Рафаэль және оның творчествосы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Т. ЖҮргенов атындаҒы
ҚазаҚ Мемлекеттік Өнер АкадемиЯсы

Бейнелу өнерінің тарихы кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы:
Рафаэль және оның творчествосы

ОрындаҒан: Заманбеков А.Б.
Жетекші: Болатбаев К.Қ.

АЛМАТЫ-2002
ЖОСПАР

Рафаэль және оның творчествосы 3
І-суретшінің өмірі мен өмір сүрген ортасы 3
ІІ Суретшінің шығармашылығы 4

Рафаэль және оның творчествосы

І-суретшінің өмірі мен өмір сүрген ортасы

ХV-ХVІ ғасырларда бүкіл итальян өнері өзінің барлық болмысында
үйлесімдікпен, әсемдікпен. қанағатшылдықпен, өрілген. Италияның кішігірім
сарайларының бірі Урбино сарайында тарихшы, философ, саясатшы, жазушы т.б.
өте білімді мәдениетті Бембо, Бибиена, Кастильоне сияқты тамаша адамдар
өмір сүрген.
Осы кездегі сарай кештері жайлы атақты кітап жазып қалдырған граф
Бальдассаре Кастильоне еді. Оның “Кортеджиано„ (сарай адамы) атты
кітабындағыдай кемел адам идеялынан өзінің ең асқақ мұраттарына сүйенім
жапқан, бүкіл дүние жүзілік тарихта ең ұлылардың бірінен саналатын адам
суретші – Рафаэль.
Рафаэль – Урбинода туған. Өл-өлгенше Б.Кастильонемен дос болды.
Портреттік живопистің аса үздік шығармаларының қатарына – Рафаэль
қылқаламынан туған Кастильоненің атақты портреті жатады.
Кастильоненің Рафаэльді қалай жақсы көргендік оның анасына жазған
хатынан көрінеді: “Мен есен – саумын, мен өзімнің қайран Рафаэлім қасымнан
табылмағандықтан Римде жүрмеген сияқтымын Марқұм енді иманды болсын!„
Рафаэль ол нағыз кемеліне келіп даққы асып турған шағында – отыз жеті
жасында, қайтыс болды.
Онша белгілі емес суретші және гуманист ақынның ұлы Рафаэль Санти
жоғары құрметке ие болды. Рим папасы оны бұрын живописші жетіп көрмеген
биік тұғырға көтермек еді. Тек мезгілсіз келген ажал ғана Рафаэльдің
кардинал болуына кедергі жасады.
Рафаэль меилінше қайырымды, аса парасатты, мінезі мейірімді, керемет
талантты адам болған. Ол туралы замандастары былай дейді: “... Рафаэльдің
керемет ілтипаты, соншалықты шексіз мейірлі тамаша жаратылысы арқасында
адамдар да, жан-жануарлар да оған үйір болды... Әрдайым оның көптеген
шәкірттері болды, олардың барлығына көмектесіп, әкеленіндей қамқорлық
көрсететін. Сондықтан да ол сарайға барарда қасында елу шақты ізгі жанды.
Шын мәнінде ол суретші емес, құзырлы мырзадай өмір сүрген-ді„.
Рафаль Рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалпына келтіруге көп
атсалысты. Бұл жайлы Рафаэль қайтыс болғаннан соң бірнеше күннен кейін
белгісіз бір венециялық өзінің туған еліне былай деп хабарлаған.
“Қасиетті жұмадан сенбіге қараған түні сағат үште ізгі жанды, тамаша
живописші Рафаэль Урбинский қайтыс болды. Оның өліміне барша жұрт
қайғырды„. Папаның өзі де үлкен қайғы шекті, ол суретшінің 15 күнге
созылған науқас кезінде алты рет адам жіберіп, көңілін сұратты. Дәл сол
күні папа сарайы құлап қалуы мүмкін деген қауіп туғанда...
Оған себеп болған жоғарғы лоджилердің ауырлығы емес, бұл сарайды
әшекейлеуге көп еңбек сіңірген адамның дүние салғанын естірткен суық хабар
болды деген адамдар көптеп табылады.
Әрине, замандастарын таң қалдыра тамсандырған мұндай ғаламатты
Рафаэльдің кемеңгерлігіне ғана жатқызуға болмайды. Рафаэльдің жеке басы сол
кездері кемелдік атаулының бәрін бойына жинақтағандығынан да болуы мүмкін.
Сондықтан, ол жұрттың бәріне жақын және түсінікті болды, әрі барлық адамға
тән асыл қасиеттердің жинақтығындай көрінеді.

ІІ Суретшінің шығармашылығы

Рафаэль Перуджиноның шәкірті болды және жас кезінде оның суретшілік
өнері ұстазына ұқсас еді. Оның ең ертеректегі шығармашылығының өзінде де
жаңа идеалдың нышаны байқалғанды.
Лондондағы Ұлттық галереяда оның 1500 жылы, яғни Рафаэльдің бар
болғаны он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллинның өмірі мен шығармашылығы
Бейнелеу өнерінде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері
Пейзаждық сурет салу
Рафаэль Слекенов көркем шығармашылық ізденістері
Музей туралы жалпы мәлімет
Жоғарғы Ренессанс өнері
Жұмыстың ғылымилығы
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы шеберлерi
Пәндер