Орал Таңсықбаевтың өмiрбаяны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Орал Таңсықбаевтың өмiрбаяны2

ӨМIРI МЕН ТВОРЧЕСТВОСЫНЫҢ НЕГIЗГI КҮНДЕРI:4

Колледждiң тарихи тынысы 1938 жылдың 4-қыркүйегiнен басталатын Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесi, 1995 жылдан О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi.

Бұл өнер колледжi қазақ өнерiне есiмдерi әлемге әйгiлi көптеген қылқалам шеберлерiн дайындап шығарды. Оның iшiнде: халық суретшiлерi Қ. Тельжанов, Қазақстан Республикасының халық суретшiлерi А. Ғалымбаева, Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, Республикаға еңбегi сiңген қызметкерлер Е. Серкебаев, Т. Досмағамбетов, А. Дүзельханов, Қазақстанның еңбегi сiңген өнерқайраткерi Е. Мергенов, гобелен ғажайыпкерi Б. Зәуiрбекова, қолданбалы өнер шеберi Д. Шоқпаров сияқты тағы басқа Қазақстан Республикасының мәдени өмiрi мен бейнелеу өнерiне еңбек сiңiрген қызметкерлер. Түлектерiмiздiң колледж қабырғасынан алған бiлiмдерi Республикамыздың түрлi жоғарғы оқу орындарынна бiрден түсуiне мүмкiндiк берiп, кәсiби шыңдалғанын байқатты.

Сол сияқты ТМД елдерiндегi жоғарғы оқу орындарын: Мәскеу, Санк-Петербург, Львов, Ташкент сияқты қалалардың оқу орындарына қабылданды. Олардың көпшiлiг жоғарғы оқу орындарын бiтiргеннен соң, қайтадан туған колледжерне оралып, педагогикалық қызметтерiн жалғастыруда. Түлектерiмiз колледж құрылған күннен бастап, үнемi Халықаралық, Республикалық көрмелердiң қатысушылары, көптеген конкурстардың жүлдегерлерi. Қазiргi кезде колледжде 45 оқытушы қызмет iстейдi, оның 27 Қазақстан Суретшiлер Одағының мүшесi, 2-уi Қазақстанның еңбек сiңiрген өнерқайраткерi, 2-уi халық ағарту iсiнiң үздiгi, 2-уi Мәдениет қайраткерi. Жас ұстаздар арасында “Дарын”, жастар сыйлығының иегерлерi, “Жiгер” жастар фестивалiнiң жүлдегерлерi бар.

Қ. Р. Бiлiм Ғылым министрлiгiне қарасты бұл оқу орны мүсiн, кескiндеме, көркем тоқыма, сәндiк театр, ағаш, металды, қышты көркемдеп өңдеу, киiм үлгiлеу, зергерлiк, графикалық дизайн, көркемөнер әшекейлеу сияқты 11 мамандық түрi бойынша кәсiби мамандар дайындайды. Колледждiң атағы Кеңес тұсында да сан мәрте дүркiредi. 1979 жылы КСРО Бүкiлодақтық халық қолөнерi көрмесiнде жүлделендi. 2001 жылы Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы жылында “Ғаламның жас суретшiлерi” көрмесiнде өздерi тәрбиелеп жатқан түлектердiң кәсiби қолтаңбаларымен лайықты мақтауға ие. Үстiмiздегi жылы бұл колледждiң 65 жылдық мерейтойы, “ақсақал жасына” жеткенмен қартаймай жас қалпында қала беретiн оқу-өнер ошағын ұлттық өнерiмiздiң тарихынан бөлiп алып тасттау мүмкiн емес. Бiздiң колледж - тарихи тынысы мол өнер ошағы.

Орал Таңсықбаевтың өмiрбаяны

Орал Таңсықбаевтың шығармашылығы Өзбекстанның ұлттық мәдениетiнiң бөлiнбес бөлiмi және республикалық бейнелеу өнерiнiң шеберлiгiнде жарқын көрiндi.

Орал Таңсықбаев 1904 жылы Ташкентте, жұмысшы отбасында дүниеге келдi. Ұлтты қазақ. Өзбекстан жерiнде дүниеге келiп, өзбек халқының өмiрiн ұзақ уақыт бейнелеп, көрнектi өнерқайраткерiнiң бiрi болып танылды.

1924-1928 жылдары Ташкент өнер мұражайының жанындағы Н. В. Розановтың көркемсурет мектебiнде оқиды, одан кейiн 1929 жылы Пензадағы педагогикалық көркемсурет техникумда Горьюшкин - Сорокопудов деген үлкен шеберден дәрiс алады. О. Тансықбаевтың шығармашылық өсуiнде Горьюшкин - Сорокопудовтың кездесуi ерекше әсер еткен. Ол өзiнiң Пензаға барған сапарын және Горьюшкин - Сорокопудовтың кездесуiн кездейсоқтық емес, өмiрiнiң ең сәттi кезi деп санайды. Әсiресе, О. Тансықбаев Горьюшкин - Сорокопудовтың “ Скрипкашы” атты туындысынан алған ерекше әсерiн былай жазады: “ Мен осы полотноның алдына жиi тоқталатынмын. Музыкамен бiртұтастыққа айналып тұрған осы бiр бейненi жан дүниесiндегi қайғысымен мұңын айқын байқаушы едiм. Музыканы ерекше жақсы көретiнмiн. Ол - менiң жанымның қуанышы едi. Мiне сол себептi маған осы “Скрипкашы” атты портрет ерекше әсер қалдырды”.

Жас суретшiнiң өнерге деген көзқарасының қалыптасуына, әрi жазылар дүниенiң мазмұны мен мақсатын көре бiлуiне және жеке шығармашылық деңгейiнiң қалыптасуына Горьюшкин - Соракопудовтың тигiзген әсерi мол. Бейнелеу өнерiнiң әр жанрында жұмыс iстеу суретшiнiң қабiлетiн дамыта түстi. 1934 жылы оның “ Өзбек бейнесi ” атты жұмысы Филадельфиде көрмеге қойылды. Оның шеберханасында бұдан басқа тағы да бiр әйел портретi сақталған. Бiрақ оның жұмысының басым көпшiлiгi - пейзаждық туындылар едi. Оның әрбiр пейзаждық туындыларында туған жерiнiң сұлулығына құмартпай тұра алмайсың. Өзен, сулары, таулары мен қырлары, ашық аспаны мен таза ауасын бiр сәт көкiрек кере сезiнгендей боласың.

Менiң үнемi барып тұрғым келетiн сүйiктi жерлерiм бар. Ол - Ферғана жазықтығы, Голланд даласы, Сырдарияның жағалаулары, әсiресе Ходжикент, Юсупхана, Брич - Мулла жерлерi. Бұл жерлерден менiң шығармашылық жолымның алғашқы адымы басталып, ең алғашқы суретшiлiк әсерiм қалыптасқан ” - дейдi суретшi.

Бұл 1924 жыл едi. Суретшi бұл жерлерге жиi келушi едi. Қырағы көзiмен осы маңдағы ауыл үйлерiнiң шамы жанысымен, түнгi табиғаттың әсем пейзажы сайрап шыға келедi. Ауыл шамдары түннiң қою қараңғылымен үйлердiң, ағаштардың сұлбасын айқындай түсiп, өмiрге ерекше өрнек бередi. 1971 жылдан бастап О. Таңсықбаев Червак ГЭС - нiң құрылысында болды. Әр барған сапары бұл құрылыста өзiнше бiр жаңалық ашып берiп, ерекше қызық жағдайлардың тууына себеп болушы едi. Осы сапарындағы “ Күзгi таң”, “Черваск құрылысында ” деген екi пейзажы мемлекеттiк сыйлықты иелендi. Табиғаттың сұлулығын аша бiлу үшiн бiр жүрген жерiн сан рет жүрiп өтуiне тура келдi. 1972 жылы О. Таңсықбаев автомашинада мың километрге жуық жол жүрдi. Таулы жерлерде болып, өзен, көлдердiң ерекшелiгiне ерекше назар аударды.

Оның “Қайраққұм ГЭС - нiң таңы ” атты жұмысы Брюсселде өткен бүкiләлемдiк көрмеде күмiс медальды иелендi. О. Таңсықбаевтың шеберханасындағы жұмыс бiрнеше көрмеге жеткiлiктi едi. Бұл оның жұмысының бiр бөлшегi ғана, жұмыстарының көпшiлiгi мемлекеттiк Третьяков галереясында, мемлекеттiк Шығыс өнерiнiң көрмесiнде, өзбек ССР-нiң мұражайында, Алматы, Кишинев, Самарқанд, Нүкүс және басқа қалалардың көрмелерiнде орын алуда. Оның жұмыстары барлық үлкен көрмелерде жүлделi орындарға ие болып отырды.

О. Таңсықбаев шығармашылығының сонда сыры неде? Оның шығармашылығы әр адамға сұлулық пен сезiмнiң әсем сырын берiп, әр жұмысы көрген көрерменнiң көңiлiн ерекше күйге бөлейдi. Ол: “ Табиғатты әркiм өзiнше сүйедi, бiреулер сұлулығына қызықса, ендi бiреулер тылсым тыныштығына құмартады. Ал маған жақыны - табиғаттағы еркiндiк, адамдардағы еңбек. Табиғат мен үшiн үздiксiз ән салып тұратындай болып елестейдi ” - дейдi.

О. Таңсықбаев - пейзажист. Оның пейзаждарын өзiндiк ерекшелiгi бар портреттер деп атауға болады. Ол қай жерге бармасын, ең әуелi оны адамдардың тұрмыс-тiршiлiгi қызықтыратын. Өз өмiрiн табиғатпен тығыз байланыстырып өттi. Егер оның жүрiп өткен жолдарын картаға түсiрер болсақ, шимайы қиын жолдар шығар едi. Шахаристан, Аузаб, Памир тауларына, Сырдария жағалауымен Ферғана жазықтығы, Чирчит, Богустан, Най-Най жерлерiнде жиi болмай қалса асқан сағыныш пайда болған. Өз туған жерiнiң әр тарихи жаңалығын жыл сайын суреттеп отырды. Оның “ Елу жылдан астам уақыт өзiмнiң туған жерiме, яғни, жылдар-жылдар бойы жылжыған өзбекстанның мен бармаған қиыры қалмады. Мен жерiмнiң жаңарып, жасарып отыруын, көз алдымдағы небiр ғажайып дүниелердi сағынышты сезiммен бейнелеуге тырыстым ” - дейдi сөзiнде.

О. Таңсықбаевтың шығармашылығы бүгiнде өте жоғары бағаға ие. Оның ең жоғарғы бағасы - халқының тануы мен халқының қошаметi.

Өмiрi мен творчествосының негiзгi күндерi

1904 жылы Ташкентте дүниеге келген.

1916 жылы Ташкент орыс-туземдiк мектебiн бiтiрген.

1916 жылы Ташкенттегi Ильин атындағы жетi жылдық орыс мектебiн бiтiргеннен кейiн, фабрикаға жұмысқа кiредi.

1920 жылы шарап зауытына жұмысқа кiредi.

1924-1928 жылдар аралығында Ташкент өнер мұражайының жанынан құрылған Розанов атындағы көркемсурет мектебiнен бiлiм алады.

1928 жылы Москваға сапар шегедi. 1928-1929 жылдар аралығында Пензадағы педагогикалық көркем-өнер техникумында

И. С. Горюшкин-Сорокопудовтан және Н. Ф. Петровадан бiлiм алады.

1932 жылы Өзбекстан суретшiлерiнiң көрмесiнiң қатынасушысы, өзбекстан суретшiлер Одағының ұйымдастыру комитетiнiң мүшесi, өзбекстан суретшiлер одағының мүшесi.

1933 жылы Москвадағы өзбекстан суретшiлерiнiң бiрiншi шығармашылық көрмесiнiң және совет өнерiнiң Филадельфидегi көрмесiнiң қатынасушысы.

1934 жылы Орта Азияның Самарқанд аудандарына, Сырдария, Арал теңiздерiне саяхатқа шығады.

1938 жылы Қазақстан елiне сапарға шығады. Қазақтың опера және балет театрына В. Валикановтың

“Қалқаман-Мамыр” қойылымындағы ұлттық қазақ балетiн бiрiншi көркемдеп безендiредi.

1942 жылы өзбекстан делегациясының құрамында соғысқа барып қайтады.

1943 жылы Өзбек ССР-нiң еңбек сiңiрген өнер қайраткерi атағын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
«Мәдени мұра» бағдарламасы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі
Қазағым өлеңі
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Отарлаудың басталып, ата бабаларымыздың көрген азаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz