Пластикалық карточкалар ұғымы мен оларды қолдану принциптері

Мазмұны:
1. Кіріспе
Төлем карточкалары түрлері мен негізгі ұғымдары
2. Эмитенттер және эквайерлер
1. Төлем жүйелері
2. Техникалық құралдар
3. Смарт – карта құрылғысының ерекшеліктері
3.1 POS-терминалды қолдану
3.2 Банкоматтар қолдану
4.Қорытынды
Дебетті карточкалар жүйесінде қызмет көрсету жүйесі
Кіріспе

Пластикалық карточка – карточка қолданушы тұлғаға тауарлар мен
қызметтерге қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін беретін арнайы төлем құралы
және банк бөлімшелері мен филиалдары, банк орнатқан банкомат құрылғысы
арқылы қолма-қол (нақты) ақша қаражаттарын алудың қолайлы әдісі. Карточканы
қабылдаушы сауда немесе қызмет орны мен банк бөлімшелері карточканың қызмет
көрсету желісін, яғни қабылдау желісін қалыптастырады.
Карточка арқылы сауда жасау және нақты (қолма-қол) ақша қаражаттарын
алу ерекшелігі мынада: бұл операциялар сауда кәсіпорындары (дүкендер) мен
банктер арқылы жүзеге асырылады, яғни тауарлар мен нақты (қолма-қол) ақша
қаражаттары клиенттерге тез арада беріледі де, ал қызмет көрсеуші кәсіпорын
шотына ақша қаражатары көп жағдайда біршама уақыттан (бірнеше күн) кейін
ғана аударылады. Пластикалық карточкалармен есеп айырысу процесінде
туындайтын төлем міндеттемелерінің кепілі сол пластикалық карточкаларды
шығарушы эмитент-банк болып табылады. Сондықтан да пластикалық карточкалар
белгілі бір мерзім аралығында банктің жеке меншігі болып саналады, ал
клиенттер – карточка ұстаушы тұлғалар тек қолдану үшін (уақытша) алады.
Эмитент-банк кепілдемесінің сипаты клиенттерге көрсетілетін және карточка
түрлері бойынша тіркелетін төлем мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.
Клиентке карточканы беру кезінде карточканы тек дербес қолдану
(персонализация) жүзеге асырылады, карточкаға клиент мәліметтері енгізіледі
де, сол арқылы клиентті анықтап, сонымен қатар төлем жасау кезінде немесе
нақты (қолма-қол) ақша қаражаттарын алу немесе беру кезінде карточканың
төлем қабілетін тексеру жүзеге асырылады. Карточка бойынша сату немесе
сатып алу және нақты (қолма-қол) ақша қаражаттарының берілуін бекіту
авторизация деп аталады. Оны орындау барысында карточка ұсынушы тұлғаның
өкілеттігі мен оның қаржылық мүмкіндіктерін анықтау үшін қызмет көрсету
орындары төлем жүйесіне сұрату (сұрау) жүргізеді. Авторизация технологиясы
төлем жүйесінің үлгісіне (схемасына), карточка типіне және қызмет көрсетуші
орндардың қазіргі заманға сай техникалық жабдықталуының қамтамасыз етілуіне
тікелей байланысты болып келеді. Аворизация екі әсілмен жүзеге асырылады:
дәстүрлі және автоматты әдіс. Дәстүрлі әдіспен жүргізілгенде сатушы немесе
кассир төлем жүйесі операторына сұрату жүргізу үшін телефон арқылы
хабарласады (дыбысты авторизация), ал автоматты тәсілмен жүргізілгенде
карточка POS- терминалға (POS – Point of Sale, “сауда нүктесі”) немесе
сауда орны терминалына орнатылады және картчка бойынша клиент деректері
анықталады. Кассир арқылы төлем сомасы енгізіледі, ал карточка ұстаушы
тұлға арнаулы клавиатура көмегімен құпия ПИН-код (ПИН – персоналды
идентификациялық номер) енгізеді. Бұл процестен кейін терминал
авторизацияны өздігінен автоматты түрде орындайды. Авторизацияның автоматты
түрде екі жағдайда жүргізіледі: 1) төлем жүйесінің деректер қоймасымен
байланыс орнату (on-line тәртібінде) арқылы; 2) карточканың өзінен қосымша
мәліметермен ауыстыру (off-line авторизация) арқылы. Бұл жағдай көбінесе
нақты (қолма-қол) ақша қаражаттарын беру кезіндегі процедураға ұқсас сипат
алғанда, мысалыға, автоматты түрде арнайы құрылғы – банкоматпен ақша
қаражаттары берілгенде орын алады.
Есеп айырысу барысында карточка ұстаушы тұлға лимит қатарымен шектеулі
болады. Лимит сипаты мен оны құолдану шарты әр түрлі болып келеді. Алайда
олар ортақ белгілері бойынша екі түрге біріктіріледі.
Дебетті карточканы ұстаушы тұлға алдын ала эмитент банкте өз шотын
ашып, сол шотқа белгілі бір ақша сомасын салуы қажет. Оның мөлшері қол
жетерлік заттардың (құралдардың, ақша қаражаттарының) лимитін анықтайды.
Есеп айырысуды жүргізуде карточканы қолдану арқылы лимит те синхронды түрде
(бірте-бірте) кемітіле береді. Лимитті тексеру авторизация орындалу
(дебетті карточканы қолдану кезінде міндетті түрде) барысында өздігімен
іске асырылады. Лимитті қайтадан бастау, жаңарту немесе лимит көлемін
ұлғайту үшін карточка ұстаушы тұлға өз шотына қайтадан ақша қаражаттарын
енгізуі қажет.
Карточка ұстаушы ұлға төлемдерді жасау кезінде алдын ала ақша
қаражаттарын енгізбей-ақ эмитент-банктен несие ала тұруына болады. Мұндай
тәсіл кредитті карточка ұстауда және онымен есеп айырысуда жасалады және
лимит ұсынылған несие мөлшеріне байланысты. Несие бір реттік болады және
жаңаланып (қайта бастау арқылы) отырады. Несиені жаңалату, қайта бастау
карточка ұстаушы тұлғаның келісімімен және қарызының бір бөлігі немесе
барлық мөлшері өтелгеннен (қайтарылғаннан) кейін мүмкін болады.
Кредитті және дебетті карточкалар корпоративті (бірлескен) болып
жіктеледі. Корпоративті (бірлескен) карточкалар компанияның өз
қызметкерлеріне іс-сапарлық және басқа да қызмет барысында жұмсалатын
шығындарын өтеу мақсатында ұсынылуымен айқындалады. Компанияның
корпоративті (бірлескен) карточкалары компанияның шотымен байланысты
болады, сондай-ақ карточкалардың бөлінген және бөлінбеген лимит қатары
болады. Бірінші жағдайда әрбір корпоративі карточканы ұстаушы тұлғаға
индивидуалды (жеке өзіне ғана арналған) лимит орнатылады. Ал екінші
жағдайға көбінесе шағын компаниялар карточкалары сәйкес келеді және олар
лимиттің шектелуін көздемейді, сондықтан да лимит бөлінбеген болып
есептеледі. Корпоративті карточкалар компанияның өз қызметкерлерінің іс-
сапар және басқа да қызмет барысындағы шығындарын толық біліп отыру
мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар карточкалардың отбасылық карточка түрлері де айналыста
кездеседі. Отбасылық карточкалар белгілі бір нысанда корпоративті
карточкалармен өте ұқсас келеді, яғни белгіленген лимит бойынша карточка
ұстаушы тұлғаның жанұя мүшелеріне төлем жасау құқығы беріледі. Демек, бұл
жағдайда қосымша қолданушы тұлғаларға (жанұя мүшелеріне) дербес персоналды
карточкалар беріледі.
2. Эмитенттер және эквайерлер
Карточкаларды шығарумен және банк тарапынан төлем ретінде шығарылған
пластикалық карточкаларды қолданумен байланысты қаржылық міндеттемелерді
орындайтын банк эмитент-банк болып табылады. Ол карточкаларды шығару және
оларды орналастырумен айналысқанымен, қызмет сферасы және сауда
кәсіпорындарының банкпен шығарылған карточкаларын қабылдауды қамтамасыз
етумен айналыспайды. Өйткені бұл міндет эквайер-банктерге жүктеледі.
Эквайер – банктер карточка бойынша қызмет көрсету орындарының өзара
байланысты операцияларының барлық түрлерін орындайды:
- авторизацияға сұратудың өңделуі;
- тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақша қаражаттарының есептелінуі
емесе аударылуы;
- карточканы қолдануда жасалатын төлемдерді тіркейтін құжаттардың
қағаз және электронды түрде қабылдануы;
- сұрыпталуы және банктер арасында таратылуы.
Сондай-ақ эквайер-банк нақты ақша қаражаттарын өз бөлімшелері мен
банкоматтарында беру мүмкіндігіне ие және эмитент-банктің функцияларын өз
қызметіне кіріктіре алады.Эквайер банктің ең егізгі біртұтас қызметі қызмет
көрсету орындарында пластикалық карточкалар бойынша қызмет көрсету
орындарында жасалатын төлем жасалуын атқарумен байланысты қаржылық қызмет
екенін айта кету керек.
Эквайер – банктің өз қызметінің атқарылуы эмитент-банк есебінен жүзеге
асырылады. Әрбір эквайер-банк эмитент-банктің сол төлем жүйесіне енетін
карточкаларын ұстаушы тұлғалардың қызмет көрсету орындарына ақша
қаражаттарының аударылуын қамтамасыз етеді. Сондқтан да сәйкес ақша
қаражаттары (орналастырылған ақша қаражаттары болуы да мүмкін) кейіннен осы
эмитент - банктер тарапынан эквайер – банкке аударылуы тиіс. Эквайер-
банктер мен эмитент-банктер арасындағы өзара есеп айырысулар жүргізілуінің
қамтамасыз етілуі төлем жүйесінде бір немесе бірнеше есептік банктің
болуымен анықталады. Есептік банкте төлем жүйесінің мүшелері – банктер
корреспондеттік шоттар аша алады.
2.1 Төлем жүйелері
Төлем жүйесі бұл әдістер мен оларды жүзеге асырушы субьектілер
(тұлғалар) жиынтығы. Ол белгіленген стандарт шеңберінде банктік пластикалық
карточкаларды төлем құралы ретінде пайдалану шарттарын қамтамасыз етумен
айналысады. Төлем жүйесін қалыптастыру кезіндегі негізгі міндеттердің бірі
эмитент банктер жүйесіне енетін карточкалар бойынша қызмет көрсету
сферасының ортақ ережелерінің сақталуы және өзара есеп айырысулар мен
төлемдерді жүргізу болып табылады. Бұл ережелер карточка бойынша
жүргізілетін операциялардың аспектлерін техникалық ауқымда қамтиды:
мәліметтер стандарты, авторизация жүргізілімдері, қолданбалы құрылғылардың
өзгешелігі және пластикалық карточка бойынша көрсетілетін қызметтердің
өзгешелігі – қабылдаушы желі құрамына кіретін қызмет көрсету және сауда
кәсіпорындарымен өзара есеп айырысу қағидалары және т.б. Осылайша төлем
жүйесі қызметі банктер ассоциациясының келісімді міндеттемелеріне
негізделеді. Сонымен қатар төлем жүйесінің құрылымынақызмет көрсету
орындарының желіін қалыптастыратын қызмет және сауда кәсіпорындары кіреді.
Төлем жүйесі өз функцияларын тиімді ету үшін мамандандырылған қаржылық емес
ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Олар карточка бойынша қызмет көрсету
құрылғыларының техникалық жабдықталуын қамтамасыз ете отырып, өз қызметін
процессингті, коммуникативті, техникалық жабдықтау орталықтары формасында
атқарады.
Процессингі орталық деп мамандандырылған қызмет көрсету ұйымдарын
айтамыз. Ол эквайер-банктерден келіп түсетін авторизация немесе
транзакцияға сәйкес карточка арқылы нақты ақша қаражаттарын алу немесе
төлем жүргізілгендігі туралы мәліметтерді тіркейді. Бұл үшін орталық төлем
жүйесінің мүшелері – банктер мен карточка ұстаушылар туралы мағлұматтарды
қамтитын деректер қоймасын жүргізеді. Сонымен қатар бұл орталықта карточка
ұстаушылар лимиті жөнінде дерек көздері сақталады да, эмитент-банктің өз
деректер қоймасы (off line) болмаған жағдайда авторизацияға сұрату
жасалады. Кері жағдайда (on-line) алынған сұратуды карточканы
авторизациялайтын эмитент-банкке жіберіп қана қоймай, эквайер банктің
жауабын (шешімін) да бірге жіберумен айналысады. Бұдан басқа процессингті
орталық бір күн ішінде жинақталған транзакция хаттамалары (протокол)
негізінде төлем жүйесінің қатысуышы-банктері арасында өзара есеп айырысу
жүргізу үшін қорытынды мәліметтер дайындап, таратумен айналысады. Эквайер
банктер (қызмет көрсету орындарының қатысуынсыз) мәліметтер жібереді.
Процессингті орталық эмитент-банктердің жаңа карточкаларға деген
мұқтаждығын қамтамасыз ету мүмкіндігін алады. Сонымен бірге тармақталған
төлем жүйесі процессингті орталықтырдың бірнеше болуымен ерешеленеді.
Олардың ролін аймақтық деңгейде эквайер банк те атқара алады.
Коммуникативті орталықтар төлем жүйесі субъектілеріне мәліметтер
алмасу жүйесін басқару мүмкіндігін береді. Арнайы коммуникация (қарым -
қатынас) әдісін қолдану төлем жүйесінде географиялық бөліктер қатысушылары
арасында үлкен көлемді деректер алмасу қажеттілігі шартымен жүзеге асады.
Бұл процесс карточкалардың сауда орындары терминалдарына авторизациялануы,
карточка бойынша банкомат құрылғысы көмегімен қызмет көрсету, жүйе
қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысуды жүргізу және т.б. жағдайлар
барысында көрініс табады.
2.2 Техникалық құралдар
Пластикалық карточкалардың (сәйкестендіру) әдістері
Пластикалық карточка арнайы механикалық және термикалық ықпалына
берік, стандартты өлшемі (85,6 мм, 53,9 мм, 0,76 мм) пластмасса (темірдің
жалпақ тілігі) пластинадан тұрады. Төлем жүйесі субъектісі ретінде
пластикалық карточка ұстаушы тұлғаның теңестірілуін (идентификациясын)
қамтамасыз ету мақсатында пластикалық карточкаға эмитент – банктің және
төлем жүйесінің логотипі орналастырылады және карточка ұстаушы аты, оның
шот нөмірі, карточканың мерзімі бойынша қызмет көрсетілуі. Бұдан бөлек
карточкада оның иесінің фотографиясы мен қолы да болуы мүмкін.
Алфавитті – сандық мәліметтер – аты, оның шот нөмірі және т.б. рельефт
шрифтпен орналастырылуы мүмкін. Мұның көмегімен мәліметтер чекке арнайы
құрылғы – импринтер арқылы жылдам аударылады.
Ал графикалық мәліметтер карточканың визуалды сәйкестендірілуінің
ықтималдығын қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетуі осы принциптерге сәйкес
жүзеге асатын карточкалардың шағын локальді жүйелерді қолданылу аясы кең
келеді. Дегенмен банктік төлем жүйесінде бұл визуалды әдіс жеткіліксіз
болады.
Яғни мәліметтерді карточкаға енгізу автоматты авторизация процедурасын
жүргізу ретінде ұсынылады. Бұл міндет әр түрлі физикалық механизмдерді
қолдану арқылы орындалуы мүмкін.
Штрих кодты карточкаларда тауарларды белгілеуде қолданылатын кодқа
ұқсас штрих код қолданылады.
Әдетте кодты сызық түссіз құрылыммен жабдықталған және кодты анықтау
инфрақызыл сәулелер арқылы жүзеге асады. Штрих кодты карточкалар
карточкалардың басқа типтеріне қарағанда өте арзан және жасалу тәсілі де
қарапайым. Бұл соңғы ерекшелік. Олардың жасаңдылықтан қорғалуын әлсіз етеді
және сондықтан да төлем жүйелерінде көбіне жарамсыз болып жатады.
Бүгінде магнитті сызығы бар карточкалар көп таралған, айналымда
олардың 2 миллиардтан аса түрі қолданылады. Бұл карточка типтерінде
магнитті сызық карточканың сыртқы бетінде орналасады және ISO 7811
стандартына сәйкес 3 жолдан тұрады. Олардың ішінде алғашқы екеуі
сәйкестендіру мәліметтерінің сақталуы үшін арнайы жасалған, ал үшіншісіне
мәлімет енгізуге болады (мысалы, дебеттік карточкалар лимитінің ағымдағы
мәнін). Бірақ көп қайталанылатын оқу (есптеу) процесіне сенімділіктің төмен
болуына байланысты ереже бойынша магнитті сызыққа жазу көбінесе қолданыла
бермейді, сондықтан бұндай карталар тек мәліметті оқу (есептеу) үшін
пайдаланылады. Магнитті сызықты карталардың қауіпсіздігі штрих кодты
карталармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Төлем жүйесінің дамыған
инфрақұрылымы, карточка бизнесінің әлемдік лидері – MasterCardEuropay
компаниясы бүгінде магнитті сызықты карточкалардың кең қолданылуына үлес
қосып отыр. VISA және MasterCardEuropay карточкалар жүйесінің
қауіпсіздігін арттыру үшін қорғаудың қосымша графикалық құралдарын:
голограмма және стандарттан тыс шрифттер қолданылады.
Магнитті сызықты карточкалардың сыртқы бетінде мына мәліметтер болады:
эмитент банктің логотипі, төлем жүйесінің логотипі, карточка нөмірі
(алғашқы 6 цифр – банктің коды, келесі 9 цифр – карточканың банктік нөмірі,
соңғы цифр – тексеру және соңғы 4 цифр голограммаға арналған), карточканың
қызмет ету мерзімі, карточка ұстаушы тұлғаның аты; сыртқы бетінде –
магнитті сызық және қол қоюға арналған бос орын.

Смарт – карталарда ақпарат тасымалдауды микросхемалар атқарады. Смарт
– карталар ішіндегі ең қарапайым түрі – жады картасында жады көлемі 32
байтпен 16 килобайт аралығында мөлшерленеді. Бұл жады ППЗУ (EPROM) әдісімен
немесе ЭСППЗУ (ЕEPROM) әдісімен жүзеге асырылады. Бірінші әдісте мәлімет
бір рет қана енгізіледі және бірнеше рет оқылады (есептеледі), ал екінші
әдісте мәлімет бірнеше рет жазылады және бірнеше рет оқылады. Жады
карталары екіге бөлінеді: қорғалған жады және қорғалмаған. Қорғалмаған жады
картасында мәліметтердің енгізілуі мен оқылуына ешқандай шектеу қойылмайды.
Жадыны толықтай игеру мәлімет құрылымын өз қалауынша қалыптастыру үшін
маңызды болып табылады. Қорғалған жады карталарында бір немесе бірнеше
қосымша сәйкестендірілу мәліметтері болады. Картаның бұл сәйкестедіру
саласы мәліметті бір реттік енгізу және алдағы уақытта мәліметтің тек қана
оқылуын орындайды. Мгнитті карталарға қарағанда жады карталарының
қауіпсіздік деңгейі жоғары болады, сондықтан да олар ұрлықпен байланысты
қаржылық тәуекелі бар жүйелерде қолданылады. Бірақ жады карталарының құны
магнитті карталарға қарағанды қымбаттырақ болады. Дегенмен қазіргі уақытта
технологияның дамуы мен өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты карталар құны
едәуір төмендей бастады. Жады картасының құны жады сыйымдылығын анықтайтын
микросхема құнына тікелей тәуелді. Кей жағдайларда жады карталарынды
микросхемамен бірге есептеуіш - карталары болады. Олар жады сақталу
мәліметтерді тек тіркелген өлшем бойынша өзгертеді. Мұндай карталар алдын
ала төлеуді қабылдайтын мамандырылған құрылғыларда болады (телефон –
автоматты қолданғаны үшін төлем, автотұрақ үшін ақы төлеу және т.б.)
Микропроцессорлы карталарды микрокомпьютерлер деп те атауға болады
және ол мынадай негізгі аппарат компоненттерінен тұрады: орталық процессор,
ОЗУ, ПЗУ, ППЗУ, ЭСППЗУ.Қазіргі кездегі дамыған микропроцессорлы карталарды
сипаты бойынша 80-жылдар басындағы персоналды компьютерлермен теңестіруге
болады. Микропроцессорлы картадағы ПЗУ-да сақталып тұрған операциялық жүйе
ПК операциялық жүйесінен еш ерекшеленбейді және қаіпсіздік құралдары мен
операциялар түрлерінен тұрады. Ал операциялық жүйе файлдық жүйеден тұрады.
Файлдық жүйе ЭСППЗУ-да сақталады (сыйымдылығы әдетте 1-8 кбайт диапазонда,
64 кбайтқа дейін жету мүмкіндігі бар) және мәліметтер алуды қамтамасыз
етеді. Бұл жағдайда мәліметтер бөлігі карточканың ішкі программаларына
сәйкес алынады, сондықтан бұл микропроцессорлы картаны ақпарат
қауіпсіздігін жоғары деңгейде талап ететін, қаржылық құжатттарда
қолданылатын қауіпсіздігі жоғары криптографиялық құралмен қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта микропроцессорлы карталар (жинақтап алғанда смарт-карталар)
пластикалық карталар түрі және функционалдық мүмкіндігі жағынан жетілген
платсикалық карталар түрі ретінде қарастырылады. Смарт-карталардың есептеу
мүмкіндігі бір картаны on-line авторизациясы және көпвалюталы электронды
кошелек операцияларында тең қолдану мүмкіндігін ұсынады. VISA және
EuropayMastercard жүйесінде бір-екі жылдан бері кең қолданылып келеді, ал
алдағы онжылдықта смарт-карталар магнитті сызықты карталардай түгелдей
айналыстан ығыстыруы мүмкін.
3.1 POS-терминалды қолдану
POS-терминалдар немесе сауда терминалдары қаржылық есептесулерде
смарт-карталы және магнитті сызықты пластикалық карточкаларды қолдануда
транзакцияны орындайды. POS-терминалдарды қолдану карточкаларға қызмет
көрсету бойынша операцияларды автоматтандыруға және қызмет көрсету уақытын
азайтуға мүмкіндік береді. POS-терминалдар мүмкіндіктері мен комплектациясы
кең қолданылады, дегенмен қазіргі заманғы терминалдар смарт – карталарды
және магнитті сызықты карталарды оқу (есептеу),энергиятәуелсіз жады, ПИН –
клавиатура (ПИН – код теруге арналған клавиатура) арналған порттар,
принтер, ПК-ға қосылу және электронды кассалық аппарат құрылғыларымен
жабдықталған. Сонымен бірге POS-терминал автоқайталау мүмкіндігі бар
модеммен жабдықталған. POS-терминалдардың “интеллектуалды” мүмкіндіктері
бар – оларды программалауға болады. Программалау тілдері ретінде ассемблер,
С және Basic’a қолданылады. Бұл мүмкіндіктердің барлығы смарт-карталы және
магнитті сызықты карталардың on-line авторизациясын орындауға ғана емес,
сонымен қатар транзакция хаттамаларымен off-line режиміндегі смарт-
карталарды пайдаланудың көп мүмкіндіктерін ұсынады. Сеанс кезіндегі соңғы
байланыстар процессингті орталыққа беріледі. Байланыс уақытында POS-
терминал ЭВМ процессингті орталығына берілетін ақпаратты қабылдап және есте
сақтап қалады. POS-терминалдар бағасы оның мүмкіндіктеріне, құрылымына,
өндіруші фирмаларға байланысты бірнеше жүз доллардан бірнеше мың долларға
дейін болады, алайда мың жарым, екі мың доллардан аспайды. POS-
терминалдардың өлшемі мен салмағы телефон аппараттары параметрлерімен
сәйкес келеді немесе аз болады.
3.2 Банкоматтар қолдану
Банкоматтар – пластикалық карточкамен операциялар кезінде нақтылай
ақша қаражаттарын беру немесе инкассациялау үшін арналған банк автомат
құрылғылары. Банкомат арқылы карточка ұстаушы тұлға өзінің ағымдағы шотының
жай-күйі туралы ақпарат ала алады және бір шоттан екінші бір шотқа ақша
аудару операциясын жүргізеді. Банкомат картаны оқу құрылғысымен, ал
карточка ұстаушы тұлғамен интерактивті өзара байланыс құралы – дисплей және
клавиатурамен жабдықталғаны белгілі. Банкомат құрылғысы дербес ЭЕМ
жүйесімен жабдықталған. Сол банкоматты басқару және оның жай күйін бақылау
мен реттеуді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz