Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі
Мазмұны
Мүсін тарихы 1
Технологиялық бөлім 3
Қолданылған әдебиеттер 7
Мүсін тарихы
Мүсін – ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын
Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз.
Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан скульптуралық шығармалары бізге
дейін жетті. Мүсін өнерін скульптура дейді. Скульптура ( латынша
sculptura ) сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды,
шекуді (мүсін жасауды) білдірген. Кейіннен пішіндеу арқылы жасалған
шығармалар да осы ұғыммен білдірілген.
Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше
түсіндіретін өз тілі бар. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды,
не саздан жасайды. Ол өз ойын кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей
етіп, толық мүсіндейді, мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көре аламыз.
Скульптураның бейнелеу өнерінің түрлерінен айырмашылығы скульптурада
басты әсерлілік құралы – аумақтық форма. Суретші сияқты мүсінші де өзі
бейнелеп отырған мінез құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет-
әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсінделген адамның
үстіндегі киімінің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып
тұрады.
Скульптура жұмыр (оны барлық жағынан қарауға болады) және
рельефтіболып келеді. Жұмыр скульптурада адамды бейнелей отырып,
скульптура тек маскамен, яғни бетпен, шүйдесіз баспен шектеліп қала алады.
Басты немесе иықтары бар кеудеге дейінгі бюстті мүсіндей алады. Оның өзінде
бюсттің тұғырына сан қилы форма беруге болады. Адамды беліне дейін бейнелеу
жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу статуя (мүсін) деп аталады. Көп
фигуралы композиция скульптуралық топ деп аталады. Рельеф - тек бір жағынан
қарағанда жақсы көрінетін, жазықтық бетіндегі скульптуралық бейне. Рельеф
екі түрге бөлінеді:фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан
шығып тұрса, онда ол барельеф деп аталады; ал фигуралар жартысынан шығып
тұрса, онда ол горельеф деп аталады.
Скульптура шығармалары, живописьтегі сияқты, станокты және монументті-
сәндік болып бөлінеді. Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз, өз
бетімен өмір сүреді. Сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті-
сәндік шығармалар жеке ансамбльдің-алаңның немесе парктің архитектуралық
композициясының компоненті болып табылады.
Скульптура жасау үстіндегі жұмыста сурет салу үстіндегі жұмыстағыдай
негізгі сатылар сақталады. Скульптурада әр түрлі материалдарды қолданады.
Цементтен скульптура құяды; Ағаш скульптура, ежелгі ағаш скульптура бағзы
замандарда, классикалық ежелгі грек мүсіндеуінен көп бұрын пайда болған.
Ағаш скульптура хх ғасырдың басында жаңа өріс алды. Ою техникасы мен
тәсілдері баяғы замандардан біздің кезімізге дейін өзгеріссіз жетті; Тас
скульптура, түрлі тас жыныстарының ішінде скульптура үшін ең жақсысы-ақ
мәрмәр (грекше mramoros-жарқыраған) болып табылады, ол антикалық
скульптурада өте кең тараған. Антикалық әлем өзінің көркемдік деңгейі
жағынан маңдай алды мәрмәр мүсіндерді ғана емес, осы материалды өңдеу
техникасындағы барлық басты нәрселерді де берді. Бұл техника үш мың жыл
дерлік уақыт ішінде шын мәнінде өзгерістерге ұшыраған жоқ. Даңқты мүсінші
В.Мухина мәрмәр туралы былай жазды: ... Оның біртегіс түйіршікті фактурасы,
оны өңдеудің жеңілдігі оған неғұрлым нәзік, жеңіл және бай детальдармен
форма беруге мүмкіндік жасайды; оның тегістелген бетінің жұмсақ жылтырыадам
денесінің тығыздығы мен фактурасын тамаша береді. Атақты француз мүсіншісі
О.Роден де мәрмәрді ең жақсы материал деп есептеді; Металл, ең жақсы және
бірегей скульптуралық материалдардың бірі-қола, одан антикалық заманнан
бері пішіндеу мен фактураның сан қилы ньюанстары бар ең нәзік және өрнекті
композициялар жасалып келеді.
Құюдан басқа, скульптурада металды басқаша пайдалану - қаңылтыр
металдан скульптура соғу, қағу әдісі де мәлім. Бұл техника торевтика
деген атпен тіпті эллинизм уақытында-ақ (б.э.б ІV ғасырдан б.з.І ғасыр) кең
тараған; Пластилин – баяғыдан-ақ мәлім болған, Ренессанс суретшісі және
өнертанушысы Д.Вазаридің айтуына қарағанда, оны орта ғасырлардың өзінде-ақ
қолданған.
Композициялы бөлім
Өз композициямды сазбалшықтан жасадым. Сазбалшық -мүсіншінің қиялында
пайда болған ойдың нобайын тез жасауға мүмкіндік беретін бірінші материал.
Сонымен қатар, сазбалшық дене күші жағынан біршама жеңіл, ең бастысы- жасау
барысында кез-келген түзетулер мен қайта жөндеулер жасауға мүмкіндік
береді.
Саусақтарымен жұмыс істегенде, созылымды пластикалық материалды
сезіне, түйсіне отырып, (мүсінші) өзі жасап жатқан формаларды қолдарымен
бейне бір көріп тұрғандай қабылдайды.
Бұл қабылдайды.
Бұл композицияны таңдау себебім мен жастық шақты бірнеше қырынан
түсіндіруге тырыстым. Жастық шақ - адамзаттың ең бір керемет сұлу да,
сымбатты кезеңі, ал сұлулық әсемдіктің үлгісі- әйел заты. Сонымен қатар,
жастық шақ- сыры мол кезең. Бұл кез- келешекке тартылған алғашқы ой-үміт,
арман, жоспар.
Алғашқы толғаныс - тәтті арман алданышқа айналмасын деген сенім. Сенім
мен күдік орындығындағы, жас қыздың жанындағы бос жай- жалғыздықтың орны
емес, өмірге деген, болашаққа деген, ғашығына деген сағынышты күтіп отырған
мекені. Ал қызды баураған ой- тұңғыш маңызды сынақ.
Өз жайымызда, өз орындығымызда әрқайсысымыз келешек арманымыздың
сөзсіз орындалуына сенейік. Осы орындықтағы бос жайға әрқайсысымыз бір сәт
аялдай отырып, өз сырымызды да оған баяндайық, үміт отын жағайық. Осы
композицияның тағы бір жағы, осы жас қыздың жанындағы бос орынға әрбір адам
отырып өзінің басынан өткен оқиғаларын бір сәт есіне түсіріп, шерін
тарқатуға болады.
Технологиялық бөлім
Скульптурада сазбалшық, ағаш, тас, пластилин, балауыз металлдар тағы
басқа материалдар қолданылады. Мүсінші пайдаланатын аспаптар: стекалар,
тұзақшалар, циркуль.
Скульптура станокта жасалады, станоктың үстіңгі беті оңай айналады.
Станоктың биіктігі жасалатын скульптураның биіктігіне байланысты, оның
ортасы әрдайым мүсіншінің көз деңгейінде тұрады.
Сазбалшық скульптураның ішінде міндетті түрде қатты қаңқа (каркас)
болады, (формасы бұзлмауы үшін) фигураның беріктігін қамтамасыз ету үшін
қаңқаны глаголь деп аталатын -Г (Г- славянша глаголь) әрпі түрінде
иілген жуан темір шыбықшамен бекітеді. Төменде оның табандары болады, олар
ағаш тақтайға бекітіледі. Глагольдің биіктігі фигура биіктігінің шамамен
12-іне, көлемі –шамамен 15-не, табанының көлемі 110-іне тең етіп
алынады.
Глаголь-металл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz