БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
І. БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ТАРИХЫ5
1. 1 Банктердің мәні, пайда болуы және қызметтері5
1. 2. Банк реформалар: артықшылықтары мен кемшіліктері9
2. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ17
2. 1. ҚР Ұлттық банкінің ұйымдастырылу және функциональдық құрылымы17
2. 2 ҚР Ұлттық банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары21
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР24
3. 1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі және қызметі25
3. 2 Коммерциялық банктердің операциялары28
3. 3 Банктердің активтік операциялары31
ҚОРЫТЫНДЫ36
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37
КІРІСПЕ
Қазақстанның ұлттық экономикалық стратегиялық бағыты ретіндегі экономикалық өсу саясаты қаржы секторының тұрақтылығы мен қуаттылығын арттыруды талап етеді. Ұлттық банк қазіргі кезеңде банк жүйесін қайта құрып шықты, мұның өзі бүгінгі күні барынша өзекті болып отырған мәселені Қазақстандық банкілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасын шешуі қажет. Қазақстанның қалыптасқан банк жүйесі әл-әзір бұл сладағы қуатты да аса ірі әлемдік көшбасылар былай тұрсын, тіпті орта деңгейдегі халықаралық банкілермен де, олардың Қазақстандық ішкі рынокқа белсенді басқыншылығы жағдайында, бәсекеге түсуге қабілетсіз. Аса ірі, соның ішінде Қазақстандық рынокта жұмыс істейтін банкілердің қатарында ағылшынның «HSBC Holdings Group», нидерландық «Abn-Amro-Bank», американдық «Сitybank», қытайлық «Bank of China» банкілер бар. Олардың кейбірінің ақша тасқыны ТМД-ның кейбір елдерінің бюджетінен артып түседі.
Қазіргі кезеңде отандық банкілер бәсеке қабілеттілігінің төмендігі салдарынан тең құқылы әріптестікке әл-әзір дайын еместігін, ал шетелдік банкілердің артықшылығы озық банк технологиясын үздіксіз ендіріп отыруына байланысты екеніне айтуға тиспіз. Шетел банкілерінің қызметі халықаралық қалыптарға сәйкес құрылады. Бұған қоса олар капиталдың жоғары өтімділік деңгейін қамтамасыз етіп, жеке клиентке қызмет көрсетуден бастап, ірі халықаралық жобаларды инвестициялауға дейін қызмет көрсетудің көп түрлерін ұсынады. Шетел банкілері жоғары тиімділігінің шешуші факторы қаржылық қызмет көрсету саласында құқықтың база жасауға ынталандыруға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
Жоғары табысты, бірақ қысқа мерзімді алыпсатарлық операцияларға күш-жігерді шоғырландыру ұлттық экономикалық нақты секторын кредиттің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Қазақстан банкісіндегі өз капиталының төмен деңгейі сыртқы және ішкі қаржы дағдарысына қарсы тұра алмаушылығын ұлғайтады. Тұтастай алғанда, Қазақстандық банкілер қызметінің төмен өтімділік, активтердің мардымсыз сапасы, менеджмент пен маркетингтің қарапайым деңгейі, осы заманғы банк технологиясының жоқтығы, сондай-ақ берілген кредиттің қайтуы жөніндегі тәекелдің ақтауға келмейтін жоғары деңгейі, көрсетілетін қызметтің жетімсіздігі мен сапасының төмендігі секілді көрсеткіштері халықтың банк жүйесіне деген сенімінің ратуына жағдай жасамайды.
І. БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Банктердің мәні, пайда болуы және қызметтері
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XІV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVІ-XVІІ ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, “банк” сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. VІ ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. ІV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б. э. д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы “банктік операциялар” ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк ” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк -осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын) ;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
1. 2. Банк реформалар: артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1) 1987-88жж банктік реформалар;
2) 1995 ж банктік реформа.
3) 1996-1998 жж банктік реформалар.
1987-88жж банктік реформалар. Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жж. ) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі , КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі , Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.
КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.
Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
- банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
- олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
- реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;
- кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
- клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
- ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
- ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында “банктік соғыc” шыға бастады;
- қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге - Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц банк және т. б. жатады.
1995 жылғы банк реформасы. 1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988 - 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;
екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
макроэкономикалық процесстерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансынан Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі - 35% құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz