Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі 4
1.1 Ақша-несие реттеуінің құралдары 8
2. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі 16
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 29
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де
өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы
ресурстарынан құрайды.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында
коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да
қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама
төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Қазіргі уақытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты.
Бұл барлық нарықтық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына
сәйкес келеді Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің бас
буыны Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да экономикасы
өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын
реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар Жарлығы.
Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын
еліміздің конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент
шығарган құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі
дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек Қазақстанның Президентіне бағынады.
Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын
Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банктің төрағасының ұсынуы мен Ұлттық банктің төрағасының
орынбасарларын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің жылдық есебін Президент бекітеді.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің құзіретінің шегінде
тиісті құқықтық, нормативтік құжаттар шығарады. Оларды барлық банктер және
банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын бірақ "банк" деген мәртебесі
жоқ, ұйымдар орындауға міндетті.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін
және өкілдіктерін ашуға құқықты. Оған өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын
басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республнкасының Ұлттық банкінің басты мақсаты ішкі және
сыртқы нарықтарда ұлттық валютаның - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, оның алдында төмендегі мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен
бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп
айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет саясатын
дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік құқықтық
құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің мүддесін
қорғау;
Аталмыш Заңның 8-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісіне көптеген және әр түрлі атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең
бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды қағаздар
шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағын реттеу;
Ол (Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және
монеттер шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында банктер, олардың бөлімдері мен
өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды қағаздар
шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы жөніндегі
есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға
пруденциялдық (экономикалық) мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта қаржыландарудың
мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмендетіп республикадағы несие мөлшерлемесін
реттеу.
- есеп айырысу тәртіптерін және оның нысандарын анықтау, төлем
жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, сонымен Ұлттық валюта теңгемен жұмысты
ұйымдастыру.
1997 жылы 11-шілдедегі №154 Заң бойынша "несие проценті" деген сөз
"сыйақы" делінетін болды. Бұл жұмыста бұрынғы дәстүрлі атымен аталған
банкаралық есеп айырысудың уақытында және үздіксіз жүргізіліп отыруын
қамтамасыз ету;
- валюталық операцияларды реттеу және валюталық бақылау ұйымдастыру,
Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және
кассаға жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына шотына
қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жүргізу т.б.
Халықаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым
орындайды: реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зерттеуші. Осындай жағдайда
Орталық банктің атқарымдары бірімен бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан
екінші атқарым шығады.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
атқарымдары осы үш атқарымның нақтылауы болып табылады және халықаралық
практикаға қайшы келмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң басқа банктерге
байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы" Заңда, екінші дәрежелі банктер және
басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері
анықталады.
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың
ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай
тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік
факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға
болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің
қатынасы;
- Банктің басқарушынар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту
дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
Орталық, банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып
талдасақ оның, тәуелсіздігінің дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені,
біріншіден оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден
жоғарыда айтылғандай, банктік басқарушылар құрамын толығымен елдің
Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің
басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға
сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 13 банктің аппаратынан тыс
адамдар; Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен
міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған.
Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған.
Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз
бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш Заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының
бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға,
енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі
екенін айтқанбыз), ал, қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.
1.1 Ақша-несие реттеуінің құралдары
Экономикасы өркендеген басқа елдердегідей Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісі экономиканы реттеуді тікелей өзі емес, ақша — несие жүйелері
арқылы жүргізеді, Сонымен қатар, ақша - несиелік әсер етудің жолдары мен
әдістерін таңдау Ұлттық банк жүйесінің ерекшелігінен, елдің экономикасының
бағдарынан тәуелді. Осыған байланысты, және басқа елдердің Орталық
банкілерінің тәжірибесін ескеріп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
экономикаға әсерін тигізу үшін мынандай құралдарды пайдаланады.
Дисконттық (есептік және кепілдік) саясаты. Бұл несиені реттеудің
тарихи ескі әдісі. Коммерциялық банктер өзінің вексельдерін орталық банкіде
қайта есепке алғызады, немесе олардан өздерінің қарыздық міндеттемесін
беріп, құнды қағаздарын кепілдікке қойып несие алады.
Бұл саясаттың негізгі мағынасы, қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін не
жоғарлатып, не төмендетіп ақша нарқындағы, капитал нарқындағы ахуалға әсер
ету. Іс жүзінде бұл саясат былай іске асырылады:
- егер Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктердің несиелік әлуетін
төмендеткісі келсе, ол есеп мөлшерлемесін жоғарылатады. Сонда, басқа
жағдайлары бірдей болғанда, қайта қаржыландыру қымбаттайды. Бірақ, мұндай
жағдайда, екінші дәрежелі банктер, біріне бірі банкаралық несие беріп,
Ұлттық банктің мақсатын іске асырмай тастаулары мүмкін. Сондықтан қайта
қаржыландырудың мөлшерлемесін ақша нарқындағы жағдаятты ескеріп жоғарлату
керек. Екінші жағынан Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін
жоғарлатқаны, екінші дәрежелі банктердің бәрін бірдей елеңдетпейді.
Орталықталған несие қарызы жоқ банктер клиентін жоғалтпас үшін және жаңадан
клиенттер тарту үшін өзінің несие ресурстарына мөлшерлемені жоғарлатпауы
мүмкін. Осындай саясатын қаржы жағынан тұрақты, ірі банктер де қолдана
алады.
- егер, Ұлттық банк екінші дәрежелі банктердің қайта қаржыландыру
ресурстарына шығуын оңайлатқысы келсе, ол вексельдерін қайта есептеп, есеп
мөлшерлемесін төмендетуі керек. Сонда, екінші дәрежелі банктердің несие
әлуеті жоғарылайды, олар өзінің несие ресурстарына, депозиттарына
проценттік мөлшерлемені төмендетуге мүмкіншілік алады. Ұлттық банктің есеп
мөлшерлемесін өзгерткені, құнды қағаздардың нарқына жанама әсерін тигізеді.
Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жоғарлауымен байланысты несие мен
депозиттерге проценттік мөлшердеме жоғарыласа, құнды қағаздарға сұраным
азаяды, ұсыным көбейеді. Сөйтіп, олардың нарықтық бағасының төмендеуіне
апарып соғады.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикалық Ұлттық банкісі қайта
қаржыландырудың мөлшерлемесін жиі-жиі өзгертіп отырды. Бұл, сол кездегі
елдің экономикалық ахуалының тұрақсыздығынан болды. 1998 жылы 5 тамызынан
бұл мөлшерлеме 18,5%-тен 20,5%-ке дейін, ал сол жылдың қараша айында 25%-ке
дейін көтерілді. Бұл Ресейдегі ақша дағдарысының шиеленісуімен байланысты
болған (17 тамыздағы). 1999 жылы шілде мен тамыз айларында қатарынан екі
рет төмендетілді: әуелі - 22%-ке дейін, сосын 20%-ке дейін. Бұл, сол
кездегі қаржы нарқының серпіні оңала бастағанының әсері еді.
Міндетті резервтеу саясаты. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан
Республикалық Ұлттық банкісінің басты міндетінің бірі, қарызгерлер мен
клиенттердің мүддесін қорғау. ("Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
туралы" Заңның, 7-бабы). Осы міндетті орындау үшін және екінші дәрежелі
банктердің өтемпаздығын сақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісі арнаулы резервтік шотта сақталуға тиісті қаржының ең төменгі
деңгейін белгілейді. Мұндай практика барлық, экономикасы өскен елдерде
қолданылады. Бірақ әр елде, бұл резервтің құрылымы, амплитудасы, көлемі
және процент төлеу өзіндігі әр түрлі.
Резервтің ең төменгі деңгейі, ақша саясатының құралы ретінде, бір
жағынан ақша нарқында, екінші дәрежелі банктердің ағымдағы өтемпаздығын
реттейді, екінші жағынан олардың айналымға несиелік ақша шығаруын
бақылайтын құрал. Резервтік міндеттемелер, тәртіп бойынша, банктердің
міндеттемелерінің белгілі бір бөлігінің жағдайына байланысты, немесе,
өсуіне байланысты белгіленеді.
Резервтік активтің ең төменгі деңгейін есептеудің негізгі бабы,
банктің қызмет көрсететін шаруашылықтарының шоттарындағы қаржының қалдығы,
жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары және банкаралық міндеттемелер
негізінде қамтылған міндеттемелердің түрі көбейген сайын бұл құралдың
тиімділігі артады.
Қазақстанда міндетті резервтеу саясаты екі дәрежелі банк жүйесін
қалыптастырған күннен бастап енгізілді. 1992-1993 жылдары Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің резервтік талабы, банктің
міндеттемелерінің орташа қалдығының 30%-не тең болатын. Сондықтан Ұлттық
банк резервте жатқан қаржы үшін жылға шаққанда 15%-өсім төлеуді міндетіне
алған. Бірақ, іс жүзінде, ол ешкімге, ешқандай өсім төлеген жоқ. Соңғы
жылдары бұл мөлшерлеме бірнеше рет азайтылып, 2000 жыл 1-мамырынан бері 8%-
ке дейін түсірілді.
Қазақстандағы банктер, Халықаралық стандартқа көшуге дайындығының
дәрежесіне байланысты, үш топқа бөлінеді. Міне, сол үш топтың біріншісіне
кірген банктер, ең төменгі резервтік талаптың мөлшерін "а" тармақта
көрсетілген тәртіппен орындайды, қалған банктер "б" тармақта көрсетілген
тәртіпті басшылыққа алуға тиісті.
Ашық нарықтық саясат. Бұл саясат Орталық банктің өз қаражатына қатаң
процентті құнды қағаздарды ашық нарықтан нарық бағасымен немесе, алдын ала
жариялаған бағамен сатып алу, немесе сату жолымен жүргізіледі.
Мұндай құнды қағаздардың қатарына, қазіргі жағдайда, қазыналық
вексельдер, процентсіз қазыналық міндеттемелер, мемлекет қарызының
облигациясы, өндірістік міндеттемелер, бірінші сыныпты құнды қағаздар
кіреді, Егер, Орталық банк мұндай қағаздарды сатып алса, сатушыға қызмет
көрсететін банктің корреспонденттік шотына тиісті сома аударады. Сөйтіп,
сол банктің резервін көбейтеді. Егер, Орталық банк ондай қағаздарды сатса,
сол сатып алушыға қызмет көрсететін банктің корреспонденттік шотынан тиісті
соманы шығарады Сөйтіп, сол банкінің ресурсын азайтады. Сонымен, бұл
саясаттың негізгі мағынасы, екінші дәрежелі банктердің резервтік жайғасымын
реттеу.
Егер, елдің экономикасын жандандыру керек болса, Орталық банк құнды
қағаздарға сұранымды арттырады. Ол үшін құнды қағаздардың бағамын тіркейді
(бекітеді). Сосын, сол межеге жеткен кезде ұсынылған құнды қағаздарды
түгелімен сатып алады, немесе белгілі бір құнды қағаздың, белгілі көлемін
ұсыным бағамына қарамастан сатып алады. Керісінше, егер Орталық банк, банк
секторының резервтерін азайтқысы келсе, ол нарыққа қанша керек болса, сонша
құнды қағаз ұсынады. Бұл жағдайда бір жағынан құнды қағаздарды сатқаннан
Орталық банктің пайдасы көбейеді, екінші жағынан екінші дәрежелі банктердің
резервтері азаяды.
Валюталық саясат. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы"
Заңда бұл саясат "Валюта нарқындағы басқыншылық" деп аталған. Бұл, іс
жүзінде валюталық саясаттың бір түрі - девиздік саясатпен сәйкес. Ұлттық
банк, бұл саясатты жүргізгенде басқа елдердің валюталарын (девиздер) сатып
алып, немесе сатып, Ұлттық ақша бірлігінің бағамын керек бағытта өзгеруін
қамтамасыз етеді. Шынында да, бұл валюталық басқыншылық. Бірақ валюталық
саясаттың мұнан да басқа нысандары бар. Бұл тек осы саясаттың бірақ нысаны.
Валюталық басқыншылық - девиздік саясат жүргізгенде, Орталық банк
алтын-валюта резервтерін жұмсап, өз елінің ақшасын сатып алады. Сөйтіп
Ұлттық валютаға сұраным көбейтіледі, бұл оның бағамын жоғарылатады.
Керісінше, Орталық банктің үлкен мөлшерде Ұлттық валютаны сатқаны, оған
ұсынымды көбейтіп, оның бағамын төмендетеді.
Елдің Ұлттық валютасының бағамын тек бір ғана елдің валютасымен
қатынасты (мысалы долларға) жоғарылату, немесе төмендету керек болса,
валюталық басқыншылық тек осы валютаға қатысты жүргізіледі, яғни тек сол
валюта сатып алынады немесе сатылады. Сонымен қатар, елдің алтын-валюта
резерві не азаяды, не көбейеді.
Іс жүзінде экономикасы өсіп жетпеген қаржысы жеткіліксіз елдер, өзінің
Ұлттық валютасының бағамын қолдау үшін көбінесе шетелдік валюталарды сатып
алады. Мысалы, 1998 жылдың 17 тамыздағы Ресейдің рублінің опырылымына
байланысты Ресейдің Орталық банкісі мұндай опырылуды тоқтату үшін екі
жетінің ішінде 17 миллиард доллар сатты. Бірақ елдің алтын-валюта резервін
жоғалту қаупі туғанда, мұндай басқыншылықты тоқтатып, банкаралық биржада
валюта саудасын тоқтатты. Осыдан кейін доллардың бағамы жоғарылап, 15
рубльдік валюталық дәліздің (коридор) шегінен шығып 20-25 рубльге жетті.
Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болды. Күтілгендей, Ресейдегі жағдай
Қазақстанның теңгесінің бағамын төмендете бастады. Сонда Ұлттық банк
валюталық басқыншылық жүргізуге 600 миллион доллар сатты (барлық 2.0
миллиардқа толмайтын алтын валюта резервінен). Ақырында бұл валюталық
басқыншылықтан пайда шықпағаннан кейін Үкімет пен Ұлттық банк 1999 ж. 5
көкегінде Ұлттық валюта - теңгенің бағамын анықтауды, құбылмалы
тәртіптемеге ауыстырды. Бұл жағдайда бағам нарықтағы ұсыным мен сұранымға
байланысты анықталынады.
Валюталық саясаттың мұнан басқа дисконттық (есептік) нысаны бар.
Сөйтіп, дисконттық (есептік саясат) тек отандық коммерциялық банктер үшін
қайта қаржыландырудың жағдайын өзгертуге ғана емес, сыртқы нарықта
валютаның бағамын және елдің төлем балансын реттеуге де пайдаланылады.
Қазіргі жағдайда бұл саясат көбінесе елдің ішкі ахуалын реттеуге пайдаланып
жүр.
Бұл екі нысаннан басқа, кейбір нарықты экономикалық елдерде валюталық
саясаттың үшінші нысаны - депозиттік саясат қолданылады. Бұл саясат
бойынша, ақшалық, қаржылардың, екінші дәрежелі банктер мен Орталық банк
арасындағы қозғалу ағымы реттелінеді. Бірақ мұндай саясат жүргізу
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz