Банктегі операцияның жаңа түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

I. Банктегі операцияның жаңа түрлері. 6

1. 1. Екінші деңгейлі Банктердегі факторинг операциясының ұйымдастырылуы. 6

1. 2. Лизинг - жаңа қызмет нысаны ретінде10

1. 3. Пластикалық карточкалар - банктің жаңа қызмет түрі. 16

II. Дәстүрлi емес операциялардың есебi. 19

2. 1. Факторинг оперциясының есебi. 19

2. 2 Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi. 21

III. Банктiк операциялардың даму перспективалары мен мәселелерi. 23

Қорытынды27

Қолданылған құралдар тізімі30

Қосымша. 31

Кіріспе

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелердің бірі - ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды сатып алу, жаңа технологияны пайдалану. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70 пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған. Кәсіпорындардағы жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5% түскен. Банктің жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.

Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.

Қаржыландырудың басқа жолы - несие. Алайда қазіргі несие берушілердің инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер қаржымен қамтамасыз ету алдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын мүлік салу (бұны несие алушылардың барлығының қалтасы көтермейді) .

Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға беру (лизинг) . Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24 пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, испания 14 пайыз. Қазақстанда лизингке үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.

Лизинг - инвестициялық әрекеттің бір түрі, яғни қаржыландырушының ережесіне сәйкес мәлім бойынша лизинг алушының бүкіл мүлігі (нақты төлемақыға) лизинг беруші компанияның еншісіне өтіп, белгіленген мерзімде және белгіленген ережелер бойынша, лизинг алушы өз мүлігін қайта сатып алады.

Өнеркәсіп иелерінің ойы бойынша, лизинг бүгінгі күні үлкен ауқымды капитал салымда материалды-техникалық жағынан әрбір өнеркәсіп саласын дамытуда қолайлы.

Жабдықтандырудың басқа түрлерімен салыстырғанда (банктік несие, төлем-ақылық уақытты ұзартуды сатып алу) лизингтің өзіне тән тиімді жақтары да бар.

Лизинг, біріншіден - лизинг алушының өнеркәсіп орнын кәсібін жаңартуда және кеңейтуге артық шығынсыз техникалық қызметпен қамтамасыз етіледі;

екіншіден - жойылатын құралдардың мәселесі жеңілдетіледі, жаңа құрал - жабдықтарды сатып алуда ай сайын уақтылы тепе теңдей қаржы бөлінеді, басқа ұсақ-түйектерге қаржы болу жағдайлары қарастырылады.

үшіншіден - кіріс-шығыс капиталы енгізілмейді; яғни өнеркәсіп қорында өзіндік және жалға алынған несие арасында тепе-теңдік, үйлесімділік сақталып қалады. Оған қоса банктен несие алу мүмкіндігі жетерлік. Өнеркәсіп орнына лизингке мүлік алу, несиеге мүлік алумен салыстарғанда, анағұрлым ұтымды, лизингттің мүлік алу шарт ережесі бойынша жүреді. Ең керектісі, лизинг заңды түрде бизнесте салық азаяды. Лизингтік төлемақы өзіндік құндылығы бар және кіріс салығының мөлшерін кемітеді немесе шегереді.

Лизинг бойынша шартқа отыру үлгісі несиемен салыстырғанда оңай. Құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бизнес - жоба талап етілмейді, ең бастысы кәсіпорынға өтініш толтырылып, оған занды құжаттар жапсырылады. Қаржыны бөлу мәселесі арыз (өтініш) толтырылған күннен бастап 10-14 тәулік арасында шешіледі.

Бүгінгі күні, ешкімге де беймәлім емес екендігі айқын, лизинг қазақстандық өнеркәсіптің дамуына, яғни сапалы отандық тауармен алмастыруды жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде және кәсіпкерлердің және мемлекеттің кірісінің молаюына үлес қосуда. Лизингтік қызметтік қазақстандағы мөлшерін алсақ 2002 жылы 4, 3 % немесе 1, 4 млрд АҚШ доллары, соңғы жылдарда 9 % дамыды, ал 2003 ж болжамы бойынша сала 5 пайызға өскен. Қазір қазақстанда 350 ден астам лизингтік компаниялар жұмыс жасауда.

Ең бірінші рет факторинг әрекет ретінде сауда делдалдарының арасында, кейінірек сауда банктерінде (орталықтарында) пайда болды. Ол жөнінде XVI-XVIII ғ. ғ. мәлім болған. Тек XX ғ. 60 ж. ғана коммерциялық несиенің орнына (вексель түрінде) келді және тауарды жеткізу процессінде кең етек жайды. Бұған көптеген елдерде ақшаның құнсызданды, экономикалық тұрақсыздық әкеліп соқтырды. Бұл, яғни заттың тауар күйінен ақша қалпына келтіруді талап етті. Нарықтың экономикасы бар елдерде вексельдің түрдегі төлем әрдайым құралдарды мерзімінде алуда және тауар шығарудағы шығыс көзін табуда тиімсіз болды. Борышқорлық қарыздану сол уақыттарда өзекті мәселеге айналды.

Мерзімінде төленбеген несиені сотқа жүгініп алды, алайда еңбегіне ұстайтын пайызы (ақысы) жоғары болып, ол өнеркәсіп орнының жабылуына соқтырды. Фирмалар қарызданбауға сот аузына түспеуге қам жасады. Қиындықтардан шығу үшін фирмалар банктерден және холдингтік арнайы компаниялардан тұғырықтан шығуға көмек сұрайды. Осының салдарынан өнеркәсіптік фирмалармен банктердің коммерциялық несие берушілердің арасында тығыз байланыс туындайды.

Банктер өздерімен тығыз байланыстағы фирмаларға және корпорацияларға өз контрагенттерінің борышты төлей алушылығы жөніндегі мағлұмат берді, мұндай жол, шоттың уақтылы, тез арада төленуін, қарыздың орнын толтырылуын тұтынушыға ұжым көрсетуге, яғни «банкпен құрмалас фирманың» тәртіптерін сақтауын қамтамасыз етті соңғы он жылдықта факторинг немесе факторингтік несие кең етек жаюда. Факторлық несиенің коммерциялық несиеден айырмашылығы, тауар сатушы сатылған тауардың құнына нақты ақша алды, ал несиеге сатылғанда сатушы жай ғана вексельді алды. Алынған вексельде сатушы есептеп, банктен нақты, бірақ пайызы ұсталған ақшаны қолға түсірді.

Электрондық есептеу жүйесі қазіргі заманның ағымына сай, пластикалық карточкалар, олардың иелігіндегі операциялар, іс жүзінде банкоматтар арқылы жұмыс жасайды: сауда орталықтарында банктік қызметті үй ішінде көрсету, жұмыс орнында.

Пластикалық карточка ол біртұтас термин бұл карточкалардың қай түрі болмасын, қандай іс әрекетіне арналса да, осы замандағы алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан электронды құралдардың бір түрі электронды қаржы есептеуде батыста арнайы ұйым ISO (international Standarts organization) құрылып, ол төлем карточкаларының бірыңғай стандартын, шоттың нөмерлеу ережесін жазып магнит формат хабарламалар үлгісін жасап шығарады. I SO мүшелерінің қатарына: Visa, Master Card, American Express жатады.

Бүгінгі күні дүниенің 200 астам елдері пластикалық карталарды пайдалануда. Бұдан қысқаша қортынды жасай келе пластикалық карталар төлем айналымында қолайлы және «технологиялық революцияда» жаңа элемент болып табылады. Пластикалық қарта алдынғы қатарлы құрал орнын алып, индустриалды дамыған елдердің ақша айналымдарына еніп, чек және чек кітапшаларын алдыңғы қатардан ығыстыруда.

Жұмыстың құрылысы. Жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен (әрқайсысында 2-3 бөлімшеден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда автор банкте II дәрежелі факторингтік операция ұйымдастыруға назар аударып, біршама лизингте түсініктеме - яғни, оның жаңа қызмет түрінде сипатталып, пластикалық карточкаларға да тоқталып кетеді: жұмыстың 2 тарауында банктің дәстүрлі емес операцияларын есепке алу жөнінде, факторинг және лизинг сынды операцияларға баға береді. 3 тарауда лизингтік және факторингтік операциялардың, пластикалық карточкалардың ҚР жетістіктері мен қиыншылықтарына қарасты мәселелерді қарастырады.

I. Банктегі операцияның жаңа түрлері.

1. 1. Екінші деңгейлі Банктердегі факторинг операциясының ұйымдастырылуы.

Факторинг (ағл. тіл. Factor сөз. ш, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші - кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіру, ол төлемші (сатып алушы) төлемеген борышқорлық талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындаған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты.

Факторингтік операцияның негізінде банк қамсыздандырушылық тиелген өнімнің шот фактурасын дер кезінде 75-80% шотын сатып алу және қамсыздандырушы банкке төлем- алу құқын береді. (дебитор- борышқор- ұйымға, мекемеге немесе азаматқа берешегі бар жеке немесе заңды тұлға) қалған 20-25 пайызды қамсыздандырушы несиеден шегерілген пайызбен, комиссиялық көмекке өнімді сатып алушыдан төлем ақыны алғаннан кейін ғана қол жеткізді. Факторингтік операцияларды сауда-саттығын несиелендіру деп те айтады.

Халықаралық институт 1988 жылы жеке құқықты үйлестіру бойынша «халықаралық факторинг конвенциясын» қабылдады. Егер операция 4 нышанының 2-уін қанағаттандырарлық жағдайда ғана факторинг болып есептеледі:

  1. Алдын ала қарызын төлеу нышанына сәйкес несиелендіру.
  2. Қамтамасыздандыруының бухгалтерлік есеп жүргізді, ең біріншісі - бүткіл өткізу есебі;
  3. Оның қарыздарын жәшікке салу;
  4. Қамсыздандырушыны несиелік қауіп-қатерден сақтандыру.

Сонымен қатар, көптеген елдерде факторингке бұрынғысынша шот-фактур операцияларында жатқызады (осы берілген нышандағыларының біріншісін ғана қанағаттандырады) .

Факторинг қызмет көрсету орта және шағын кәсіпорындарына тиімді; яғни олардың қаржылық қиыншылықтардың салдарынан (дебиторлардың уақтылы төлемеген қарыздары және қолайлы несиелендіру көздерінің шектелгендігінен) . Ол уақтылы ақшаны төлеуге және шығынды азайтуға көмектеседі, шүбә тұғызатын қарыздардан сақтандырып, несиені қадағалауда өнеркәсіп орындарына көмек береді; өндірістік әрекеттерді жандандыруда қызмет етеді; осы арқылы кәсіпорындар өздерінің айналымдарын және пайдаларын арттырады. Факторинг компания төленбеген шот-фактуралардың иесі болып, барлық қауіп-қатерді өз мойындарына алады.

Факторингті пайдалану төлем-ақыны алуды тездетеді, әрі бухгалтерлік есеп жүргізуде шығысты азайтады, қамсыздандырушыға мерзімінде төлем ақыны тұтынушыдан (қиыншылық кезеңіне қарамастан) жеткізеді.

Факторингтік операция системасы тұтынушыға әртүрлі қызметтерді көрсетеді: бухгалтерлік, мәліметтік, жарнамалық, сауда-саттық, заңдық. Т. б.

Бірақ, шағын немесе орта жағдайдағы кәсіпорындар факторингтік компаниялардың қызметін пайдалана алады. Факторингтік қызметке мыналар жатпайды:

  • бірнеше борышқоры бар өнеркәсіп орындары (әр қайсысынан біршама қарыздарын есептегенде)
  • егер өнеркәсіп орны стандарттық емес немесе аз мамандандырылған өнім шығарса
  • егер де өнеркәсіп орны өз өнімін баспа -бас мәмілесі немесе тікелей тауар айырбасы, тауарларды құны бойынша теңдестірілген (баламалы) айырбастау операциялары бойынша жұмыс жасаса;
  • егер де өнеркәсіп орны өзінің тапсырыс берушісі мен ұзақ мерзімді мәмілеге отырса, не аванстық төлем болса;

факторингтік операциалар, сондай-ақ қарыздар жеке тұлғаларға, кәсіпорын филиалдарына және бөлімшелеріне қызмет көрсетеді:

Мұндай шектеулердің қойылу себебі, факторингтік компаниялар өз мойындарына қауіп-қатерлерді, сонымен қатар, көптеген ұсақ-түйек жұмыстарға бел ұсынбайды, көмектескен жағдайларда қамсыздандырушының кейбір жағдайларда төлем-ақыны мерзіміне жеткізбейді.

Факторингтік операцияның 2 түрі мәлім:

  • келісімшарттық (ашық) факторинг, яғни қамсыздандырушы тұтынушыға ескертеді яғни оның атында жазылған шот-фактур факторлық фирмаға бухгалтерлік, мағлұматтық, жарнамалық, несиелік, заңдылық т. б., тұтынушының иелігінде тек ғана функциялар ғана жатады.
  • конфиденциалды (жасырулы) факторинг, мұнда қамсыздандырушының уағдаласушылары саттықтың несиелендіруі жөнінде беймәлім. Конфиденциалды факторингтің операция ашық операцияға, банктік несиеге қарағанда құны жоғары тапсырыс берушілерге факторингтік қызмет шарт бойынша жүреді. Шартқа отырмас алдында фирма қамсыздандырушының қаржылық жағдайымен және борышқорларымен танысады. Факторингтік операцияларда қамсыздандырушықа тәуекелділік санын азайтуы жөн, өнімді өндіруге, қызмет етуге, яғни сұранысы бар және жоғары сапалы өнім шығаруы тиісті, өндірісі қарқынды дамуына жағдайы болды, қатаң тәртіпте өнімін сату ережелері керек.

Қамсыздандырушымен факторингтік компанияның арасында мәлім 1 жылдан 4 жылға дейін отырылады. Ол мәміленің тоқтау салдары мыналар:

  • өзара мақұлдау;
  • қамсыздандырушының еркімен (компанияның ескерту қағазымен)
  • компанияның еркімен (мәлімде келтірілген мерзімге байланысты ескертумен)
  • қамсыздандырушының төлеу қабілеттігі жоқ жағдайда.

Факторингтік келісімде екі жақтың құқықтары және борыштары, факторингтік компанияның тапсырыс берушіге несие беру процедурасы, қарыздарлық өтініші кеміту және жәшікке салу, екі жақты есеп айырысу қағидалары т. б.

Факторингтік келісімнің бірнеше түрі:

  • толықтай өндірушілік қызметтің кері қайтарушылық хұқысыз(қамсыздандырушыдан төлемді қайта талап ету) . Факторлық келісім әрдайымдық немесе ұзақ мерзімді қарым-қатынастан кейін қабылданады. Келісім арқылы, қамсыздандырушы төлеушінің қарызын азайтады, 100% қауіпті қарыздардан 100% сақтандырады, барлық құралдармен қамтамасыздандырылады, дебиторлық қарызды есепке алады. Қамсыздандырушының еркімен алдын-ала төлем ақыны төлей алады.
  • Толықтай өндірушілік қызметтің кері қайтаруға құқыменбұның айырмашылығы факторингтік компания несиелік қауіп-қатерді сақтандырмайды, яғни ол қамсыздандырушының мойнында. Яғни компанияның қамсыздандыруға әр түрлі сомаға қарыздар өтініш беруіне хұқылы (тұтынушының төленбеген төлем-ақысын 90 күн ішінде)
  • Алдын-ала төленетін өтініштербойынша қамсыздандырушыға талап етілетін шоттан 80 % төленеді. Қалған 20 % ақша болса, дебитордан келіп түскен ақшадан, мәлім шарты бойынша аударылады. Тұтынушыдан түсетін ақшалар, қарыздың мерзімі ұзартылған төлем ақы (пеня), факторинг фирмасының дербес шотына аударылады.

Факторингтік компания 100% қарыз - өтінішін өтей алмауға да бірнеше себептер бар (қызмет ету және несиеден алынатын пайызға қоспағанда) . Ең алдымен ол шоттағы келіспеушілік пен түсініспеушіліктен шығады. Мұның маңыздылығы, қамсыздандырушы факторинг мәмілесінің шартын бұзған жағдайда, компания бөлген ақшасының орнын жабу мүмкіндігі.

Факторинг операцияларында қауіп-қатерді алдын алу мақсатында мәміледе факторинг жолдары бойынша нақты сомма көрсетіледі; әр тұтынушының қарызына шектеулер, қамсыздандырушы тұтынушыға өнімді түсірерде шектеулер, мәмілені қауіпсіздендіру (төлей алмайтын жағдайда) .

Бантік тәуекелділік - қаржылық жатынан ақша жоғалту немесе банктік іс-әрекетте тоқырауға ұшырау.

Банктерді көп пайдалы кіріс көзі ретінде қарағанымызбен көп жағдайларда әсіресе қаржылық айналым кезеңдерінде банктер көптеген: тәуекелдік аузында тұрады. Банктің қауіп-қатері ешқашанда нөлге тең келмейді. Банк өз-өзін тәуекелділіктен сақтай алмайтындығынан қаржының жоғалтылатын кездерін тазылап, болжап отырады, әрине пайыз есебінде.

Мерзімінің ұзақтығынан және төлемақының көптігіне факторинг операциясында банк тоқырауға түсу қаупі бар, бұл мәселелерді шешу кезеңінде қажетті кіріс көздерін табуда қатерліктер кетуі біршама. Осылардың қатарында- қамсыздандырушының төлемдерін төлеу.

Факторинг операциялар қамсыздандырушыға ақшаның (төлемдердің) уақтылы түсуін қадағалайды, несиеге деген қажеттілігін азайтып қамсыздандырушыға нақты уақытымен ақшаның келіп түсіп (мәміленің тараулары бойынша тұтынушының қаржылық қиындығына қарамастан) реттейді.

Банк операцияның нақты жүруі және тәуекелділікті тудырмауы үшін, барлық ақпараттарды талдайды, яғни төлеушінің ақшаны төлей алатындығы жөнінде қамсыздандырушыдан немесе төлеушіге қызмет көрсететін банк болімшелерінен мағлұмат алып отырады. Егер банк төлеушіні төлей алмайтын немесе төлей алмайтын дәрежеге жетуде деп ескерту жасаса қамсыздандырушы төлеушінің атына толтырылған шотты алмайды.

Тәуекелдік шығар жағдайда, төлеушінің шаруашылық қатынасы төлеу құрылымын түрін, сапасын, бәсекелесуге жарамды өнім екендігін, оның қайтарылатын жағдайдың көлемін, төлеушінің алып нормативі босалқы қорлар, уақыты және төлейтін шот соммасы, стихиялық тәуекелділік зобалаңдар және аномал құбылыстар есепке алынды.

Банкпен алынатын комиссиялық сыйақы орта айналымдылығын қамсыздандырушының есептесе, жылдық есеп 5 % еңбекақы мөлшері банктің тәуекелін көрсете алмайды және болатын залалдардың орнын өтемейді, оған қоса банк атына төленетін кіріс өсімақысын төлеуші кідірсе немесе банктің төлеу кепілдігі. Факторингтік операцияда қауіптілік банк шотты төлейтін жағдайда да туады, нақты қамсызданушылардан төлеушінің атына шотында жеткілікті соманың (ақшаның) болмаунан және несиені барлығына ортақ жағдайда алғанда. Егер банк кепілділік гарантын мойындалған жағдайда да, қауіптер тууы мүмкін-ақ, нақты уақыт (мерзімді) көрсетер кезінде.

Банк қамсыздандырушыдан оның векселін (айырбас) сатып алғанмен, қосымша қола вексельді сатып алу, төлеушінің мерзімінде мәміледе қол қойылғандай уақытта қарызын төлей алмауы. Бұл қатер қай кезде жойылады; егер мәлім толықтырулар енгізілсе (яғни мәміленің күні біткен сон, 30 күн арасында мәміленің бұзылуы немесе вексельді шоттарда, төлемеу жағдайы) Көбінесе қатердің орның төлеу банктің комиссиялық сый беру операциясынан 7-8 % жылдық есеппен ұсталынады.

1. 2. Лизинг - жаңа қызмет нысаны ретінде

Халықаралық қаржылық нарыққа көз жүгірте отырып лизингтік әрекетті басқарудың төрт жүйесін айтамыз:

  • өндіруші - өнеркәсіп қызметіне (өндірістің, маркетингтің) . Лизингтің мәміле жасаудың негізгі себебі, сауда-саттық потенциалды несие алушылардың есебінен өсіру;
  • банк құрылымың құрамында (тікелей банкпен немесе еншілес лизинг компаниялар арқылы. ) Лизинг қызметінің басты мақсаты - қосалқы қаражат бөлетін сфераны іздеу

- дербес лизинг компанияның құрамына (мамандандырылған немесе тараулық)

Лизингтің бизнес негізгі қызмет түріне енеді.

  • әртүрлі құрама компанияларға ( холдинг-жолға алынған телім, актив) . Бастанғы мақсаты еңбек өндіріс дамыту, шығыста азайту, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі есептерін шешу.

Шағын кәсіпорындарда, әкімшілік басқару фукцияларын бөлінбеген жағдайда лизинг операцияларын даярлау және жүзеге асыру жұмыстары өндіруші кәсіпорнының маркетинг қызметі бөлімінің иелігінде: жаңа техниканың өтімдігі жөндеу жұмыстары және несие берушілерге қызмет жасау. өндіруші фирмаларда жоғары дәрежелі еңбеккерлер жұмыс істейді өндірісте тәжірибесі және шығаратын техниканы кепілділік беруші.

Лизингтік мәміле жасау 2 сызба берілген.

2 сурет. Лизингтік жобаны ұйымдастыру өнім өндірушімен біркелкі жүреді.

Бұл жағдайда қызмет көрсету орталығы өндіруші фирманың құрылымында. Мұнда сызба бойынша мұндай субъектерді қауіпсіздендірушінің керексіздігі байқалады (яғни өндірушінің тапсырыс берушілерінің санының көптігі, өндірушіге сатуға не лизингке өткізудің қиынсыздығы), қамсыздандырушы, несие беруші, лизинг берушінің функциялары бірігеді. Бұл ұйымдастыру құрамы өндірушілермен лизинг берушілердің арасында көп кездеседі, әрі тиімді: лизинг объектісінің конструкциясына көптеп жаңалықтар енгізуге, тиімді қолдануға септігін тигізеді. Қызмет жасау орталығымен жұмыс жасай отырып, өндіруші-зауыт жедел түрде ақпараттар алады (егер өнімнің жетіспеушіліктері болса), яғни ол өнімнің тауарлар арасында бәсекелеуге жарамдылығын, және конструктивті ерекшеліктерін айқындайды.

Бірақ мұндай ұйымдық форма бірлі-жарым лизингтік мәмілелерде ғана нәтижелі. Лизинг қызметін шоғырландыруда мұндай ұйымдастыру екі жақтың экономикалық талабына сәйкес келмей, жаңа тәсілді қолдануға әкеліп соқтырады.

Лизингтік операциялардың ұйымдарын дербес бөлімшелерге бөлу (еншілес лизинг компания) өндірілетін өнімді (тауарды) лизингтің қызметке шығаруға (профессионалды түрде) жол береді: мұндай ұйымдастыру 3 суретте бейнеленген.

3 сурет. Еншілес тауар. Өндірушілер құрылымының лизинг жобасын ұйымдастыруы.

Бұл сызба лизинг субъектілерінің қатынасы алдыңғы мен салыстырғанда, лизинг берушінің функциясы дара субъект ретінде бөлініп тұр, бірақ өндіруші-фирма мәміленің несие берушісі.

Тәуекелділіктен сақтандыру әр түрлі әдістермен болады (мысалы, қауіпсіздендірушінің ұсынысы бойынша) . Негізгі артықшылығы және тапшылығы 1 таблицада келтіріледі.

Кесте 1. Еншілес тауар өндірушілердің бәсекеге түсе алатын қаблеттіліктері.

өтімді жағы
әлсіз жағы
өтімді жағы:
  1. Әрдайым алушы. Тұтынушылар контингенті пайда болады.
  2. Алдынғы қатарлы технология енгізіледі.
  3. Техника құралдарын жөндеу.
  4. Жоғары дәрежелі қызмет көрсету: оны өндіруші қамсыздандырады.
  5. Қордың кәсіпкерлігінің артуы
әлсіз жағы:
  1. Сатып алушыны бүткіл құралдар түрімен қамтамасыз ете алмау.
  2. Айналым құралдарының өсуі, капиталдың айналым бәсендейді.
  3. Тауар өндірушінің заңдық және құқықтық функциялары көбейеді.
  4. Сұраныстық ұсыныс көлемінен арту тауар өндірушінің лизинг операцияларында қажетсіздігін туғызады.
  5. Лизинг операциясы ең керекті функциялар қатарында, осыдан мардымсыз хабардарлық.
  6. Құралдардың қайтпау қаупі туады.
  7. Жергілікті нышаны және габариты.
  8. Бөлек бухгалтерияның тапшылығы лизингтің әрекеттің тиімділігіне баға бермейді.

Әр түрлі елдерде және түрлі салаларда лизинг берушілердің нышаны және орны, қай таланбайды. Мысалы, АҚШ лизингтің ықпалы зор (ЭВМ, авиатехника, жол-құрылыс құрал-жабдықтары, электротехникалық бұйымдар) . Ал Ұлыбритания, Алмания, Австрия елдерінде және бірнеше Батыс Еуропа елдерінде бұл салаларда мардымсыз. Жапонияда болса лизинг нарығының кеш дамығандығынан анағұрлым ықпалы аз.

Лизинг торапынан бәсеке туғандықтан, банктер бұл операцияларды өз қызметтерінің құрамына қосуда. Бұл концепция мәміле жасауда женілдіктерді табуға көмек құрал (4 сурет)

4 сурет. Қаржыландыру структураларының лизинг жобасын ұйымдастыруы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танысу тәжірибиесі
Активтер міндеттемелер меншікті капитал
БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ КІРІСПЕ
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Банкаралық есеп айырысу есебі
Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz