Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері туралы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің пайда болуы және атқаратын
қызметтері 6
1.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері 16
2. ҚР-ғы қазіргі екі деңгейлі банк жүйесі 19
2.1 Қазақстан банк жүйесінің қайшылықтары 21
2.2 Банк жүйесін жетілдіру жолдары 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен қорларды жинақтау, несие беру,
салымдар қабылдау, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін -
айналысқа жіберу, бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жасау
сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банк
жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Клиенттермен банк
әріптестеріндегі қаржылық қиыншылықтар, төлемеулер дағдарысы көптеген
банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған
банктерді банкротқа ұшыратты. Бұған тағы бір себеп Ұлттық Банктің жүргізіп
отырған пәрменді саясаты. Экономиканың банктік секторының қалыптасуы және
дамуы кезеңінде қаржылық несиелік инструменттердің кешенін орынды
қолдануынан банктердің өміршеңдігі, ақша нарығындағы операциялардан пайда
табу мүмкіндігі немесе керісінше капиталды жоғалту және банкроттық
тәуекеліне тікелей байланысты.
Ақша несие саясатының тиімділігі және тұрақты экономикалық өсу,
экономиканың қаржы саясатының жай күйімен байланысты. Ал банк секторының
маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын банк жүйесі өз дамуында айтарлықтай
ілгеріледі. Республиканың банк жүйесі жылдан жылға тұрақты да сенімді болып
түседі. Оның мұндай дәрежеге кетуіне, әрине елімізде банктерге және басқа
да қаржы институттарына қатысты зандардың уақтылы қабылдануы, Ұлттық
Банктің екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талапты күшейтуі онды әсер
етті. Сонымен бірге банктердің өздері де қалыптасқан экономикалық ахуалды
жеке бағамен қаржы нарығындағы өзгерістерді жете аңғарып отыратындай
жағдайға келді. Осының бәрі коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестікті
күшейтіп, олардың клиенттер тартуға, банктік қызмет аясын кеңейтуге деген
ұмтылыстарына дем беруде.
1. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретінде банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.

қызметтері
Қазіргі уақытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты.
Бұл барлық нарықтық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына
сәйкес келеді. Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің
бас буыны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да
экономикасы өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
жұмысын реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық
күші бар, Жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі, өз жұмысын, еліміздің конституциясын және басқа да заңдық
құжаттарды және де Президент шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек
Қазақстанның Президентіне бағынады. Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын Президент
тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банктің төрағасының ұсынуы мен Ұлттық банктің төрағасының
орынбасарларын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің жылдық есебін Президент бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің құзіретінің шегінде
тиісті құқықтық, нормативтік құжаттар шығарады. Оларды барлық банктер және
банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын, бірақ "банк" деген мәртебесі
жоқ, ұйымдар орындауға міндетті.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін
және өкілдіктерін ашуға құқықты. Оран өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын
басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты мақсаты ішкі және
сыртқы нарықтарда Ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен, оның алдында төмендегідей мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен
бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп
айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет саясатын
дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік
құқықтық құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің
мүддесін қорғау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне көптеген және әр түрлі
атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды қағаздар
шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағын реттеу;
Ол (Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және
монеттер шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында банктер, олардың бөлімдері мен
өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды қағаздар
шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы жөніндегі
есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға
пруденциалдық мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмендетіп республикадағы несие мөлшерлемесін
реттеу;
- есеп айырысу тәртіптерін және оның нысандарын анықтау, төлем
жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, сонымен Ұлттық валюта - теңге мен банкаралық
есеп айырысудың уақытында және үздіксіз жүргізіліп отыруын қамтамасыз ету;
- валюталық операцияларды реттеу және валюталық бақылау ұйымдастыру,
Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және
кассаға жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына шотына
қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жургізу т.б.
Халықаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым
орындайды: реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зерттеуші. Осындай жағдайда
Орталық банктің атқарымдары бірімен-бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан
екінші атқарым шығады.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
атқарымдары осы үш атқарымның нақтылауы болып табылады және халықаралық
практикаға қайшы келмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге
байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы" Заңда, екінші дәрежелі банктер және
басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері
анықталады.
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың
ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай
тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік
факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға
болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге
мемлекеттің қатынасы;
- Банктің басқарушылар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту
дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
- Орталық банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.

қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ, оның тәуелсіздігінің
дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені, біріншіден, оның негізгі
капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден, жоғарыда айтылғандай,
банктің басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және
босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір
Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9
басқарма мүшелерінің 13 банктің аппаратынан тыс адамдар; Үшіншіден,
жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері,
атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде,
Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз бетінше
бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір
бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға енді
бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға, ал қалған бөлігі мемлекеттің
бюджетіне бағытталынады.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Реепубликасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты.
Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады.
Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады.
Сөйтіп олардың басты мақсаты - пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз
қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда
орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да
операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның
сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардын негізінде, оларды орындау мақсатында өзінің
құзыретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді. Банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар
кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау,
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау,
қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
- Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және
вексельдерін есептеу;
- Заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-
корреспонденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп
айырысу:
- Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
- Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау,
төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге
қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
- Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын,
басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға
беру;
- Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын
мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру; - Банкноттар мен
монеттерді, басқа да құндылықтарды кассаға жинау және салып жіберу;
- Баска елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін
ұйымдастыру
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің рұқсат қағазы негіздемесінде жүргізеді. Жоғарыда аталған
операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды
жүргізе алады:
- депозиттік сертификаттар шығару;
- кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың
атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
- мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға
берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше
сақталады.
- Өзінің меншікті құнды қағазын шығару.
- Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
- Форфейтінгілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан қарыздық міндеттемелерін сатып алу. Әдетте, банк операциясын
жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие
операцияларының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп
шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операңиясы да
жүргізіледі - сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен
жөнелтілген тауар үшін есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден
екінші субъектіге ауысады.
Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің
кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және
керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі, Ақша аудару
операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан
аларманға ауысады.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды
жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді
кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды.
Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де,
түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының
негізінде банктік -операцияларды, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну
керек және оларды бөлек қарау керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз
-жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да
қызметтері де төлемді болғандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай
емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін
көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің
арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде
реттелінеді.
Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық нормативтер басқа да
міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде
резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын,
мәжбүрлі шығындарды бекіту;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті
нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның
нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар
енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын
алып қоюға дейін;
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық
операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да
қызметтер).
1.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Соңғы жылдары Қазақстанның банк жүйесі айтарлықтай өзгерді олар ең
алдымен банк ісінде нарықтық қатынастарға көшумен, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдар үшін жаңа
міндеттерді айқындаумен байланысты болды. Экономикадағы жаңа мақсаттар мен
міндеттер ескеріле отырып, отандық банк жүйесінің тұжырымдамасы қайта
қаралды. Оны іске асыру еліміздегі банк секторының тұрақтылығын сақтауға
мүмкіндік береді.
Қазақстанның банк жүйесі өзінің шамалы ғана уақытты қамтитын тарихында
өте серпінді дамыды және оның қалыптасу процесін мынадай кезеңдерге бөлуге
болады.
Дамудың бірінші кезеңі (1998-1992) мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер құру, КСРО мемлекеттік банкінің республикалық
бөлімшелеріне егемен мемлекеттердің орталық банктері функциясын беру,
алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы.
Бұл кезеңде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz