Қазақстан кескіндеме өнеріне үлес қосқан суретшілер. Қастеевтің суреттері


Жоспар
1. Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы3
2 Қастеевтің алғашқы суреттеріне тән ерекшеліктері4
3. Қазақстан кескіндеме өнеріне үлес қосқан суретшілер4
Қолданылған әдебиеттер9
1. Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы
Қазақстан кәсіби кескіндеме өнерінің Ұлы Октябрь революциясынан кейін басталады. Жетпіс жыл - кескіндеме мәдениетінің дамуы үшін, әсіресе бұл салада кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін, көп уақыт емес. Алайда, республика көркемөнерінің қазіргі жағдайы ол жөнінде байсалды әрі жан-жақты пікір айтуға лайықты.
Бір кездерде діни ұғымдардың ықпалымен үзіліп қалған кескіндеме дәстүрі бірден тез қалпына келіп, жоғары дәрежеге жете қоюы мүмкін емес еді. Бірақ, 30-40 жылдардан бастап Қазақстанның көркемөнері барған сайын біртіндеп қалыптаса берді. Басқа республикалардан, Москва мен Ленинградтан келген суретшілер бұған көп жәрдемін тигізеді. Жалпы жағдай, әрине, онша емес-ті, творчестволық күштер де өте бытыраңқы болатын, әйтсе де 1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағының Ұйымдастыру бюросы құрылды, оған В. Сладков, Ә. Исмаилов, Ф. Болкоев кірді, ал 1940 жылы республика суретшілерінің бірінші съезі өтті.
Қазақстан көркемөнері дамуының екінші кезеңінде - 50-60 жылдарда - оның бүкіл совет көркемөнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысы нығайды, творчестволық күштері қалыптаса түсті. Бұл кезде республика суретшілерінің творчествосында, натураға, яки табиғатқа, босмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән болса, 60 жылдарда - бейнелеу публицистикасына бой ұру, “қатаң стильді” ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 жылдардағы көркемөнер - бұл жаңа, анағұрлым күрделі кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі - дараланған трактовкалардың (өзінше бейнелеудің), мәнерлер мен стильдердің, заманымыздың көкейкесті проблемаларын әр қилы шешетін жарқын творчестволық тұлғалардың өте көптігінде.
Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы осында 1879 жылы келген орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол өте ықтиятты және өмірдің әр алуан көрінісіне көз тоймас құштарлықпен сүйсініп, өнерге жан-тәнімен берілген адам еді. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер суретшіні қатты тебірентті, ол осының бәрін асқан бір іждағаттылықпен, құштарлықпен қағазға немесе кенепке түсіруімен болды. Біз сол еңбектерінде сақталған өткен дәуір көріністері үшін, бейнелеген үлгілерінің бәріне ұқыпты әрі сергек қарағандығы үшін оған борыштымыз. Әсіресе, біз оған сезімтал және өнерге берілген адам болғаны үшін, Алматыдағы тұңғыш көркемсурет студиясын басқарғаны үшін де айрықша ризамыз.
2 Қастеевтің алғашқы суреттеріне тән ерекшеліктері
Бірінші ұлтттық қылқалам шебері, өз творчествосында таңғаларлықтай тиянақты, табиғатты және өнердің міндеттерін түсіне білуде өзінің аңғал тазалығын творчестволық өмірінің өн бойында кіршік түсірмей сақтаған Әбілхан Қастев те Хлудовтың шәкірті болған. Қастеев сұлулықты дүниенің бұлжымас қасиеті деп біліп, оны мүмкін-қадерінше дәлме-дәл бейнелеуге тиістімін деп есептеді. 1929 жылы салынған “Киіз үйдің ішкі көрінісі” еңбегінде суретші бұйымдардың бәрін, бірін қалдырмай, нәзік ықтияттылықпен бейнелеу арқылы, тұрлаулы тұрмысты көз алдыңа әкеледі. Ал суретшінің бейнелегіштік түйсігі арқылы үйлесімді үн-реңк түзеген жекелеген айшықты түстер бұйымдық әлем бояуының сан алуандығын ғана беріп қоймайды, сонымен қабат халық тұрмысының оптимистік өміршеңдігін де бейнелейді.
Қастеевтің алғашқы суреттеріне тән ерекшелігі - ол көбіне көсілте салуға бейім, ширақ контурлары берік келеді, әр тұстың өз бояуы бар, формалар мейлінше жинақталған, композициялық өрімі бір орталықтан өрби жайылады, кескіндеуден суреттеуі, эпикалықтан лирикалық жағы басым шығып жатады. Күмән жоқ бұл қасиет оның бойына халықтың қолданбалы өнер шығармаларымен жақсы таныстығының тәлімі, форманың мінсіздігін қапысыз сезушілік арқылы дарыған деуімізге болады.
3. Қазақстан кескіндеме өнеріне үлес қосқан суретшілер
20 жылдары Қазақстанға Н. Крутильников, Ф. Болкоев, В. Каптерев, А. Пономарев, М. Гайдукевич келеді. Республикамыздағы көркемсурет өнерінің қалыптасуына бұлардың әрқайсысы белгілі бір үлес қосты. В. Каптеревтің заттар мен қоршаған ортаны бірегей бірлікте бейнелеген әдемі этюдтері күнделікті тіршіліктің көріністерін суреттеудегі сырлы да сезімтал ырғағының нәзіктігімен тартымды. М. Гайдукевичтің акварельмен (сулы бояумен), тушьпен салған және литографиялық еңбектерінің жаңашылдығында күмән жоқ. “Салт атты” (“Түрксібке дейінгі Алматы” циклынан) деген шағын суретінде ол қағаздың бояу түспеген, таза жеріндегі ақ түсін жарық сәуле төгілген кеңістік ретінде пайдаланады. Қылқаламның ұшымен ептеп қана түсірген бояу тек затты ғана емес, сонымен бірге оған суретшінің көзқарасын да бейнелейді. Оның суреттері - жай бояудай ғана емес, байқағыш адамның назарына іліккен әлемге берілген поэтикалық баға.
Дегенмен, анағұрлым қызу творчестволық қарқын - 30 жылдарда басталған еді. Сан жағынан әлі өте аз босла да, тума таланттар өсіп жетілді. Солардың бірі түпнұсқа графикадан өзінің күшін байқап көрген Ә. Исмаилов болатын. Оның композициясы диагональды ассимметриямен құрылған “Қарағанды. Забойда” (1932) деген суреті өзінің батыл шешімімен және ширақтығымен көзге түсті. Осы кезде Алматыға суретшілер Л. Гербановский, А. Заковряшин, А. Риттих, О. Кужеленко, сценографтар В. Теляковский, И. Бальхозин, С. Калмыков, мүсінші И. Иткинд келеді. Бұлардың қай-қайсысының болсын өнерде қалыптасқан өз машағы, өз бет бейнесі бар-ды. Жаңадан келгендердің профессионализмі мәдени ортаның қалыптасуында зор роль атқарды. Олардың көпшілігі өздерінің әсерлерін сезімшіл этюдтер мен нобайларда бейнеледі. Л. Гербановский қызықты көріністер: ат шабыстың, қала әуендерінің өте әсерлі суреттерін салады. Мюнхенде көркемдік білім алған А. Риттих натюрморттардағы және акварельмен салынған табиғат көріністеріндегі заттардың формаларын неміске тән ықтияттылықпен дәл келтіреді. Адамдардың құлашты кең сермеген қызметіне таң-тамаша болған Ф. Болкоев Ертістен өтетін орасан үлкен көпірдің құрылысын хроникерше қызу беріліп, шын пейілмен құштарлана салады. Н. Крутильниковтың назарын Алматы айналасындағы сұлу табиғат көріністері тартады. Л. Леонтьев “Колхоз базары” (1940) картинасында базардағы сапырылысқан халық пен даңғыраған дауыстардан, күннің сәулесі мен табиғат жемісінің молдығынан алған әсерінің көрінісін толысқан тұрмыстың оптимистік бейнесіне айналдыра білді.
Сонымен бірге революциялық және замана сюжеттеріне құрылған тақырыптық картиналар салуға да зор көңіл бөлінеді. Бұл суреттердің аттарынан-ақ анық аңғарылады: “Амангельді шабуылы” (Ә. Қастеев), “Чапаев Уральск түбінде” (Г. Симкин), “Киров Қазақстанда егін орағы кезінде” (Ф. Болкоев), “Балқаш стахановшылары” (Н. Крутильников), “Ауылдағы пионер қыз” (М. Лизогуб), “1920 жылы Верный қаласында болған бүлікшілердің жиынында Фурмановтің сөз сөйлеуі” (А. Бортников) .
Ол кезде көбірек табысқа жеткен Бортниковтың картинасы еді, мұның себебі оның тек фактіні көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге қару-жарақсыз Фурмановтың сөзін бүлікшілердің қалай тыңдап, қандай пиғылда екенін де бейнелеуге тырысқанында болса керек. Бірақ суретші мақсатына толық жете алды деуге болмайды: картинада адам мінезін сомдаудан гөрі опынуды, мысқылды немесе ұнатпауды, зер салуды, берілгендікті білдіретін шартты бет әлпеттер көбірек. Дегенмен, тақырыптық картиналардың пайда болуы республика суретшілері ендігі жерде табиғат әсерлерімен, бұл міндет қаншама қызғылықты және маңызды болса да, табиғаттың сұлулығын көрсетумен, адамның бет-жүзін бейнелеумен қанағаттана алмайтынын, олардың жалпы маңызы зор оқиғалар туралы толғанып, соларды өзінше бағамдығысы келетіндігін көрсеткен еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикаға елдің әр түрлі аудандарынан көптеген суртшілер көшіп келді. Олардың ішінен кейбіреулері өз тағдырын Қазақстанмен өмір бойына байланыстырды. Бұл жылдарда суретшілердің творчестволық күш-жігері өнердің үгіт-бұқаралық түрлеріне жұмылдырылды. Алайда, форма мен мазмұндық міндет атқаратын күрделі шығармалар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл, тағдырдың тәлкегіне қарамастан, адамның әрқашан мойымай, рухын түсірмей, сұлулықты сезгіштік қабілетін сақтай алатындығының айқын дәлелі.
Алматыға келгенде А. Черкасский қалыптасқан бейнелеу әдісі бар, жасамыс суретші болатын. Ол өзімен бірге соқталы бояулы кескіндемеге деген ықыласты, еркін сүйкеуге, фактураны сүюге құштарлықты ала келді. Замана тынысына үн қосқан Черкасский “Комсомолец - жігіттер, болашақ гвардияшылар” (1942), “Днепрдегі қасірет” (1943) деген картиналар жазады.
Р. Великанованың акварельмен және пастельмен салынған пейзаждары Алматыны жаңа қырынан “ашу” іспеттес болды. Ол пейзаждар өмірдің “кішкентай” қуаныштары мен әсемдігін беунелеуге ықпалды әсер еткен талғам-түйсікке тәрбиеледі. С. Калмыков та Алматы жайлы көптеген суреттер салды. Ол - артына өте көп суреттер, акварельдер, кескіндеме туындылар, театр декорацияларының нобайларын қалдырған суретші. Оның айналадағы өмір шындығын бейнелеуінің өрісі өте кең: бірде нағыз табиғи этюдтер жазса, енді бірде таңғаларлық, бірақ шындық пен қиял иланымды үйлестірілген нәрселер жасайды, тағы бірде романтикалық елестерден кірген түстің жұмбақ логикасы үстем нағыз таңғажайып қиялдарды ойлап шығарады.
1943 жылы Алматыға П. Зальцман келді, ол Ленинградтағы П. Филоновтың мектебінен өткен болатын. Ол республиканың көркемдік өміріне мүлде жаңа леп ала келді: кең тыныстылық, кәсіби шеберлік пен философиялық ойдың жоғары дәрежесін енгізді. Зальцман өзінің акварельмен және тушьпен салынған күрделі шығармаларында бұл әдістердің құдіреті тек өмір шындығының жеке сәттерін ғана емес, сонымен бірге жеке адам мен тағдырдың күрделі драматургиясын бейнелеуге де жететіндігін дәлелдеді.
50 жылдарда Қазақстан өнеріне Е. Говорованың есімі келіп қосылды. Ол Я. Ционглинский мен М. Добужинскийдің мектебінен тәлім алған суретші еді. Оның тушьпен және қаламмен салынған әрбір суреті - табиғаттың әр түрлілігінде шек жоқтығының кішкентай ғана лирикалық поэмасы. Говорова даладағы шөптердің, сарқыраған өзеншелер мен аласа бұталардың тілін, орман мен таудың тілін жақсы көрді және оны ұға біледі.
Еліміздің орталық жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған талантты жастардың келуімен байланысты 50 жылдардың ортасында республикамыздың көркемөнерінде жаңа кезең басталды. Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке-дара мәнерінің әр алуандығына, сонымен қатар қазақстандық кескіндеме мектебін қалыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Рас, бұл кезеңде бейнелеу тілі жүйесін жасаудан гөрі, ұлттық тақырыпқа көбірек күш-жігер салынды. Бірақ, қалай болған күнде де, қазақ суретшісін оның орыс, украин, немесе өзбек ағайыннан өзгешелейтін өзіне тән әдіс-тәсілді ойлап табуға әрекет жасалғандығы күмәнсыз.
1953 жылы Ленинградтан С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, Н. Нұрмұхаммедов, 1956 жылы Қ. Шаяхметов келді, М. Кенбаев Москвадағы оқуын аяқтады. Көп ұзамай жас кескіндемешілер Қазақстанның жетекші суретшілерінің қатарына қосылды. Қ. Телжановтың суретшілік дарыны 50 жылдардың ортасында жазылған “Тұңғыш рет”, “Жамал”, “Әже мен немересі” атты шағын жанрлық шығармаларында мейлінше айқын көрінді. Н. Нұрмұхаммедов, басқа тақырыптармен бірге, ерлік тақырыптарына деп қояды. Ол өзінің “М. В. Фрунзенің 1920 жылы Самарқан халық еріктілері алдында сөз сөйлеуі” (1953) атты диплом жұмысында көп пішінді академиялық композицияға еліктесе, кейін өзінің палитрасы мен форманы сомдау мәнерін күрт өзгертеді. Мұның себебі мынада: ол ұлттық қаһарманды тарихи картинаға әкеліп қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің әдісін жасауға, айрықша бейнелілікке жетуге тырысты.
Халықтық мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында ойланып-толғану көптеген суретшілердің творчестволық қызметтеріне игілікті ықпалын тигізді. Театр мен киноның талантты суретшілері А. Ғалымбаева мен Г. Исмаилова ұлттық киімдердің, әсемдік бұйымдарының, тұрмыс заттарының, әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін ұдайы зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген полотноларын ұлттық тұрмыс заттарын бейнелеуге арнады. Ғалымбаеваның қылқаламынан ежелгі керамиканың сұлулығы (“Қазақтың ежелгі керамикасы”, 1966) оянса, Исмаилова “Қымыз” (1966) натюрмортында халық тұрмысының асқақ қарапайымдылығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz