Несиенің экономикалық категория ретінде жалпы сипаттамасы
Жоспар
Кіріспе
1. Несиенің экономикалық категория ретінде жалпы сипаттамасы.
2. Несие – банк жүйесі.
а) Несиенің маңызы және оның өзгеруі.
ә) Несиенің оңтайлы шегі.
б) Ақша - несие саясаты, оның элементтері.
г) Банктік несиенің түрлері.
д) Қазіргі кездегі лизнгтік қатынастардың дамуы
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Несиенің қажеттілігі және оның мазмұны.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, несие жүйесіне, өте зор көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, нарық кезенінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегінде алуан түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде
жатыр.Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің
маңызы зор болады. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытылып несие ,
барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр
түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түсіндіріледі. Мысалы,
кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (төленетін процент),
өндіргіш күштердің дамуына кдергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән
қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты
жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді, оған тікелей себепші болады деген
пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз
дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған
жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады
деген сауалға жауап берейін.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған
кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан
екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге де болады.
Қоғам дамуынан кейінгікезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып және
өркенделуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы
айналымы құрайды.
Өндіріс құрал-жабдықтары,құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді.
Сонымен қатар, осындай ақшаның материалдық нысанға ауысып, одан қайтадан
ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір шаруашылық -
өндіріс кезеңін (циклін) жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта шеңінде
жүреді, ал үшіншісі, оны аяқтап, енді өнімдерін сата бастайды. Әрине, іс
жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін байқау қиын.
Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн жүріп жатады.
Дегенмен өндірістің осындай кезеңділігінің салдарын кез келген шаруашылықта
ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады.Өйткені,өндіріс пен айналым
кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі.Оған себеп, әр шаруашылықтың
әртүрлі табиғи жағдайлары, техникалық жабдықтану деңгейі, шикізаттар мен
отын жеткізушілердің, және дайын өнімді тұтынушылардың, алыс-жақындығы,
жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежесі мен өндірісті ұйымдастыру
қаблетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей жағдайда істейтін екі
кәсіпорының айналым мерзімі бірдей болмайды.Өйткені, өндірісті ұйымдастыру
оны керекті заттармен қамтамасыз етіп,шыққан өнімді өткізу деңгейлері
оларда мүлде бірдей бола алмайды.
Сонымен әрбір шаруашылықта, уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны
өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатында жұмсау кезінің
арасында салыстырмалы қарама-қайшылықтар туып тұрады. Осындай қарама-
қайшылықты жөндеу (реттеу) үшін пайдаланатын бірден-бір экономикалық құрал
несие болып табылады. Ол үшін , барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің
, бюджеттің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын, бір жерге, банкідегі
есеп шоттарына, шоғырландырылады, ал банктер осы ақшаларды пайдаланып,
уақытша қосымша қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілерге ,
жеке тұлғаларға , және керек болған кезінде ,басқа елдердің фирмаларына ,
қайтарымдық және ақылық жағдайларға несие береді.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналады. Кез келген
қоғам біріншіден босаған ақшаның бостан босқа, пайда түсірмей өлі капитал
болып жатқанына құмар емес, екінші жағынан экономиканың ұдайы және
кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.
Осының бәрін қорытындылай келіп, несие экономикалық категория ретінде -
құнның, қайтарымдылығы мен ақылығы негізінде, қоғамның қажеттерін
қамтамасыз етуге лайықты қозғалысы, деп айтуға болады. Осындай анықтамада
несиенің құнның ауыспалы айеалымнан шығатындығы да, оның кейбір мағыналы
қасиеттері де, әлеуметтік экономикалық жағы да қамтылады.
Несиенің қажеттілігі мен оның мазмұнын сипаттай келіп, оның ақшадан
қандай айырмашылығы бар екенін де айта кеткенім жөн болар. Өйткені, несиеге
ақшалай қаражат беріледі, сондықтан, осы екі ұғымның бір-біріне ұқсастығы
5
көзге түседі. Бірақ, олар әр түрлі экономикалық категория және олардың
құратын экономикалық қарым-қатынастары да әр түрлі.
Мысалы, ақшалық қарым-қатынас сатушы мен сатып алушының арасында
қалыптасады. Сонымен қатар, құнның екі нысаны біріне-бірі қарсы қозғалады:
тауар сатып алушыға ауысады. Несиелік қарым-қатынаста іске басқа
субъектілер қатынасады: несие беруші (несиегер), несие алушы (қарызгер).
Олардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастар да өзгеше-несиелік. Бұл
қатынаста құнның бір-ақ түрі, бір бағытқа қозғалыс жасайды, яғни, несие
берген кезде, ол несие алушыға ауысады, ал мезгіл келіп, несиені
қайтарғанда қайтадан өзінің иесіне ауысады.
Ақша да, несие де төлемнің мерзімін ұзартуға қатынасады, екеуі де төлем
құралы ретінде. Бірақ ақша өзінің мазмұнын төлем төлеу әрекетімен және сол
шақта көрсетеді, ал несие өзінің мазмұнын ұзартылған мерзімі өткеннен
кейінгі төлеммен емес, ал сол төлемнің ұзартылу фактісімен көрсетеді.
Ақша мен несиенің тағы бір айырмашылығы, олардың тұтыну құнына
байланысты. Біздің білетініміздей , ақшаның тұтыну құны оның кез келген
басқа өнімге айналу мүмкіншілігінде болса, несиенің тұтыну құны несие
беруші (несиелеу) мен алушының (несие алу) қажеттерін қанағаттандыруда.
Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады, ал
ақшалай қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асырылады. Сөйтіп, ақша
мен несиенің бір қарағанда байқалатын ұқсастығына қарамастан, олардың
арасында елеулі айырмашылықтар бар.Солай бола тұра, ақша мен несие бірімен-
бірі қатар істейді.
6
Несиенің нысандары мен түрлері
Несиенің нысандары
Қарызға берілетін құнның түріне қарай несиенің тауарлық, ақшалай және
тауарлы-ақшалай(араласқан) нысандары бар.
Несиенің тауарлық нысаны. Тауарлық нысан ақшалай нысаннан бұрын пайда
болды. Ол – тауарлы өндірістің пайда бола бастаған кезінде, қолында артық
тұтыну бұйымдары барлар оларды басқаларға қарызға бере бастағанда шықты.
Мысалы, егінші, басқа дихандарға, келесі егін жинағанға дейін қарызға тұқым
беретін болған.
Ақша шыққаннан кейін, несиенің тауарлық нысанын қолдану бара-бара азайды.
Кеңестік қоғамның тұсыгда тек мемлекет, ауыл-шаруашылық субъектілеріне
(колхоздарға, совхоздарға), келесі егін жиналғанға дейін натуралдық несие
қарызға тұқым беретін. Басқа жағдайларда мұндай несие беруге тыйым
салынған. Қазіргі нарықтық экономикада несиенің тауарлы санаты қайтадан
өріс алды. Кез келген тауар өндіруші, өзінің тауарын сатып алушыға, төлем
мерзімін кейіндетіп, консингнаторлық(комиссиясияшы,тауар ды сатуға алушы)
сатуға беруге құқықты.Сонымен қатар, банктер, шаруашылықтарды лизингілік
қаржыландырғанда, тауарлық несие пайда болады. Өйткені жалдауға(арендаға)
берілген жабдықтарды, жалдап алушы, белгілі бір мерзім өткеннен кейін,
сатып алады. Сөйтіп жабдықты жалдауға берген күннен бастап, оны сатып алған
күнге дейін ол тауарлы несие болады.
Іс жүзінде тауарлы несиені пайдаланудың зиянды екенінбайқауға болады. Ол
капиталдың(ақшаның) айналымын баяулатады,төлем тәртібін әлсіретеді,
несиегер(қарыз беруші), өзінің өндірісін тоқтатпау үшін, қосымша қаржыға
мұқтаж болады. Осының бәрі айналымда артық ақшаның пайда болуына апарып
соғады. Сондықтан, өркениетті экономикада несиенің тауарлы нысанын қолдану
керек емес.
7
Несиенің ақшалай нысаны. Бұл нысан қазіргі уақытта көп тараған және
экономиканың өсуі мақсатына сәйкес келетін нысан. Ақша, тауар ауыстырудың
жалпыға бірдей баламасы болғандықтан, оған қажеттілік, өндіріс көлемінің,
өнімді өткізудің, ауыстырудың, тұтынудың өсуіне сәйкес өседі. Осындай
қажеттілік несиенің ақшадай нысанымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қоса, оны
мемлекеттің өзі де, әрбір шаруашылық жүргізуші субхектілер де,әрбір жеке
тұлғалар да, және мемлекеттің ішінде де, сыртқы экономикалық қарым-
қатынастарда да пайдаланады.
Несиенің тауарлы-ақшалай(араласқан) нысаны.
Несиенің бұл нысаны тауарлық нысанда, ұзатылған мерзімге берілген несиені
тауармен қайтарғанда пайда болады. Мұндай нысан көбінесе мемлекетаралық
несиелік қарым-қатынаста қолданылады: бір мемлекет, екінші мемлекеттен
ақшалай алған несиесін тауармен қайтарғанда. Мұндай ахуал көбінесе
экономикасы нашар дамыған елдермен қарым-қатынаста кездеседі. Өйткені,
олардың ақшалай ресурстары жетпегендіктен, алған несиенің шикі зат
ресурстарымен, ауыл шаруашылық өнімдеріменқйтарады, және де дүние жүзілік
бағадан әлде-қайда кем бағамен. Олай істемеген күнде, ол мерзімі өтіп
кеткен несиелер үшін, одан да артық төлем (процент) төлеуге тиісті болады.
Несиелік мәмледе, кімнің несиегер(кредитор) болып қатынасқанына
байланысты, несие нысандары: банк несиесі, коммерциялық несие, мемлекеттік,
халықаралық, азаматтық несиелері болып бөлінеді.
Несиенің банктік нысаны. Барлық несие нысандарының ішінде ең көп тараған
нысан. Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банктердің операцияларының
ішінде;несие беру, ең бастысы. Екіншіден, шаруашылықтардың, жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландырып, оларды
басқаларға несиеге беру, банкіден басқа ешкімнің қолынан келмейді.
8
Сондықтан, банктердің несиелік қызметтен түсетін табысы, барлық табыстан
70% - нен асады. Жоғарыда айтылғаннан , несиенің банктік нысанының мынандай
ерекшелігін байқауға болады.
- Несие беру үшін банктер, өзінің қаржы емес, банкке шоғырландырған
шаруашылықтардың , жеке тұлғалардың, уаақытша бос қаржылары мен
жұмылдырған депозиттерді, салымдарды пайдаланады;
- Несие алушы, қарызға алған ақшадан тапқан табысы сол несиенің өзін оның
өсімін өтеуге жеткілікті болатындай етіп пайдалануы керек. Сөйтіп,
төлемдік, несиенің банкілік нысанының ажырығысыз қасиеті(атрибуты).
Несиенің коммерциялық нысаны. Несиенің бұл нысанында несие беруші
шаруашылық жүргізуші субъектілер болады.
Өткенде, талай рет айтылғандай, мұндай несиенің негізінде төлемнің
мерзімін ұзарту жатыр.
Яғни, тауарды сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін алу
(консингация) Болмаса, сатып алушы сатуға тауардың құнын белгілі мерзім
өткеннен кейін төлеу жөнінде, вексель – борышқорлық міндеттеме береді .
Сондықтан кейде несиенің бұл нысанын вексельдік нысан деп атайды.
Коммерциялық несие, қазіргі нарық кезінде, тауарлық нысанда да, ақшалай
нысанда да кездеседі. Өйткені, қазіргі жағдайда бос ақшасы бар шаруашылық
жүргізіші субъектілер, өз өнімін басқа шаруашылық жүргізуші субхектілерге,
төлем мерзімін ұзартып берумен қатар, ақшалай несие де бере алады. Бұл
несие ісінде банктің
монополиясы болмайтын нарықтық экономикаға тән қасиет.
Коммерциялық несиенің, ақшалай нысанының өзіне тән ерекшелігі, оны
құрайтын көздер уақытша шаруашылық айналымынан босаған қаржылар, ал несие
тауарлық нысанда 9
болса, оған төлем мерзімін ұзарту, тауарды өткізу процесінің жалғасы
болып саналады.
Сөйтіп, қарызға айналымнан босаған қаражат емес, сол процесте жүрген
кәдімгі тауар беріледі.
Коммерциялық несиенің нысандарының ерекшеліктері мынандай:
Коммерциялық несие тауарлық нысанда Коммерциялық несие ақшалай нысанда
Несиеге берілетін тауарға меншіктік Несиеге берілген құнға меншіктік
сатушыдан сатып алушыға ауысады. несие берушіде қала береді. Несие
алушы оны уақытша пайдалана алады.
Төлем мезгілін ұзартқаны үшін төлем, Несиені пайдаланғаны үшін төлем,
тауардың құнына кіреді. пайыз ретінде төленеді.
Несиенің мемлекеттік нысаны. Несиенің бұл нысаны жөнінде екі түрлі біріне-
бірі қарама қарсы пікір бар. Кеңес қоғамының тұсында шыққан экономикалық
басымдардың бәрінде де, мемлекеттік борышкер болып, ал заңды, немесе жеке
тұлғалар, несиегер болып қатынасатын несиелік қарым-қатынас, несиенің
мемлекеттік нысаны деген түсінік болған.
Сонымен қатар, мемлекет, қазіргі нарықтық экономика жағдайында да,
нарықтан қарызға қаржы алады. Тек ол капитал- нарығы емес, бағалы қағаздар
нарығы деп аталады. Және де мемлекет бұл әрекетті бұрынғыдай қаржы-несиелі
мекемелер, Қаржы Министірлігі мен Орталық(ұлттық) банктер арқылы іске
асырады. Ол үшін олар, әр түрлі бағалы 10
қағаздар шығарады, оларды мемлекет атынан ішкі нарықта таратады, бірақ,
негізінде солай болса да, оны мемлекеттік қарыз деп атамайды.
Қорытындылай келіп, несиенің мемлекеттік нысаны мемлекет немесе оның
жергілікті органдары, қарызгер немесе несиегер болып қатынасын несиелік
қарым-қатынастың жиынтығы деген жөн.
Бұл жерде қарызгер, несиегер деген сөздер тікелей мемлекетпен
байланысты емес. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет тікелей ешкімге несие
бермейді. Ол екінші дәрежелі банктердің атқарымы. Сондықтан бұл сөздер, тек
мемлекеттің және оны жергілікті органдарының несиелік қарым-қатынаста,
сондай дәрежелерде қатынаса алатындарын дәлелдеу үшін келтірілген.
Несиенің халықаралық нысаны. Несиенің бұл нысаны, несиелік мәмлеге
қатынасушының бір жағы шетелдің субъектісі болған кезде пайда болады.
Несиенің бұл нысаны жөнінде келесі тарауда кеңірек айтылады.
Несиенің азаматтық нысаны. Бұл нысан нарықтық экономикаға тән. Өйткені,
нарықтық экономиканың тұсында халық бай мен кедей болып жіктеледі. Байлар
өзінің артық ақшаларын кедейлерге несиеге бере алады. Несие тауарлық, не
ақшалай нысанда беріле алады.Несиенің бұл нысананың бір ерекшелігі – мұнда
сенімділік, дос жарандық көбірек орын алады: несиелік шарт жасалмауы
мүмкін, қайтару мерзімі де жағдайға байланысты белгіленеді, оны мерзімді
өткізіп қайтаруға да болады, қосымша төлемі (процент) де символдық болуы
мүмкін,ал,кей жағдайларда несие қосымша төлемсіз берілуі мүмкін.Бірақ,
мұндай несиеде ешқандай құжат жасалмайды екен деп түсінуге болмайды.Керек
болған жағдайда, барлық қажетті құжаттар жасалады, оларды нотариус
куәландырады, несие беру жағдайлары да қатаң болуы мүмкін. Бәрі де несие
беруші мен оны сұраушының өзара қатынастарына байланысты.
11
в) Несиенің қандай мақсатқа алынуына байланысты ол, өндірістік және
тұтынымдық нысандарға бөлінеді.
Несиенің өндірістік нысаны: Өзінің атынан көрінгендей, несиенің
өндірістік нысаны өндірісті ұйымдастыру және оны кеңейту, жаңадан
жабдықтар, жаңа техникалар алу, жетілдірілген тнхнология енгізу сияқты,
өнімнің жалпы көлемін өсіретін және оның сапасын арттыратын шараларға
пайдаланады.
Нарықтық экономикаға ауысу кезінде несиенің осы нысаны үлкен өріс алды.
Өйткені, мемлекеттік өндіріс жаппай қысқартылды. Осыған байланысты
жұмыссыздық өріс алды. Осындай жағдайда, әркім өзіне іс ұйымдастыруға
мәжбүр болды, яғни, олар мемлекеттің қолдауымен кіші және орта
табыскерлікпен шұғылданатын болды, ал ол үшін несие керек.
Сонымен қатар, жекешелендірілген өндіріс орындары да (фабрикалар,
зауыттар) өзінің бұрынғы қуатын қалпына келтіру үшін оны одан әрі дамыту
үшін несие алуға мәжбүр болды.Өндірістік несие, қарызгерді, алған қарызын
үнемді және тиімді пайдаланып,соның нәтижесінде, несиенің өзін және оның
өсімін төлеуге, оның үстіне, керекті мөлшерде, таза пайда қалатындай табыс
табуға ынталандырады.
Басқаша жағдай тұтыну несиесінде. Бұл несие ешқандай қосымша пайда
әкелмейді.Тарихқа сүйенсек, тұтыну несиесі, оның өндірістік нысанынан бұрын
несиелік қарым-қатынастардың жаңа ғана пайда бола бастаған кезінде шыққан.
Қазіргі жағдайда тұтыну несиесі көбнесе тұрғын үйлер салуға (сатып алуға),
ұзақ уақыт пайдаланылатын бұйымдар сатып алуға,және басқа да, тұрмыстық
жағдайды жақсартуға бағытталған шараларға пайдаланады.
12
Несенің түрлері
Жекелей ұйымдастыру- экономикалық белгілеріне байланысты несиенің түрлері
мынандай:
-Шаруашылықтың салаларына байланысты- өндірістік, ауыл шаруашылық,
коммерциялық;
- Несиенің объектілеріне байланысты:
а)Шикізатттардың қалдығын жабатын;
б) Негізгі және көмекші материалдардың қалдығын жабатын;
в) Отынның қалдығын жаьатын;
г) Ыдыстың қалдығын жабатын;
д) Бітпеген өндіріс өнімінің қалдығын жабатын;
ж) Дайын өнімдердің қалдығын жабатын;
з) Өндірістің мерзімді шығындарын жабатын тағы басқа да несиеге қарсы
қойылатын немесе, оны қамтамасыз ететін құндылықтардың қалдықтарын жабу
үшін берілетін несиелер, болып бөлінеді. Бұл, таза теориялық жағдай. Іс
жүзінде қазіргі нарық жағдайында, несие объектілерін мұндай, егжей-
тегжейлеп білудің қажеті болмай қалды. Банктер қазіргі жағдайда, несие беру
үшін ең алдымен кепіл зат, немесе кепілдеме хат талап етеді. Жоғарыда
келтірілген объектілердің қолда барлығы мен несие беру байланыстырылмайды.
Ал, шындыққа келсек, түбінде несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ететін
тек, осыобъектілер. Тек осы объектілер тиісті өңдеуден өткеннен кейін
сатылады, олардың құны ақшаға айналады. Тек, соның арқасында, несие
қайтарылады. Ал, кепіл зат, кепілдеме хат дегендер, қосымша сақтандырма.
Басқа жағдайлар дұрыс болса, ондай кепілдемелер кейін қайтарылады.
Мерзіміне байланысты несие қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.Сонымен қатар, қысқа мерзімді болып 12 айға (бір
жылға) дейін берілетін
13
несие есептеледі; бір жылдан 5-6 жылға дейін берілетін несие – орта
мерзімді, ал, одан ұзақ мерзімге берілетін несие –ұзақ мерзімді болып
есептеледі. Ерекше көңіл бөлетін нәрсе, несиенің қайтару мерзімін сол
шаруашылықтың (қарызгердің) қаржысының жеке ауыспалы айналымының аяқталу
кезімен байланыстырудың, несиенің тиімді болуы үшін де, оның белгіленген
мерзімде қайтарылуы үшін де үлкен маңызы бар. Осыған байланысты, қазіргі
банктердің (әсіресе, нарықтық экономикаға ауыса бастаған кезде) несиенің
мерзімін қаржы айналымының аяқталуымен есептеспей, бет алды, 3-6 айға
беретіндігі үлкен қателік, тіпті, зиянды.Осының салдарынан шаруашылық
жүргізушілер өнімдерін өткізіп үлгермей жатып несиенің қайтару мерзімі
келеді. Кезінде қайтарылмаған несие үшін банктер төлемді (процентті) екі
есе көбейтеді. Сөйтіп, қарызгер, көпшілік жағдайда, тақырға отырып қалады.
Міне, тап осы жағдай Қазақстанда ауыл щаруашылығын(басқа салаларды
айтпағанда) терең дағдарысқа әкеледі.
Дәл оыған байланысты Қазақстанда көпке дейін ұзақ мерзімді несие жоққа
жақын болып келді. Тек соңғы жылдары ғана мұндай несие көбейіп келеді.
Мысалы, 2001 жылдың басында, бүкіл халық шаруашылығына берілген несиенің
48% ұзақ мерзімді несие екен.
Ұзақ мерзімді несиенің көп жылдар бойы өте аз болып келгенінің
объективтік себебі де болды. Ол инфляция. Инфляцияның өсуі кезінде ұзақ
мерзімді несие беру өте қауіпті. Өцткені, 5-6 жылдан кейін ол ақшадан не
қалатынын ешкім біле алмайды.
Дегенмен де, несиенің қайтару мерзімін қарызгердің өнімін өткізіп,
түсімін алу мерзімінен байланыстыру әр кезде де көкейкесті жағдай.
14
Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктердің несиелері
Аукциондық- Ұлттық Банктің ақша несиелік саясатының уақытша құралы болап
табылатын және екінші деңгейдегі банктерге республика банктерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аукциондық негізде бір айдан үш
айға дейінгі қысқа мерзімді несиеге берілетін несие болып табылады.
Ломбардтық- Ұлттық Банкпен мемлекеттік бағалы қағаздарды көтерілген
процентпен кепілге салудағы шектеулерсіз берілетін қысқа мерзімді несиенің
түрі.
Бюджеттік- Ұлттық Банкпен Қазақстан Республикасының Министірлігіне
қайтарымды (нарықтық) жағдаймен берілетін несие.
Ұлттық Бпнкпен Республикалық бюджетті несиелеу 1998 жылдан бастап
қысқартылуда және бюджеттік дефицитті инфляциясыз жабуға көшумен
тоқтатылады.
Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
Өзіндік айналымдық құралдардың жеткіліксіздіктерін уқытша орын толтыру;
Қаржылық салымдарды қаржылауға арналған;
Импорттық, импорт бойынша контрактіні төлеу үшін берілетін несие;
Несиелік сызық негізінде –заемшы алдындағы банктің оған бірінші талабы
бойынша және келісілген лимит шегінде несиенің белгілі бір уақыты ішінде
беруінің заңды түрде рәсімделген міндеттемесі;
Консорциялық – несиелік, кепілдік немесе өзге де банкілік операцияларды,
осы операцияларды бір банктің қандай да бір себептермен жүзеге асыру
мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны бірігіп жүзеге асыру үшін бір ірі банктің
қол астына уақытша бірігетін екі немесе одан да көп банктермен берілетін
несие;
15
Тұтынушылық мақсаттарға арналған;
Банкаралық.
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банк аралық
нарығында аукциондық сату арқылы беріледі. Негізгі несие берушілер ретінде
ірі банктер (Халық Банкі, Казкоммерцбанк) шығады.
Ссудалық портфельдің топтастырылуы туралы ережеге сәйкес және екінші
деңгейдегі банктердің несиелік қызметінің шығындарын жабу үшін резервтерді
(провизия) қалыптастыру тәртібімен Ұлттық Банк ссудаларды олардың сапасы
бойынша келесідей түрде бөледі:
Стандарттық – қайтару мерзімі келмеген және сапасына күмән тумайтын
несие;
Стандарттық емес – несиені 30 күнге кідіртумен қайтарумен байланысты
елеулі емес қауіпті және бір реттен артық емес променгацияланған түрде
болатын несие.
Қанағаттандырылмайтын – төлем мерзімін ұзартудың ұзақтығы мерзімін
ұзартқан ссуда есебінен берешекті шығару күнінен бастап 30-дан 60 күннен
тұратын және бір реттен артық емес пролонгацияланған несие;
Күмәнді – мерзімді өткізудің ұзақтығы мерзімі өткізіліп алынған ссуданың
есебіне берешекті шығарған күннен 60-тан 90 күнді құрайтын несие.
Шығынды – мерзімді өткізу мерзімі 90 күннен аспайтын несие. Проценттерді
есепке алу мерзімі өткізілген ссуда есебінен берешекті шығарған күннен 90
күн ішінде тоқтатылды. Проценттерді есепке алудың тоқтатылуы банк
балансындағы есептелінген проценттердің өсуін тоқтатуды білдіреді.20
Ссудалық портфельдің топтастырылуы оның сапасын жоғарлату және несиелік
қызметтен келетін мүмкін шығындарды жабу үшін резервтерді (провизияны) құру
мақсатын көздейді және банкілік жүйенің тұрақты дамуының мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
16
2. НЕСИЕ –БАНК ЖҮЙЕСІ.
а). Несиенің маңызы және оның өзгеруі.
Экономикалық санаттың маңызың оның экономикалық процеске қатынасы мен қол
жеткен жетістіктер арқылы бағалайды. Және де ондай жетістіктерге, тек сол
санаттарды пайдаланғанда біліктілікпен мейлінше тиімді әдістерді қолданса
ғана жетуге болады. Басқа жағдайда істелген іс, күтілген пайда жоққа
шығады. Осы сияқты, несиенің де маңызын, оны пайдаланған шаруашылық
жүргізуші субъектілер,табыскерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар, тіпті,
бүкіл мемлекеттің өзі, тапқан пайдасымен байланыстырып анықтайды. Жалпы
алғанда, несиеге ең жоғарғы дәрежеде пайда түсуге мүмкішілік туғызу тән.
Бірақ, оның барлық қағидаларын сақтағанда (орындағанда) ғана, яғни, оны
шаруашылықтың мақсатына сәйкес, тиімді пайдаланғанда ғана тиісті пайда
алуға болады.
Іс жүзінде, кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер жеке тұлғалар,
несиені өндіріс қажеттілігіне алып, оған қымбат автокөліктер,тағы басқа да
тұтыну бұйымдарын сатып алады, немесе бұрыннан келе жатқан қарыздарын
өтейді.Мұндай жағдайда неседен қандай пайда күтуге болады? Пайда жоқ, ал
төлемін (процентін) төлеу керек.
Сонымен несиенің бойында бар қасиетті іске асыру үшін оны дұрыс пайдалану
керек. Тек осындай жағдайда ғана несиенің пайдалы маңызы туралы айтуға
болады.
Несиенің экономикадағы маңызын төмендегідей негізгі салалардан көруге
болады:
1) Жоғарыда айтылғандай, көпшілік жағдайда шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, табыскерлердің өндіру мен өткізу процесінен түсетін
түсімнің түсуі мен өндіріске керекті материалдық құндылықтарды
сатып алатын, еңбек ақы төлейтін мерзімдері сәйкес келмейді.
Осындай
17
2) шараларды өз кезінде істемесе, өндіріс процесі тоқтап қалуы мүмкін.
Сөйтіп, шаруашылықта уақытша, қаржының барлығы мен оның
қажеттілігінің арқасында қайшылық туады. Осындай қайшылықтар
несиенің қатынасуымен шешіледі. Шаруашылықта, уақытша қаржы
мұқтаждығы пайда болуы, оның мерзімділгімен де байланысты. Егер
өндіріс көлемі жылдаң әр тоқсанында қатты өзгеретін болса, мұндай
өндірісті мерзімді өндіріс дейді. Мысалы: өндіріс орны 1- тоқсанда
2,0 млн. теңгеге, 2- тоқсанда 1,5 млн. теңгеге, 3- тоқсанда 2,5
млн. теңгеге, 4- тоқсанда 10,0 млн. теңгеге өнім шығарғды дейік.
Сонда өнімнің жылдық көлемінің 62,5%-тін 4-тоқсанда шығарады екен,
ал, 2- тоқсанда тек 9,4%.
Өндіріс көлемінің жыл ішінде осы сияқты болып бөлінуі, мысалы, қант
өндіретін зауыттардың жұмысында кездеседі. Қызылша өндірушілер оны 3-
тоқсанның аяғында ғана қант зауыттарына тапсыра бастайды. Қант өндірудің
технологиясы бойынша қызылшаны тез өндеп шығару керек. Қоймада көп жатқан
қызылшадан қант аз шығады. Сондықтан барлық қант зауыттары қабылданған
қызылшаны тез, 4-тоқсанның ішінде өндеуден өндеуге тырысады. Жылдың басқа
тоқсандарына олар аздаған шеттен келген қызылшаны өңдейді, және жабдықтарға
күрделі жөндеу жасайды. Міне осындай жағдайда,қант зауыттарында 1-2-3-
тоқсандарда мерзімдік қосымша қаржы мұқтаждығы туады. Өйткені, сол
тоқсандарда өткізілген тауардан түскентүсім, зауыттың керекті шығынына
жетпейді. Осындай, қаржыға мерзімдік керекшілікті несиенің қатынасуымен
қамтамасыз етіледі. Несие, 4-тоқсанда, өнімнен түсетін түсім, өндіріс
шығынынан артық болған кезде қайтарылады.
Ауыл шаруашылық өндірісі де қатты мерзімдігімен ерекшеленеді.Мысалы,
биылғы жылдың егінін жинап алған кезден бастап шаруашылықтар, келесі жылдың
өніміне арналған шығындар шығара бастайды (күзгі жер жырту, тұқым себу,
жазғы егіске тұқым дайындау, қыста қар тоқтату, 18
жазғытұрым жер жыртып тұқым себу, егінді күтіпоны қору т.б. шаралар).
Бұл шараларды жүргізуге шаруашылыққа қаржы керек. Өйткені, биылғы жылдың
өнімінен түскен түсім, оны өндіруге жұмсалған шығындарды жабуға кетіп (
алынған несие қайтарылды). Сондықтан шаруашылықтардың кезекті шығындарға
қажетті қаржысы жоқ. Міне, осы жағдайда да банктің мерзімді несиесі
жәрдемге келуі тиіс. Өкінішке орай, жаңа нарық кезінде, осындай өндірістің
ерекшеліктерін ескеріп, уақытында олардың мұқтажына несие беріп отыратын
Қазақстанда банк жоқ. Арнаулы Агропромбанк тақырға отырып, артынша Наурыз
банкке айналып кетті.
Кейбір материалдық құндылықтың мерзімді жұмсалатындығын дәлелдейтін
отын жұмсау тәртібін келтіруге болады.Отынды, негізінде, қысқы мерзімде
пайдаланады, бірақ керек отын қорын жазда дайындау керек. Сондықтан жазды
күні отын сатып алу үшін қосымша қаржы керек.Ол үшінле несие беру керек.
Жылыту мерзімі басталғаннан кейін оның құны жұмсалуына сәйкес, шығарылатын
өнімнің өзіндік құнына ауысады. Сол өнімді сатқаннан кейін түскен түсімнен
есептелген мөлшер бойынша несие қайтарылып отырады.
Сонымен, басқа жағдайлардың бәрі бірдей болған күнде, несиенің өнімді
өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастыруда үлкен манызы бар.
3) Несиеге алған қаржыға әртүрлі өндірістік әлеуметтік ғимараттар,
үйлер салуға болады, жаңа жабдықтар сатып алуға, жетілдірілген
өндіріс технологиясын енгізуге болады. Мемлекеттік меншіктегі
өндіріс ғорындарын кеңейту үшін бюджеттен қаржы бөлуден гөрі несие
алған пайдалы. Өйткені, бюджеттен алынған қаржы қайтарылмайтын
болған соң, тіпті сол шараға, қажетті қаржының мөлшерін
анықтағанның өзінде артықшылық жіберілуі мүмкін.Оның үстіне ондай
қаржы үнемделіп және тиімді жұмсалуыда үлкен күмән туғызады. Ал
несиенің қайтарымдылығы мен төлемділігі шаруашылықты алған несиені
мейлінше тиімді пайдалануға мәжбүр етеді.Сондықтан несие,
өндірістің көлемін кеңейтуге де үлкен маңызатқарады.
3) Несиелік операциялар мен қолма- қол ақшаның орнын басу
атқармалы арқылы несие айналымда жүрген ақша жиынынын азайтуға мүмкіншілік
жасайды, ал, бұл өз кезегінде ақша айналымына жағымды әсер етеді. Оның
үстіне қолма- қол ақшаның айналымға шығуы да және айналымнан қайтарылып
алынуы да, несие негізінде іске асырылада. Өйткені, банкіден клиенттерге
ақша беруде, банкіге ақша түсіру де несиелік операция болып табылады. Бұл
екі жағдайдың екеуінде де операция есеп шоттармен байланысты, ал ондағы
ақша, өзінен өзі несиелік қатынастың барлығын дәлелдейді.
Жалпы айтқанда, клиенттің есеп шотына ең бірінші ақша несие берудің
нәтижесінде түседі.
Айналымдағы ақша жинағының оған қажеттілігі мен сәйкестенуі өндіру
өткізу процесін үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді. Егер, айналымдағы ақша
қажеттіліктен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz