Ұлттық банктің дискрециялық ақша - несие саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық банктің дискрециялық ақша-несие саясаты

КІРІСПЕ

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты
мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен
басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталатын шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
      ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлерiн;
      ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
      ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен
көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге
асырылады.

1. Ақша-несие саясатының мәні, түрлері.

1.1 Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама
құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.
Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және
жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде
қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру
мөлшерлемесідеңгейін белгілеу;
- Қазақстан Ұлттық Банкте жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер
нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі
мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет,
валюта саясаттарымен байланысы

Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы
саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие
саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының (МР) мәнінің
өзгеруі;
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық
шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
4) Жиынтық сұранысының өзгеруіне байланысты өнім көлемінің
өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісімен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы
екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің
қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл
өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай
саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің
арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.
Ақша нарығының реакциясы L қисығының тікшелеу болуынан ақшаға
сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал
болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі
әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне
әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір
төмендеуіне алып келеді.
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты
түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің тдинамикасына инвестициялық
шығындар әсер етеді деп есептелінеді. Егерде ақша нарығында пайыз
мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болады деп жорамалдасақ, онда пайыз
мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы
байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың
мультипликаторлық мәнінің кеңейуі пайда болады.

Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие болады (шешім
қабылдағаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық
белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ
көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің
саясатына деген сенімділікпен байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен
тығыз байланысты.
Егер орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда
дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айналымы
курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және
азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып
алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша
саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындақтарды тудырады. Егер
мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса,
онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай
жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.

2. Ақша-несие саясатын жүргізуші орган – Ұлттық банк.
Ұлттық банк елдің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
белгілейді,жүзеге асырады және оны Үкіметтің экономикалық саясатына
үйлестіре отырып жүргізеді. Ақша-несие саясаты – белгілі бір кезеңде Ұлттық
Банктің ақша массасын, несиелердің көлемін, проценттік ставкалардың
мөлшерін, банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған іс-шаралары мен оны
жүзеге асыру құралдарының жиынтығын білдіреді. Оның мақсаты – ұлттық
валютаның тұрақтылығын экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Ақша-несие
саясатының жалпы мазмұны мынадай:
І. Ақша-несие саясатының негізгі принциптері
ІІ. ҚР экономикасының жалпы жағдайына қысқаша сипаттама
ІІІ. Ақша-несие саясатының жоспарланған негізгі көрсеткіштерінің орындалу
барысы, ауытқу себептері (ағымды жылдағы)
ІV. ҚР экономикасының келесі жылғы дамуының болжамды деңгейі (мұнай және
өзге де экспорттық тауарларбағаларының өзгерісін есепке ала отырып
жасалған)
V. Төлем балансының негізгі көрсеткіштерінің келесі жылға болжамы
VІ. Инфляция, ақша базасы, ақша массасы, проценттік ставка, алтын-валюта
резервтік көрсеткіштері бойынша келесі жылғы мақсатты ориентирлер деңгейі
VII. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру үшін қолданылатын құралдар мен
олардың ықпалы
VIII. ҚР банк жүйесін, қаржы нарықтарын одан әрі жетілдіру шараларының
келесі жылға арналған жоспары
Ұлтық Банк жыл сайын ақша-несие саясатының орындалу барысы жөнінде
Қазақстан Президентіне есеп беріп отырады.
Ұлттыұ Банк ақша-несие саясатын жүргізуде әлемдік тәжірибедегі
классикалық құралдарды қолданады. Олардың ең бастылары: міндетті резервтер
нормаларын белгілеу, қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу және банктер мен
несиелік ұйымдарды қайта қаржыландыру, ашық рыноктағы операциялар,
валюталық интервенция.
Қайта қаржыландыру жүйесі – Ұлттық банктің коммерциялық банктер мен
несиелік ұйымдарды несиелеу формасын, тәртібін, шарттарын, лимитін,
проценттік ставкасының ең төменгі мөлшерін белгілеу шараларын қамтиды.
Ұлттық Банк несиелері бойынша белгіленген несиелік ставка – қайта
қаржыландыру ставкасы немесе есепке алу ставкасы деп аталады.
Қайта қаржыландыру ставкасының өзгерісі Ұлттық Банктің коммерциялық
банктер мен несиелік ұйымдарға беретін несиелерінің бағасының өзгерісін
көрсетеді. Мысалы, ақша нарығында ақшаға деген сұраныс артып, баға өскен
жағдайда Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасының нормасын көтереді
(қымбат ақша саясаты). Соған сәйкес коммерциялық банктердің Ұлттық
банктің несиелеріне деген сұранысы да төмендейді. Сөйтіп айналыстағы
ақшалар да азаяды, баға төмендейді.
Керісінше, ақша нарығында ақшаға деген сұраныс төмендеген жағдайда
Ұлттық Банк қайта қаржыландыру ставкасының нормасын төмендетіп, банктерге
беретін несиелерді арзандатады. Нәтижесінде банктердің несиелік
операциялары ұлғайып, айналыстағы ақшаның көлемі өседі: тауарлер мен
қызметтерге сұраныс өсіп өндірісті ынталандырады.
Міндетті резервтер нормасы немесе резервтік талаптар – Ұлттық
Банктегі екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақшалай
қаражаттарының қалдығының ең төменгі нормасы (5-20% аралығында). Бұл
норманы Ұлттық Банк белгілейді және қажет болған жағдайда өзгертіп
отырады. Міндетті резервтер нормасы мультипликация процесін реттеу үшін
қолданылады және банктердің өз міндеттемелерін дер кезінде өтеу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Ұлттық Банк міндетті резерв нормасын өзгерту арқылы
коммерциялық банктердің несиелік операцияларының ағымын бақылап отырады.
Несиелік шектеу қажет болған жағдайда (несиелік рекстрикция) Ұлттық Банк
міндетті резервтер нормасын көтереді. Ал несиелік қолдау-ынталандыру қажет
болған жағдайда (несиелік экспансия) Ұлттық Банк міндетті резервтер
нормасын төмендетеді.
Ақша-несие саясатының жоғарыда аталған екі құралының өзіндік ықпалы
болғанымен ақша-несие саясатының құралдарының ішіндегі ең икемдісі болып
Ұлттық Банктің ашық рыноктағы операциялары саналады. Ашық рыноктағы
операциялар – Ұлтық Банктің коммерциялық банктермен мемлекеттік бағалы
қағаздарды сату және сатып алумен байланысты жүргізетін операциялары. ҚР
Заңы бойынша барлық банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдар мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Ұлттық Банктен мемлекеттік бағалы
қағаздардың белгілі бір бөлігін сатып алуға міндетті. Ал Ұлттық Банк
коммерциялық банкке мемлекеттік бағалы қағазады сатады және олардан сатып
алады.Сөйтіп Ұлттық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы –
айналыстағы ақшаларды көбейтеді, сол арқылы – айналыстан ақшаларды алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң экономикалық саясатының басты мiндетi елдегi макроэкономикалық
тұрақтылықты сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен
қатар экономикалық өсудiң жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етедi.
      2006 жылы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуi 8,3%-ды құрайды, инфляция 5,7-
7,3% аралығында болады деп күтiлуде.
      Инфляциялық процестердi реттеу шеңберiнде Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi инфляцияның монетарлық та,
монетарлық емес те жақтарына ықпал ету шараларын қабылдайды.
      Инфляциялық процестердi реттеу Қазақстан Республикасында инфляциялық
процестердi реттеу жөнiндегi 2005 - 2006 жылдарға арналған iс-шаралар
жоспарына сәйкес жалғасатын болады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң инфляцияға қарсы кешендi саясаты:
      негiзiнен еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен елде экономикалық өсудi
ынталандыруға;
      халықтың нақты кiрiсiнiң өсуiмен салыстырғанда еңбек өнiмдiлiгiнiң
басып оза өсуiн ынталандыруға;
      монополист-кәсiпорындардың өз тауарлары мен қызметтерiне бағалардың
өсуiнiң бекiтiлетiн шектi мәндерiн сақтауына;
      елдiң iшкi нарықтарында, атап айтқанда, мұнай өнiмдерi, астық, электр
энергиясы, көлiк және байланыс қызметтері нарықтарында бәсекелестiктiң
дамуын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасауға;
      мемлекеттік бюджет тапшылығының белгiленген деңгейiн сақтауға;
      инфляция бойынша белгiленген өлшемдермен және экономиканың өсуiмен
сыйысымды ақшалай ұсыныс деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Мұнай өнiмдерi, астық сияқты стратегиялық маңызы бар тауарлар
нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында оларды мiндеттi түрде
тауар биржалары арқылы сату тетiгi енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi баға жөнiнде сөз байласудың жолын
кесу, терiс пиғылды бәсекелестiктi, нарық субъектiлерiнiң өздерiнiң үстем
жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi iс-
шараларды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда желiлерiн құруға жәрдемдесу,
тауар нарықтарында сауда инфрақұрылымын және бәсекелi ортаны дамыту
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң тауарлары мен қызметтерiнiң бағалары өсуiнiң шектi мәнiн
айқындайды.
      Ақша-кредит саясаты шеңберiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
негiзгi мақсаты бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Инфляция бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi 2006 жылы ақша-кредит саясатын жүргiзу, төлем
жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асыру, қаржы жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне жәрдемдесу
жөнiндегi мiндеттердi iске асыруды жалғастырады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақшалай ұсыныс мөлшерiне банк
жүйесiнiң өтiмдiлiгiн реттеу арқылы ықпал етудi ниет етiп отыр. Екiншi
деңгейдегi банктердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi депозиттерi
қаржы нарығындағы кiрiстiлiктi реттеудiң, сондай-ақ банктердiң шамадан тыс
өтiмдiлiгiн стерильдеудiң негiзгi құралдары болып қалады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi оларды тарту көлемiне шек қоймайды, алайда олар
бойынша ставкаларды реттейтiн болады.
      Сақталып отырған жоғары инфляциялық қысым 2005 жылы басталған ақша-
кредит саясатын қатаңдату жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажеттiгiне әкеп
соғады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының
операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтедi және өзiнiң негiзгi
ставкаларының реттеушi рөлiн одан әрi жоғарылатуға ықпал ететiн болады.
      Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi мүмкiндiктерiн
күшейту үшiн оны тоқсан сайын қайта қарау практикасы жалғасады.
      Ақша-кредит саясатының инфляциялық процестерге ықпал етуiн күшейту
үшiн 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының
құралдары мен операциялық негiзiн одан әрi жетiлдiрумен айналысатын болады.
Бұл шаралардың түпкi мақсаты тарту және орналастыру жөнiндегi ресми
ставкалардың көмегiмен нарықтық ставкалардың ең көп және ең аз деңгейiн
белгiлеу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нарықтық пайыздық
ставкалар дәлiзiн бақылауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қаржы нарығындағы қысқа мерзiмдi операциялар бойынша кiрiстіліктi
реттеуi екiншi деңгейдегi банктердiң неғұрлым ұзақ мерзiмдi операциялар,
оның iшiнде кредиттер бойынша ставкаларына ықпал етедi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi "бiрыңғай ставка" саясатын
жетiлдiрудi ниет етiп отыр. Қазiргi уақытта бiрыңғай ставка "дәлiзi" кең
күйiнде қалып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шаралары
көрсетiлген дәлiз шектерiн жақындатуға және қайта қаржыландыру ставкасы мен
депозиттiк ставкаларды өзара, оның iшiнде қайтарылуына Қазақстанның
депозиттерге кепiлдiк беру қоры кепiлдiк беретiн жеке тұлғалардың жаңадан
тартылатын салымдары (депозиттерi) бойынша шектi сыйақы ставкаларын ресми
қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру тетiгiн ескере отырып
байланыстыруға бағытталатын болады.
      Қысқа мерзiмдi ноталар шығару қысқа мерзiмдi құралдар бойынша
"табыстылық ауытқымасы" деп аталатын кестеге сәйкес жүзеге асырылатын
болады. Ноталар бойынша кiрiстiлiк аукционда айқындалады да, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi орналастырылатын ноталар көлемiн ғана белгiлейдi.
Бұл ретте ноталарды орналастыру көлемi оларды өтеу көлемiнен аспайды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оларды өтеу мерзiмiне қарамастан,
банктердiң барлық iшкi мiндеттемелерiн, сондай-ақ резидент емес банктер
алдындағы мiндеттемелерiн банктердiң мiндеттемелерiне қосу жолымен ең аз
резервтiк талаптарды есептеу тетiгiн одан әрi жетiлдiрудi жүргiзуге
ниеттенiп отыр, осы мiндеттемелер бойынша олар ең аз резервтiк талаптардың
нормативтерiн сақтауға тиiс.
      Валюталық режимге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қандай
да бiр белгiленген ұзақ мерзiмдi дәлiздi айқындамай, валюталық бағамды
қалыптастыруға валюталық бағамның қысқа мерзiмдi және алыпсатарлық
ауытқуларының салдарын азайту мақсатында ғана араласуды жүзеге асыра
отырып, құбылмалы айырбас бағамы саясатын жүргiзудi жалғастырады.
      Елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, экономиканың қаржы
секторын тұрақты дамыту және банк жүйесiндегi бәсекелестiктi жоғарылату
айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердiң
өсу қарқынының басып озуына және экономиканы монеталандыру деңгейiн
арттыруға ықпал ететiн болады.
      Өтiмдiлiктi шектеу жөнiнде көзделген шараларды ескере отырып, ақша
агрегаттарының өсуi қазiргi экономикалық өсу қарқынының сақталуын
қамтамасыз етедi.
      Сақталып отырған жоғары өтiмдiлiк жағдайларында инфляцияны реттеу
жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оны стерильдеудi
жүргiзуге арналған шығыстарын ұлғайтады. Сондықтан Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мемлекеттiк
бағалы қағаздар шығару саласындағы бiрлескен iс-қимылды күшейтедi.

1.3 Инфлияцияны төмен деңгейде ұстауға бағытталған ақша-несие саясаты.Ақша-
кредит саясаты саласында Ұлттық Банк өз қызметінде орташа жылдық инфляцияны
төмен деңгейде ұстауға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды
басым бағыты ретінде айқындайды.
Ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша
нарығының ахуалына әсер ету үшін қолданылатын шараларды одан әрі күшейту,
ақша-кредит саясаты құралдарының әр түрлері бойынша ставкаларды келісу
жөніндегі жұмыстар жалғаса береді. Сыйақының нарықтық ставкаларына
жасалатын қысқа мерзімді ставкалардың реттеу ролін көтеру жөніндегі шаралар
ставкалар дәлізін тарылту (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі
ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) арқылы жүргізіледі.

Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қосқанда Ұлттық Банктің операциялары
бойынша ставкалар ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай
реттеледі.
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен
депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ
банктердің артық өтімділігін жүйелеудің негізгі құралдары болып қала
береді. 
Қажет болған жағдайда қысқа мерзімді қисық кірістілікті қалыптастыру үшін
ноталарды айналысқа шығару мерзімін ұзарту және көлемін ұлғайту мүмкіндігі
қаралады, ол Ұлттық Банктің біраз шығындануын талап етеді. Ұлттық Банк бұл
мүмкіндікті зерттеп, қаржы нарығындағы ахуалға қарай тиісті шешім
қабылдайды. Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк қисық кірістіліктің қалыптасу
мәселелерін шешу жөнінде Қаржы министрлігімен бірге жүргізілетін жұмысты
үйлестіруді күшейту қажет деп санайды. Бұл проблеманың Ұлттық Банкке теріс
ықпалы ашық нарықта операциялар жүргізу мүмкіндіктерінің шектелуінен және
ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі макрокөрсеткіштерге әсер етуінің
әлсіреуінен көрінеді.
Банк жүйесінің артық өтімділігі мәселелерінің өткірлігі сақталған жағдайда
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаңдата береді. Банк жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банктік заемдарды беру механизмі, репо
операциялары және қайта есепке алу операциялары жетілдіріледі, атап
айтқанда кепіл құралдарының тізбесін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен
қатар өтімділікті беру құралдарын (қайта қаржыландыру заемдары және
вексельдерді қайта есепке алу секілді) пайдаланудың тиімділігін күшейту
мақсатында олардың мерзімдерін бірегейлендіру мүмкіндігі қарастырылады.
Инфляцияны төмендету үшін шектеулі ақша-кредит саясатын жүргізумен қатар,
әсіресе, жиынтық сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің бюджеті бөлігінде,
бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер тарапынан
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру қажет.
Инфляциялық үдерістерге қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату
бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу,
мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде
пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас
тарту бағытында жүргізілуі қажет.
Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша қаржылық
емес корпорациялар секторының, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және
кәсіпорындардың қаржылық ахуалының даму үрдістерін және бағыттарын
бағалауды қалыптастыруға, сондай-ақ проценттік, валюталық саясатты
айқындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу, қаржы
тұрақтылығы туралы есептерді жасау кезінде Ұлттық Банк қызметіндегі
мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалануды кеңейтуге бағытталған
жұмыстар жалғаса береді.

2006 және 2007 жылдардағы инфляция және оның құрамдас бөліктері

2007 жылғы қарашада инфляция жылдық көрсетумен 17,5% (2006 жылғы
желтоқсанда 8,4%) болды.

2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының ерекшеліктері

2.1 Ұлттық Банктің қабылдаған шаралары және 2006 жылғы ақша-кредит
саясатының нәтижелері.
Осы факторлардың инфляциялық үдерістерге теріс ықпалын азайту мақсатында
Ұлттық Банк 2006 жылы қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырды.
Ол инфляциялық қысымның төмендеуіне себепші болатын мынадай шаралар
топтарынан тұрады:
o              Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру
жөніндегі шаралар (қымбат ақша саясатын жүргізу);
o              екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға
бағытталған шаралар;
o              айырбас бағамы саясаты жөніндегі шаралар.
Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру шаралары (қымбат
ақша саясатын жүргізу).
Жыл басынан бері қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет: 2006 жылдың
1 сәуірінен бастап 8,0%-дан 8,5%-ға дейін, ал 2006 жылдың 1 шілдесінен
бастап 9,0%-ға дейін (соңғы бір жарым жыл ішінде төртінші жоғарылатылуы)
жоғарылатылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша
ставка төрт рет: 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап 3,5%-дан 3,75%-ға дейін,
2006 жылдың 3 шілдесінен бастап 4,0%-ға дейін, 2006 жылдың 1 қарашасынан
бастап 4,25%-ға, 2006 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 4,5%-ға дейін
жоғарылатылды. Ноталар бойынша кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24%-дан
2006 жылдың аяғында 4,95%-ға дейін өсті (тиімді кірістілік).
Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалардың әсері банкаралық
нарықтағы кірістілік арқылы банктердің экономикаға берген кредиттері
бойынша нарықтық ставкаларға беріледі. Ақша-кредит саясатының шараларын
қолданудың нәтижесінде Қазақстан қор биржасындағы 7 күндік банкаралық репо
операциялары бойынша ставкалар 2005 жылдың желтоқсанындағы орташа 1,54%-дан
2006 жылғы желтоқсанда орташа 5,15%-ға дейін көтерілді. Бұдан басқа 2006
жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында ұлттық валютадағы банкаралық
депозиттер бойынша ставкалар 3,77%-дан 4,45%-ға дейін, долларлық депозиттер
бойынша – 5,08%-дан 5,35%-ға дейін көтерілді. Банкаралық нарықтағы
кірістіліктің көтерілуі экономикаға берілген кейбір лагты кредиттер бойынша
ставкаларға сәйкесінше әсер етеді, сондықтан бұл бағыттағы нәтижелер 2007
жылы байқалатын болады.
Екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға бағытталған шаралар
Ұлттық Банктің банк секторындағы артық ақшаны алу бойынша қаржы
нарығындағы операциялары ұлғайтылды. 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда
депозиттер 3,1 есе артық тартылды, яғни көрсетілген кезең ішінде тартылған
депозиттердің көлемі 2,6 трлн. теңгеден 8,1 трлн. теңгеге дейін өсті.
Нәтижесінде банктердің депозиттеріндегі қалдықтар 51,5%-ға 131,6 млрд.
теңгеге ұлғайды.
2006 жылдың басынан бері Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын бір
аукционда ұсыну көлемі 31 млрд. теңгеден 150 млрд. теңгеге дейін біртіндеп
ұлғайтылды. 2006 жылы 3,8 трлн. теңге көлемінде ноталар шығарылды, бұл 2005
жылға қарағанда 2,0 есе көп. Айналыстағы ноталар көлемі 2006 жылы 3,3 есеге
533,1 млрд. теңгеге дейін артты.
2006 жылғы 12 шілдеден бастап Ұлттық Банк жаңа Ең төменгі резервтік
талаптар (ЕРТ) туралы ереже енгізді. Ол бойынша банктің ЕРТ нормативтеріне
кіретін  міндеттемелерінің құрылымы біраз кеңейтілді. Сонымен қатар ең
төменгі нормативтік талаптардың мынадай жіктелген нормативтері енгізілді:
банктің ішкі міндеттемелері үшін 6% және өзге міндеттемелері үшін 8%.  18
шілдеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалды және монетарлы саясат түсінігі мен мазмұны
Қ.Р-ң бюджет-салық саясаты
Макроэкономикалық саясаттың үлгісін таңдау
Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты, құралдары
Бюджет-салық саясаты
Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты
ҚР қаржы нарығының дамуы туралы
ҚР қаржы нарқының дамуы. ҚР фискалдық саясаты
Нарық тепе-теңдiк
Қазақстан Республикасының фискалды саясат ерекшеліктері
Пәндер