Қазақстандағы несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Несиенің экономикадағы маңызы және оның түрлері, қызметі 3
2. Қазақстандағы несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы 16
2.1 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 17
3. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі 19
4. ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
Кіріспе
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді. Заңды және жеке
тұлғаларға әртүрлі қызметтер ұсынады, осыдан барып экономикалық несие қарым-
қатынастары туындайды.
1. Несиенің экономикадағы маңызы және оның түрлері, қызметі
Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады,
ал ақшалай қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асырылады.
Сөйтіп, ақша мен несиенің бір қарағанда байқалатын ұқсастығына
қарамастан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Солай бола тұра,
ақша мен несие бірімен-бірі қатар істейді.
Ақшаға сатып алу процесінің несиеге сату процесіне ауысуы іс жүзінде,
қатынастың басқа, жаңа түріне ауысуы болады, экономикалық мәмленің түрі
өзгеріп, бір экономикалық санаттан екінші экономикалық санатқа ауысуы
болады. Ескеретін нәрсе, процесс әр уақытта несиеден басталады. Өйткені, ол
заттай нысанда да беріле береді. ал, ақша, тек тауарлы өндіріс пен
айналымның дамуының салдарында пайда болады.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның
сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, "несие" деген сөздің орысшасы,
"кредит", латынның "Credere" деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға
аударса "верить" деген сөз, қазақша "сену" болады. Бірақ, мәселені бұл
тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді.
Несие алу үшін, алдымен оның кезінде қайтарылуын камтамасыз ететін
кепілдемелер беру керек, Әрине, банктер кейде өзінің өте сенімді, көп
жылдан бері қарым-қатынастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін
клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие кепілдемесі берілуі мүмкін.
Ондай несие "сенім несиесі" деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек
кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатынастың
жетілмеген кезеңінде.
Несиенің нысандары мен түрлері
Қарызға берілетін құнның түріне қарай несиенің тауарлық, ақшалай және
тауарлы-ақшалай нысандары бар.
Және де несиенің тауарлық нысаны ақшалай нысаннан бұрын пайда болды.
Ол - тауарлы өндірістің пайда бола бастаған кезінде, қолында артық тұтыну
бұйымдары барлар оларды басқаларға қарызға бере бастағанда шықты. Мысалы,
егінші, басқа дихандарға, келесі егін жинағанға дейін қарызға тұқым беретін
болған.
Ақша шыққаннан кейін, несиенің тауарлық нысанын қолдану бара-бара
азайды. Кеңестік қоғамның тұсында тек мемлекет, ауыл шаруашылық
субъектілеріне, келесі егін жиналғанға дейін натуралдық несие-қарызға тұқым
беретін. Басқа жағдайларда мұндай несие беруге тыйым салынған.
Қазіргі нарықтық экономикада несиенің тауарлы санаты қайтадан өріс
алды. Кез келген тауар өндіруші, өзінің тауарын сатып алушыға, төлем
мерзімін кейіндетіп, консиганаторлық сатуға беруге құқықты.
Несиенің ақшалай нысаны. Бұл нысан қазіргі уақытта көп тараған және
экономиканың өсуі мақсатына сәйкес келетін нысан. Ақша, тауар ауыстырудың
жалпыға бірдей баламасы болғандықтан, айналымның және төлемнің әмбебап
қаруы болғандықтан, оған қажеттілік, өндіріс көлемнің, өнімді өткізудің,
ауыстырудың, тұтынудың өсуіне сәйкес өседі. Осындай қажеттілік несиенің
ақшалай нысанымен қамтамасыз етіледі. Және де, оны мемлекеттің өзі де,
әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер де, әрбір жеке тұлғалар да, және
мемлекеттің ішінде де, сыртқы экономикалық қарым-қатынастарда да
пайдаланады.
Несиенің тауарлы-ақшалай нысаны. Несиенің бұл нысаны тауарлық нысанда,
ұзартылған мерзімге берілген несиені, ақшамен қайтарғанда, немесе, ақшалай
берілген несиені тауармен қайтарғанда пайда болады. Мұндай нысан, көбінесе
мемлекетаралық несиелік қарым-қатынаста қолданылады: бір мемлекет, екінші
мемлекеттен ақшалай алған несиесін тауармен қайтарғанда. Мұндай ахуал
көбінесе экономикасы нашар дамыған елдермен қарым-қатынаста кездеседі.
Несиенің банктік нысаны. Барлық несие нысандарының ішінде ең көп
тараған нысан. Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банктердің
операцияларының ішінде, несие беру ең бастысы. Екіншіден, шаруашылықтардың,
жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландырып, оларды
басқаларға несиеге беру, банкіден басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Сондықтан, банктердің несиелік қызметтен түсетін табысы, барлық табыстың
70%-нен асады. Жоғарыда айтылғаннан, несиенің банктік нысанының мынандай
ерекшелігін байқауға болады:
Несиенің коммерциялық нысаны. Несиенің бұл нысанында несие беруші
(несиегер) шаруашылық жүргізуші субъектілер болады. Өткенде, талай рет
айтылғандай, мұндай несиенің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр.
яғни, тауарды сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін
алу. Болмаса, сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі мерзім өткеннен
кейін төлеу жөнінде, вексель-борышқорлық міндеттеме береді. Сондықтан,
кейде несиенің бұл нысанын вексельдік нысан деп атайды.
Коммерциялық несие, қазіргі нарық кезінде, тауарлық нысанда да,
ақшалай нысанда да кездеседі. Өйткені, қазіргі жағдайда бос ақшасы бар
шаруашылық жүргізуші субъектілер, өз өнімін басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілерге, төлем мерзімін ұзартып берумен қатар, ақшалай несие де бере
алады. Коммерциялық несиенің нысандарының ерекшеліктері мынандай:
Коммерциялық несие Коммерциялық несие ақшалай
тауарлық нысанда нысанда
Несиеге берілетін тауарғаНесиеге берілген құнға
меншіктік сатушыдан сатыпменшіктік несие берушіде қала
алушыға ауысады береді. Несие алушы оны
уақытша пайдалана алады.
Төлем мезгілін ұзартқаны Несиені пайдаланғаны үшін
үшін төлем, тауардың төлем, процент ретінде
құнына кіреді. төленеді
Несиенің мемлекеттік нысаны. Несиенің бұл нысаны жөнінде екі түрлі
біріне-бірі қарама қарсы пікір бар. Кеңес қоғамының тұсында шыққан
экономикалық басымдардың бәрінде де, мемлекет борышкер болып, ал заңды,
немесе жеке тұлғалар, несиегер болып қатынасатын несиелік қарым-қатынас,
несиенің мемлекеттік нысаны деген түсінік болған.
мемлекет бұл әрекетті бұрынғыдай қаржы-несиелік мекемелер, Қаржы
Министрлігі мен Орталық (ұлттық) банктер арқылы іске асырады. Ол үшін олар,
әр түрлі бағалы қағаздар шығарады, оларды мемлекет атынан ішкі нарықта
таратады, бірақ, негізінде солай болса да, оны мемлекеттік қарыз деп
атамайды.
несиенің мемлекеттік нысаны, мемлекет немесе оның жергілікті
органдары, қарызгер немесе несиегер болып қатынасатын несиелік қарым-
қатынастың жиынтығы деген жөн.
Бұл жерде "қарызгер", "несиегер" деген сөздер тікелей мемлекетпен
байланысты емес. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет тікелей ешкімге несие
бермейді. Ол екінші дәрежелі банктердің атқарымы. Сондықтан бұл сөздер, тек
мемлекеттің және оның жергілікті органдарының несиелік қарым-қатынаста,
сондай дәрежелерде қатынаса алатындарын дәлелдеу үшін келтірілген.
Несиенің халықаралық нысаны. Несиенің бұл нысаны, несиелік мәмлеге
қатынасушының бір жағы шетелдің субъектісі болған кезде пайда болады.
Несиенің бұл нысаны жөнінде келесі тарауда кеңірек айтылады.
Несиенің азаматтық нысаны. Бұл нысан нарықтық экономикаға тән.
Өйткені, нарықтық экономиканың тұсында халық бай мен кедей болып жіктеледі.
Байлар өзінің артық ақшаларын кедейлерге несиеге бере алады. Несие
тауарлық, не ақшалай нысанда беріле алады. Несиенің бұл нысанының бір
ерекшелігі — мұнда сенімділік, дос жарандық көбірек орын алады: несиелік
шарт жасалмауы мүмкін, қайтару мерзімі де жағдайға байланысты белгіленеді,
оны мерзімді өткізіп қайтаруға да болады, қосымша төлемі (процент) де
символдық болуы мүмкін, ал, кей жағдайларда несие қосымша төлемсіз берілуі
мүмкін. Бірақ, мұндай несиеде ешқандай құжат жасалмайды екен деп түсінуге
болмайды. Керек болған жагдайда, барлық қажетті құжаттар жасалады, оларды
нотариус куәландырады, несие беру жағдайлары да қатаң болуы мүмкін. Бәрі де
несие беруші мен оны сұраушының өзара қатынастарына байланысты.
Несиенің өндірістік нысаны: Өзінің атынан көрінгендей, несиенің
өндірістік нысаны өндірісті ұйымдастыру және оны кеңейту, жаңадан
жабдықтар, жаңа техникалар алу, жетілдірілген технология енгізу сияқты,
өнімнің жалпы көлемін өсіретін және оның сапасын арттыратын шараларға
пайдаланылады.
Басқаша жағдай тұтыну несиесінде. Бұл несие ешқандай қосымша пайда
әкелмейді. Тарихқа сүйенсек, тұтыну несиесі, оның өндірістік нысанынан
бұрын, несиелік қарым-қатынастардың жаңа ғана пайда бола бастаған кезінде
шыққан. Қазіргі жағдайда тұтыну несиесі көбінесе тұрғын үйлер салуға (сатып
алуға), ұзақ уақыт пайдаланылатын бұйымдар сатып алуға, және басқа да,
тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған шараларға пайдалынады.
Несиенің түрлері. Жекелей ұйымдастыру — экономикалық белгілеріне
байланысты несиенің түрлері мынандай:
- Шаруашылықтың салаларына байланысты - өндірістік, ауыл шаруашылық,
коммерциялық;
- Несиенің объектілеріне байланысты:
а) Шикі заттардың қалдығын жабатын;
б) Негізгі және көмекші материалдардың қалдығын жабатын;
в) Отынның қалдығын жабатын;
г) Ыдыстың қалдығын жабатын;
д) Бітпеген өндіріс өнімінің қалдығын жабатын;
ж) Дайын өнімдердің қалдығын жабатын;
з) Өндірістің мерзімді шығындарын жабатын, тағы басқа да несиеге қарсы
қойылатын, немесе, оны қамтамасыз ететін құндылықтардың қалдықтарын жабу
үшін берілетін несиелер, болып бөлінеді. Бұл, таза теориялық жағдай. Іс
жүзінде қазіргі нарық жағдайында, несие объектілерін мұндай, егжей-
тегжейлеп белудің қажеті болмай қалды. Бұдан бұрын айтылғандай, банктер
қазіргі жағдайда, несие беру үшін, ең алдымен кепіл зат, немесе кепілдеме
хат талап етеді.
Мерзіміне байланысты несие қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді болып бөлінеді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді болып 12 айға (бір
жылға) дейін берілетін несие есептеледі; бір жылдан, 5-6 жылға дейін
берілетін несие - орта мерзімді, ал, одан ұзақ мерзімге берілетін несие -
ұзақ мерзімді болып есептеледі. Ерекше көңіл бөлетін нәрсе, несиенің
қайтару мерзімін, сол шаруашылықтың қаржысының жеке ауыспалы айналымының
аяқталу кезімен байланыстырудың, несиенің тиімді болуы үшін де, оның
белгіленген мерзімде қайтарылуы үшін де үлкен маңызы бар. Кезінде
қайтарылмаған несие үшін банктер төлемді екі есе көбейтеді.
Міне, тап осы жағдай Қазақстанда ауыл шаруашылығын терең дағдарысқа
әкелді.
Дәл осыған байланысты Қазақстанда көпке дейін ұзақ мерзімді несие
жоққа жақын болып келді. Тек соңғы жылдары ғана мұндай несие көбейіп
келеді. Мысалы, 2001 жылдың басында, бүкіл халық шаруашьшығына берілген
несиенің 48% ұзақ мерзімді несие екен.
Ұзақ мерзімді несиенің көп жылдар бойы өте аз болып келгенінің
объективтік себебі де болды. Ол инфляция. Инфляцияның өсуі кезінде ұзақ
мерзімді несие беру өте қауіпті. Өйткені, 5-6 жылдан кейін ол ақшадан не
қалатынын ешкім біле алмайды.
Несиенің атқарымдары және несиелеудің негізгі қағидалары
Кез келген экономикалық санаттың атқарымы, оның маңызының жалғасы және
оның өзіндік ерекшелікігі ретінде қаралады. Несиенің атқарымдары жөнінде
көп жылдан бері пікір сайыс болып келеді, және ол әлі күнге дейін сабырси
қойған жоқ. Дегенмен, қоғамдық мамандардың пікіріне сүйене отырып, несиенің
сыртқы кеңістіктегі кейбір іс қимылын, оның атқарымы деп түсіну керек.
Осындай кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке адамдардың
уақытша бос қаржыларын басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге, немесе
жеке адамдарға уақытша пайдалануға әперу құнды қайта бөлу процесі болып
саналады.
Мұндай операциялар тек несие арқылы іске асырылатын болғандықтан оны
несиенің атқарымы дейміз.
Қазіргі несие жүйесінде осындай атқарымның істеуіне мүмкіншілік бар.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін, бір есеп шоттан, екінші есеп шотқа
ақша аудару, несие негізінде жүргізіледі және ол айналымдағы ақшаның жалпы
санын көбейтпейді. Несиеге берілген құн, несие алушының шаруашылық
айналымына кіргеннен соң, қолма-қол ақшаға тән барлық міндеттерді атқарады
оны жаңадан материалдық құндылықтар сатып алуға, еңбек ақы беруге
пайдалануға болады. Осының бәрі, шынында да, несие операцияларымен қолма-
қол ақшаның орнын басуға болатындығын дәлелдейді.
Несиенің осы атқарымына сүйеніп, мемлекет банктер арқылы қолдағы
ресурстарды тиімді пайдалануды, аса маңызды өндіріс салаларын артықшылықпен
дамуын қамтамасыз етуге, сөйтіп, барлық қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыра беруге мүмкіншілік алады.
несиені тиімді пайдалануда шешуші жағдайлардың бірі, несиенің
белгіленген қағидаларын мүлтіксіз орындау болатын. Басқаша айтқанда,
шаруашылықтарды несиелегенде, банктердің барлық әрекеті сол қағидалардың
орыңдалуына бағытталатын.
Сондай қағидалар-төртеу болатын:
- несиенің жоспарлы-мақсатты түрі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің материалдық құндылықтар мен өндіріс шығындарымен қамтамасыз
етілуі.
Қазіргі нарықтық экономикада әр банк, тәуелсіз несие саясатын
жүргізетін болғандықтан, олардан қандай да болса, қағидаларды орындауын
талап етудің қажеттілігі болмай қалды. Оның үстіне жаңа экономикалық
жағдайда кейбір қағидалар өзінен өзі мағынасын жойды. Мысалы, бұрын
несиенің жоспарлы-мақсатты түріне сәйкес, несие тек жоспардың орындалуына
бағытталған әрекеттерге, тек жоспардың орындалу дәрежесіне сәйкес берілуге
тиіс болатын. Енді, жоспарлау болмағандықтан, бұл қағида өзінен өзі
қолданылмай қалды. Қазір әр банк, қандай мақсатқа қанша несие беру керек
екенін, қолда бар ресурсқа байланысты, және банктің пайдасын көбейту
мақсатына қарай анықтайды. Осыған байланысты несие берудің жағдайларында,
әр банк өзі белгілейді және олар барынша толық, несие алушымен жасалатын
шартта көрсетіледі. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда банктердің барлық
несиелік саясаты осы шарттың бетіне сияды.
