-ақ, тіпті еш сауаты жоқ қазақ өз тілінің қуатын таныту жөнінен біз европада жолықтырып жүрген француз және орыстардан кем түспейді. Егер олар әңгіме айта қалса сөздері тартымды, жанға жайлы болып келеді» дейді (5) В. В. Радлов. Ал домбыра сол сөзге қуат беретін құрал. Сондықтан өлең-жыр домбыра сүйемелдеуімен орындалған.

« . . . Жыр түрінде шығарылған өлеңдердің көпшілігі суырып салып айтылатыны мәлім. Сондықтан ауызша шығарылып айтылатын өлең, жырлар көбінесе көлемді монолог түрінде болып келеді. Және бір ерекшелігі суырып салма өлең ылғи ғана домбыраға қосылып айтылады. (6)

Домбыраның үнінсіз ақын жырламаған. Айтқан өлеңі елге тез тарап кетуі үшін оны жағымды әсем әуенге қосып отырған. Сөз бен әуен үйлесім тауып халқының жүрегіне ұялаған. Құймақұлақтар елге таратып отырған. Сөз қорының көптеп қалыптасуынада музыкалық әуеннің ықпалы өте зор болған. Ұтқыр сөзді әсем ирімдер туғызып, әуеннің қуаты арқылы халыққа жеткізіп отырған. Халықтық айналымға түспеген сөз шаңның астында қалады. Шаң басқан сөзді тазалап халық құлағына тез жеткізетін құрал ол музыка. Ал сөздің қанын айналдырып, нәрлейтін домбыра. Ақын, жыраулар қолынан домбыра тастамауы соның дәлелі.

Домбыраны қолға алып,

Ырғала түсіп қозғалып . . .

(7) деп ақын сахналық көріністі де қамтиды.

Көңілді Әсет келді көтергелі,

Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.

Алып бер! Домбырамды ана тұрған,

Басымды жастықпенен көтер бері! . . . деп

(8) Әсет ақын аз да болса адам жанына қуат беретін домбыра үні екеніне назар аудартады.

Домбыра өнері ақындардың серігі болды. Домбыра поэзияға жан бітіреді. Музыка мен сөз қыран құстың қанатындай әуелеп самғап ұшады. Тыңдарман оны естіп, қайталап еліктейді. « . . . ақын шешендік сөздің барлық тәсілін қолданып, өлеңді неғұрлым әдемі ырғақты етіп, өткір, пайымды сөздерді топтап қолданып, сөйлемдердің логикалық мағынасын күшейте түседі. Халық аузында күнделікті қолданып жүрген сөздердің өзіне жаңа ырғақ (музыка Е. Ж) беріп, онан әрі әрлейді. (6. 19)

Домбыра өнері айтатын сөздің әсерін құнын арттыра түседі. Сапасын кеңейтіп, нәрлеп жеткізеді. Домбыра пернелерінен шыққан әуен ағынды судай тасып сөзді жетелеп, ғасырдан ғасырға жеткізіп отырды халыққа ұсынды. Оны таратушы іріктеуші де ішкен аяғын жерге қоятын сол өнерпаз қазақтың өзі. «Айрықша қабілет - дарыны бар адамдар . . . өздерінен бұрынғылардан асып түсуге тырысқан. Бұлардың ең табындылары мен еңбекқорлары атағын шығарып, мәшһүр болған. Олардың жолын қуғандардың ішінен дарыны төмендеулері, өздігінен музыка шығаруға қабілеті жетпегендіктен, тек орындаушылық қабілетін күйттеп, дамытып, өткендегі атақты музыканттардың еңбектерін қайталап орындауды қанағат тұтты. Ал кейбіреулері өз тарапынан музыка шығару қабілетіне ие болып, шабыттана еңбек етіп, музыканы онан әрі байыта түсуге ат салысып, үлес қосты. Міне, осылай өнер халықтан - халыққа ғасырлар бойы ауысып отырды» (9) Іріктелген шығармалар електен өтіп бізге жетті. Игі қасиет домбыра бойында сақталды.

Домбыра ән, күй, жыр, термелерді туғызды. Ол өңделіп, өрнектеліп, құлпыру арқылы бізге жетті. Халық игі ісіне жаратып тәрбие құралына айналдырды. Мәдениеттің көш басшысы домбыра өнері болды. Домбырамен орындалған бір күйдің тарихы бір роман. «Домбыра мен қобызда, сыбызғыда тартылатын күйлер арқылы әр аңыздың мазмұны баяндалады. Қазақта күй жүздеп саналады. Солардың әрқайсысының да ауызша айтылатын кіріспесі болады» (10) деп М. Әуезов айтқандай, білім ордаларына домбыра өнерін сабақ ретінде енгізу арқылы ұлттық тәрбиеде жетіспей жатқан кейбір олқылықтардың орнын толтыруға болады. Домбыра ұстаған бала Құрманғазы, Махамбет, Абылай, Алтынсарин, Абайлардың рухын сезіп, түсінеді. Домбырамен тартылған күйде, айтылған әңгімелерде, ертегі мен әпсаналарда ілесіп отырған әуен оның құнарын арттырып отырған. « . . . күй аңызына келсек онда әр түрлі жанр тоғысқан: миф, аңыз, әпсана-хикаят, ертегі, жыр. Күй түрінде орындалатын аңызды айтар болсақ, олардың басым көпшілігі тарихи оқиғаларға байланысты болып келеді» (11) дейді. Мұндай дала психологиясын меңгерген сахара жерін игерген ұлылардың хатсыз көкірекке жиған істерін жаттап, қайталап жан бағып жүргендер екінің бірінен табылады. Мәселен Құрманғазының күйін тартып, Абайдың өлеңі мен қара сөзін жаттап, әнін айтып жүретіндерді кез келген жоғарғы оқу орнынан табамыз. Демек дипломы жоқ деп бас тартпай олардан үлгі алып тәлім тәрбие алуға шақырамыз. Олай рас болса домбырадан да бас тартпай барлық білім саласына енгізу қажет.

Орындаушылар ағартушылықтың, шығарушылар оқулықтың (ауыз әдебиет, тарих) қызыметін атқарды. Домбыра ой тоғытып, қалам сап, дәптер орнын да атқарды. «Толғау-терме түрлі замандардың қортынды ойларын, әбден көз жеткізген шындығын болашақ буындарға жалғастырып тұрған дәнекер тәрізді. Ол - дала өмірінің дидактикалық педагогикалық дастаны деуге келеді» (12)

Оларды асыл мұраларды тегі күшті ататек бір - біріне домбыра өнері арқылы жалғастырып аманат етіп беріп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра құрылысы
Ізденістің әдіснамалық негізі
Бейіндік мектепте музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Домбыра туралы
Жеке тұлға қалыптастыруының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Халық музыкасы
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz