Қазақтың киіз үйі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың киіз үйі

Адамзат мыңдаған жылдар бойы тіршілік үшін табиғатпен күресіп келеді.
Бұл күресте өмір сүруді қамтамасыз ететін үш фактор маңызды орын алады.
Олар: тағам, киім-кешек, тұрғын үй .
Тұрғын үй - тарихи категория. Ол да адамзаттың дамуымен бірге
күрделі, эволюциялық даму жолынан өтті. Тұрғын үй - адамның қоршаған орта
мен өмір сүру тәсіліне сай таңдалынып алынды.
Ондаған ғасырлар бойы қазақтардың негізгі шаруашылығы көшпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Сонымен қатар ірі өзендер
мен көлдер маңында жартылай егіншілікпен айналысатын аудандар да кездесті.
Көшпенділер өмір бойы жыл мезгілдеріне сәйкес көшіп-қонып жүруге
мәжбүр болды. Негізгі тұрғын үй қыстауда . Олар жылдың жылы мезгілдерін
көктеу мен жайлауда өткізіп, күн салқындаған кезде күздеуге көшті. Осы
жерде көктемде егіп кеткен егінін жинап, қыстауға қайта оралды.
Көшпенділердің осындай өмір салтына ыңғайлы тұрғын үй-киіз үй болып табылды
.
Мал-адамға қорек болумен қатар, қолөнерге қажетті шикізат өнімдерін де
берді. Көшпенділер теріден тондар, тұлыптар, бас киімдер, шалбарлар, аяқ
киімдер тікті. Ал жүннен киіз басты. Жүн иіріп мата, кілем тоқыды. Сондай-
ақ жүннен тұрғын үйге қажет киіздер мен үйдің ішіне қажетті жасаулар
дайындалды. Сондықтан да көшіп қонуға ыңғайлы, жиналмалы үйдің көп бөлігі
киізден дайындалғандықтан, халық арасында "киіз үй" деген атқа ие болды.
Киіз үйдің сүйегі ағаштан жасалды.
"Киіз үйдің көшпелі тұрмысқа бейімділігі жайлы" қазақ жерінде болған
жат жұрттық саяхатшылар көп жазған еді. XYIII ғ. екінші жартысында әскери
құрылысшы, капитан И.Г. Андреев "қазақ қолөнерінің басты саласы - киіз үй
жасау" - деп жазған еді. Ресей және Рим Ғылым Академиялары мен Корольдік
ағылшын ғылыми жиналысының мүшесі П.С.Паллас 1766 және 1769 ж.ж. Батыс
Қазақстанда болып, Жайықтың шығыс жағына көшіп бара жатқан қазақтардың
тұрмыс-тіршілігіне байланысты "қазақтар киіз үйлерде тұрады, оған жиырма
адам еркін сиып отырады", - деп атап өткен еді. Санкт - Петербургтегі
американ дипломатиялық миссиясының хатшысы 1873 жылы Самарадан Орта Азияға
барар жолда қазақ жерінде болып, кейіннен "қазақ киіз үйі жайлы әсерін"
тәпіштеп жазып, баспасөз бетінде жариялаған болатынкиіз үй жайлы, көптеген
авторлар түрлі жазбалар, мақалалар, зерттеулер жазып, киіз үйдің құрылысына
таңданыс білдірген еді .
Бір көзбен қарағанда киіз үй-ескіліктің көзі, ал оның жеке бөліктері
оңай жасалатындай көрінеді. Алайда киіз үй бізге ғасырлар шегінен жетті
және осы уақыт ішінде оның жеке бөліктеріне түрлі өзгертулер мен өзгерістер
енгізілген болатын. Тіпті бүгінгі күннің өзінде киіз үй малшылар мен ыстық
аймақтағы отбасыларға қажетті тұрғын үй болып табылады. Қазіргі заманда
киіз үй жасағаннан, кірпіштен үй тұрғызу жеңіл. Өйткені, киіз үйді жасалу
тәсілін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан арнайы шеберлер ғана арнайы
құрал-жабдықтармен жасай алады.
Киіз үйді жасауда әр түрлі шеберлер тартылды. Ағаш шеберлері үйдің
сүйегін жасаса, әйелдер киіз бастырды. Ал үй іші жиһаздарынсыз киіз үйді
көз алдымызға елестету қиын . Киіз үйдің жиһаздарына қажетті ілінетін түрлі
заттарды тоқымашылар, киіз басушылар, тері өңдеуші шеберлер дайындады .
Киіз үйдің сүйектерін дайындаумен арнайы үйшілер айналысты. Мұндай
шеберлер әрбір көшпелі қауымда, әрбір ауылда дерлік болды.
Киіз үйдің қаңқасы келесі бөліктерден тұрды:
1) Кереге - киіз үйдің қабырғасын құрайтын жиналмалы, тор көз
тәріздес қанаттардан тұрады. Қанаттар жартылай шеңбер тәріздес орналасып,
бір-біріне жалғаса отырып, киіз үйдің қабырғасын құрайды. Үйдің көлемі
қанаттың санына сәйкес болады. Киіз үйде 4-5-тен 12-ге дейін қанат
қолданылады. Кереге бір-біріне қиылыстыра орналасып, қайыспен өз ара
бекітілген сағанақтардан тұрады. Сол себепті, ол оп-оңай керіліп, қайта
жиналып отырады.
2) Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін
құрайтын сырық ағаштар. Үйдің қанаты көп болған сайын, оған байланатын
уықтың саны көбейіп, уықтарының ұзындығы ұзарады.
3) Шаңырақ - шеңбер тәріздес, иілген ағашпен жалғастырылып,
ортасынан күмбез тәрізденіп бір-біріне қиылыстыра орналасқан сырық
ағаштармен бекітілген конструкция. Шаңырақтың көлемі (диаметрі мен ағашының
қалыңдығы) киіз үйдің көлемімен (қанат санына сәйкес) тығыз байланысты.
Сонымен бірге шаңырақ киіз үйдің терезесі, түтін шығатын орынның қызметін
атқарады.
4) Есік (сықырлауық) - екі жаққа айқараашылатын табалдырыққа
бекітілген қос қанаттан, маңдайша, босағадан тұрады.
Киіз үйдің аталған бөліктерін жасауға ағаштың түрлі сорттары
пайдаланылды. Киіз үйдің қанаттары мен уықтары шеберлердің қолында оңай
майыстыруға ыңғайлы ағаштың жеңіл сорты-талдан жасалды. Шаңырақ жас
қайыңнан жасалса, босаға мен есіктер қарағайдан жасалды. Жарма есік пен
шаңырақ ойылған өрнекпен өрнектелді.
Киіз үйдің киіз бөліктері көлемі мен түрі жағынан әр түрлі төрт
кесіндіден тұрады.
1) Туырлық - киіз үйдің қабырғасын жауып тұратын киіз кесінді.
Туырлықтың саны - киіз үйдің көлемімен тығыз байланысты. Мысалы: алты
қанатты киіз үйге төрт туырлық жабылады.
2) Үзік - киіз үйдің төбесін жауып тұрады. Үзіктің саны туырлықтың
санымен бара-бар келеді.
3) Түндік - шаңырақтың үстін жауып тұратын төрт бұрышты киіз кесінді.
4) Киіз есік - есіктің сыртынан жауып тұратын тік бұрышты киіз
кесінді.
Киіз үйдің маңызды көрсеткіштерінің бірі ішкі көрінісі. Ішкі
жиһаздары киіз үй күмбезінің иінішіне киіз астынан берілетін, иірілген
жіптен тоқылатын кілем , басқұрдан , кереге мен уықтың қиысатын тұсында
тұтылатын терме басқұрдан , сәндікке ілетін шаңырақ бау, уықбау, желбау
салпыншақтарынан, шаңырақ қоршау, туырлық, үздік жолақтарынан, тіптен
керегенің сыртына туырлық астынан тұтылатын орама шеден және т.б. тұрады.
Киіз үйдің ішінде, ағаштан жасалған бұйымдар: тесағаш, ыдыс жинайтын
- асадал , азық-түлік сақтауға арналған - кебеже, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
Желі - керегені құрайтын ағаш
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) 9-сынып емтихан тапсырмалары
Қазақ киіз үйі
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Киіз үй туралы
Көшпенділердің менталитеті
Қазақ өркениетінің символдары
Туристерге қазақтың киіз үйімен жиһаздарын таныстыру әдістемесін жасау
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер