Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
І. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі 4
1.1. Банк жүйесіне сипаттама 4
1.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің пайда болуы және атқаратын
қызметтері 7
1.3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері 14
ІІ. ҚР-ғы қазіргі екі деңгейлі банк жүйесі 17
2.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі 17
2.2 Қазақстан банк жүйесінің қайшылықтары 25
2.3 Банк жүйесін жетілдіру жолдары 28
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 33

Кіріспе

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есепайырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де
өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы
ресурстарынан құрайды.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында
коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да
қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама
төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды.

І. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі

1.1. Банк жүйесіне сипаттама

Әр түрлі банктің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылығы мен банк
жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктермен сипаттандырылады:
1. Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ "банк"
деген мәртебесі жоқ элементтер де кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын
жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттері, басқа да банктің
инфрақұралымын құратын және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер;
2 Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән
қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және
олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине, банк
жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге
түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мәнер береді.
Дегенмен, банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің мазмұндарының
қосындысы деп түсінбеу керек. Банк жүйесінің мазмұны, тек әр түрлі
элементтердің мазмұны ғана емес, олардың өзара байланыстарын қамтитын,
жаңа, кеңірек мазмұнға енуі. Сөйтіп, банк жүйесінің мазмұны, тек оның жеке
элементтерінің мазмұнына ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара
байланыстарына да көңіл аударады;
3. Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұғыну керек. Өйткені, жеке
бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға
бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның
клиеттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде ала алады
(пайдалана алады);
4. Банк жүйесі әр уақьпта өсу және жетілдіру жолында. Олай деуге
себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толықтырылады, банкаралық және
Ұлттық банк пен немесе Шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда
болады;
5. Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары
банкілік құпия болып есептеледі. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының
қозғалысы, немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесіне,
болмаса оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары
бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау органдарының, салық органдарының
өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын
құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес. Мысалы, Швейцарияда
клиенттің қаржысының қозғалысы жөніндегі мөлімет Үкімет органдарына, тек
шот иесінің қылмыстық іске қатысы барлығы дәлелденген болса (байқаңыз
дәлелденген болса, күдікті емес) беріледі. Және де, ол елдің заңы бойынша,
салық төлемеу, немесе валюталық реттеу тәртібін бұзу сияқты істер,
қылмыстық істің қатарына қосылмайды. Клиенттің құпиясын сақтай алмаған
банк, банкілік операцияларды жүргізуге алған лицензиясынан айрылады, ал,
жеке қызметкерлер қатаң жазаға тартылады;
6. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Олай дейтініміз, егер елде
саяси ахуал, экономикалық жағдайлар, және баска да ахуалдар өзгеріп жатса,
осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, оралымдылықпен өзгерте
алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта
қаржыландырудың мөлшерлемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің
проценттік саясатын өзгертеді. Немесе, Үкімет Ұлттық валютаның бағамын
анықтау тәртіптемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру
бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды;
7. Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер
өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен
шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық
банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциалдық) мөлшерліктер
белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге
берілген рұқсат қағазынан (лицензия) айырылуы мүмкін.
8. Қазіргі ұрпаққа банк жүйесінің екі тұрпаты (үлгісі) белгілі. Олар:
- орталықтандырылған тарату жүйесі;
- нарық экономикасына лайықты банк жүйесі.
Жақында өткен Халық шаруашылығын басқарудың әкімші-әміршіл жүйесінде,
банк жүйесі мемлекеттін банктерге үстемдік жасауының барлығымен
сипаттандырылатын. Банктер, экономиканы басқарудың құралы бола тұра, өзінің
қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын. Барлық ақша-несие,
қаржы ресурстарын банкілер арқылы мемлекет тарататын. Банктерде ешқандай
дербестік болмайтын. Тіпті, олар пайда табуға да мүдделі болмайтын.
Өйткені, пайдаларының барлығы дерлік, мемлекеттік бюджетке алынатын, ал,
оларға ең керектісі белгіленген мөлшерде ғана қалдырылатын.
Нарықтық экономикада керісінше. Мемлекеттің банктерге үстемдігі жоқ.
Банктерде әр түрлі меншік нысандары бар. Кез келген заңды немесе жеке
тұлғалар банк ашып алуға құқықты. Қолма-қол, немесе қолма-қол емес
ақшаларды айналымға шығару атқарымы бөлінген. Қолма-қол ақшаны айналымға
Ұлттық банк шығарады, қолма-қол емес ақшаны - екінші дәрежелі банктер
шығарады. Қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
арасында ешқандай шек жоқ. Жалғыз мемлекеттік саясаттың орнында әрбір
банктің өз саясаты бар. Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне, яғни
солардың сайлаған қадағалаушы кеңеске, басқармаларға бағынады.
Кейбір экономистердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі
өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлерімен келісуге болмайды.
Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық
элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір
жетілмегендіктері бар, ал, бұл уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-
қатынастар жетілдірілген сайын банк жүйесі де жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі
де өз орнына келеді. Сондықтан банктің өтпелі кезеңге лайық, ерекше жүйесі
бар деген дұрыс болмайды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің пайда болуы және атқаратын
қызметтері

Қазіргі уақытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты.
Бұл барлық нарықтық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына
сәйкес келеді. Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің
бас буыны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да
экономикасы өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
жұмысын реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық
күші бар, Жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі, өз жұмысын, еліміздің конституциясын және басқа да заңдық
құжаттарды және де Президент шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек
Қазақстанның Президентіне бағынады. Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын Президент
тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банктің төрағасының ұсынуы мен Ұлттық банктің төрағасының
орынбасарларын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің жылдық есебін Президент бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің құзіретінің шегінде
тиісті құқықтық, нормативтік құжаттар шығарады. Оларды барлық банктер және
банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын, бірақ "банк" деген мәртебесі
жоқ, ұйымдар орындауға міндетті.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін
және өкілдіктерін ашуға құқықты. Оран өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын
басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты мақсаты ішкі және
сыртқы нарықтарда Ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен, оның алдында төмендегідей мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен
бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп
айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет саясатын
дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік
құқықтық құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің
мүддесін қорғау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне көптеген және әр түрлі
атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды қағаздар
шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағын реттеу;
Ол (Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және
монеттер шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында банктер, олардың бөлімдері мен
өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды қағаздар
шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы жөніндегі
есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға
пруденциалдық мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмендетіп республикадағы несие мөлшерлемесін
реттеу;
- есеп айырысу тәртіптерін және оның нысандарын анықтау, төлем
жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, сонымен Ұлттық валюта - теңге мен банкаралық
есеп айырысудың уақытында және үздіксіз жүргізіліп отыруын қамтамасыз ету;
- валюталық операцияларды реттеу және валюталық бақылау ұйымдастыру,
Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және
кассаға жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына шотына
қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жургізу т.б.
Халықаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым
орындайды: реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зерттеуші. Осындай жағдайда
Орталық банктің атқарымдары бірімен-бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан
екінші атқарым шығады.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
атқарымдары осы үш атқарымның нақтылауы болып табылады және халықаралық
практикаға қайшы келмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге
байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы" Заңда, екінші дәрежелі банктер және
басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері
анықталады.
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың
ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай
тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік
факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға
болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге
мемлекеттің қатынасы;
- Банктің басқарушылар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту
дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
- Орталық банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
- Орталық банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ, оның тәуелсіздігінің
дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені, біріншіден, оның негізгі
капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден, жоғарыда айтылғандай,
банктің басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және
босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір
Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9
басқарма мүшелерінің 13 банктің аппаратынан тыс адамдар; Үшіншіден,
жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері,
атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде,
Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз бетінше
бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір
бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға енді
бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға, ал қалған бөлігі мемлекеттің
бюджетіне бағытталынады.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Реепубликасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты.
Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады.
Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады.
Сөйтіп олардың басты мақсаты - пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз
қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда
орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да
операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның
сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардын негізінде, оларды орындау мақсатында өзінің
құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді. Банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар
кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау,
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау,
қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
- Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін жөне
вексельдерін есептеу;
- Заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-
корреспонденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп
айырысу:
- Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
- Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау,
төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге
қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
- Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын,
басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға
беру;
- Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын
мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру; - Банкноттар мен
монеттерді, басқа да құндылықтарды кассаға жинау және салып жіберу;
- Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің рұқсат қағазы негіздемесінде жүргізеді. Жоғарыда аталған
операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды
жүргізе алады:
- депозиттік сертификаттар шығару;
- кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан,
ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
- мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға
берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше
сақталады.
- Өзінің меншікті құнды қағазын шығару.
- Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
- Форфейтінгілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан қарыздық міндеттемелерін сатып алу. Әдетте, банк операциясын
жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие
операцияларының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп
шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операңиясы да
жүргізіледі - сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен
жөнелтілген тауар үшін есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден
екінші субъектіге ауысады.
Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің
кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және
керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі, Ақша аудару
операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан
аларманға ауысады.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды
жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді
кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды.
Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де,
түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының
негізінде банктік -операцияларды, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну
керек және оларды бөлек қарау керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз
жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері
де төлемді болғандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай емес.
Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін
көрсеткенде туатын банктер арасындағы, ңемесе банк пен оның клиенттерінің
арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде
реттелінеді.
Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық нормативтер басқа да
міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде
резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын,
мәжбүрлі шығындарды бекіту;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті
нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның
нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар
енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын
алып қоюға дейін;
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық
операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да
қызметтер).

1.3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері

Соңғы жылдары Қазақстанның банк жүйесі айтарлықтай өзгерді олар ең
алдымен банк ісінде нарықтық қатынастарға көшумен, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдар үшін жаңа
міндеттерді айқындаумен байланысты болды. Экономикадағы жаңа мақсаттар мен
міндеттер ескеріле отырып, отандық банк жүйесінің тұжырымдамасы қайта
қаралды. Оны іске асыру еліміздегі банк секторының тұрақтылығын сақтауға
мүмкіндік береді.
Қазақстанның банк жүйесі өзінің шамалы ғана уақытты қамтитын тарихында
өте серпінді дамыды және оның қалыптасу процесін мынадай кезеңдерге бөлуге
болады.
Дамудың бірінші кезеңі (1998-1992) мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер құру, КСРО мемлекеттік банкінің республикалық
бөлімшелеріне егемен мемлекеттердің орталық банктері функциясын беру,
алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы.
Бұл кезеңде Қазақстанның банк секторы бұрынғы КСРО шеңберіндегі
мамандандырылған банктер жүйесіне кіретін 5 мемлекеттік мамандандырылған
банктен тұрды. Олар: Өнеркәсіпқұрылыс банкі (кейін - Тұранбанк),
Казвнешэкономбанк - (Әлембанк Қазақстан), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк),
Агропромбанк Қазақстан жинақ банкі (Қазақстан Халық жинақ банкі).
Мұндай мамандандырылған банктер құрудағы мақсат оларды
шаруашылықтармен салаларға мейлінше жақындату болады. Бұл несие есеп
айырысу қызметі салалардың қызмет ерекшеліктерін, оларға кіретін
кәсіпорындармен ұйымдар жұмысының өзіндік сипатын ескеру үшін қажет еді.
Осыған байланысты банктерді қайта құрумен одан ары даму процесі мынадай екі
міндетті көздеді.
- Банктерді мемлекеттен акционерлік етіп қайта құру;
- Банк қызметін Әмбебап ету;
1992 жылдан 1993 жылдың қарашасына дейін созылған екінші кезең рубль
аймағының өмір сүруі шеңберінде коммерциялық банктердің экстенсивті даму
жағдайында Ұлттық Банкке орталық банктің бірқатар функцияларын берумен,
сондай-ақ банк жүйесін реттеудің Ұлттық нормативтік құқықтық базасын
қалыптастырумен ерекшеленеді.
Дамудың екінші кезеңі (1993-1995 жж). 1993 жылының қараша айында рубль
аймағынан шығу және Ұлттық валютамыз - теңгені еңгізу туралы шешім
қабылдағаннан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі тәуелсіз мемлекеттің орталық
банкіне тән барлық міндеттерді өзіне түпкілікті алуда.
1993-1994 жылдары ұсақ және орташа коммерциялық банктердің едәуір
өскені (200-ден астам) байқалды, бірақ олардың біразы қаржылық жағынан
тұрақсыз болды. Банктер санының экстенсивті өсуі нәтижесінде Қазақстан
Ұлттық Банкі алдында банктік қадағалауды күшейту және банктердің
халықаралық стандарттарға көшу қажеттілігі өткір тұрды.
Дамудың үшінші кезеңі (1995 жылдан қазіргі кезеңге дейін) 1995 аяғында
банкті қадағалау жүйесін қайта жасау басталып, ол банктік қадағалаудың
біртұтас органы - банктік қадағалау департаментін құрумен аяқталды. 1996 ж
желтоқсанда Ұлттық Банк банктердің халықаралық стандарттарға көшуі тәртібі
туралы ережені бекітті. Ол еліміздегі барлық банктердің капиталдың
жеткіліктілігі, активтердің сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп,
ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында халықаралық банк ісі тәжірибесінде
қабылданған стандарттарға көшуін көздейді.

ІІ. ҚР-ғы қазіргі екі деңгейлі банк жүйесі

2.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды
тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық
жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз
қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда
орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да
операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін ақшалай қаржылардын қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның
сыртында, өздерінің бөлімшелерің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің
құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы"
Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар
кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстанның банктік жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Банктік менеджменттің сипаты
Банкаралық несие
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясаты
Банктік қадағалау түрлері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Пәндер