ҚР Ұлттық Банкінің негізгі операциялары: ақша массасы мен ақша базасы, ақша–несие саясаты және валюталық реттеу
Жоспар
КІРІСПЕ 3
1. ҚР Ұлттық Банкінің мақсаттары, міндеттері, қызмет түрлері және өз
қаражаттары 4
1.1. ҚР Ұлттық банкінің мақсаттары мен міндеттері 4
1.2 Ұлттық банктің қызметтері мен өз қаражаттары 5
2. ҚР Ұлттық Банкінің негізгі операциялары: ақша массасы мен ақша базасы,
ақша–несие саясаты және валюталық реттеу 8
2.1 Ақша массасы және ақша базасы 8
2.2 Ақша – несие саясаты 10
2.3 Валюталық реттеу және бақылау 16
ъ
КІРІСПЕ
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады. Оның басшылық рөлі мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай–ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, ақша – несиелік және
валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес,
ақша–несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып
табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде
экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе –
теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізі
объектісіне экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы
жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі
компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша
несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізіненбанктердің несие –
депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша
айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын
басқару арқылы реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің
Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта
құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық
эмиссиялық банкке өзгертілді және банктердің банкі болды.

қаражаттары
1.1. ҚР Ұлттық банкінің мақсаттары мен міндеттері
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен,
басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мұндағы мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы
қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар
жатады.
Ұлттық банктің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен
үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің
қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк
қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттерінешаруашылық
субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның
клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болджы.
Осыдан келіп, Ұлттық банкіні банктердің банкі деп атайды. Коммерциялық
банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар
береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден жәнежинақ мекемелерінен
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банктің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып
табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне
мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы,
несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін
ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде
банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша–несиелік реттеудің әдістерінің
формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
1.2 Ұлттық банктің қызметтері мен өз қаражаттары
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі
облыстық басқармасы Алматы қалалық бас филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал
Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдары мен
өкілеттіліктері өз қызметтерін Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен өкілеттігі
шегінде ғана жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы заң күші бар
жарлықтың сегізінші бабына сәйкес, Ұлттық банк келесідей негізгі
қызметтерді атқарады:
-айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен республикада
мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді және монетарлардың
монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
-ҚР өкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
-Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;
-белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті экспертиза жүргізеді;
-банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
-ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін
реттеуді жүзеге асырады.
Ұлттық (Орталық) банк банктердің банкі қызметін атқару үшін:
-коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
-коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
-жалпы ұлттық ауқымда қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүзеге
асырады;
-банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банктің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б.
несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып
табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы және Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңдарына сәйкес
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені
олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін
реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Сонымен қатар, Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да
қаржылық – несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық
банктерді соңғы сатыдағы несие беруші деп атайды. Олар – коммерциялық
банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді
құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда
вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті
қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің
қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
-оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен
болатын унитарлық банк;
- акцияларының бір бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
-бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
-орталық банктің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
Негізінен Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет –
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкке
тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар
құрайды. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс
есеғбінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес
жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.Осылардың ішінде
Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады
және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
-мемлекеттің ақша – несие саясатын дайындау;
-банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік
құқықтық актілерін бекіту;
-Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
-банктердің ашылуына рұқсатберу және оларды қайтарып алу туралы
шешім қабылдау;
-жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
-банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
-алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
-ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
-Қазақстан Ұлттық банкі жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау
және Президенттің бекітуіне беру;
-Қазақстан Ұлттық банкінің жыфлдық балансын және табысы мен зияны
туралы есебін қарау және бекіту;
-Қазақстан Ұлттық банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен
резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де
мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық банкінің
құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың,
өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы
нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
-банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
-еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
-Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдарда
қатысуы туралы шешім қабылдау;
-Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
-бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескереотырып,
Қазақстан Ұлттық банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және
әдістерін анықтау.
Ұлттық банктің Басқармасы 9 адамнан тұроады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына: Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы және 5 лауазымды
тұлғалары, ҚР Президентінен 1 өкіл және ҚР Үкіметінен 2 өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы – Директорлар Кеңесі болып
табылады. Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Жалпы, мен бұл бөлімде Ұлттық банктің негізгі қызметтері мен
өз қаражаттарын қарастырған болатынмын. Бұдан басқа да Ұлттық банктің
атқаратын қызметтері өте көп.

ақша–несие саясаты және валюталық реттеу
2.1 Ақша массасы және ақша базасы
Ақша айналысының маңызды сандық көрсеткіштерінің біріне ақша
массасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтық көлемін білдіреді.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының
сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін
реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер
пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша
массасын анықтау барысында келесідей негізгі ақша агрегаттары қолданылады:
М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен
монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді
және жинақ салымдарынан (4 жылға дейінгі) тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ
салымдарын құрайды;
М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі
депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та ақша массасын анықтауда 4 ақша агрегаттары, Жапония мен
Германияда – 3, Англия мен Францияда – 2, Ресейде – 3 ақша агрегаттары
пайдаланылады.
ҚР-да Ұлттық банктің 12.01.1995ж. Директорлар Кеңеcімен №2
хаттамасымен бекітілген Ақша массасын, ақшабазасын анықтау әдісі және ішкі
және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы
ережесіне сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын
резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формулада
есептеледі:
МВ = CIC + RR + DCB,
мұнда,
СIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі
корршоттағы қаражаттары.
CIC = L(H +C ),
мұнда,
Н – айналысқа шығарылған банктік және қазыналық билеттер;
С – айналысқа шығарылған монеталар.
1997 – 1999 жылдарға арналған Қазақстандағы ақша агрегаттарының
жағдайы 1 – кестеде көрсетілген.
Қазақстандағы ақша массасы Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі
банктердің баланс шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және
келесідей құрамнан тұрады:
• М0 (айналыстағы қолма – қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс
ақша);
• М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі
аудармалы депозиттері;
• М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы
депозиттері;
• М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен
халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Сонымен, еліміздегі ақша массасының құрамына мыналар кіреді:
- Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің кассасында жатқан
қолма – қол ақшаны қоспағандағы Ұлттық банктің айналысқа шығарған
қолма – қол ақшасы;
- банктік емес қаржылық ұйымдардың, қаржылық емес ұйымдардың, үй
шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың
шоттарындағы ақша қалдықтарын және үй шаруашылықтарындағы ақшаны
қоса алғандағы депозиттер.
2.2 Ақша – несие саясаты
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша – несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі ақша – несие саясатының басты мақсаты: ұлттық
валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел
валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша – несие саясаты – бұл айналыстағы ақша масмсасын, несие көлемін,
сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша – несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі –
Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша – несие саясатының Ұлттық банк
тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз
ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша – несие
саясатының 2 типі болады:
1.Рестрикциялық ақша – несие саясаты;
2.Экспанциялық ақша – несие саясаты.
Рестрикциялық ақша – несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай –
ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша – несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
Ақша – несие саясатының басты көздеген бағыты:инфляцияны төмендету
және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк
қатаң ақша – несие саясатын жүргізуде. Мысалы, 2002 жылы Ұлттық банк
инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған саясат жүргізді.
Инфляция динамикасындағы оң сәт оның орташа жылдық деңгейінің 2001 жылғы
8,4%-дан 2002 жылы 5,9%-ға дейін төмендеуі болып табылады. Инфляцияның қол
жеткен деңгейі (5-7%) Ұлттық банктің 2002 жылға белгілеген мақсаттарына
сай келеді.
Ақша базасы келесідей ақша – несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- Қазақстан Ұлттық банкіде жинақталатынең төменгі міндетті резервтер
нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттар
мерзіміне, көлемінежәне түрлеріне байланысты дифференция жасау;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несиелер беру;
- валюталық нарықта интервенциялау;
- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Пайыздық саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып
табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың
инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне
байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді.
Ұлттық банк өзінің мемлекеттің ақша – несие саясатын іске асыру мақсатында,
нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін
ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың
негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның
артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны
төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық
мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды
құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да
бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы
күрестепайдалануға мүмкіндік береитін келесі бір факторға – шетел
валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені
енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен
алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа
мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына
жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының
көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы
қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының
көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына
кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің
өзгеру динамикасы – 1994 жылы қаңтар – ақпан айларында 270%, ал наурыз –
тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен
инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі қыкүйекте 280% -ға дейін төмендеп , ай сайын
азайып отырды. 1994жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы – 52,5%, 1996жылдың
қыркүйегінде – 30%, 1997жылы – 24% құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың
арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі,
пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық
мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие,
Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай
келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың
тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша
табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл
мемлекекттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының
пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен
сенімділігімен түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін
реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін
төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау
мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасының
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы
Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі
қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы
жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы
депозиттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz