Банк қызметін зерттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе 6
І. Банктың структурасы 8
1 Банк тарихы 8
2. Банк миссиясы, философиясы мен логотипі 11
3.Банктің бүгінгі беделі (регалиі) 13
4. Банк басқару органдарының құрылымы 15
ІІ. Банктің негізгі қаржылық жағдайы 16
1. Банктің қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы 16
2. Банк табыстарының құрылымы 21
3. Банк шығындарының құрылымы 21
ІІІ Банк қызметінің негізгі жағдайы 22
1.Несиелік қызмет 22
2. Депозиттік қызмет 27
3.Ақша аударымдары 32
4.Төлем карточкалары 36
IV. Банктің халыққа қызмет көрсетуіндегі соңғы жаңалықтар 40
Қорытынды 43

Кіріспе

Бірінші бөлімде ұйымның даму тарихы жөнінде сөз қозғалды.Онда:
ұйымның қалыптасуы және қазіргі таңдағы беделі туралы жазылған.
1 қаңтарда 1991 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Аль Барака
Қазақстан Халықаралық банкін құру туралы үкімге қол қояды. Аль Барака
Қазақстан ХБ-ке халықаралық есеп жүргізу, ҚР-ң экономикасына шетел
инвесторларын тарту және қызмет көрсету рөлі берілді. Тиімді қызметтің 6
жылдық кезеңінде банк халықаралық банк беделін нығайтып, ҚР-ның лидер
банктерінің арасында мықты позицияға ие болып, клиенттер құрамын
қалыптастырды. Кейіннен ҚР Ұлттық банкінің қаулысымен 14 мамырда “Ертіс
Бизнес Банк” ААҚ құрылып, оның лицензиясы 2 шілдеде берілді. 2001ж “Ертіс
Бизнес Банк” атауы өзгертіліп жаңадан “Альянс Банк” деген атау берілді.Осы
бөлімде ... қаласы бойынша АҚ “Альянс Банк” миссиясы, банк аралық нарықта
қызмет ететін және ірі корпоративті клиенттерге, шағын және орта бизнес
кәсіпорындарна және халыққа жоғары технологиялық қызмет кешенін көрсететін
кешенді коммерциялық банк ретінде дамуды өз алдына мақсат етіп қойды.Яғни
қазіргі саясат саласында банк персоналдың квалификациясын жоғарлатуға,
корпоративті мәдениеттің қазіргі нормаларын, сонымен қатар персоналды
ынталандыру мен олардың мансаптық өсу принциптерін енгізуге бағытталған
мақсатты бағдаламаларды жасау мен жүзеге асыру қарастырылады.
Екінші бөлімінде банк дамуындағы негізгі бағыттары қарастырылды.
Соның ішінде: банктің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің динамикасын,банк
табыстарының және шығындарының құрылымы,тәуелді басқару жүйесін жетілдіру
жолдарын.“Альянс Банк” алдыңғы қатарлылардың және тұрақтылардың бірі болып
табылады. Жылдан жылға банк қызметінің барлық көрсеткіштері өсуде.
Үшінші бөлімінде банк қызметінің негізгі бағыттары жайында
жазылған.Соның ішінде: несиелік қызмет; депозиттік қызмет; ақша
аударымдары; төлем карточкалары; тұтынушыларды талдау жэайында сөз
қозғалды. Қазақстан экономиканың әртүрлі салаларын несиелеу Банк қызметінің
негізгі түрі болып табылады.
2006 жылдан 2007 жылға дейінгі банктің валюталық балансы 1,2 млрд
теңгені құрды. Ол клиент базасының кеңейтілуі, жекелік облигациясының шығуы
мен орналастыруының нәтижесінде мұндай мүмкіншіліктерге қол жеткізді.
Ұлттық банктің нормативтеріне сай “Альянс Банк”-тің меншік капиталы 10,5
млн тг өсті. Оның негізгі қайнар көзі акционерлік капиталымен, сонымен
қатар банктегі қаржылық рейтенгі жоғарлап, субординарлық займ түріндегі
инвестициясының тартуы болып табылады.Банкке депозит түріндегі мәнді
ресурстарды тартуы елдің сенімділігінің артуы, ұсынған қызметтердің жоғары
сапалы және әртүрлілігінің болуы,бәсекелестіктердің тарифтері мен
ставкаларының жоғары болуына байланысты мұндай мүмкіндіктерді берді. Оның
негізгі қайнар көзі -акционерлік капиталымен, сонымен қатар банктегі
қаржылық рейтенгі жоғарлап, субординарлық займ түріндегі инвестициясының
тартуы болып табылады.
Төртінші бөлімде банктің қазіргі болып жатқан соңғы жаңалықтары
туралы айтылады. Соның ішінде пластикалық карточкаларға енгізіліп жатқан
соңғы өзгерістер мен банк депозиттерінде өтіп жатқан біршама акциялар
туралы қызықты мәліметтерді біле аласыздар.

І. Банктың структурасы

1 Банк тарихы

1993 жылы- Қазақстанда аумақтық банктер арасында алғаш рет
Павлодар қаласында “Ертіс Бизнес Банк”ААҚ құрылды.
1999 жылы- “Ертіс Бизнес Банк”ААҚ “Семей қалалық банк”ААҚ-мен
бірігіп, жаңа “Ертіс Бизнес Банк”ААҚ-ның филиалдары Алматы, Астана,
Екібастұз,Павлодар,Семей қалаларында ашылды.
2001 жылы-“Ертіс Бизнес Банк”ААҚ-тың негізгі акционерлерінің ауысу
кезеңі басталды.Форсирленген даму банк стратегиясын қабылдау, банктың атын
“Альянс Банк” етіп өзгерту, сонымен қатар, аумақаралық деңгейден
республикалық деңгейге өту басталды.“Ертіс Бизнес Банк”ААҚ-ның жаңа
менеджменті республиканың банк саласындағы алғықатарлы мамаандарымен іске
асырылды.
2002 жыл- 13 мамырда “Ертіс Бизнес Банк”ААҚ-нан “Альянс Банк” АҚ-не
көшу заң жүзінде іске асырылды. Банктың бас офисі Павлодар қаласынан Алматы
қаласына көшіп, алғашқы филиалы Петропавловск қаласында ашылды. Осы жыл
қорытындысы бойынша “Альянс Банк” АҚ Қазақстан республикасының алғықатарлы
10 банктың құрамына кіріп, активтер бойынша ең беделді бак
атанды.(активтері-168%).
2003 жылы- Қарағанды (Қарағанды обл.), Атырау (Атырау обл.), Зыряновск
(Шығыс Қазақстан обл.) филиалдары ашылды. Альянс Банк Қазақстан бойынша
on-line режимі бойынша бизнесті орталықтандыруды аяқтау бойынша екінші банк
болды. Жыл соңында “Альянс Банк” Қазақстан Республикасының ірі 8
банктердің құрамына кіріп, 2-ші жыл қатарынан активтер бойынша беделін
жоғалтпай келеді. (активі- 130%).
2004 жыл- Жезқазған қаласында (Қарағанды облысы) және талдықорған
(Алматы облысы) банк болімшелері ашылды. Бухгалтерлік есептің мемлекеттік
стандарттарына көшу, оның ішінде банктің ақпарат жүйесін автоматтандыру
және оны сетрификаттау жүзеге асырылды. Мемлекеттік төлем карталары Visa
International-ды шығару қолға алынды. “Альянс Банк” қатысуымен және
Қазақстандық банктердің ұйымдастырылуымен бірінші рет “Алғашқы несие
бюросы” ЖШС құрылды. 2004 жылдың қорытындысы бойынша “Альянс Банк”
Қазақстан Республикасының 6 ірі дамушы банктерінің қатарына кіріп, үш жыл
қатарынан активтер бойынша алда келеді (активі-138%).
2005 жылы- The Banker журналының мойындауы бойынша “Альянс Банк”
ауыспалы экономикада 50 ең тез дамушы банктер арасында №1 деп танылды.
Ақтау және Қостанай қалаларында бак филиалдары ашылды. 2005 жылдың 1-
жартыжылдық қорытындысы бойынша “Альянс Банк” активтер көлемі мен жеке
капитал және міндеттеме жағынан Қазақстандық банктер арасында 5-ші орынды
иеленді. “Euromoney” журналы “Альянс Банк”-ты халыққа қызмет көрсету
жағынан -Best Retail Bank in Kazakhstan және де корпоративті басқару
жағынан- Leading Bank in Corporate Governance деп белгіленді.
2006 жылы -Қазақстанның шағын бизнес бағдарламасы бойынша “Альянс Банк”
“Еуропалық Даму және Жаңару Банкімен” несиелік келісімге отыруы болып өтті.
Көптеп Шымкент, Орал, Жезқазған, Ақтөбе қалаларында филиалдары ашылды.
“Альянс Банк” еліміздің алғықатарлы ірі 4 банктің құрамына кіріп, Қазақстан
бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсету жағынан бірінші орынды иеленді.
2006 жылдың тамызы- 23 тамыз санағы бойынша “Альянс Банк” АҚ-ның,
Қазақстанның 27 қалалары бойынша, 19 қаласында филиалдары мен 114
бөлімшелері бар.
Жыл таңдауы фестивалінің жетінші байқауында халықтың таңдауы мен
экспертті комиссияның шешімі бойынша “Альянс Банк” бірден екі номинацияға
иеленді- “2006ж. Қазақстанда- №1 Жедел несие” және “2006ж. Қазақстандағы
Тұтыну несиесі”деген.
Беделді басылым “Euromoney”, Еуропа елдері аласында,“Альянс Банкке”-
“Корпоративті Басқару жағынан алғықатарлы Банк” деген атақ берді. Бұл атақ
“Альянс Банкке” 2-ші рет беріліп тұр.
2006 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жаңа элитті пластикті Visa Platinum
картасын шығаруға кірісті. Бұл карта түрін шығару мақсаты- дүниежүзілік
дәрежеде жұмыс істеу артықшылығы мен арнайы ұсыныстарды кең ауқымды
қарастыру болып табылады.
2007 жылжың ақпаны- бүгінгі күні “Альянс Банк” аумақтық желі мүшелігі
жағынан Қазақстан бойынша 37 қала мен 13 селолық пункттен, 23 филиал мен
173 бөлімшелерден тұрады.

2. Банк миссиясы, философиясы мен логотипі

Банктың мақсаты- қазақстандық тұрғындарды жоғары сапалық банк тауарлары
мен жоғар дәрежеде қызмет көрсету болып табылады. Банктың мақсаты
орнатқандай - “Альянс Банк” халыққа өзінің жоғары сапалы және
қолжетерліктей қызметтер көрсету.
2006 жылы банк приоритеті анықтағандай:
• Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында клиенттерге жоғары
сапалы қызмет көрсететін, бизнесті дамыту және нығайту мәселесін
шеше алатын филиалдарды және дирекция командаларын құру;
• пассивті базасын құру;
• қызмет ететін активтердің тиімділігіне және максималды пайдаға
жету.
Банк философиясы- әділдік, аполитика, сенім, өркендеу, саналылықтан
тұрады, ал осы айтылғандардың ортақтығынан барып гармония орнайды.Банктың
ішкі ортасында да, сыртқы ортасында да гармония қарым-қатынасы орнайды.
Осыдан шыншылдық, сенім мен апалитика қалыптасады. Елімізде болып жатқан
саясатқа қол сұлмау -міне осы аполитиканың мақсаты. Сенім мен шыншыл қарым-
қатынас саналылықтан тұрады, ал саналылықтың өзі “Альянс Банкта” болып
жатқан әркүн сайынғы даму мен шынайы еңбек етуден шығады. Гармониялық қарым-
қатынас алда тұрған кедергілер жойылған жағдайда ғана орнайды. Ал тыныштық
орнаған дерде шынайы өркендеу қалыптасады.Философияның бәр мәні осыда.
Банк логотипі- бұл бір- біріне қарай бағытталған пентограммалық бес
түрлі формадан тұрады. Осы формалардың бірігуінен логотиптің ең басты
элементі- жарық бесбұрышты жұлдыз құралады. Осыдан келе “Альянс Банк” ең
басты корпоративтік философия кілтінің принципі- гармонияны корсетеді. Біб-
біріне ұмтылған бес элемент: шыншылдық, сенімділік, даму, саналылық пен
аполитиканы құрайды.

3.Банктің бүгінгі беделі (регалиі)

“Альянс Банк” жеке тұлғалардың міндетті коллективті сенімді
салымдар системасының қатысушсы болып табылады.Сонымен қатар N017(13.01.05ж
бастап) куәлігіне ие.
“Альянс Банк” ҚР-ң Ұлттық банкінің мойындауымен 2 деңгейлі банк қатарна
кіре отырып зейнетақы активтерімен, сонымен қатар, ЖАҚ “Мемлекеттік
зейнетақы жинақтаушы қорына” қаражаттарды салып отыруға сенімін берді.
“Альянс Банк” KASE валюталық торгының басты қатысушларының бірі болп
табылады,сонымен қатар бағалы қағаздармен де жұмыстар атқарады.
“Альянс Банк”-тің номиналды ұстауш ретінде бағалы қағаздар нарғында
брокерлік және диллерлік жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар.
“Альянс Банк” сенімді ипотекалық несиелеу системасының қатысушысы
“Альянс Банк” Visa International мен Master Card International
Халықаралық Төлеу Жүйесінің Принципиалды мүшесі болып таблады.
2005ж қаңтар айында барлық қаржылық баслымдардың ішіндегі “The Banker”
журналы Альянс Банкті ауспалы экономикасы елдері арасында ең тез дамушы
Банк ретінде танылды. Бұл журналдың зерттеулері бойынша 377 банк,оның
ішінде СНГ,Балтия, Орталық Азия мен Еуропа қаралған. Сонымен қатар бұл
журнал Альянс Банкті таға екі қазақстандық банкпен бірге 200 ең ірі азиялық
банктердің қатарына кіргізген.
2006ж қарашасында халықаралық беделді басылым “Euromoney” Альянс Банкқа
“Еуропа елдері арасында корпоративті Басқару бойынша Бірінші Банк”деп
танылды.мұндай марапат Альянс Банкке екінші жыл қатарнан берілуде.
2005ж қазанында “Euromoney” Альянс Банкке марапаттарын екі түрлі
номинацияда берген болатын: Қазақстанда ең жақсы халыққа қызмет көрсету мен
корпоративті басқару бойынша ең бірінші банк деген.
Альянс Банк “Қазақстанның Инвестициялық қоры” Ресейлік консалтингтік
компания V-Ratio Business Consulting Company,Қазақстандық зерттеушілік
компания BRIF Research Group, беделді басылым National Business-тің
ұйымдастырылуымен болған “Қазақстандық брэндтердің арасындағы бірінші
листинг” қорытындысы бойынша Альянс Банк 240,4млн.долл тұратн ең қымбат
брэнд деп танылды. Бұл листингте 11 қазақстандық компания қатысты.

4. Банк басқару органдарының құрылымы

Банктің органдары:
Жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
Басқару органы – Директорлар кеңесі;
Атқарушы орган – Басқарма;
Бақылаушы орган – Ревизор;
Органдар компетенциясы ҚР заңымен және банк жарғысымен атқарады.

Директорлар кеңесінің құрамы:

Жомарт Ертаев, Аблай Ғалымов, Даурен Керейбаев, Зарина Жүсіпова,
Светлана Курманбекова

ІІ. Банктің негізгі қаржылық жағдайы

1. Банктің қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы

“Альянс Банк” 2005 жылғы қызметтерді нарықтағы өз орнын нығайтуға
пайдаланды. Қазақстан банктерінің рейтингінде (2001 жыл соңында жалпы
банктер саны-44) “Альянс Банк” алдыңғы қатарлылардың және тұрақтылардың
бірі болып табылады. Жылдан жылға банк қызметінің барлық көрсеткіштері
өсуде.
2005 жылдан 2006 жылға дейінгі банктің валюталық балансы 1,2 млрд
теңгені құрды. Ол клиент базасының кеңейтілуі, жекелік облигациясының шығуы
мен орналастыруының нәтижесінде мұндай мүмкіншіліктерге қол жеткізді.
Ең айрықша көрсеткіштерінің бірі бұл 1 жұмысшы шотындағы актив
сомасының болуы болып табылады. Банк өндірістік қызметтін оңтайландырылған
және қарқындырылуының арқасында бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті.
Ұлттық банктің нормативтеріне сай “Альянс Банк”-тің меншік капиталы
10,5 млн тг өсті. Оның негізгі қайнар көзі акционерлік капиталымен, сонымен
қатар банктегі қаржылық рейтенгі жоғарлап, субординарлық займ түріндегі
инвестициясының тартуы болып табылады.
Банкке депозит түріндегі мәнді ресурстарды тартуы елдің сенімділігінің
артуы, ұсынған қызметтердің жоғары сапалы және әртүрлілігінің
болуы,бәсекелестіктердің тарифтері мен ставкаларының жоғары болуына
байланысты мұндай мүмкіндіктерді берді.
Клиенттерді несиелеу құрылымды баланста дәстүрлі алғашқы орында. Өскен
ресурстік базасы банк 2006 жылдың басында несиелік портфелі 41 млн тг дейін
өсуіне жағдай жасады. Сонымен қатар активтерді әртараптандырудың
оңтайландырылған деңгейін ұстап отыруына әсерін тигізеді.
Қаржылық нәтиже 2006 жылы 2,7 млрд тг құрды.

“Альянс Банк” АҚ негізгі қаржылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер 2005ж. 2006ж. 2007ж. 20062005 20072006
1 2 3 4 5 6
Баланс валютасы 29021906 54934410 80027442 -23528465 25093032
Міндеттемелер 26600599 48772598 70378115 48746533 21660551
Меншікті капитал 3567342 8655893 13441157 8298551 4785264
Жарғылық капитал 1755383 3875987 6324726 2120604 2448739
(қосымша капиталды
қосқанда)
Активтер 29341899 54735800 79758766 25393901 25022966
Несиелік портфелі 19614434 35329093 48768930 15714659 13439837
1 2 3 4 5 6
Бағалы қағаздар 5075106 7746716 12945347 2671610 5198631
портфелі
Депозиттер (соның 18101334 28512996 31880738 10411662 3367742
ішінде):
Заңды тұлғалар 15171178 22017371 19762811 6846193 -2254560
құралдары
Жеке тұлғалар 2930156 6495625 12117927 3565469 5622302
құралдары
Банктік 2308328 9155460 17086369 6847132 7930909
облигациялар
Табыстар 4433094 6863461 11178413 2430367 4314952
Шығындар 3754734 6007616 10038101 2252882 4030485
Табыс салығын 682038 1027208 1462120 345170 434912
төлегенге дейінгі
пайда
Табыс салығын 678360 855845 1140312 177485 284467
төлегеннен кейінгі
пайда
1 жұмысшы активі 56625 75500 94375 18875 18875
Пайыздық табыстар 3567859 4376557 7482812 808698 3106255
Пайыздық шығындар -1907865 -1819579 -1378353 -88286 1196394
Таза пайыздық 987654 1742783 3084352 755129 -1434431
табыстар
Пайыздық емес 564321 247398 749178 1913077 501780
табыстар
Пайыздық емес -1789645 -2065176 -2917381 275531 852205
шығындар
Таза пайда 560496 841601 1777662 281105 936061

“Альянс Банк” АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері бойынша күшті ондыққа
жақындады, ал кейбір банктердің арасында көшбасшылардың тобына кірді:
• активтер көлемі бойынша банк 12-орында; Ол 2004 жылмен
салыстырғанда 68% -ды құрады; Активтер құрылымы өтімділіктің
жоғарғы деңгейін көрсетеді, себебі, 42%-дан астамы тәуекелдің
минималды үлесі мен жоғары өтімді активтерін құрайды.
• өткен үш жыл ішінде банк активтері 3062%-ға өсті және 2006 жылдың
1 қаңтарында 15 млрд. теңгені құрады.
График №1
Банк активтерінің динамикасы.

• Банк активтерінің тұрақты өсімі табысы активтер көлемін өсірумен
негізделеді. Ондағы ссудалық портфельдің үлесі 2001 ж. аяғында 55%
құрды.(2004 ж. 33%)
• 2001 ж. басында банктің меншікті капиталы 1,2 млрд. тг. құрды,
соңында 1,6 млрд. тг. құрды. Суммалық қатынаста меншікті капитал
2005 ж. 34%-ға жоғарлады.

График №2

Банктің меншікті капиталы.

• Ссудалық портфель бойынша 10 орын; 2004 ж. салыстырғанда берілген
несие көлемі 147% жоғарлады.
• 2006 жылдың 1 қаңтарында банк несиелері 8,2 млрд. теңгеге дейін
өсті. Берілген дәлел несиелік потенциалдық жоғарылағаны туралы
және Қазақстандық экономикадағы болып жатқан тенденцияларға
Банктің адекватті әсері туралы куәландырады.
• Клиенттер депозиттері бойынша 11 орын;
• 2006 ж. 1 қаңтарына депозиттердің жалпы көлемі 8,1 млрд. теңгеге
өскен. Татылған депозиттердің көлемі өткен жылда 3 жылда 323%-ға
өскен. Банк депозиттерінің жалпы көлемінен 2007 ж. аяғында
клиенттердің ағымдағы есепшорттарының үлесіне 51% келді,ал
жедел депозиттердің үлесіне 48%. Депозиттік портфель құрылымын да
жедел депозиттердің үлесінің өсуі байқалады.2006 ж. 16%-дан
2006ж. 49%-ға дейін.
• Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша 12 орын (1.7 млрд.тг.)
• Пайда бойынша 12 орын (320млрд.тг.); 2000 жылмен салыстырғанда
Банк пайдасы 5 есе өскен.
• RОА активтерінің табыстылығын сипаттайтын коэффицент бойынша 20
орын (2.4%)
• RАЕ капиталының табыстылығын сипаттайтын коэффицент бойынша 8 орын
(20,2%)

2. Банк табыстарының құрылымы

Банк табысы жылдан жылға нәтижелігімен көрінетін тұрақты өсім
тенденциясына ие. 2007 жылдың 1 қаңтарына банк табысы 2908 млн. теңгені
құрды.
2007 жылдың 1 қаңтарына пайыздық табыс 501 млн. теңгені құрады немесе
табыстың жалпы саласынан 52%-ын құрады.
Комиссиялық табыс 501 млн. теңгені құрады немесе табыс саласынан 17%-
ын құрады.
Қаржылық операциялардан түскен табыс 499 млн. теңгені құрады немесе 17%-
ын құрады.
Басқа да табыс 409 млн.теңгені құрады немесе 14%-ын құрады.

3. Банк шығындарының құрылымы

2006 ж. пайыздарды төлеумен байланысты шығындардың үлесі анағұрлым өсті
– 706 млн. теңгені дейін немесе шығындардың барлық саласынан 28%. Бұл
өздеріне қарату көлемінің жоғарлауымен түсіндіріледі, соның ішінде
депозиттік база мен оның құрылымының өзгеруі.
Персоналға шығын 598 млн. теңгені (23%). Офисқа және жабдыққа шығын 335
млн. теңгені құрды немесе шығындардың жалпы саласынан 13%.
Несиелік қызмет бойынша привизияны өалыптастыруға кеткен шығын 269 млн.
теңгені құрды немесе шығындардың жалпы сомасынан 10%. Аталған шығындардың
бөлігі ссуалдық портфельдің шынайы өскендігімен түсіндіріледі.
Салықтарды төлеу бойынша шығындар 90 млн. теңгені құрды немесе
шығындардың жалпы сомасынан 3%. 2001 ж. қаржылық нәтиже 320 млн. теңгені
құрды, ол 1999 жылымен салыстырғанда 15 есе жоғары.

ІІІ Банк қызметінің негізгі жағдайы

1.Несиелік қызмет

Есептік жылы банк несиелеу операциясы бойынша Қазақстан банктері
арасында көшбасшы позициясын иемденуге тырысты. Несиелік портфельдің
қалыптасуына ойластырылған келісі және жақсы іріктелген қарыз алушылар
банкке жоғары өтімді қаржылық мекемелердің қатарына қосылуға түрткі болды
Қазақстан эканомикасының әр түрлі саласын қаржыландру Банктің
қызыметінің негізгі түрі болып табылады. Ол өзіне экономиканың шынайы
секторын қысқа және орта мерзімде несиелеуді, саудалық қаржыландыруды,
қаржылық лизинкті, тұтынушылық несиелеуді және т.б негіздеді.
“Альянс Банк”-тың мынадай несиелеу түрлері бар:
Банк тауары Зайым мерзіміЛиквид Сыйақы Банктік
коэффиценті мөлшерлемесішотты бөлу
бойынша
комиссия
Аса маңызды 6-дан 60 айға05 USD 0,1
қажеттіліктердейін KZT
ге несие
16
18
Несиелік желі6-дан 60 айға0,5 USD 0,1
дейін KZT

16
18
Экспресс 6-дан 180айғаСатып Қосымша 15,5 0,1
ипотека дейін алынғанқарыз

0,5 0,5
Автонесиелеу Жоғарыда Жаңа автокөлік 17 0,2
келтірілген 0,7 19
шешім бойынша
6-дан 60 айғаҰсталынған
дейін автокөлік
0,6
Шұғыл несие 6-дан 42 айға 13
дейін

Несие түрлері:

Аса маңызды қажеттіліктер үшін несиенің артықшылықтары:

➔ кез келген мақсаттарға;
➔ құжаттар көлеміне өте аз талаптар қойылады;
➔ негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең- 18 айға дейін
(заем алушының қалауы бойынша).
Қосымша ақпарат:
Несие валютасы- теңге, АҚШ доллары, еуро.
Несие берілетін мерзім (валюта түріне қарамастан):
➔ Жылжымалы мүлікті кепілдікке қойып, 6 айдан 8 жылға дейін;
➔ Жылжымайтын мүлікті кепілдікке қойып, 6 айдан 15 жылға дейін.

Несиенің ең аз сомасы- 150 000 теңге немесе басқа валютадағы
баламасы.
Несиенің ең көп сомасы кепілдік нысанының құнына және түріне
байланысты болады.

Кепілдік қамтамассыз ету:
➔ жылжымайтын мүлік (несие сомасы- объектінің нарықтық құнының 70%
дейін);
➔ автомобиль (несие сомасы- автомобильдің нарықтық құнының 50% дейін).
Несие алу үшін қажетті құжаттар:
➔ заем алуға сауалнама- өтініш;
➔ заем алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
➔ СТТН куәлігінің көшірмесі;
➔ кепілдік нысанына құқық белгілеуші құжаттар;
➔ кепілдік берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар.
Банк комиссиялары:
➔ банктік заем беру үшін- заем сомасының 1,5%;
➔ заем алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
➔ СТТН куәлігінің көшірмесі;
➔ кепілдік нысанына құқық белгілеуші құжаттар;
➔ кепілдік берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар.
Банк комиссиялары:
➔ банктік заем беру үшін- заем сомасының 1,5%;
➔ қолма- қол ақша беру үшін- теңгемен 0,5% және басқа валютада 1%;
➔ банк шотын енгізу үшін- 0,1%.

Бизнес – Ипотека несиесі:
Несие сомасы- 10 000 АҚШ долларынан бастап 3 000 000 АҚШ долларына
дейін немесе теңгедегі, еуродағы баламасы.
Несие берілетін мерзім:
➔ Кепілдікке коммерциялық жылжымайтын мүлік қойылса, 15 жылға дейін;
➔ Кепілдікке коммерциялық емес жылжымайтын мүлік қойылса, 20 жылға
дейін.
Кепілдікті қамтамасыз ету:
➔ Алғашқы жарна болған жағдайда- сатып алынатын жылжымайтын мүлік;
➔ Алғашқы жарна болмаған жағдайда- иеліктегі баржылжымайтын мүлік.
Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең- 12 айға дейін.
Алғашқы жарна:
➔ Сатып алынатын коммерциялық емес жылжымайтын мүлік құнының кем
дегенде 20%;
➔ Сатып алынатын коммерциялық жылжымайтын мүлік құнының кем дегенде
30%.
Қаржыландыру түрлері- заем немесе жаңартылмайтын несие желісі.
Несиенің берілу нысаны- қолма-қол ақшалай немесе аудару арқылы.
• Коммерциялық және коммерциялық емес жылжымайтын мүлік сатып алуға
бастапқы және қазіргі бар бизнеске несие беру.
• Несие сомасы- 10 000 АҚШ долларынан бастап 3 000 000 АҚШ долларына
дейін немесе теңгедегі, еуродағы баламасы.
• Сыйақы мөлшерлемесі- 15% жылдықтан бастап.
• Өтінімді қарастыру мерзімі- көп дегенде 7 күн.
• Коммерциялық емес жылжымайтын мүлік сатып алатын жағдайда тұрғын үй
қорынан шығу талап етілмейді.
Автонесиелеу:
Автонесиелеудің артықшылықтары:
➔ қосымша жарна болғанда жарна енгізбеуге болады;
➔ құжаттар пакетіне өте аз талаптар қойылады;
➔ несие алу үшін өтінімді қарастыру мерзімі- 5 күн.
Қосымша ақпарат:
Несие валютасы- теңге, АҚШ доллары, еуро.
Несие берілетін мерзім- ваюта түріне қарамастан, 8 жылға дейін.
Сыйақы мөлшерлемесі – жылына 16% бастап.(жылдық тиімді мөлшерлеме –
жылына 24,51%)
Несиенің ең аз сомасы- 150 000 теңге немесе басқа валютадағы баламасы.
Несиенің ең көп сомасы кепілдік құнына байланысты болады.
Алғашқы жарна:
➔ автомобильдің нарықтық құны 80 000 АҚШ доллары және көп болса,
50%;
➔ бұрын айдалған автомобиль сатып алынатын жағдайда- 30%;
➔ автосалонда сатып алынатын жаңа автомобиль үшін- 15%.
Кепілдік қамтамасыз ету:
➔ алғашқы жарна болған жағдайда- сатып алынатын автокөлік;
➔ алғашқы жарна болмаған жағдайда- жылжымайтын мүлік, жинақ
шотындағы ақша, заңды тұлғаның кепілдігі және сатып алынатын
автокөлік.
Кепілдікке қабылданатын автомобильдің шығарылған кезінен бастап
пайдаланылған мерзімі.
➔ Жаңа автомобильдер- көп дегенде 1 жыл (көп дегенде 10 000 км
жүрілген);
➔ Германия мен Жапонияда шығарылған автокөліктер- пайдалану
мерзімі көп дегенде 15 жыл;
➔ ТМД,Оңтүстік Корея, АҚШ, Еуропа елдерінде шыққан автомобильдер-
пайдалану мерзімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
Банкілік маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Банк маркетингінің қызметі - банк өнімдерін айналымға түсіру бойынша банктің маркетингтік қызметінің түрлері
Банк маркетингінің ерекшеліктері
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Банктік маркетинг туралы ақпарат
Пәндер