Сонымен, қайтарымдылық, мерзімділік және қамтамасыздық несие берудің
негізгі талабы болып келеді. Олар, екі жақтың шартында көрсетіледі.
Сондықтан оларды несиенің негізгі қағидалары деп қабылдау керек.
Экономикалық санаттың маңызын, оның экономикалық процеске қатынасы мен
қол жеткен жетістіктер арқылы бағалайды. Және де ондай жетістіктерге, тек
сол санаттарды пайдаланғанда біліктілікпен, мейлінше тиімді әдістерді
қолданса ғана жетуге болады. Басқа жағдайда істелген іс, күтілген пайда
жоққа шығады. Осы сияқты, несиенің де маңызын, оны пайдаланған шаруашылық
жүргізуші субъектілер, табыскерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар, тіпті,
бүкіл мемлеккеттің өзі, тапқан пайдасымен байланыстырып анықтайды. Жалпы
алғанда, несиеге ең жоғарғы дәрежеде пайда түсуге мүмкіншілік туғызу тән.
Бірақ, оның барлық қағидаларын сақтағанда ғана, яғни, оны шаруашылықтың
мақсатына сәйкес, тиімді пайдаланғанда ғана тиісті пайда алуға болады.
Іс жүзінде, кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер жеке тұлғалар,
несиені өндіріс қажеттігіне алып, оған қымбат автокөліктер, тағы басқа да
тұтыну бұйымдарын сатып алады, немесе бұрыннан келе жатқан қарыздарын
өтейді.
Сонымен, несиенің бойында бар қасиетті іске асыру үшін оны дұрыс
пайдалану керек. Тек осындай жағдайда ғана несиенің пайдалы маңызы туралы
айтуға болады.
Несиенің маңызы және оны қолданатын салалар, елдің экономикалық өсу
жылындағы болып жатқан өзгерістерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы,
мемлекеттің бір орталықтан басқарған экономикадан, нарықтық экономикаға
ауысу кезінде, несиелік қарым-қатынас анағұрлым кеңейеді, егер оған басқа,
күтпеген ахуалдар, өсер етпесе. Сөйтіп, несиенің экономиканы дамытудағы
маңызы өседі.
Нарық жағдайында барлық несие берумен байланысты мәселелерді әрбір
банк, өзінің жеке саясатына байланысты, өз бетінше шешеді. Оның үстіне,
Кеңестік қоғамның тұсында қолданылуға тыйым салынған, коммерциялық несие,
ипотека несиесі, есеп айырысудың вексельдік нысаны, және басқа да, түрлі-
түрлі, акциялар, бағалы қағаздар, пайда болды. Осының бәрі, нарық кезінде,
несиені пайдаланудың мүмкіншілігі молайып, оның экономиканы дамытудағы
маңызының өскенін көрсетеді.
Нарық кезеңінде несиелік қарым-қатынастың кеңеюіне, сонымен бірге,
оның экономикадағы маңызының көтерілуіне, бұрын орын алып келген, көптеген
төрешілдік кедергілердің жойылуы, несие берудің жетістірілген әдістерін
енгізу үлкен әсер етті. Мысалы, жаңадан өріс алып келе жаткан, жобалау
несиесі банктерге, ұзақ мерзімді несиені көбірек берумен қатар, сол жобаның
іске асырылуын, тиімділігін басынан аяғына дейін бақылап отыруға
мүмкіншілік береді.
Несиенің маңызы өзгеруі инфляция жағдайында да орын алады. Мұндай
жағдайда, айналымдағы ақша жиыны несиенің жәрдемімен реттелінеді, соның
көмегімен ақша бірлігінің сатып алу қабілеттігі бір қалыпта ұсталады.
Екінші жағынан инфляция жағдайында негізгі қорларды ұзақ мерзімге несиелеу
айтарлықтай қысқарады. Өйткені, құнсызданып бара жатқан ақшаның ұзақ
уақыттан кейін, нақты құнының қандай болатынын ешкім болжай алмайды.
Сөйтіп, бұл салада несиенің маңызы төмендейді. Жалпы алғанда, экономиканың
нарықтық үлгісінде кеңейтілген ұдайы өндірісті басқаруда несиенің мағынасы
айтарлықтай өседі,
Несиенің шаруашылық айналымдағы үйлесімді мөлшері қандай болу керек,
деген сауал көп жылдар бойы экономикалық басылымдарда талқыланып келеді.
Оның себебі, егер, несие қажеттіліктен артық берілсе, біріншіден, төлем
қарулары айналым арнасын кемерінен асырып жібереді, ал, ол, өз кезегінде,
инфляциялық ахуал туғызады, екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
ресурстарды үнемдеп жұмсауға ынталылығын төмендетеді. Өйткені, олар,
қолында артық қаржы болғаннан соң, оны ұқыпсыз жұмсауға мүмкіншілік алады;
материалдық құндылықтардың қалдығын шектен артық ұстау, қарызгерлердің
берешектерін кезінде өндіріп алмау, басқа да өндіріске пайдасыз шараларға
жұмсау т.б.
Осының салдарынан қаржының айналымы баяулайды, оларды пайдаланудың
тиімділігі, сонымен, бірге бүкіл экономиканың тиімділігі төмендейді.
Сонымен, несие экономикаға жағымды әсерін, тек оның шаруашылық
айналымдағы деңгейі оңтайлы болса ғана тигізеді.
Айта кететін нәрсе, шаруашылық жүргізетін субъектілердің несиемен
жабатын негізгі объектілері, өндірісті үздіксіз жүзеге асыруға қажетті
тауарлы-материалдық құндылықтардың босалқы қоры болып табылады. Оның ішінде
шикі зат, негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс, өндіріс
жабдықтарының бөлшектері, дайын өнім т.б. Және де осы құндылықтардың
босалқы қоры, дәстүр бойынша босалқы қордың ең төменгі шамасы (тұрақты)
және уақытша босалқы қор болып екі топқа бөлінеді.
Қордың ең төменгі шамасы (тұрақтысы) өндірісті әдеттегідей үздіксіз
жүзеге асыруға арналады және де әр шаруашылықтың оның құнын жабуға
жеткілікті меншікті айналым қаражаты болуы керек.
Уақытша босалқы қорға келсек, ол әр түрлі объективтік және
субъективтік себептермен жиналады. Егер босалқы қор объективтік,
шаруашылықтың өз кемшілігімен байланыссыз себептермен жиналып қалған болса
оны жабу үшін несие берілуі керек. Өйткені, несие керек кезінде шаруашылық
айналымға еніп, ал, керегі болмай қалған кезде, оралымдылықпен айналымнан
шығарылып жіберуге болатын, ең икемді экономикалық құрал. Егер босалқы қор
шаруашылықтың жіберген кемшіліктерінің салдарынан жиналып қалған болса, оны
жабуға ешқандай несие берілуге тиіс емес. Шаруашылықтың нашар жұмысын
қолдауға болмайды.
Қорытып айтқанда, несиенің шаруашылық айналымындағы оңтайлы шегі
дегеніміз, қай шаруашылықта объективтік себептермен қашан және қанша
тауарлы-материалдық құндылықтың несиемен жабатын уақытша қоры жиналады
деген сөз.
Осы тәртіппен әр шаруашылық бойынша несиенің қажеттілігін есептегеннен
кейін, әр банк өзінің қызмет көрсететін барлық шаруашылықтар бойынша қашан
және қанша несие берілуі керек екенін анықтайды. Әрине, қолда бар, бос
несие ресурстарына байланысты және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz